Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Кәсіпорынның негізгі ұйымдық-құқықтық формалары.




Кәсіпкерлік қызметтің орын алар жері ең алдымен кәсіпорын. Экономикалық категория ретінде кәсіпорын өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастарды ұйымдастырудың негізгі буыны. Құқықтық тұрғыдан кәсіпорын заңдық құқтар бар дара шаруашылық субьектісі, өзіне бекітіліп берген мүліктерді пайдалана отырып, өнімдерді өндіреді, жұмыстар атқарады, әртүрлі қызмет түрлерін көрсетеді.

Қазақстанда қолданып жүрген заңдарға сәйкес кәсіпорындардың мынадай ұйымдық-құқықтық формалары бар:

-мемлекеттік кәсіпорын;

-серіктестік: толық жауапкершілікпен (толық серіктестік); аралас жауапкершілікпен (аралас серіктестік), шектеулі жауапкершілікпен (шектеулі серіктестік);

-акционерлік қоғам (ашық типі, жабық типі);

- жеке кәсіпорын.

Жеке кәсіпорынды ұйымдастырушы да, иелік етуші де бір адам, қалғандары жалдамалы қызметкерлер. Оның жауапкершілігі шектелмеген және оның капиталы көп емес, жеке кәсіпкерліктің кемшіліктері осында.

Оның артықшылықтары: әр меншік иесі өз пайдасына өзі ие, кез келген өзгерісті өзі жасай алады. Ол тек табыс салығын төлейді және корпорация үшін бекітілген салықтан босатылады. Бұл ұсақ дүкендерге, қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындарға, фирмаларға, сондай-ақ юристердің, дәрігерлердің т.б. кәсіби қызметіне тән бизнестің кең тараған формасы.

Серіктестік деп екі немесе одан да көп адам бірлесіп айналысатын бизнесті атайды. Серіктестікке де табыс салығы алынады. Серіктестіктің артықшылығы сол, оны ұйымдастыру және қосымша қаражат пен жаңа ойлар тарту жеңіл. Кемшіліктері қатарына капиталдың жаңа салымдарын төмен ететін, дамып келе жатқан істе қаржы ресурстарының тапшылығын, фирма қызметін, мақсаттарын оның қатысушыларының бірдей түсінбеуін, әрқайсысының фирма табысында немесе зияндағы үлесін анықтау күрделілігін кіргізуге болады. Серіктестік формасында делдалдық кеңселер, аудиторлық кеңселер мен фирмаларды, қызмет сфераларын т.б. кіргізуге болады.

Толық серіктестік – жеке адам және заңды тұлғалардың бірігуі, олардың мүшелері серіктестік міндеттемелері бойынша қозғалмайтын мүліктерге жауапты. Мұның мәні мынада: егер толық серіктестікке оны ұйымдастырушылардың бірі жеке адам ретінде енетін болса, белгілі бір жауапты кезеңге кезіккенде (банкрот жағдайында) қажетті күнделікті заттардан басқа жеке мүліктерін, атап айтқанда, машина, саяжай, мебель, картина, зергерлік бұйымдар т.б. бағалы мүліктерді тізімге алады. Жұмыс істеп тұрған қоғамға мүшелікке енгеннен кейін бұрыíғы мүшелермен қатар енгенге дейінгі қоғамның қарыздарын өтеуге бірдей жауапты болады.

Аралас (командиттік) серіктестік толық серіктестіктің өзгерген формасы. Мұның негізгі ерекшелігі бір немесе бірнеше қатысушылардың бүкіл мүліктерімен несие беруші серіктестіктер алдында жауап береді. Біреуінің немесе бірнешеуінің жауапкершілігі қоғамға қосқан үлесі бойынша шектеледі. Бүкіл мүліктерімен тәуекелділік етіп отырған қатынасушы қоғамның ішкі мүшесі немесе толық серіктестер деп аталады. Ал қосқан үлес мөлшерінде тәуекел етушілер сыртқы қатынасушылар немесе коммандистер деп аталады.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (шектеулі серіктестік қоғам) алдын ала белгіленген пайшылар үлестерінің негізінде құрылған бірлестік. Оның мүшелері (жеке және заңды тұлғалар) қоғамның міндеттемелерін орындау жауапкершіліктері жоқ, тек өз үлестерінің мөлшерінде тәуекелділік жасайды.

Жауапкершілігі шектеулі қоғамды ұйымдастыру үшін құрылтай келісім шартын жасау керек, онда фирманың аты, мекен-жайы, кәсіпорынның қызмет түрі, бағыты, негізгі капитал мөлшері, қоғам мүшелерінің үлесі көрсетіледі. Ақша қаражатынан басқа қоғамды ұйымдастырушылардың бағалы материалдық заттар формасында заттық үлестері болуы да мүмкін (автомобиль, жер учаскелері, лицензия т.б.)

Қоғам мүшелерінің құқы жылына бір немесе екі рет өткізілетін қоғам мүшелерінің жиналысында анықталады, одан әрі даму алады. Жиналыстың маңызды шешімдер қабылдау құқы бар, атап айтқанда, жылдық балансты бекітеді, пайданы мақсатты, орынды пайдалануды анықтайды, шығындарды қысқартады, қоғамның төрағасын сайлауды немесе қайта сайлауды, оған әр қилы мәселелер бойынша тапсырмалар жүктейді. Қоғамның жұмысына бақылауды бақылау комиссиясы жүргізеді, оның мүшелерін жалпы жиналыспен тағайындайды.

Корпорация деп бірге кәсіпкерлік қызмет істеу үшін бірлескен тұлғалар жиынтығы аталады. Корпорация меншігіне құқық акциялар бойынша бөліктерге бөлінген, сондықтан корпорация иелері акция ұстаушылар, ал корпорация акционерлік қоғам деп аталады. Корпорация табысынан корпорацияға салынатын салық ұсталады. Кәсіпкерліктің акционерлік формасы Қазақстанда жиі кездеседі.

Акционерлік қоғам – бұл заңдық құқы, жарғысы бар қоғам. Ол рұқсат ету жолымен құрылады, акцияда бірден үлесі бар, белгілі мөлшерде бір бөлшектенген негізгі капиталы бар. Жеке адам және заңды ұйымдар акционерлер бола алады. Акционерлік қоғамның негізгі капиталы ақцияларға бөлінеді. Экономикалық көзқарас тұрғысынан акция деп отырғанымыз бағалы қағаз, онда қоғам мүліктері белгілі бір мөлшерде есепке алынған. Акционерлер құқы жылына бір-екі рет жиналатын акционерлердің жалпы жиналысы арқылы шешіледі. Жалпы жиналыс жылдық баланс бойынша, пайданы пайдалану жөнінде, басқарма мүшелерін өз міндеттерінен босату, қоғамның негізгі капиталын көбейту немесе азайту туралы шешім қабылдайды. Акционерлік қоғам екі типте болады: жабық және ашық. Ашық қоғамның акциялары еркін сату жолымен таралады. Мұндай қоғам көп көлемді капиталды қажет еткен жағдайда құрылады. Ашық типтегі акционерлік қоғамның бірден-бір үлгісіне РИНАКО жатады.

Жабық типтегі акционерлік қоғам іс жүзінде жауапкершілігі шектеулі серіктестік десе де болғандай. Жабық қоғам ашық типтегі акционерлік қоғамнан акцияларды таратудың ерекше әдісімен өзгеше. Акционерлік қоғамның акциясын сатып алуда акционер басқалармен салыстырғанда артық құқыққа ие болады. Серіктестікті ұйымдастырушылардың саны 10-15-тен аспаса өте ыңғайлы. Есесіне акция шығарудың, кәсіпорынды акциялардың қажеттігі жоқ. Ал, мысалы, 200 адам жұмыс істейтін зауытты акциясыз жекешелендіру мүмкін емес. Бұл серіктестік тиімсіз, өйткені кез келген мәселе бойынша құрылтайшы 200 адамды шақырып алып, ақылдасып мәселе шешуі өте қиын. Акционерлік қоғамдар кәсіпкерліктің ең көп тараған түрі. Мұндай қоғамның алғашқы қарлығаштары XV-XVI ғ.ғ. Генуяда әулие Георгия, Миланда әулие Амвросия банктерінің құрылуымен байланысты пайда болды. XVІІ ғасырда ірі сауда компаниялары дамыды, мысалы: голландиялық Ост-Инд компаниясы (1600). Осы кезеңде қазірде бәрімізге таныс акция деген ұғым қалыптасты. Алғашқы Голландиялық Ост-Инд компаниясының жарғысында оны құрушыларды акционистер деп атаған.

Акционерлік қоғамның артықшылықтары:

-акциялар және облигациялар сату арқасында ақша капиталын тартуда шектелмейтін мүмкіндіктер;

- басқару функцияларын орындау үшін кәсіби мамандарды тарту;

-корпорация қызмет етуінің тұрақтылығы, өйткені акционерлерінің біреуінің қоғамнан шығып кетуі фирманың жабылуына ықпал етпейді.

