Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Көлеміндегі сандарды нөмірлеу.




100 көлеміндегі сендарды нөмірлеуді үйренуде ақыл есі кем балалар келесі білім мен ептілікті алуы керек:

1. 100 дейін тура және кері бағытта бірліктермен және ондықтармен санауды үйрену.

2. Реттік сан есімді қолдана алу.

3. 100 дейін сандардың реттік орнын білу,осы қатардың құрылымын түсіну:әр сан өзінің алдыңғы саннан 1 бірлік жоғары,ал өзінен кейінгі саннан 1 бірлік төмен.

4. Санның ондық құрамын түсіну.Санды разрядты буынға бөлуді және разрядты буыннан сан құрау, разрядты білу (бірлік,ондық,жүздік)

5. Сандарды салыстыра білу,яғни қайсысы көп,қайсысы аз немесе тең.

6. Санның мағыналық орнын түсіну,бірінші жүздіктің сандарын оқу жәнежазуды білу.

100 көлеміндегі сандарды нөмірлеуді оқу ақыл есі кем балалар үшін қиындық қатарын өткізумен байланысты.100 санын оқу кезеңінде ондық санау жүйесінің маңызын түсіну негізі қалыптасады:жай 10-ға дейінгі санау бірлігінен жаңа санау бірлігі – ондық құрылады,ал 10 ондықтан жаңа санау бірлігі- жүздік шығады.Міне осы заңдылықты ақыл есі кем балалар өте қиын меңгереді.

Бұл жерде сүйенетін көрнекілік базасы қажет,бірінші,екінші ондықтың сандарын үнемі салыстыру және 21 ден 99-ға дейін

Оқушылар ондықтың атын есте сақтауға қиналады,олардың ретпен келуін шатастырады,әсіресе тура және кері бағытта санауда қиындық туады.Үлкен қиындықпен «қырық» және «тоқсан» ондық ұғымын есте сақтайды.Көбінесе олар алдында өткен сандардың аналогиясы бойынша анықтайды:«төртон», «тоғызон», ал жаңа ондыққа өтуде: «жиырма тоғыз,жиырма он, жиырма он бір» және т.б. Бұрынғы өткен сандарды оқуда да оқушылар тура және кері санауда қиналады.

Жазбаша нөмірлеуді оқуда оқушылардың көбісі ұзақ уақыт сандағы цифрдың позиционды мағынасын түсінбейді: 35 санының орнына 53 жазады,сандарды оқуда бірінші бірлікті кейін ондықты айтады.Кейбір оқушылар жаңа ондық туралы білімді меңгеріп,ұзақ уақыт бойы 100 санының құрылымдық түсінігін түсінуде қиналады.Кейбір оқушылар ауызша сөйлеуді игеріп,бірақ жазбаша нөмірлеуді меңгере алмайды (ауызша дұрыс санайды,ал 1-ден 100-ге дейін жазу ретін білмейді.)Тағы біреулері керісінше дұрыс жазып,санауда қиналады.

Бұл қиындықтардың себебі,математика сабағының қиындығымен және оқушылардың психикалық ерекшелігімен шартталады және берілген материалды оқытуды ұйымдастырудың жеткіліксіздігінен болады:көрнекі материалды қолданудан бас тарту,олардың түрлілігінің болмауы,тақырыпты оқыту кезеңі қысқа уақытпен шектелуі,келесі тақырыпты түсіндіруде алдыңғы материалды бекітуге арнайы жаттығу сабағының жетіспеушілігі.

Тақырыпты оқытуда қойылатын талаптар:

1. Бірінші және екінші ондықтың нөмірленуін жақсы меңгеру

2. Түрлі көрнекілік пособияларын қолдану,дидактикалық материалды қолдану тек жаңа түсініктерді қалыптастыруда ғана емес,сондай-ақ нөмірлеуді бекіту және қайталау сабақтарында да қолданылуы тиіс.Әр оқушыны дидактикалық материалмен жұмыс жасауда белсенді тәжірибелік іс-әрекетке қосу.

3. Математикалық тақырыптарды оқуда нөмірлеуді жүйелі түрде қайталап отыру,өз бетінше жұмыс жасауға түрлі тапсырмалар мен жаттығулар,ауызша санауға вариативті жаттығулар енгізу,оқушылардың шығармашылық және сөйлеу әрекетін белсендіру.

Осы тақырыпты оқуда келесі көрнекі пособиялар мен дидактикалық материалдар қолданылады: 10 таяқшадан буылған 100 таяқша,арифметикалық қорап,абак (сыныптық және жеке),есептер (сыныптық және жеке),метрлік сызғыш,тең 10 шаршыға бөлінген 40 қатар, разряд таблицасы(бірлік,ондық,жүздік разряды),сандық касса және дөңгеленген сан табличкаларын (10,20,30,40... 100)

100 санын оқытудың нөмірлеу жүйелілігі: 10 ға дейін нөмірлеуді қайталау,бүтін ондықты нөмірлеуді оқу,(10,20,30), 21 ден 99 ға дейінгі сандарды нөмірлеуді оқыту.(бірінші ауызша кейін жазбаша)

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных