ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Тауар және оның қасиеттері.
Тауар дегеніміз айырбастау және сату, тұтыну үшін шығарылатын еңбек өнімі. Ал тауардың айырбасталуы, немесе сату үшін өзіндік бір қасиеті болуы шарт. Мысалы, нан, май, сүт адамдардың жеке тұтыну қажетін қанағаттандыратын болса, құрал-жабдықтар өндірістік талғамды қанағаттандырады. Олай болса, заттың екі қасиеті болады, заттың қандай да болсын адамның бір қажетін өтейтін қасиеті оны тұтыну құны етеді. Адамның қажетін өтейтін заттың бәрін тауар деп атай алмаймыз. Мысалы, ауаны алайық. Адам баласының ең басты тіршілігін қамтамасыз ететін ауа екені белгілі. Алайда ол тауар емес, өйткені оны ауадан бөліп алуда белгілі бір мөлшерде адам еңбегі жұмсалды. Оны сатып алуға, сатуға болады. Сөйтіп оны адам қажетіне пайдаланады. Енді қандай да болмасын еңбек өнімі тауар бола ала ма деген сұрақтың қойылуы мүмкін. Мысалы, шаруалардың, қала тұрғындарының өз шаруашылығында өсіретін жеміс-жидегі өз отбасының талғамын өтеуге пайдаланылады делік. Осы өнімдер әлі тауар түрде емес. Ол тауар болу үшін басқа бір қоғам мүшесінің қажетін қанағаттандыратындай айырбасқа түсуі шарт. Сонымен тауардың екі қасиеті бар: біріншіден ол адамның қандай да болса бір тұтыну қасиетін қанағаттандыратын зат, екіншіден, ол басқа бір затқа айырбасталатын зат, заттың пайдалылығы оны тұтыну құны етеді. Тұтыну құны – тауардың пайдалылығы, адамның белгілі бір қажетін қанағаттандыру қасиеті. Тұтыну құнының ерекшеліктері: 1. Тұтыну құны негізінен сол заттардың табиғи қасиетімен байланысты. Мысалы, нан, май, ет, сүт, жеміс-жидектердің құрамында адам организміне қажетті витаминдер, қышқылдар, белоктар болады. 2. Тұтыну құны сол затты шығаруға жұмсалған еңбек мөлшерінен байланыссыз. Мысалы, 100 гр. нанды пісіруге жұмсалған еңбек пен 100 пар аяқ киімді тігуге жұмсалған еңбек мөлшері әр түрлі. Алайда олардың пайдалылығы бір-бірінен кем емес. 3. Тұтыну құны әр қоғамда да болып келеді. Бірақ өндіргіш күштердің дамуымен, өндірістік қатынастардың жетілуіне сай олардың атқаратын рөлі де өзгеріп отырады. Жоғарыда атап өтілгендей, тұтыну құны бар затты әлі тауар дей алмаймыз. Ол үшін екінші бір қасиеті құны болуы керек. Тауар өндірушінің тауарға сіңірген қоғамдық еңбегі тауардың құнын жасайды. Құн – тауарға сіңіріліп, онда затқа айналған қоғамдық еңбек. Тауардың құны қоғамдық категория, ол көрінбейді, бірақ ол бір тауарды екінші тауарға айырбастағанда көрінеді. Айырбас құны – бір тауардың екінші тауарға белгілі бір пропорцияда айырбасталуы. Тауардың екі жақтылық қасиетінің болуы еңбекке байланысты. Тауар өндірушінің тауарға сіңірген еңбегінің екі жақты сипаты бар. Бірінші жағынан, ол нақты (тұтыну құнын жасаушы) түрінде көрінсе, екінші жағынан, абстракты еңбек (құн жасаушы) түрінде көрінеді. Нақты еңбек адамның жұмыс күшін ерекше бір тиімді жұмсау. Ол тұтыну құнын жасайды. Нақты еңбектің әрбір түрі өз мақсатымен, белгілі бір өндіріс құралдарын, шикізат, қосалқы материалдарды пайдаланумен, қызметкерлердің белгілі бір дәрежедегі ептілігімен, тапқырлығымен, шеберлігімен, адамның өнімді өндіру процесінде атқаратын айрықша істерімен және әдістерімен, өзінің өндірістік қызметінің түпкі нәтижесімен сипатталады. Тауарлардың құнын жасайтын абстракты еңбек. Абстракты еңбек – физиологиялық мағынада адам күшін жұмсау. Біз ілгері атап өткендей, құн дегеніміз тауарға сіңген абстракты еңбек. Олай болса құн мөлшері тауар өндірушінің жұмсаған жұмыс уақытының санымен анықталады. Сонымен тауардың құнының мөлшері оны өндіруге жұмсалған қажетті жұмыс уақытының мөлшерімен анықталады. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|