Бизнесті корпоративті формада ұйымдастырудың кемшіліктеріне төмендегілер жатады:

- корпорация табысының акция ұстаушыларға дивиденд түрінде төленетін бөлігіне екі жақты салық салу: бірінші рет корпорация пайдасының бір бөлігі ретінде, ал екінші рет акция иесінің жеке табысының бөлігі ретінде.

-экономикалық теріс пайдаланушылыққа қолайлы мүмкіндіктер. Ешқандай нақты құны жоқ акцияларды шығару және сату мүмкіндіктері;

- меншік және бақылау функцияларының бөлінуі. Акциялары көптеген иелер арасында орналастырылған корпорацияларда бақылау функциясы меншік функциясынан ажырайды. Акция иелері көп дивиденд алуға ұмтылады, ал менеджерлер ақшалай айналымға жіберу мақсатында дивидендтерді азайтуға тырысады.

Қазір АҚШ-та 3 миллионнан астам корпорация бар, олар елдің жалпы ұлттық өнімінің басым көпшілігін өндіреді.

Соңғы жылдары ТМД, Шығыс Еуропа, Қытай елдерінде де акционерлік қатынастар пайда бола бастады. Оның ішінде Камаз, "Часпром", "Экспортлес", "Мовен" т.б.

Батыс елдерінде меншік пен кәсіпкерліктің әр қилы формада дамуына жолдың ашылуы әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық табыстарға қол жеткізді. АҚШ-тағы 16 миллион әр қилы кәсіпорындардың 70 пайызы жеке меншік кәсіпорындар, 10 пайыз серіктестік меншікте екі және одан да көп иелік ететіндер, 20 пайызы корпорациялар немесе акционерлік қоғамдар.

Қазіргі әлемнің көптеген елдері активті, белсенді кәсіпкерлер мемлекеті болып отыр, олардың меншігіне негізгі капиталдың 5-10 пайызынан 35-60 пайызына дейін тиесілі. Бұрыңғы социалистік елдерде негізгі қорлардың басым көпшілігі мемлекет қарамағында болды да, ол экономикадағы бірден-бір шаруашылық субьектісі болды. 80-жылдың орта шенінде мемлекеттік сектордағы кәсіпорындардың үстеме құнды жасаудағы үлесі пайызбен былайша сипатталады: Чехословакия-97, ГДР-97, КСРО-96, Югославия-87, Венгрия-86, Польша-82, Франция-17, Италия-14, ФРГ-11, Англия-11, Дания-6, АҚШ-1 пайыз.

Мәліметтерден көрініп отырғандай бұрыңғы социалистік елдерде "Мемлекеттік экономика" жетекші рөл атқарды, ал батыс елдерінде оған шектеулі орын қалдырған.

Мемлекеттік кәсіпкерлік әдетте тұрақты және капитал сыйымдылығы жоғары, себебі үкіметтің қаржылық және ұйымдастырушылық жағынан қамқорлығында. Сонда да, жеке сектор мемлекеттікке қарағанда бірқатар артықшылықтарға ие:

- түсімділігі жоғары қызмет сферасын таңдауға еркін;

- бизнес көлемі шектелмеген;

- қатаң бағамен шектелмейді.

Мемлекеттік кәсіпорындар үш топқа бөлінеді: бюджеттік кәсіпорындар, мемлекеттік корпорациялар, аралас акционерлік қоғамдар.

Бюджеттік кәсіпорындар. Бұл топқа заңды, шаруашылық дербестігі жоқ кәсіпорындар енеді. Өз жағдайына қарай олар мемлекеттік әкімшілік жүйесіне енеді, тікелей немесе құрылымдық тұрғыдан бір министрлікке, ведомствоға немесе жергілікті басқару органдарына бағынады. Олар пайдадан салық төлемейді, олардың бүкіл табысы мен шығысы мемлекеттік бюджет арқылы өтеді. Олар, әдетте сыртқы финанс көздерін пайдаланбайды, мемлекеттік қазына есебінен қаржыландырады. Кәсіпорын басшыларын мемлекеттік органдар тағайындайды, барлық қалған жұмыс істеушілермен бірге оларды мемлекеттік қызметкерлер деп атайды. Бюджеттік кәсіпорындарға байланыс жүйесі, верфтер т.б. жатады.

Мемлекеттік корпорациялар. Бұл кеңінен тараған ұйымдық-құқылық формадағы мемлекеттік кәсіпорындар. Олар шаруашылық жұмыстарымен бірге мемлекет атынан реттеуші және басқарушы қызметтерін де атқарады. Басқаша айтқанда мемлекеттік корпорациялар коммерциялық кәсіпорындар мен мемлекеттік органдардың қызмет ету аясын, ерекшелігін бірдей қолданып отыр. Мемлекеттік корпорациялар мемлекет иелік ететін акциялар арқылы акционерлік қоғам формасында да құрылуы мүмкін. Мемлекеттік корпорациялар кәсіпкерлік қызметті коммерциялық негізде тиісті министрліктер мен ведомстволардың бекіткен жоспарына сай жүргізеді. Мұндай қызметтің экономикалық негізін мемлекеттік қорлар есебінен құралатын өзіндік капиталы, акционерлік капитал және капиталистік пайда құрайды. Мемлекеттік корпорациялардың рентабельдік және тиімділік көрсеткіші көбіне жеке фирмалардың сол сияқты көрсеткіштерімен салыстыруға келмейді, өйткені тиімсіз өндірісті ең алдымен мемлекет өзі қорғап, өзі қаржыландырады, ал өндірістік өнімдер мен қызмет көрсету шектеулі бағамен сатылады.

Аралас компаниялар. Олар акционерлік қоғам және жауапкершілігі шектеулі серіктестік формасында құрылады, акциялары мемлекет пен жеке салымшылардың қолында болады. Акционерлік қоғамдар туралы заңға сай аралас компаниялар заңды иегер, коммерциялық жеке фирмалармен салыстырғанда бірқатар жеңілдіктер мен артықшылықтарды пайдаланады. Атап айтқанда, мемлекеттік несие мен қосымша қаражатты (дотация) пайдалану, импорттық лицензияларды жеңілдік тәртіппен алу, басқа мемлекеттік кәсіпорындардан бекітілген бағамен шикізат пен жартылай фабрикат алуға кепілдік, өндірген өнімдерді өткізуде кепілді рынок, сыртқы дотация т.б. жеңілдіктер.

Аралас фирмалардың өзіндік капиталы акционерлік капиталдан, капиталданған пайдадан, акциялары қор биржасында сатылатын болса эмиссиялық табыстан құралады. Мемлекет пен жеке акционерлер табысты өз қызметтерінің нәтижесінде дивиденд формасында алып отырады. Аралас компаниялар шаруашылық ісін кәсіпкерлік және коммерциялық негізде жүргізеді. Алайда ел экономикасына аса маңызды деген жағдайда, әкімшілік пен тиісті министрліктер мен ведомстволар бірлесе отырып жоспарда белгілейді. Мемлекеттік корпорациялармен салыстырғанда олардың үлкен шаруашылық дербестігі бар.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауында елімізде кәсіпкерліктің дамуына зор көңіл бөлуде: «Әртараптандырудың өзегі кәсіпкерлік болады. Нақ осы кәсіпкерлер экономиканы жаңғыртудың қозғаушы күші болып табылады.

Осыған байланысты Үкіметке 2010 жылдан бастап өңірлерде кәсіпкерлікті дамыту жөнінде бірыңғай бюджеттік бағдарлама енгізілуін қамтамасыз етуді тапсырамын.

Бұл бағдарламаның мақсаты өңірлерде кәсіпкерліктің, бәрінен бұрын шағын және орта бизнестің жаңа тобын дамыту есебінен тұрақты жұмыс орындарын ашу болады.

Бұл бағдарлама қаражатын пайдалану мыныдай бағыттар бойынша жүзеге асырылуы тиіс:

- несиелер бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау;

- шағын және орта бизнеске несиелерді ішінара кепілдендіру;

- бизнес жүргізуге сервистік қолдау білдіру;

- кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру, жастар практикасы және әлеуметтік жұмыс орындары.»

 

Әдебиеттер

 

1. Я. Әубәкіров және т. б. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. Алматы, «Санат», 1998.

2. Я. Әубәкіров және т. б. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы, Қазақ университеті, 1999.

3. Мырзалиев Б.С. және т. б. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы, 2006.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру процесінің мәні неде?

2. Дамыған елдердегі жекешелендірудің өтпелі экономикадағы ерекшелігі қандай?

3. Нарықтық экономикада меншік қатынастарының көп түрлілігінің қажеттілігі неде?

4. "Көп деңгейлі кәсіпкерлік" терминін қалай түсінесіз? Өтпелі экономикада оны қалыптастыруда қандай мәселелер болуы мүмкін?

5. Жеке кәсіпкерліктің негізгі ерекшеліктерін атаңыз?

6. Ашық және жабық акционерлік қоғамның айырмашылығы не?

7. Акцияның бақылау пакеті дегініміз не?






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных