Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Сызба. Өндіріс факторлары




Өндіргіш күштер дегеніміз - бұл қоғамдық өндірістің жеке (жұмысшы күші) және заттық (өндіріс құрал-жабдықтары) факторларының өзара әрекеті, адам мен табиғат қатынасының шешуші, белсенді элементтері.

Экономикалық қатынастар -бұл адамдар арасында қызметтер мен материалдарды, рухани игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау мен тұтыну процесінде пайда болатын қатынастар. Экономикалық қатынастардың сипаты өндіріс құрал-жабдықтарына меншік формасымен анықталады, бұны экономикалық базис деп атаймыз.

Экономиканың қозғаушы күші-қажеттіліктер. Қажеттілік дегеніміз - бұл жеке тұлғаның немесе қоғамның өз өмір жағдайын немесе дамуын қалыпты деңгейде жүргізуге қажет қандай да бір нәрсеге деген талабы. Қажеттіліктер адамдар, фирма, мемлекет қажеттіліктері болып бөлінеді.

Адамдар қажеттіліктері үш топқа бөлінеді: материалдық, рухани, әлеуметтік.

Материалдық қажеттіліктер үш топқа бөлінеді:

- қажетті заттар: тамақ, киім, тұрғын үй т.б.

- сәулетті заттар: яхталар, норка тондар, зергерлік бұйымдар т.б.

- қызметтер: автомобиль жөндеу, заңгерден кеңес алу, білім беру, денсаулық сақтау және т.б.

Материалдық қажеттіліктер қатарына фирмалар мен мемлекеттік ғимараттар, құрылыстар, көлік, мектеп, аурухана соғу және басқаларға деген сұраныстарын жатқызамыз.

Рухани қажеттіліктер ғылыммен, өнермен шұғылдану, білім алу, адамгершілікті жетілдіру және т.б. жағдайларда қанағаттандырылады.

Әлеуметтік қажеттіліктер қоғамда көптеген адамдардың бірге өмір сүруі мен ынтымақтасуы қажеттігіне байланысты.

Қоғамның материалдық қажеттіліктері шексіз, яғни тауарлар мен қызметтерге деген материалдық қажеттіліктерді толық деңгейде қамтамасыз ету мүмкін емес. Аталған шексіз материалдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қолданылатын экономикалық ресурстар шектеулі.

Экономикалық ресурстар 4 топқа бөлінеді:

1. Жер

2. Капитал

3. Еңбек

4. Кәсіпкерлік қабілет.

"Жер" ресурсына табиғаттың берген сыйлары табиғи ресурстарды жатқызады. Әлемде табиғи ресурстарға аса бай елдерде бар. Оларға Ресей, Қазақстан, АҚШ, Қытайды жатқызуға болады. "Жер" категориясына егістік жер, орман, мұнай мен минералдар қазбасы, су ресурстары жатады.

"Капитал" немесе инвестициялық ресурстар өндірісте қолданылатын өндіріс құрал-жабдықтарын: машина, құралдар, инструменттер, ғимараттар және т.б. қамтиды.

"Еңбек" бұл адамның өзіндік дене, интеллектуалдық және рухани күш-қуатын жұмсау процесі, яғни жұмыс күшін тұтыну процесі (әрбір адамның) жұмыс күші немесе еңбекке қабілеті болады. Еңбек жұмыс күшін тұтынуды білдіреді.

"Кәсіпкер" нарықтық экономиканың қозғаушы күші. Ол жер, капитал, еңбек ресурстарын, тауарлар мен қызметтер өндіру процесінде қолдана отырып, экономикалық тәуекелге бас ұрған іскер адам.

Барлық экономикалық ресурстар сирек немесе шектеулі санда ғана болады. Қоғамның барлық материалдық қажеттіліктері шексіз.

Экономикалық теория – қоғамның шексіз қажеттіліктерін жоғары дәрежеде қамтамасыз ететін сирек ресурстарды тиімді пайдалану проблемаларын зерттейтін қоғамдық ғылым. Экономикалық теория- сирек ресурстарды тиімді қолдану туралы ғылым.

Әдебиеттер

 

1. Я. Әубәкіров және т. б. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. Алматы, «Санат», 1998.

2. Я. Әубәкіров және т. б. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы, Қазақ университеті, 1999.

3. Мырзалиев Б.С. және т. б. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы, 2006.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных