Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Жиырмаға дейінгі сандарды нөмірлеуді оқыту.




Екінші ондық сандарын оқыту кезінде бірініші ондықты оқытудағы көрнекіліктерді қолдану қажет және ондағы сандар жиырмаға дейін болса жетеді. Көрнекіліктерді жасау немесе таңдауда бірліктер мен ондықтар ерекшеленіп тұрғанын ескеру керек.

Ондай көрнекілік не пособияларға мыналар жатады: жиырма таяқшалар (он таяқша буылған, қалғаны буылмаған); жиырма кубиктер; жиырма төртбұрыш фигуралары; жиырма сантиметр ұзындықтағы сызғыш; картон полоскалар әр қайсысы он сантиметрден; тиын кассасы; сыныптық және жеке есеп шоттар; сыныптық және жеке абактар; разряд таблицасы (бірліктер, ондықтар); цифрлық касса; түрлі – түсті бояумен жазылған тақ және жұп сандар таблицасы; жиырма саны жазылған табличкалар.

Нөмірлеуді түсіндіруді негізі балаларға ондықтың он бірліктерден тұратыны түсіндіру, ал жиырма саны жиырма бірліктен тұратынын түсіндіру болып табылады.

Жиырмаға дейінгі сандарды нөмірлеуді оқыту жұмыстары келесідей этаптардан тұрады:

1. Бір ондық ұғымын бекіту;

2. Екінші ондықты он бірден бастап он тоғызға дейінгі сандарды санату;

3. Бір ондыққа бір ондықты қосқанда жиырма саны шығады;

4. Он бірден жиырмаға дейінгі сандарды жазбаша жазу;

5. Бір бірдлікті қосу арқылы жиырмаға дейін санау.

Бастапқыда оқушыларға бірінші ондықты қайталатамыз, содан кейін сол бірінші ондыққа бір бірлікті қосу арқылы жиырмаға дейін жетеміз. Мұғалім қолына он таяқша алып, бір бірлеп балалармен хормен санайды. Он таяқша болғанда мұғалім: неше таяқша болды деп сұрйады. Күндеолікті өмірге байлагнысты оқушылардан дүкенде, үйде, базарда ондықтармен нені санайды деп сұрайды. Кейбір оқушылар ғана ондықтармен жұмыртқаны, алманы, гүлдерді санайтынын айта алады.

Он бірлік – бұл бір ондық деген түсінікті интеллектуалды жетіспеушілігі бар балалар өте баяу игереді. Сондықтан бұл тақырыпты мұндай балаларға оқытқан кезде міндетті түрде көрнекіліктер табиғи, қолмен ұстап көруге болатындай болуы керек. «Он бірлік және бір ондық» түсініктерін дифференциалдаудың маңызы зор. Ондық бұл – бүтін бірегей. Ондықтан бір бірлікті алу үшін, бүтін ондықты бірліктерге жіктеу керек.

Мұғалім оқушыларға он кубикті санап алуды ұсынады. Содан соң оларда он кубикті басқаша қалай атауға болады деп сұрайды. Оқушылар «Бір ондық кубиктер» деп айтады. Он кубикке тағы бір кубик қосылады. Жаңа сан пайда болады. Ол сан бір ондықтан және бір бірліктен тұрады. Бұл сан 11. Бұл санды оқушылар бірнеше рет қайталайды және сол арқылы жаттап алады. Содан соң он кубикке тағы екі кубик қосылады. Жаңа сан 12 пайда болады. Осылайша оқушылар он тоғызға дейін кубиктерді қосып шығады. Соңғы сан жиырма тағы бір кубик қосылғаннан кейін шығады. Ондықтарды үйрету барысында балаларға сонымен қатар есепшотпен санауды да үйретеміз. Оның бір түймешесін бір ондық деп алып, оқушылардан он кубикті немен алмастыруға болады деп сұраймыз. Есепшотпен, кубиктермен жұмыс сілтегенде кейбір балалар мұғалім іс-әрекетіне ілесе алмайды. Ол балаларға жеке сабақтар қажет. Олар бірінші сыныптастарының, мұғалімнің іс-әрекетін бақылап, бірте-бірте үйрену арқылы үлгере алады.

Екінші ондықты оқытудың келесі этапы – балаларға жиырмаға дейін санауды үйрету. Сондай – ақ ұзындықты өлшеу бірлігі децимертмен де таныстырамыз. Децимерт моделдері дайындалады, яғни 10 сантиметрлік сызықтар.

Мұғалім оқушыларға он сантимертде бір децимерт болатыны түсіндіреді. Децимерт бұл – бір ондық сантиметр.

Содан соң балаға екі дециметр ұзындықта сызықша беріледі. Сол арқылы балаға бір дециметр сызық сызу жүктеледі. Бұл дағдылармен бірге ондық, бірліктерді бір-бірінен ажырату да қалыптасады. Ол үшін мынадай жаттығулар беріледі:

1. Есепшоттағы бір түймеше және үш кубикті бала алдына қоямыз да неше бірлік, неше ондық бар екенін сұраймыз (бір түймеше – бір ондық).

Дұрыс жауабы: бір ондық үш бірлік тең он үш.

2. Он таяқшаға бір таяқшаны қосқанда қанша болады? Қанша ондық қанша бірлік.

3. Есепшотта онбес санын тереміз. Неше бірлік неше ондық бар?

4. Он тиынға төрт тиынды қосамыз. Қанша тиын болды?

5. Екі ондық таяқшаны аламыз. Барлығы қанша таяқша алдық? Есепшотта таяқша санын көрсетеміз, абактада сол сан болуы тиіс.

Мұндай жаттығулар балалардың сандарды көру анализаторлары арқылы есте сақтауына ықпалын тигізеді.

Сандардың жазбаша түрін жаттауда абактың маңызы зор. Абак арқылы оқушылар сан құрамын көреді, яғни ондықты бірліктен ажырата алады. Ақыл есі кем оқушылар сандарды шатастыруына бапйланысты ондықтарды бір түспен, ал бірліктерді екінші бір түспен жазған дұрыс және сондай – ақ соларға сәйкес абактағы дөңгелектерді де сол түспен бояймыз. Оқушылардың көп жіберетін қателерінің бірі – санды солдан оңға қарай емес, оңнан солға қарай оқуы. Мысалы: 12 санын олар 21 деп оқиды. Сондықтан абактағы бірліктер орнын бір санымен, ал ондфықтар орнын екі санымен белгілеуіміз олардың шатаспауына көмегін тигізеді.

Сандарды есте сақтауда абакпен бірге «Сандар кассасы» көрнекілігінде пайдалануға да болады. Бұл көрнекіліктің тиімділігі қажетті сандарды еркін алып-салуға болады. Мұнда да бірліктер мен ондықтар екі түспен жазылады.

Ал таблицадағы екі бағанға жазылған 1-20 дейінгі сандар, бірліктерді ондықтардан ажыратуды, сандардың орналасу тәртібін жақсы есте сақтауға көмегін тигізеді. Мысалы:

 

                   
                   

 

 

Мұндағы бірліктер қызыл түспен, ал ондықтар қара түспен жазылса, оларды бір-бірінен ажырату оңайға түседі. Осы таблицадағы 1-9 дейінгі сандарды бір белгімен белгілейміз, себебі олар бір таңбалы сандар, екі таңбалы болғандықтан 10-20дейінгі сандарды екі белгімен белгілейміз. Мұғалім оқушыларданбір таңбалы жәнеекі таңбалы сандарды атауларын сұрайды және бір таңбалы санның ең үлкені мен ең кішісін, екі таңбалы санның ең үлкені мен ең кішісін атауын сұранады. Мұнда үлкен-кіші түсініктері қалыптасады. Ондықтар мен бірліктерді шатастыратын оқушылар оларды екі түсті қаламмен жазса, шатаспайды, ал тақтаға түрлі-түсті борлармен жазуға болады.

Нөмірлеу сабағын жалғастыра келе мұғалім 15 санын, бірінші оқушыға- таяқшалардан, екіншісіне – абактан, үшінсішіне- есепшоттан, төртіншісіне –сызғыштан, бесіншісіне –тақтаға жазудан, алтыншысына- таблицадағы сандар қатарынан табуды талап етеді.

Сандарды салыстыру жүргізіледі. Оқушылар мынадай ережелерді есте сақтауы қажет: берілген санның сол жағында тұрған барлық сандар одан әр дайым кіші болады, ал оң жағындағы сандар ол саннан үлкен болады. Екінші ондықты бір – бірімен салыстырамыз: қай сан үлкен, үлкен санда қанша бірлік артық, кіші санда неше бірлік кем екекнін ажыратамыз. Сандар арсында белгілер үлкен болса > жазылады, кіші болса < жазылады. Егшер тең болса =жазылады. Бұл амалдарды екінші сынып оқушылары игере бастайды.

Бірінші ондықты оқыту кезінде реттік санауға ерекше көңіл бөлу керек. Оқушылар мынадай сұрақтарға жауап бере алуы тиіс: «сен қай қатарда отырасын?», «Асан қай қатарда отырады, реттік саны қанша?».

Екінші ондықты оқушылар жақсы игергеннен кейін бірініші ондықты қайталауды бастаймыз. Бұл қайталаудың ерекшелігі мұнда көрнекіліктерді пайдаланбаймыз. Екі таңбалы сандардың бірлігі мен ондығын ажыратамыз. Үлгіге сәйкес мынандай мысалдар болуы тиіс:

 

2+1=3 3-1=2

12+1=13 13-1=12

 

 

Жиырмаға дейінгі сандар аралығында қосу және азайту амалдары.

 

Жиырмаға дейінгі сандар аралығында қосу және азайту амалдарын орындамас бұрын, бірінші ондықпен азайту және қосу амалдарын игеруін жақсарту, бекіту қажет.

Екінші сыныпта оқушылар қосу және азайту амалдарының компоненттерін білуі керек. Мысалы;

 

  10 + 7 = 17 1 қосылғыш екінші қосылғыш қосынды
  17 - 7 = 10 азайғыш азайтқыш айырма

Жиырмаға дейінгі сандар аралығында қосу және азайту амалдарын орындаудың реттілігі:

I. Жиырмаға дейінгі сандар аралығында қосу және азайту амалдарын орындау. (10-3); (10+4); (13-10).

Мұндай мысалдарды шешу барысында қосу және азайту амалдарын орындау дағдылары бекітіледі. Қосу және азайту амалдарының компоненттері қайталанады, жатталады.

 

II. Таңбалы және екі таңбалы сандарды қосу және азайту.

Мысалдарды орындауда бірліктер мен ондықтар бір – бірінен ажыратылады:

А) екі таңбалы санға бір таңбалы сан қосылады; екі таңбалы саннан бір таңбалы сан азайтылады.

Бастапқыда екі таңбалы санның бірлігі екіншщі саннан көп екекнін қарастырайық: (13+2; 14+3) содан кейін 11+6; 13+5; қарастырамыз.

Мысалдарды оқушыларға түсіндіру көрнекіліктермен, пособиялармен және міндетті түрде тақатаға жазумен жүргізіледі. Мысалы; 13+2

Бірінші қосылғыш (13) бір ондықтан және үш бірліктен тұрады, яғни бір ондық таяқша және үш таяқша. Екінші қосылғыш (2) екі таяқша қосылады. Үш таяқша қосу екі таяқша тең болады бес таяқша және бір ондық таяқша. Барлығы бір ондық таяқша және бес бірлік таяқша –бұл 15 саны, яғни 13+2=15 міне осылайша түсіндіру қажет.

Оқушылардың шатаспауына тағы бір тәсіл ол- мысалдарды орындау барысында бірліктердің астын сызу: 1 4 + 2 =1 6

Б) Нәтижесі жиырма болтаын мысалдар орныдау.

15+5 17+3 20-5 20-3

Мұндай тапсырмаларды орындау барысында ақыл –есі кем балалар нолден санды алу немесе қосуда көп қиналады. Сондықтан осы қиывндыққа байланысты көрнекіліктер және сонымен қатар үсіндірулерді қолдану аса қажет болады.

20-3 мысалын қарастырайық, екі ондықтан үш бірлікті азайту керек. Екі ондықтан бір ондықты қарызға аламыз, оны он бірлікке жіктейміз, он бірліктен үш бірдлікті азайтамыз. Сонда жеті бірлік қалады. Бір ондық жеті бірлік, яғни 17 саны шығады.

Бұл мысалды таяқшалар арқылы да түсіндірсек, оқушыларға оңайға соғады, жиырма таяқшаны аламыз, яғни ол екі ондық. Бір ондығынбірліктетге жіктейміз, он бірліктен үш бірлікті азайтамыз. Сонда жеті бірлік қалады, буылған тағы бір ондық таяқшамыз бар. Сонда барлығы он жеті таяқша.

В) Екі таңбалы саннан екі таңбалы санды азайту.

Мұндай мысалдарды түрлі тәсілдермен түсіндіруге болады.

1. Ондық пен бірлікке жіктеп алып, ондықтан ондықты, бірліктен бірлікті азайтамыз, қосамыз.

2. Ондық пен бірлікті жіктеп алып, ондықтан ондықты шыққан нәтижеден бірлдікті азайтамыз.

Бастапқыда бұл тәсілдерді орындау оқушыларға қиынға соғады. Сондықтан мұғалім үнемі қосымша сұрақтарды, көмекші көрнекіліктерді қолдануы қажет.

 

 

Лекция № 6






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных