Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Сандарын нөмірлеуді оқыту.




21 – 99 - ға дейінгі сандарды нөмірлеуді оқыту кез-келген ондық және бірліктен тұратын екі таңбалы санмен түсіндіріледі.Мысалы: 2 ондық және 5 таяқша алдық ; 2 ондық см (2 дм) 5 см.Міне осылай 25 санын шығарымыз.Бұл сандар екі сөзден құралады. Бірінші ондық кейін бірлік айтылады.Кейін оқушылар бұл санды цифр көмегімен жазуды үйренеді.

Жазбаша нөмірлеумен таныстыруды абактың көмегімен жүргізу тиімді.Абакка мұғалім санды салуды сұрайды (мыс 21).Оқушы бұл санды талдайды: ол бір бірліктен және бір ондықтан тұрады.Қалтаға ондық және бірлікке сәйкес цифрлар салынады.Бүтін ондық бейнеленген табличкалар да жақсы көрнекі пособия болып табылады,онда бірлікті білдіретін 0 саны анық,цифр ретінде көрсетіледі.

Екі таңбалы сан туралы жалпы түсінік қалыптасқаннан кейін, 21 – 99 сандарының түсінігін және жазылуын оқыту, 1 ден 100 – ге дейінгі бірізділікті оқыту.Мысалы: 2 брусокқа (2 ондық) 1 кубик (1 бірлік) қосу,нәтижесі 21, тағы бір кубик қосылады (1 бірлік) нәтижесі 22 – бұл 2 брусок және 2 кубик. 2 брусок және 9 кубик нәтижесі 29, ал егер тағы бір кубик қосса онда 2 брусок және 10 кубик болады, 10 кубик дегенімізді 1 брусок деп алсақ болады,сонда 3 брусок – 3 ондық,отыз.

Жаңа ондықты құруда үнемі көңіл аударып отыру қажет.Мысалы: 99 санын құрғаннан кейін оған 1 бірлік (кубик) қоссақ 9 ондық және 10 бірлік шығады, 10 бірлікті 1 ондықпен алмастырамыз,сонда 10 ондық шығады немесе жүз.

Жаңа ондықты құруда санға да,көрнекілікке де аса назар аудару керек:

29+1=2 ондық 9 бірлік + 1 бірлік= 2 ондық 10 бірлік=30 ондық

30-1=2 ондық 10 бірлік – 1 бірлік = 2 ондық 9 бірлік = 29

99+1=9 ондық 9 бірлік + 1 бірлік = 9 ондық 10 бірлік = 10 ондық = 100

100-1=10 ондық -1 бірлік = 9 ондық 10 бірлік – 1 бірлік = 9 ондық 9 бірлік = 99

Әр оқушыға бірден жүзге дейін көрнекілікпен және көрнекіліксіз санау беріледі.Тура және кері санау ұсынылады..Сондай-ақ оқушыларға сандық қатарды оқытуда әр сан алдындағы саннан бір бірлікке жоғары,ал өзінен кейінгі саннан бір бірлікке төмен екендігін түсіндіру,олар тек сандық қатарды бірізділікпен анықтап қана қоймай,мынадай тапсырмаларды орындайды:

1. бір бірлік кем,артық санды ата.

2. қатарды жетіспейтін санмен толықтыр:

                 

3. берілген санның көршісін тап:

     

4. пособиялардан 100 санына дейінгі санды көрсете алу,оларға бір бірлікті қосу,не алу арқылы не шығатынын түсіну.

Осы кезеңде ондықтарды талдауға үлкен көңіл бөлінеді.Оқушылар санды ондықтан және бірліктен құрауды үйренеді.

Мынадай тапсырмалар беру керек:

1. 2 буылған палочка және 5 жай палочка.Қандай сан шықты?

2. Абакта 3 ондықты және 2 бірлікті қою.Қандай санды алдың?

3. 3 ондық жұмыртқа және 5 жұмыртқа сатып алдық.Қанша жұмыртқа сатып алдық?

4. Таяқша көмегімен 37 санын құру.Қанша ондық және бірлік бар?

5. Абакта 86 санын салу.Бұл санда қанша ондық және бірлік бар.

6. 36 санындағы ондық және бірлікті ата.

7. Сызғыштан 3 дм және 4 см көрсет.Барлығы қанша см.

100 – ге дейінгі сандарды нөмірлеуді оқуда оқушылар разряд таблицасымен танысады.

Мұғалім жаңа термин «разрядты» енгізеді,ол бірліктің бірінші разрядқа жататынын сондықтан да бірінші орында оң жағында жазылады,ондықтар - екінші разрядқа, сондықтан санда екінші орында оң жағынан,ал жүздік – 3-ші разрядқа,сондықтан да санда 3-ші болып оң жағынан жазылатыны түсіндіріледі.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных