ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Нарық инфрақұрылымы.Нарық қоғамдық еңбек бөлінісімен келісілген және шаруашылық субьектілерімен шеттелген тауарлы өндіріс дамуының табиғи-тарихи процесс нәтижесі. Нарық көпжақты, оны әр түрлі жағынан зерттеуге болады. Сондықтан да экономикалық әдебиеттерде оның көптеген анықтамалары бар. Сатып алу және сату көзқарасы бойынша нарық сұраныс пен ұсыныстың, өндіруші мен тұтынушының өзара әрекетінің сферасы ретінде қарастырылады. Экономиканы ұйымдастыру көзқарасы бойынша нарықты экономиканың іс-әрекет етуінің қоғамдық формасы деп атайды. Нарықтық қатысушы тұлғалар позициясы бойынша нарықты шаруашылық тұлғаларының арасындағы қоғамдық байланыс формасы деп атайды. Сонымен, нарық – бұл ұдайы өндірістің барлық буынында: өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну аясында сату және сатып алу арқылы жүзеге асырылатын ұйымдық-экономикалық қатынастардың жүйесі. Нарық маңызды қызметтерді атқарады: - біріншіден, нарық арқылы қоғамдық өндірісті реттеуді іске асырады, яғни не өндіру керек, қалай өндіру керек, кім үшін өндіру керек деген мәселелер шешіледі; - екіншіден, нарық арқылы өндірушілер мен тұтынушылар байланысы бекітіледі. Нарықтың әрбір қатысушысы бір уақытта сатушы да, сатып алушы да болып табылады. Олар өздерінің өміріне немесе тауарды өндіруіне қажетті заттарын сатып алады, ал нарықта өндірген өнімін немесе мүлігін, жұмыс күшін сатады; - үшіншіден, нарық арқылы өнімді өндіруге кеткен шығындарды есептеу жүргізіледі. Нарық не өндіру керек екенін анықтап қана қоймайды, ол өнім өндіру үшін қоғам қанша шығын шығаратынын да анықтайды. Егер шығын жоғары болса, онда оны сатып ала алмайды және болашақта ол өндірілмейді. Сондықтан нарыққа шығыстарын жабатын баға бойынша сатылатын өнімдер ғана түседі; - төртіншіден, нарықтың маңызды қызметі болып баға бекіту табылады. Баға сұраныс пен ұсыныстың әсерінен ауытқып отырады. Егер нарықта бір тауардың саны сұраныстан асып кетсе, оған баға түседі, төмендейді, осыған сәйкес осы тауардың өндірісі мен ұсынысы да төмендейді. Керісінше, жоғары баға өндірісті ынталандырады, бұл өсім сұраныс пен ұсыныстың арасында тепе-теңдік орнағанша болады, бұл жерден тепе-теңдік баға шығады; - бесіншіден, нарық өндірушілерді әлеуметтік жіктейді. Бәсеке процесінде өнімді өндіруге кетірген шығыны нарықтық бағадан аз болса ғана фирма ары қарай тіршілік ете алады. Егер шығыны бағадан жоғары болса, онда ол зиянға ұшырайды. Өндірушілерді дифференциалдау тиімді фирмалардың дамуы мен тиімсіздерінің жойылуын білдіреді. Нарықтың құрылымы әртүрлі белгілері бойынша жіктеледі. Олардың маңыздылары мыналар: 1. Нарықтық қатынастар обьектілерінің экономикалық қызметі бойынша тауар мен қызмет нарығы, өндіріс құралдары, еңбек, инвестиция, бағалы қағаздар, қаржы нарықтары болып бөлінеді. 2. Географиялық орны бойынша жергілікті, ұлттық, аймақтық және әлемдік болып бөлінеді. 3. Бәсекені шектеу дәрежесі бойынша: монополиялық, олигополиялық, еркін, аралас деп аталады. 4. Салалар бойынша автомобиль, астық және т.б. болып бөлінеді. 5. Сату сипаттамасы бойынша: бөлшек және көтерме деп қарастырады. Қазіргі кезде нарық дамыған инфрақұрылымсыз, яғни қосалқы көмекші салалар мен ұйымдарсыз мүмкін емес. Нарықтың инфрақұрылымы -бұл нарықтық қатынастардың қызмет етуін табысты қамтамасыз ететін мекемелер, мемлекеттік және коммерциялық фирмалардың жиынтығы. Нарықтың инфрақұрылымының үш түрін бөлу қабылданған: тауар және қаржы мен еңбек нарығы. Тауар нарығының инфрақұрылымы тауар биржаларымен, бөлшек және көтерме сауда кәсіпорындарымен, жәрмеңкелермен, биржалық емес сипаттағы делдал фирмалармен көрсетілген. Қаржы нарығының инфрақұрылымының құрамына қор және валюта биржалары, банктер, сақтандыру компаниялары мен қорлары жатады. Еңбек нарығының инфрақұрылымының құрамына еңбек биржалары, жұмыспен қамтамасыз ету қызметі мен кадрларды қайта дайындау, жұмыс күшінің миграциясын реттеу және т.б. кіреді. Сонымен қатар нарықтың табысты қызмет етуі жарнамасыз, ақпаратсыз, бакылау және ревизия мекемелерінсіз мүмкін емес. Жарнама – бұл тауар мен қызметтер туралы ақпараттарды оларға сұранысты көбейту мақсатымен тарату. (латын тілінен reclamo-айқайлаймын). Ақпарат (латын тілінен information-түсіндіру) бұл нарықтың жағдайын талдау мен болжау үшін қолданылатын мағлұматтар. Аукцион (латын тілінен auction-жұрт алдындағы сауда)-бұл тауарларды сатып алушылардың арасындағы жарыс жағдайында сату. Аукционның жеңушісі, тауарға деген құқыққа ие болушы болып ең жоғарғы баға ұсынған адамды атайды. Жәрмеңке (неміс тілінен sahrmart-жыл сайынғы нарық)-бұл белгіленген уақытта белгілі бір орында мезгілімен қызмет ететін ұйымдастырылған нарық. Биржа (латын тілінен Burca-кішкене қалта)-бұл стандартты көтерме сауда нарығы немесе валютаны, бағалы қағаздарды және жұмыс күштерін сату-сатып алу операциялар нарығы. Сауда затына байланысты тауар, қор биржалары және еңбек биржасы болып бөлінеді. Тауар биржалары бұл материалдық, заттық обьектілердің: шикізат, құрал, астық, металдардың ұйымдасқан нарығы. Қор биржалары – бұл бағалы қағаз нарығы, әсіресе облигацияны белгілеген бағамен сату-сатып алу шарттары жасалатын нарық. Еңбек биржасы – арнайы тауар ретінде жұмыс күшін сату және сатып алу процесін ұйымдастырумен маманданған. Олар жалданушы мен жалдаушының арасындағы делдал ретінде сипатталады. Олардың қызметтері: жұмыссыздар мен кәсіпорындағы бос жұмыс орындарын көрсету; жұмыссыздарға материалдық көмек көрсету, жұмысшылардың қайта дайындықтан өтуі мен біліктіліктерін жоғарылату. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|