Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Көмекші мектепте он көлемдегі сандарды оқыту әдісемесі.




Бірінші ондықтың сандарын және оларды қолдану әрекетімен 1-сынып бойы және 2-сынып басында оқытады. Оқушылар әр санмен жеке-жеке танысады.

Бірінші концентрдің міндеті:

1.әр санның шығу мәнін білу;

2. жазылу ретін білу (санды таңбамен белгілеу);

3.белгілі бір сан көлемінде санау;

4. сан қатарында реттік орнын білу;

5.сан – таңба – заттың сан көлемі деген түсініктердің арақатынасын анықтау;

6.сандарды салыстыру;

7. сан құрамын білу;

6.әр санды қосып, азайтқандағы амалы және қарапайым арифметикалық амалдар орындау.

Сан туралы, санау туралы, натурал сандар қатарының негізгі қасиеттері туралы түсініктерін қалыптастыру ақыл-есі кем балалар үшін өте қиын. Мұндай тапсырмаларды орындату үшін балаларға кең ауқымды көрнекілік тәсілін қолданып әр баламен жеке жұмыс жасау қажет.

Оқушылардың нақты ойлау қабілетінің нашарлығы, бақылаған болмыстарды жалпылауы баяу болғандықтан сандар жайлы білімдері өте қиын қалыптасады.

Ақыл-есі кемістігі бар 1-сынып оқушылары кейде санаудан бас тартады немесе заттарды санағанда көптеген дқателіктерді жібереді.

Оқушылар қайдан бастап санау керек екендгін білмейді. Көптеген ақыл-есі кем оқушылар заттарды көлденең бағытта санаған кезде тек солдан оңға қарай санау керек деп есептейді. Егер оларға заттарды солдан оңға қарай ғы бағытта санап бер десе оқушылар санамайды, олар тек 10-1 дейінгі сандарды жаттанды түрде айтып береді. Бұл сандардың мағынасын түсінбей стериотипті түрде жаттап алғанын білдіреді. Көмекші мектептің 1-сыныбына келген ақыл-есі кем оқушыға «Қанша?» деген сұраққа жауап беруге қиналады. Олар үнемі заттарды санай бергенмен заттың есебін шығара алмайды. Көптеген қиындықтар әсіресе заттың мөлшерін анықтауда кездеседі. Олар әр затты жеке-жеке санайды. Тіпті түстері әртүрлі болған жағдайда да балалар ол заттарды біріктіре алмайды.

Мұғалім оқушыдан, - Мына қорапта түйме, ілгіш және түйрегіш жатыр.

Қорапта неше зат бар? – десе оқушы түймені бір бөлек, ілгішті бір бөлек, түйрегішті бір бөлек қойып оларды жеке-жеке санап шығады. Бірақ сұраққа жауап бермейді. Бұл мынамен түсіндіріледі, яғни балада санмен есеп туралы түсініктері әлі қалыптаспаған.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных