Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Көмекші мектепте математикаға оқытудың әдістері мен ұйымдастыру түрлері.




Лекция № 1.

VIII түріндегі арнайы түзету мектебіндегі математика пәнінен оқу бағдарламасы.

Көмекші мектептегі математика багдарламасының ерекшеліктері, құрамы, компонентері.

 

Қазіргі кезде интеллектуалды жетіспеушілігі (ақыл есі кем) бар балаларға арналған оқу жоспары және оқу бағдарламаларының бірнеше түрі бар; соның қатарындаматематикалық бағдарламалар. Оқу мерзімі9-10 жаста ьасталады. Ал кейбір оқу бағдарламаларындадиагностикалық даярлау (0-ші сынып) қарастырылады, ондай сыныптарда 1-ші сыныпқа дайын емес балалар оқытылады,дайындалады.

Математика пәнін оқыту сағаты әр мекемеде әр түрлі болғандықтан, бағдарламаға сай сабақтар дабөлінеді.

Сабақтарға сай материал бөлінгенде,оқушының қабілеті және сондай –ақ болашақ мамандығы ескеріледі. Себебі түзету мектептерінің түлектері көбінесе арнайы профессионалды-техникалық училищелерде немесе оқу-өндірістік кешендерде оқуға көшіріледі және сондай –ақ көп түлектер өндірістік немесе ауылшаруашылық өнеркәсібінде, ферма шаруашылығында еңбек етеді.

Түзету мектебінің VIII түрінде матеметика пәнінің бағдарламалары жоғары және төменгі сыныптарда ұқсас болып келеді.

Математика пәнін оқыту және мазмұны мен көлемі өзінше бір маңызға ие. Бұл маңыздылық – есте сақтау, оны дұрыс қолдану және дұрыс түсіну ерекшеліктерімен түсіндіріледі.

Бағдарламаның негізгі құрылу принциптері: әр жыл бойы жаңа білімдер көлемінің аздығы; алға ұмтылу принципі; «үздіксіз қайталау»; міндетті түрде заттық тәжірибелік іс-әрекетте кернекі дидактикалық жабдықтарды қолдану; оқу материалының концентрикалық түрде орналасуы т.б.

Математика пәні негізгі 9 талапқа бағынады:

1.Ақыл-есі кем балалар жаңа сабақты өте баяуигергендіктен әр сыныптың бағдарламасы салыстырмалы түрде аз ғана көлемде беріледі. Мысалы,1 сыныптағы оқушылар 10-ға дейін сандарды игеріп, азайту және қосуамалдарын қолдануды үйренеді және тек 10-ға дейін ғана. Ұзындықты өлшеу 1 сыныптан басталып, 8-9 сыныптарға дейін қайталанып отырады. Бөлшектер бағдарламасы 4 сыныптан басталып, 8-9 сыныптарға дейін қайталанады.

2.Бағдарламаны оқушыға дұрыс игерту үшін даярлық жаттығулар қолданылады, сондай – ақ өткен тақырыпты қайталап отыру да септігін тигізеді.

1 сыныпта оқушыларды тіктөртбұрыш пен таныстырсақ, оны сызуды тек 2-ші сыныпта үйретеміз, ал 3-ші сыныпта осы фигураның элементтерімен яғни, бұрыш және қабырғалармен таныстырамыз. 4 сыныпта сызғыштың көмегімен сызуды, ал 5 сыныпта «диагональ» ұғымымен, 6-7-8 сыныпта тіктөотбұрыштың ауданымен таныстырамыз.

3. Ақыл- есі кем балалардың қалыптасқан түсініктен ұқсас заттарды немесе белгілерді шатастыру қасиетін ескеріп, мұғалім сол заттар мен белгілердің ұқсастығы мен айырмашылығын ажырату дағдысыен балдағажақсы түсіндіруі қажет. Мысалы, қосу амалы, азайту амалына қарама-қарсы, ал көбейту,бөлу амалына қарама-қарсы. Міне, осындай қарама қарсылықтарды түсіндіру арқылы мұғаліс балаға «айырмашылық» ұғымын түсіндіреді.

4. Түзету мектебінің VIII түріндеоқитын оқушылвр өте баяу түсініп, сонымен қатар өте тез ұмытуға бейім болғандықтан, оқу бағдарламасындағы жаңа сабақтар аз мөлшерде бөлінеді және сол сабақтарды үнемі қайталап, еске түсіріп тұрумен ерекшеленеді.Әр оқушы жаңа сыныпқа өтіп отырғанымен, яғни жоғарылаған сайын болсада, жыл басында төменгі сыныпта өткен материалдар міндетті түрде қайталанып отырады. Қайталау барысында өткен тақырыптар шамалы күрделеніп отырады.Мысалы, 4 сыныпта «жүздіктер» тақырыбын қайталағнада оқушылар брліктерді,ондықтарды, жүздіктерразрядын еске түсіреді. Албесінші сыныпта «санды дөңгелектеу» тақырыбымен қоса, көбейту, бөлу кестесін, қалдықпен бөлудіеске түсіреді.

5. Ақыл-есі кем балалардың жан-жақты, абстрактілі ойлау қабілетінің төмендігін ескере отырып, сабақтың көрнекілікке бай, дидақтикалық материалдарменөткені дұрыс. Себебі мұндай балалардың елестету қабілеті төмен болғандықтан кейбір есептерді мүлдем түсінбеуі мүмкін.

6. Түзету мектебінің өз алдына қойған мақсаттарының бірі – оқушыларды болашақ өз бетінше өмірге даярлау, яғни маман иесін даярлау болып табылады. Сондықтан оқу бағдарламасында практикалық дағдыны жоғарылатуға көп сағат бөлінген.

7. Практикалық дағдыны қалыптастыру үшін балаларға теориялық білімді нығайтуқажет.

8. VIII түрінде мектеп оқушыларныңы қабілеттерібірдейеместігін ескеріп, оқу талаптарын дифференциациялап, математика пәнін оқытуды түрлі категорияларға бөлген.

Жалпы алғанда бағдарлама оқушылардың көпшілігіне өте түсінікті болып келеді. Бірақ практика және арнайы зерттеулердің нәтиждесі бойынша әр сыныпта математиканы игеруде өз құрдастарынан артта қалатын, үлгермейтін оқушылардың бар екенін көрсетеді. Оқу талаптары оларға өте қиын, түсініксіз болады, мұғалімнің бір рет түсіндіргенін ұқпайтындар да кездескен.

Мұндай оқушылар қабілетіне сай жаңға бағдарламалар құрастырылған және мұғалім де әр оқушының жеке ерекшелігіне сай есептер беру арқылы балалардың оқуға деген ынтасын көтереді.

9. Бағдалама түзету мектебінің мұғаліміне тек математиканы түсіндіріп қана қоймай,түзете-дамытуға талап қояды.

0-1 сыныпқа оқушылар түрлі дайындықпен қабылданғаныны ескеріп, олап бастапқыда жалпы мектепте, балабақшада, еш жерде оқымай немесе емдеу мекемелерінен келеді, сабақ дайындық, яғни пропедевтикалық кезеңнен басталады.

Пропедевтикалық кезеңде оқушыларға заттар туралы түсініктер және олардың көлемі туралы түсініктерді қалыптастырамыз. Мысалы, үлкен-кіші, тең, көп-аз, ұзын-қысқа, және т.б. Кеңістікті көз алдына елестету: алыс-жақын, үстінде-астында, оң-сол, мөлшерлеу түсінігі: көп-аз, бірдей; уақыт мөлшерін түсіну: бүгін, кеше, таңертең, кешке, түн.

Пропедевтикалық кезеңнің ұзақтығы балалардың сабаққа даярлығының деңгейіне байланысты болады. Ол кезең 0-ші сынып бойы жалғасып, 1 сыныптың жарты айына дейін созылады.

Пропедевтикалық кезеңненкейін математика бөлімдері белгіленеді.Олбөлімдер мынадай: а) нөмірлеу (санау); б) арифметикалық амалдар; в) өлшем бірліктер; г) бөлшектер; д) геометриялық фигуралар.

Әр бөлімдегі ьмысалдар, тапсырмалар ақыл-есі кем балаларға түсінікті болып құрылуы қажет.

Арнайы мектептегі математика пәнін оқытудағы тағы бір ерекшелік – ол концентрлік әдіспен оқыту.

Концентрлік әдіспен оқыту барысында оқушылар ең жеңіл материалдардан бастайды және жаңа материал үнемі қайталанып отыралы.Үнемі қайталау – сабақты жақсы түсінуге, жақсы игеруге ықпалын тигізеді.

Әр концентрдің тапсырамаларын жеке қарастырайық.

Бірінші концентрдің тапсырмасы бірінші ондық сандармен таныстыру, сандарды дұрыс жазу, оларға амалдарды қолдану болып табылады.

Бұл концентр 0-1 сынып аралығында оқытылады.

Екінші концентрдің тапсырмасы бойынша балалар 11-20-ға дейінгі сандармен танысады. Бірінші концентрде тек қосу және азайту амалымен танысқан болса, бұл концентрде бөлу немесе көбейту амалдарымен танысады. Ұзындық өлшемуі бірлігімен, (см, дм, мм, м) сыйымдылық өлшем бірлігімен – литр, уақытты өлшеумен танысады. Өлшеуді, сызуды үйренеді.

Бұл концентрдегі материал 2-3 сыныптарға арналған.

Үшінші концентрде оқушылар 100 санымен, разряд ұғымымен танысады.Ауызша қосу, азайтуды үйренеді.

Бұл материал 3-4 сыныптарға арналған.

Төртінші концентрдің тапсырмасы бойыгнша оқушылар 1000 санымен танысады.

Бұл материал 5 сыныпта өтеді.

Бесінші концентр - көп таңбалы сандармен таныстырылады.

 

Лекция № 2.

Көмекші мектепте математикаға оқытудың әдістері мен ұйымдастыру түрлері.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных