Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ызметтері және таным әдістері




1991 жылдың соңында Кеңес Одағының ыдырауына байланысты бұрыңғы одақтас республикалар, оның ішінде Қазақстан да ілгері дамудың, дағдарыстан жедел шығудың амалын іздей бастады. Осы кезеңде Республика Президентінің стратегиясы жарияланды. Бұл стратегия бойынша Қазақстан Республикасы алдағы 15-20 жыл арасында экономикасы дамыған елдер қатарына қосылуды, демократиялық құқықты мемлекет болуды көздеп отыр. Осы мақсатты жүзеге асырудың шешуші кепілі экономиканы өркендету, өндірістің тиімділігін арттыру, металл-машина жасау, отын-энергетика, халық тұтынатын өнеркәсіп бұйымдарын көбейту. Экономикалық өркендеудің бірден-бір даму жолы тауар-ақша қатынастарын кеңінен дамыту, сауда қатынастарын жетілдіру, нарық инфрақұрылымын қалыптастыру. Дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отырғандай экономикалық өркендеудің қазіргі заманғы жолы нарық қатынастарын кең қолдану. Экономикасы тиімді дамыған елдер осы қатынастарды жан-жақты пайдаланып келеді.

Нарық экономикасына көшу адамзат қоғамының экономикалық және әлеуметтік прогресін айқындайтын табиғи үдеріс.

Экономикалық теорияның пәні нарықтық шаруашылықты талдау. Нарық тиімділік проблемасын шешеді: яғни шектеулі ресурстарды пайдалана отырып, шексіз қоғам қажеттіліктерін жоғары дәрежеде қамтамасыз ету.

Экономикалық теория материалдық игіліктерді өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатымен, оларды пайдалану үшін бәсекелестік туғызатын жағдайда, шектеулi ресурстар мен өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну кезеңіндегі адамдар мен топтардың әрекетін зерттейтін қоғамдық ғылым.

Экономикалық теория тиімді шаруашылық жүргізу заңдары мен шаруашылық жүргізуші тұлғалардың әр түрлі тарихи кезеңдердегі іс-әрекеттерінің мәнін зерттейді.

Экономикалық теория танымның әр түрлі формалары мен әдістерін қолданады, олардың барлығы шаруашылық өмірді зерттеу әдістерінен тұратын ғылыми методологияны құрайды. Методология дегеніміз-ғылыми танудың нысаны (формасы), әдісі, ұйымдастыру принциптері туралы ілім.

Ғылыми танудың нысаналары мен әдістері көп. Олар объективті жағынан есептелген (статистикалық), жинақталған материалдарды анализ және синтез, индукция мен дедукция, болжамдар жасау және оны тексеру, эксперименттер жүргізу, логикалық және математикалық модельдер жасау.

Экономикалық зерттеулердің маңызды әдісі ғылыми абстракция. Ғылыми абстракция дегеніміз зерттеу пәнін жеке, кездейсоқ, қысқа мерзімді, дара құбылыстардан біздің түсінігімізді оқшаулап, оның тұрақты, әрдайым қайталанатын мәнін, маңызын ашу.

Индукция жеке оқиға, құбылыстардан логика арқылы жалпы қағидалар, принциптер шығарады. Дедукцияда керісінше, жалпы қағидалар негізінде экономикалық обьектілердің, процестердің кейбір жеке алынған ерекшеліктері сипатталады. Тарихи және логикалық танудың бірлігі экономикалық ғылымда орын алады.

Тарихи әдіс құбылыстардың пайда болып, дамып және бірінің орнын бірі басқанын тізбекті түрде талдауға жәрдемдеседі.

Логикалық (теориялық) тәсіл осы тарихи құбылыстардың тарихи жолының дәлме-дәл көрінісі емес. Ол зерттелініп отырған құбылыстың мәнін ұғыну мен олардың болмашы қасиеттерінен жорамал түрде таза зерттеуді көздейді. Соның нәтижесінде бұл құбылыс жайында ғылыми түсінік пайда болады.

Математикалық модельдер, графиктер мен математикалық теңдеулер көмегімен бейнеленеді.

Экономикалық теория үш негізгі қызметтерді атқарады: танымдық, методологиялық және практикалық.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных