Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ысқарған сөздер тізбесі




АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

МЕДИЦИНА БІЛІМІ МЕН ҒЫЛЫМЫНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ.

 

Тасқынбаева Сәуле Мұратқызы

 

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ НЕГІЗДЕРІ

Оқу құралы

 

 

Шымкент 2010

УДК 330.101.8 (075)

ББК 65.01 Я 73

Т 22

 

 

ПІКІР ЖАЗҒАНДАР:

Құттыбаева Дариға Әбдәлімқызы – доцент м.а., М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті, экономика ғылымының кандидаты.

Ниязов Талғат Жақсыбайұлы – жаратылыстану және экономикалық факультетінің деканы, Шымкент әлеуметтік-педагогикалық университеті, экономика ғылымының кандидаты, доцент.

 

 

Ұсынылып отырған оқу құралы «Экономикалық теория» пәні бойынша сабақтың мақсатын, дәріс мазмұны мен бақылау сұрақтарын, әдебиетті қамтиды.

Оқу құралы жоғары оқу орындарында «Экономикалық теория» пәнінен оқитын студенттерге және колледж оқушыларына арналған.

 

УДК 94 (574) (072)

ББК 63.3 (5 каз) Я 7

Т 22

 

Баспаға Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясының Ғылыми кеңесі ұсынды хаттама № 6 21.04.2011 ж.

 

 

© С.М.Тасқынбаева

ысқарған сөздер тізбесі

ЖҰӨ - Жалпы ұлттық өнім

 

ЖІӨ - Жалпы ішкі өнім

 

ТҰӨ - Таза ұлттық өнім

 

ҰТ – Ұлттық табыс

 

ЖТ – Жеке табыс

 

ТЭТ – Таза экономикалық тұрмыс

 

ТҰК – Трансұлттық корпорациялар

 

КҰК – Көп ұлтты корпорациялар

 

ХЕБ – Халықаралық еңбек бөлінісі

 

ҚТҚ – Қоғамдық тұтыну қорлар

 

АҚШ – Америка Құрама Штаттары

 

ҒТП – Ғылыми – техникалық прогресс

 

ТМД – Тәуелсіз мемлекеттер достастығы

 

ГДР – Германия Демократиялық Республикасы

 

КСРО – Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы

 

Мазмұны

 

Кіріспе................................................ 3

 

Қоғамның экономикалық дамуының жалпы негіздері

 

Экономикалық теорияның пәні мен әдістері.

Қоғамдық өндіріс және оның құрылымы......................... 5

 

Экономикалық институттар:

меншік және кәсіпкерлік..................................... 12

 

Қоғамдық шаруашылықтың

нысандары. Тауарлы өндіріс. Ақша............................ 27

 

Нарық және оны реттеу механизмдері

 

Нарық: түрлері, құрылымы, үлгілері........................... 33

 

Сұраныс пен ұсыныс........................................ 41

 

Капитал (қорлар). Ауыспалы айналым мен айналым............... 47

 

Өндіріс шығындары. Өндіріс факторларынан

түсетін табыстар............................................. 51

 

Ұлттық экономиканың қызмет етуінің заңдылықтары

Жүйе ретіндегі Ұлттық экономика............................ 62

 

Экономикалық тепе-теңдік және

экономикалық өсу........................................ 67

 

Экономикалық циклдар. Инфляция

және жұмыссыздық....................................... 74

 

Макроэкономикалық реттеу

 

Мемлекеттік реттеу: маңызы,

мақсаттары; құралдары..................................... 86

 

Мемлекеттің әлеуметтік және аймақтық саясаты...................100

 

Халықаралық экономикалық қатынастар.

Сыртқы экономикалық қызметті реттеу.......................... 105

 

 

КІРІСПЕ

 

Адамзат қоғамын, оның негізі экономиканы зерттейтін ғылым саласы – экономикалық теория. Бұл теорияның даму сатылары сауатты азаматтардың баршасын да қызықтыратыны, ынталандыратыны сөзсіз. Өйткені қазіргі дәуірде экономика мәселелерінен мағлұмат алмаған адам өзін білімді маман қатарына жатқызбақ тұрсын, күнделікті өмірге қажет сауалдарға да жауап бере алмайды.

Ғылым догма емес дегенді басшылыққа алсақ, саяси экономия пәнінің орнына экономикалық теорияның жалпы негіздері деп оқу процесін жалғастыру қазіргі кезеңнің, қоғамдық дамудың ұзақ мерзімге арналған бағытын ескеруге, онымен бірге әлемдік экономиканың ой пікірдің тиімді, елеулі деген үлгісін пайдалануға байланысты. 1991 жылдың соңында Кеңес одағының ыдырауына байланысты бұрынғы одақтас республикалар, оның ішінде Қазақстан да ілгері дамудың, дағдарыстан жедел шығудың амалын іздей бастады. Осы қиын-қыстау кезеңде Республика Президентінің стратегиясы бойынша Қазақстан Республикасы алдағы 15-20 жыл мөлшерінде экономикасы дамыған елдер қатарына қосылуды, демократиялық құқықты мемлекет болуды көздеп отыр. Осы ізгі мақсатты жүзеге асырудың шешуші кепілі экономиканы өркендету, өндірістің тиімділігін арттыру, сол сияқты металл-машина жасау, отын-энергетика, халық тұтынатын өнеркәсіп бұйымдарын көбейту. Экономикалық өркендеудің бірден-бір даму жолы тауар – ақша қатынастарын кеңінен дамыту, сауда қатынастарын жетілдіру, нарық инфрақұрылымын қалыптастыру. Ондаған жылдар адамдар санасына сіңіп қалған социализм саяси экономиясы оқулықтарында тауар-ақша қатынастары жөнінде шындыққа сәйкес келмейтін қағида дәріптеліп келгені белгілі. Бұл қағида бойынша социализмде капиталистік елдерде кең тараған нарық қатынастары болмайды, бұл жағдайда бір орталықтан басқаратын өндіріс құрал-жабдықтары мен тұтыну заттарын жоспарлау, бөлу процесі іске асуға тиіс деген ұғым берік орын алды. Дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отырғандай экономикалық өркендеудің қазіргі заманғы даңғыл жолы нарық қатынастарын неғұрлым кең қолдану. Экономикасы тиімді дамыған елдер осы қатынастарды жан-жақты пайдаланып келеді.

Қазіргі Тәуелсіз Қазақстанда жалпы табиғи – тарихи заңдылыққа сәйкес ХХІ ғасырдың қарсаңында нарықтық қатынасқа бағыт алынды. Осыған орай көптеген күрделі мәселелерді тұңғыш рет шешуге ұмтылып келеміз. Экономикада әкімшілдік – шаруашылық жүйесінен арыла келе нарық шаруашылығына қажет алғы шарттар жасалу мақсаты жүзеге асырылуда. Нарық экономикасына көшу бір дүркін қозғалыс емес, ол тарихи тұрғыдан адамзат қоғамының көп жағдайда экономикалық және әлеуметтік прогресін айқындайтын табиғи процесс. Қазақстан Республикасы алдындағы міндеттер, алға қойған мақсат әлеуметтік бағыттағы жоғары тиімді экономиканы қалыптастыру, әлемдік кеңістікте өз орнын табу, экономикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету, жоғары дәрежелі еңбек өнімділігіне жету, халық шаруашылығы құрылымында жоғары технологияны пайдалану, халықтың тұрмыс дәрежесін көтеру, аралас экономиканы қалыптастыру, түрлі меншік иелеріне жол ашу, нарық орталықтарында тиімді заңға негізделген іскерлікке қол жеткізу. Соның өзінде ең негізгі мәселе – макроэкономикалық проблемаларды дұрыс шешу. Бұл арада әңгіме жұмыссыздықты жою, экономикалық мәселелерге ерекше көңіл бөлуде болып отыр.

Сіздерге ұсынылып отырған оқу құралы еліміздің жоғары мектептерінде ана тілінде экономикалық теория пәнін оқушыларға көмекші құрал болып саналады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных