Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Көмекші мектепке математиканы окытудың ұйымдастыру түрлері. Математика сабақтарының топтастырылуы




Дидактикалық оқыту әдістерінің астарында ьұғалім мен оқушылардың біріккен іс-әрекеттері деп түсіну қалыптасқан, солардың көмегімен мұғалім түсіндіреді, ал оқушылар сол білімді қабылдайды. Қазіргі дидактикада оқушылардың мүмкіндіктерін дамытатын олардың дүние танымын қалыптастыратын әдістерге ерекше мағына беріледі.

Оқыту әдістерінің таңдалуы бірнеше факторлармен шартталады: қалыпты даму этапындағы мектеп тапсырмаларымен, оқу пәндерімен, оқу материалдарының мазмұнымен, оқушылардың жас ерекшеліктерімен және деңгейімен, сондай-ақ оның оқу материалдарын меңгеруге деген дайындық деңгейде ескеріледі. Түзету мекемесінде оқыту әдісін таңдауға, оқытудың түзету бағыты, олардың белгілі бір мамандықты игеру дайындығы сондай-ақ адаптация тапсырмаларын шешуіде әсер етеді.

Оқушылар жаңа материалдарымен танысу барысында баяндама әңгіме әдісін қолданады. Математика әдісінде ол әдісті білім мазмұнының әдістемесі деп атау қабылданған.

Осы әдіспен бірге кең көлемді әңгіме әдісі алады. әгіме барысында мұғалім бұрын қабылданған білім сапасын тексеруге арнайы сұрақтар қояды. Игерілген білімге байқампаздыққа, өткен тәжірибелерге сүйене отырып, мұғалім оқушыларды жаңа білімге жетелейді. Жаңа білімнің бекуіне, дағдының қалыпиасуына оның іске асуына өз бетінше жұмыс әдісі қолданылады. Осы әдісті жиі қолдануда мұғалім оқушының өз бетінше теориялық білімді меңгеруіне және оны түрлі жағдайларда қолдана алу әрекетін ұйымдастырады.

Дидактикада оқыту әдісі сонымен бірге білімнің қайнар көзіне байланысты топтастырады. Осы тапсырмалармен байланысты ауызша әдістерге(әңгіме, білім мазмұны, оқулық бойынша жұмыс және тәжірибелік әдістерде өлшеу, геометриялық фигураны сызу, апликация, моделдеу, сандық бейнелердің мағынасын табу және т.б.) бөлінеді.

Оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастыру мүмкіндігіне қарай (продуктивті және репродуктивті) мынандай әдістерге бөлінеді. Түсіндірмелі индустративті әдіс- бұл кезде мұғалім оқушыларға дайын инфармация береді. Олар оны қабылдайды және есте сақтайды; Репродуктивті әдіс- бұл кезде мұғалім оқушыларға тапсырма орындалуының үлгісін көрсетеді, кейін оқушылардын үлгіге сай сол тапсырмалардың орындалуын талап етеді; Өз бетінше іздеу әдісі- бұл кезде оқушылар тапсырманы өз бетінше шешу жолдарын іздестіреді. Мұғалім сонымен бірге берілген тапсырманы жекелеп, көп жағдайда тапсырманы өз бетіншеде орындайды; Зерттеу әдісі- оқушылардың жаіа бір мәселені шешуде ұйымдастырылған шығармашылық әрекеті болып табылады.

Білімнің мәселелік мазмұны барлық мектепте қолданыс тапқан – бұл мазмұнда мұғалім барлығының алдында бір тапсырманы қояды. Осы тапсырманы шешуде, олар өз білімінің жеткіліксіздігіне көздері жетеді. Мәселе көп жағдайда оларға шешімі жоқтай көрінеді. Міне осы кезде мұғалім оларға дұрыс шешім жолын ұстайды. Мектептегі оқу процесінде көбінесе біз нұсқалған әдіс комбинациясын байқаймыз. Оларды комплексті түрде қолдану әр сабақтың тапсырмалары толық шешуге мүмкіндік береді.

VIII типтегі мекемеде математикаға оқытудың илюстративті түсіндірмелі әдістермен қоса продуктивті әдіс. Әсіресе жекеше іздеу әдісі білімнің мәселелік мазмұны кең қолданыс тапты.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных