ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
І. Экономикалық теорияның негізгі даму кезеңдері.Экономикалық қатынас өмiр қажеттiлiгiнен туады. Ежелгi дүниедегi экономикалық кейбiр құбылыстар мен процестер Египет, Қытай, Үндiстан, Греция (Ксенофонт, Платон, Аристотель т.б.) ойшылдарының еңбектерiнде қарастырылды. Алғашқы рет «Экономия»- («ойкономия» грек тiлiнде шаруашылық туралы заң деген ұғымды бiлдiредi) терминi бiздiң дәуiрiмiзге дейiн III-шi ғасырда ертедегi грек ойшылдары Ксенофонт (б.д.д. 430-355 ж.ж.) және Аристотель (б.д.д 384-322 ж.ж.) еңбектерiнде пайда болды. Бiрақ ерте дүниеде, орта ғасырларда экономикалық ой-пiкiр ғылым болып қалыптаспады. Оның себебi ол заманда тауар-ақша, нарық, сауда дамымады, шаруашылық негiзiнен тұйық натуралды-заттай жүргiзiлдi. Экономикалық ой-пiкiрлердiң ғылыми тұжырымдалып қалыптасуы сауда, өнеркәсiп капиталының дами бастауына байланысты болды. Бұл кезең Еуропада ХVI-XVII ғасырларды қамтиды. Қазақстан елiнде ХIХ ғасырдың соңы, ХХ ғасырдың басында сауда капиталы, тауар-ақша айналымы, халықаралық нарық, еңбек бөлiнiсiне қамту процесi бiрте-бiрте жанданған. Елiмiздiң Солтүстiк, Батыс аймақтары Ресеймен тауар айналысына басым қатынаста болса, Оңтүстiк Шығыс, Орталық аудандарда Орта Азия, Қытай т.б. елдердiң саудагерлерi жиi келе бастады. Тарихтағы белгiлi "Жiбек жолы" осының айғағы. Алғашқы экономикалық мектеп меркантилизм (итальян тiлiнде mercante-саудагер) iлiмi қалыптасты. Оның мәнi: байлық сыртқы сауда нәтижесiнде жиналады, сол себептi тек айналыс сферасын зерттеу қажет деген пiкiрдi бiлдiрдi. Меркантилизм екi кезеңнен тұрады. Алғашқы кезеңде (ХV ғ. -ХVІ ғ. басы) ел алтын мен күмiстi байлықтың жалғыз формасы ретiнде монетаризм түрiнде танылады. Монетаристер "ақша балансы" теориясын ұсынды. Оған сәйкес олар елден ақшаны сыртқа шығаруға тыйым салу қажеттiгiн ұсынды. Соңғы меркантилистер ақша емес, тауар айырбастау сферасын зерттеуге көштi. Осылайша "сауда балансы" теориясы қалыптасты. Алғашқы меркантилистерден айырмашылығы соңғы меркантилистер ақшаны шетке шығаруға тыйым салмады, өндiрiстiк тауарлардың экспортын көбейтiп, шетелдiк тауарларға жоғарғы кеден салығын салып, ұлттық экономиканы қорғауды, яғни протекционизм (лат. тiлiнде protecto- қорғау) саясатын жүзеге асыруды ұсынды. Меркантилизмнің өкілдері: Т.Мен, А.Монкретьен, У.Стаффорд, У.Кольбер және т.б. Айналыс сфераларындағы бағыттарды жаулап алып, буржуазия өндіріс сферасына өтеді. Байлықтың көзі игіліктер өндірілетін өндіріс болып табылатыны дәлелденеді. Шынайы байлық ақша емес, тауарлар. Осылайша классикалық мектеп пайда болды. Ол кездері Еуропа әлі аграрлы ел болғандықтан көптеген экономистер өндірісті ауыл шаруашылығымен теңестірді. Олар физиократтар мектебінің (грек тілінен аударғанда physic-табиғат, kratos-билік) өкілдері деп аталады. Бұл мектеп Францияда ХVІІІ ғ. орта шенінде қалыптасты. Физиократтар қоғамдық байлық саудада емес, өндірісте екенін дәлелдеді. Бірақ физиократтар Ф. Кенэ, А.Тюрго т.б. қоғам байлығына ауыл шаруашылығы өнімдерін жатқызды. Сондықтан өсімтал тап қатарына шаруалар жатады деді. Буржуазиялық саяси экономияның көрнекті өкілдеріне А.Смит, Д.Рикардо жатады. А.Смит 1776 ж. "Халықтар байлығының табиғаты мен себебі жөніндегі зерттеу" кітабын жазған. А.Смиттің негізгі идеялары: - еңбектің құндық теориясы және еңбек бөлінісінің прогрессивті сипаты туралы ілімі; - мемлекеттің экономикаға араласпауы; - бәсекенің әсерімен сұраныс пен ұсынысқа байланысты қалыптасқан еркін бағалар негізіндегі нарықтың өздігінен реттелуі. Бұл экономикалық реттегіштерді (сұраныс, ұсыныс, баға, бәсеке) ол "көрінбейтін қол" деп атады. Классикалық мектептің ғылыми табыстары: 1. Басты зерттеу нысаны ретінде олар айналысты емес, өндіріс сферасын алды. 2. Еңбектің мәнін тауарлар құнының негізгі өлшемі ретінде қарады. 3. Экономиканы нарық арқылы өздігінен реттелуі қажеттігі. 4. Қоғамның барлық әлеуметтік топтарының қайнар көздерін айқындады. ХІХ ғасырдың екінші жартысында саяси экономия екі тармаққа: марксизм және маржинализмге бөлініп кетті. Марксизмнің негізін салушы – К.Маркс (1818-1883). Оның басты еңбегі "Капитал" Маркс ілімінде қосымша құн теориясына басты назар аударылған, онда қосымша құн өндіру-капиталистердің пролетариатты қанауы арқылы өз байлығын арттырудың тұрақты көзі екендігі зерттелді. Маржинализм (француз тілінде marginal-шекті), марксизмнен айырмашылығы - қанауға негізделген өндіріс әдісі ретінде капитализм мәнін зерттеуден бас тартып, шаруашылық қатынастарын зерттеуге бет бұрды. Бұл бағыт ХІХ ғ. 70-жылдарында дүниеге келді. Оның өкілдері Австрияда-К.Менгер, Англияда-У.Джевонс, Швейцарияда-Л.Вальрас. Маржиналистер экономика ғылымының мақсаты-шектеулі ресурстарды бөлудің тиімді әдістері мен шаруашылықты ұтымды жүргізудің әдістерін іздестіруде деп таныды. Маржинализмнің басты категориялары: шекті пайдалылық, шекті өнімділік, шекті шығындар. Маржинализмде келеңсіз қасиет бар, яғни шектен тыс математикаландырылған абстрактілі ойлар, графиктер мен формулалар қолданылады. Әлеуметтік мәселелерге назар аудармайды. Қазіргі батыс экокномикалық теориясы төрт ірі ағыммен сипатталады: - бірінші ағым "неоклассикалық" деп аталып, қазіргі "монетаризм" және "неолиберализм" теорияларымен жұптасады. Неоклассиктер-А.Смиттің тікелей ізбасарлары былай деп есептеді: егер нарықтық экономиканың субьектілеріне экономикалық еркіндік берілсе өте жақсы қызмет атқарған болар еді; - екінші ағым "капитализмді реттеу" теориясымен айқындалады. Оның негізін қолдаушы ағылшын экономисі Дж. Кейнс (1888-1946 ж.ж.) болып табылады; - үшінші ағым "институционализм" (латын тілінің institutum – ұйым, мекеме деген сөз) теориясымен айқындалады. Оның өкілдері Т.Веблен У.Митчел, М.Вебер, Д.Гэлбрейт және т.б. Бұл теорияға сәйкес экономикалық даму сипаты тұтас экономикалық институттардың жүйесі. Олар әлеуметтік бағдарламалар, индикативті жоспарлау, еңбекшілердің меншік пен өндірісті басқаруға қатысуы, мемлекеттің араласуының басқа формаларын негіздейді; - төртінші ағым әлеуметтік бағытталған нарықтық шаруашылық теориясымен айқындалады. Оның өкілдері Л.Эрхард, В.Ойкен. ХХ ғасырдың 20-жылдарында бұрыңғы Кеңес Одағының Мемлекеттік жоспарлау комитетінің жауапты қызметкерлері ғалым-экономистер Г.Фельдман, Н.Кондратьев, А.Чаянов, В.Немчинов, С.Струмилин КСРО экономикасын нарыққа көшіру мәселелерінің баламалы бағдарламасын жасады.
2. Экономикалық теорияның пәні, Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|