Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырыбы; Психологиялық-педагогикалық диагностиканың ғылыми - теориялық негіздері




Лекция тезистері

«Психологиялық диагностика» терминін алғаш рет ХХғ. 20 жылдарында пайда болып алғашқыда медициналық ғылымда (психатрияда: Г. Роршах «Психологиялық диагностика», 1921ж), содан кейінен индивидтің немесе кіші топтың психологиялық күйін анықтауды сипаттайтын психологиялық түсінік ретінде қолданыла бастады.

Дәлірек айтқанда, Психодиагностика (психо... және diagnostikos - айырып тануға қабілетті) - адамның психикалық қасиеті мен күйін ғылыми дәлелді тәсілдер арқылы сандық сипатта бағалайтын және нақты сапалық тұрғыдан талдайтын, сөйтіп адам психологиясының көрінісі туралы дұрыс болжамдық мәлімет беретін ізденіс аумағы.

Психологиялық диагностика тек қана жалпы заңдылықтарды бекітіп,сипаттап қоймай, жағымсыз сәттерді жоюға да нақты көмек көрсетеді. Психологиялық диагностика адам психикасының ерекшеліктері туралы информация жинақтауға бағытталған.

Психологиялық диагностика психологиялық пән ретінде жалпы психологиялық зерттеулермен практика звеносын біріктіру қызметін атқарады. Оның теориялық негізі психологиялық ғылымдардың сәйкес облыстарымен байланыстылығында. (жалпы, дифференциалды, жас ерекшелік, медициналық т.б.). Әдістемелік құралдары ретінде жеке психологиялық ерекшеліктерді анықтау, өңдеу жолдарын және алынған мәліметтерді интерпретациялау үшін нақты тәсілдерді қолдану қажет.

Психологиялық диагностиканың негізгі міндеті екіге бөлінеді: теориялық және практикалық

Диагностика - дидактикалық процестің нәтижесін анықтау үшін қолданылады. Сондықтан да педагогикалық диагностиканың мазмұнына келсек. «Диагностика » түсінігінің мәні «білім, ептілік және дағдыларды тексеру» түсінігімен салыстырғанда едәуір тереңдеу әрі кең. «тексеру» нәтиженің тек көрсеткіштерін ғана аңдатады, не себептен болғаны жөнінде дерек бермейді.

Педагогикалық дигностика -педагогикалық мақсаты жетілдіру үшін алынған зерттеу қорытындысының талдауы негізінде жаңа ақпарат алу, білім берудің (оқу, тәрбие) сапасын жақсартуға және оқушы тұлғасын дамытуға бағытталған процесс.

Педагогикалық процесте диагностика келесі функцияларды орындай алады:

1. Констатациялау - белгілеу (ақпараттық).

2. Болжау.

3. Құндылық - бағдарлану (бағалау:

4. Өзіндік оқып-үйрену, өзіндік даму.

5. Дамытушылық (тәрбиелеуші).

6. Конструктивті.

Психологиялық-педагогикалық диагностика - -оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың нәтижелігін анықтауға бағытталған эмпирикалық зерттеу тәсілі.

Психологиялық диагностика - жеке адамның психикалық дамуының»диагнозын» қою үшін, ғылыми білімдерді қолдануға негізделген ғылыми-практикалық іс-әрекетті қажет етеді. Психодиагностика - диагнозды қоюдың теориясы мен практикасы болып табылады.

«Диагноз» термині грек тілінен (diagnosis) аударғанда «тану» дегенді білдіреді. Психологиялық диагноз - жеке адамның даралық - психологиялық ерекшеліктерінің мәнін сипаттап, анықтауға бағытталған қаракетінің түпкілікті нәтижесі; бұл ерекшеліктердің белгілі бір уақыт үшін мәнді жай-күйін бағамдау, одан әрі дамуын болжау, психодиагностикалық қараудың міндеттеріне, орайлап нұсқамалар белгілеу мақсатымен жүргізіледі.

Педагогикалық диагноз - оқушының қабілетін, мінезіндегі ауытқуларды, оқу барысында кездесуі мүмкін қиындықтарын анықтау. Педагогикалық диагноз оқушының мектеп бағдарламасын игеруі туралы мәліметтер негізінде, оның оқу іс-әрекеттерін бақылау және нәтижелерін талдау және т.б. арқылы қойылады.

Дифференциалды психометрия диагностикалық әдістер мен әдістемелерді өңдейтін және зерттелетін субъектінің жеке айырмашылықтарын өлшейтін ғылыми пән болып табылады.

Психометрия (грек, metron- өлшем) - әуел баста: психикалық процестердің уақыттық сипатамаларын өлшеу болып табылады.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: [ 1,2,3,4, 5,6,8,9,10,12,14, 15,17,24,25,26]

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных