Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Жиырма көлеміндегі сандардың нөмірлеуін және олармен арифметикалық амалдарды орындауды оқыту әдістемесі.




Екінші концентрге байланысты 20 cаны аралығында сандарды нөмірлеу және арифметикалық амалдар әдісін оқыту – бұл түзету мектебінің 2 сыныбында басталады.

Екінші концентрдің міндеті:

1.он саны – ол бір ондық деген жаңа түсінік беру;

2. жиырмаға дейін санауды үйрету (бір-бірден, ондықтан, бірдей топтық сандарды қосу және азайту арқылы «2, 4, 6, 8, 10, 12...»; «4, 8, 12, 16...»; «20, 15, 10, 5»);

3.санның ондық құрылымын түсіндіру (12 = 10+2 (бір ондық және екі бірлік), 15 = 10+5 (бір ондық және бес бірлік);

4.бір таңбалы және екі таңбалы сандар туралы түсінікті қалыптастыру;

5. онбірден жиырмаға дейінгі сандарды таңбамен белгілеуді үйрету;

6. сан таңбаларының әр қайсысының реттік орыны бар деген принципімен таныстыру;

7. 20 саны аралығында қосу және азайту амалдарын үйрету;

8. бөлу және көбейту деген жаңа амалдар туралы түсінік беру;

9. 20 арлығындағы сандардың бөлу және көбейту кестелерімен таныстыру.

Зерттеулердің көрсетуінше балалар екінші ондықпен таныспай тұрып –ақ, жиырмаға дейін санай алады. Бірақ бұл білімді ары қарай дамыту қажет, себебі оқушылар жиырмаға дейінгі сандарды рет-ретімен санағанымен неге олай орналасқанын түсінбейді. Кейде сандардың орналасу тәртібін оқушылар шатастырады, мысалы:бүгін оқушы мүдірмей бірден жиырмаға дейін сандарды санап шықса, ертеңгі күні шатасуы әбден мүмкін. Мүмкіншілігі шектеулі балаларда көбінесе тіл кемістігі жиі кезедескендіктен екі таңбалы сандарды атағанда әріптерді шатастыру көп байқалады.

Әсіресе, интеллектуалды жетіспеушілігі бар балалар жиырмаға дейінгі сандарды жазбаша түрде жазуда қатты қиналады. Сандарды оқуда да қиналады. Мысалы: 11 санын екі бір дейді, 12 санын – 21 дейді.

Сондықтан жиырмаға дейінгі сандар тақырыбын оқытуға көп көңіл бөлген жөн. Соның ішінде сандардың орналасу тәртібін, әр санның маңызын түсіндіру қажет. Ол үшін жақсы ойластырылған жүйелік сабақтар, әсіресе, көрнекіліктерге сүйену арқылы, есту, көру және кинестетикалық анализаторларды қосу арқылы жақсы нәтижеге жетуге болады.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных