ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Азақстан Республикасында меншіктің әр түрлі формаларының қалыптасуы.Біз көп уақыттар бойы кеңестік экономикалық әдебиеттер арқылы меншік проблемасы мен оның эволюциясы нақты және біржола шешілді деген қағидаға жүгініп келдік. Оның мемлекеттік және колхозды-кооперативтік формаларын ғана мойындап келгенбіз. Жеке меншіктің негізгі ақауы - өндіріс – құрал жабдықтары иелері жалдамалы жұмысшыларды қанауда деген қағида. Міне, осыған байланысты кеңестік экономика жағдайында адамды адам қанауда деген қағида. Міне, осыған байланысты кеңестік экономика жағдайында адамды адам қанауды жою үшін жеке меншікті жалпы халықтық (мемлекеттік) меншікпен алмастыру қажет деген ой-пікір орныққаны аян. Осы мақсатты жүзеге асыру бағытында бұрынғы одақта 1917 жылдан бастап, меншікті жаппай мемлекеттендіру басталды. Оның нәтижесі – адамдардың жұмыскер және тұтынушы ретінде еркін таңдауынан айрылуы, өндіріс құрал-жабдықтарына меншік иесі екендігін сезінбеу. Енді бүгінгі өтпелі кезеңдегі басты проблеманың бірі – жаңа меншік формаларын қалыптастыруға көшу болып отыр. Республикамызда нарықтық қарым-қатынастарды қалыптастыру бағытында көптеген шаралар жүзеге асырылуда. Мемлекеттік меншіктің бүкіл қоғамды түгел қамтитын сипатынан айыру, меншікті мемлекет иелігінен алу, акционерлік, кооперативтік және жеке меншікке негізделген кәсіпорындардың алуан түрлерін қалыптастыру, адамдардың шаруашылық және еңбекке деген ынта-жігерінің арта түсуіне жол ашып, әлеуметтік қиындықтарды жеңілдеу етеді. Қазақстан Республикасының «Меншік туралы Заңы» алғаш рет еліміздің өз меншігін айқындап берді. Конституцияда меншіктің екі түрі – мемлекеттік және жеке меншік аталады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында меншіктің жеке және мемлекеттік меншік, сонымен қатар, осы екеуіне тән негізделген меншіктің әр түрлі формалары заңды деп саналады. Олар: - арендалық кәсіпорынның меншігі; - кооперативтердің меншігі; - шаруашылық қоғамы мен серіктестіктің меншігі; - акционерлік қоғамның меншігі; - ассоциациялардың және бірлестіктердің меншігі; - діни ұйымдардың меншігі. Сонымен, нарықты экономикаға көшуге байланысты меншік қатынастарын қайта құру өзекті проблемалардың біріне айналып отыр. Меншік формаларының плюрализмі – бұл шаруашылық жүргізу жүйесінің, бүкіл қоғамдық организмнің өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі реттеуінің қажетті шарты. Меншік формасының плюрализмі – нарық шаруашылығының объективті негізі, Қазақстан экономикасының дүние жүзілік шаруашылыққа, дүниежүзілік өндірістік қарым-қатынастарға енуінің қажетті шарты.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|