ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Тақырыбы: Психологиялық-педагогикалық диагностикаға кіріспеЛекция тезистері Психодиагностиканың теориялық негізі психология ғылымының сәйкес салаларымен орнығады. (жалпы дифференциальды, жас ерекшелік, медициналық т.б.) психодиагностиканың әдіскерлік құралдарына жеке психологиялық ерекшеліктері оқытудың нақты әдістері, алынған нәтижелерді өңдеу тәсілдері мен интерпретациясы жатады. Осыған сәйкес психодиагностика саласында теориялық және әдіснамалық жұмысың бағыттары психологиялық практиканың сұраныстармен анықталады. Қазіргі кездегі психодиагностика кадрларды құру, кәсіп таңдау мен кәсіптік болжам; әлеуметтік мінез құлықты болжау, оқу мен тәрбиені қалыптастыру, кеңестік және психотерапевтік көмек, соттық психологиялық психиатриялық тәжірбие, орта өзеруінің психологиялық салдары т.б. Әлеуметтік практика аймағында барынша кеңінен қолданылады, Аталған салаларының ішінде оқыту мен тәжірбиені қалыптастыру бағыты қызыушылық тудырады. Сонымен, кез келген ғылымды қарастырғанда ең алдымен оның зерттеу объектісін (нысанасын) қарастыру қажет. Объект ретінде әртүрлі сыртқы көріністері, форма, процестер, материалды, материалды емес құбылыстарды, әртүрлі организмдерді (тірі, биологиялық) тануға болады. Әр ғылымның өзіне тән объектісі бар. Объектіде нені зерттеу керек? Мәселен, психологиялық-педагогикалық диагностиканың зерттеу объектісі- жеке тұлға (оқушы). Жеке тұлғаның белсендігін, қызығушылығын қалыптастырып, оның интеллектуалды қабілетін дамытып, өздігінен ізденуге бағыттау болып табылады. Психологиялық-педагогикалық зерттеулер негізі: оқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтары, құрылым мен механизмдерін айрып тану болып табылады. Сонымен бірге, психологиялық-педагогикалық зерттеулер эмперикалық тексеруге келетін фактілерге негізделеді мақсаткерлігімен, жүйелгігімен, барлық элементтерінің, процедуралары мен әдістерінің өзара байланыстылығымен ерекшеленеді. Оқыту диагностикасы - қандай да бір жүйенің күйін сипаттайтын белгілерді нақтылау және үйрену кезіндегі мүмкін ауытқуларды айту, олардың жұмыс тәртібінің бұзылуының алдын алу жолдарын айқындау болып табылады. Диагностика өз ішіне бақылау мен тексеруді, бағалау мен бағаны, жинақталған статистикалық деректер талдауын, дидактикалық процестің жүрісін, бағытын және жобалауын қамтиды. Тәрбие дигностикасы - тәрбиені тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара әрекеттерінде, тек қана тәрбие объектісі ғана емес, сонымен бірге субъектісі болып табылатын тәрбиеленушілердің өздерінің өзара әрекеттерінде іске асатын процесс. Психологиялық диагностиканың арнайы салалары: жалпы және жеке психологиялық диагностика Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: [ 1,2,3,4,5,6,8,9,10,12,14, 15,17,24,25,26] Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|