Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ндіріс факторлары және экономикалық ресурстар




Қоғамдық өндіріс мәселесі экономикалық теорияның бастапқы негізін құрайды. Адамзат баласының тіршілігінің негізін қалайтын да қоғамдық өндіріс. Ол материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбас және тұтыну процесін қамтиды. Өндіріс процесі үздіксіз процесс болуға тиіс. Қоғамның тұтынбай отыра алмайтыны сияқты, ол өндірмей де отыра алмайды. Қоғамдық өндірістің құрылымы 1.1. сызбада көрсетілген.

Қоғамдық өндірістің адамзат өміріндегі орны мен рөлi ерекше. Егер өндірісті бір жыл түгіл, бірнеше апта тоқтататын болса, адамзат аштықтан құрып кеткен болар еді. Қазіргі таңда да нарықты қалыптастыруда қоғамдық өндіріс өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың жиынтығы. Ал оның орын алуы, дамуы өндіріс факторларына байланысты: 1) еңбек; 2) еңбек заты; 3) еңбек құралдары.

Еңбек дегеніміз - мақсатқа сай атқарылған қызмет, адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас процесі. Еңбек-бұл адамның саналы әрекеті.Оның басты ерекшелігі-алдын ала ойланып істелінеді, мақсаты іс-қимыл, белгілі бір нәтижеге жету көзделінеді. Еңбек ете отырып адам жұмыс күшін жұмсайды. Жұмыс күші – адамның еңбекке деген қабілеттілігі.

Еңбек заты –адамның дайын өнім өндіру мақсатында өз еңбегі арқылы әсер ететін зат. Олардың екі түрі бар: а) табиғи-руда, көмір, мұнай т.б. ә) белгілі бір табиғи процестен, өңдеуден өткен шикізат, материал т.б.

Еңбек құралдары -бұл адамның еңбек затына әсер ететін қаруы. Еңбек құралдары бірнеше түрге бөлінеді: а) аспаптар, машина, механизмдер; ә) өндірістің ыдыс жүйесі (құбырлар, бөшкелер, сауыттар т.б); б) өндірістік обьектілер, (өндірістік үйлер, құбылыстар, жолдар т.б.) в) жер; г) химиялық, ядролық реакциялар.

Қандай да бір тауарды өндіруге қажет еңбек заттары мен еңбек құралдарының жиынтығы өндіріс құрал-жабдықтарын құрайды. Өндіріс факторларының құрылымы 1.2. сызбада көрсетілген.

 


Жұмысшылар

 

 


 

 
 

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных