Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Математика сабақтарының құрам компонентері.




VIIIтиптегі мектепте балалардың эмоционалды ерік сферасыеың танымдық әрекетінің ақаулығын ескере отырып ең алдымен олардың атқарушы және өндіруші әрекетін дамыту керек.

Оқушы іс-әрекетінің тек осы түрлерін дамытумен шектелуге болмайды, себебі ол түзету белгілі бір мамандықты игерумен дайындық, әлеуметтік реабилитация және адаптация талаптарын қажетті мөлшерде орындамайды. Оқушы әрекетін дамыта отырып мұғалім ең күрделі мәселені алға қояды. Яғни олардың шығармашылық іс-әрекетін дамыту. Мұғалім қабылданған білімді түсіндіреді. Кейін жаңа шарттарда жаңа тапсырманы орындауда қолдануды ескереді. Бұл тек олардың танымдық әрекеттерін ғана емес сондай-ақ жеке сапаларын, олардың оқуға, таным процесіне деген қарым- қатынастың ескеру жағдайында ғана іске асуы мүмкін. Оқушыларға сабақ түсіндірмес бұрын, олар осы білімді қабылдауы және түсінуі үшін қолайлы жағдай жасалуы қажет. Бұл оқушыларды қызықтырған белгілі бір өмірлік немесе оқу тапсырмасын шешуде өз білімдерінің толық еместігін сезіну барысында ойын және өмірлік тәжірибе жағдайының тууымен қол жетеді. Оқушыларда жаңа бір белгісіз жағдайды күту сезімі оянады. Мысалы: оқушыларға тікбұрыштың ауданын есептеуді үйретпес бұрын мұғалім олардан былай деп сұрайды.Тікбұрыштың ауданын өлшеу үшін оның көлеміне өлшем тартқызу анықтауға ыңғайланған. Елестетіп көріндерші сендердің ауыр стакандарын тақталары тұрған шеберхананың ауданын анықтау қажет. Бұл ауданды өлшеу үшін шаршы метр орналастырған болсақ шеберханадан барлығын шығаруы керек. Ал бұл үлкен күшті және уақытты қажет етеді. Сендер білесіндерме шеберхананың ауданын басқа қалай анықтауға болады. Оқушылар бұл сұраққа жауап бере алмайды. Олар тек мұғалімнің түсіндіргенін тыңдауға даяр. Ерреже бойынша бұл кезде мұғалім әңгіме және шығарма әдісін қолданады.

Әңгіме бұл материалдардың жалғасынды логикалық мазмұны. Математикаға оқытуда бұл әдіс теориялық білімді түсіндіруде(ережемен іс-әрекеттердің түрлерімен және іс-әрекет ретімен) және есептерде көп қолданады. Түсіндіру барысында мұғалім жаңа материалдарды өткен материалдармен білім жүйесіне енгізе отырып байланыстырады. Мұғалім өзара байланыстарды орната отырып, оқушыны еліктіреді. Осы кезде көрнекіліктер кең қолданыс табады: көмекші пәндер илюстративті таблицалар, дидактикалық үйлестірме таблицалар, схемалар, жазбалар, графиктер. Сандардың арифметикалық жазбалары іс-әрекетте тапсырма шешімдері.

VIII типтегі мектепте жаңа материалдарды түсіндіру ұзаққа созылмауы тиіс, әсіресе кіші сыныптарда. Жаңа материалдарды логикалық бөліктерге бөліну қажет. Сабақта көлемі жағынан кіші материалдар түсіндіріледі. Мазмұнда мұғалім оқушыны сұрақ қоюмен бөлуі мүмкін. Қалай ойларын ары қарай не істеу қажет немесе бұған құруда ондықтарды қайда жазу керек. Сұрақтар оқушының материалды түсіну зейінін жіне үлгерімдігін, оның қаншалықты назар аударғандығын анықтау үшін қолданады, олар оқушының танымдық әрекетін күшейтеді және олардың назар аударуын бағыттауға мүмкіндік береді.

Көп жағдайда мұғалімнің сабақ түсіндіруі көрнекілікпен оқушының практикалық сабағын, дидактикалық материалдармен толықтырады. Мұғалім түсіндіруімен бағытталған пәндермен практикалық жұмыс жалпылауға қызмет ете алады. Мысалы: мұғалім оқушыларғы ұшбұрыш элеметінің санымен және атымен таныстырады, әр оқушыға бір ұшбұрыштан үлестіріледі. Олардың өлшемі, түсі, түрі әрқалай. Мұғалім оқушыларға ұшбұрышты түсіндіріп, оның бұрыштары бар екенін айтып және оны көрсетеді. Ал оқушылар тәжірибелік жұмыста өз бетінше бұрышты тауып, алардың санын есептеу тапсырылады. Оқушылар мынадай қорытынды жасауы керек. Кез-келген ұшбұрыштардың 3 бұрышы болады. Енді мұғалім оқушылары ұшбұрыштың келесі элементтерімен таныстырады: төбесі және жаны.

Мұғалім сабақ түсіндіруі және оқушылардың практикалық сабағы дидактикалық материалдарымен, көрнекіліктер, көрсетілуімен толықтырылады.

Білім мазмұны әдісі жоғарғы белсенділікті оқушылардан емес мұғалімдерден талап етеді. Түзету мекемесінде оқушылардың танымдық әрекетін жандандыратын, қойылған тапсырманың шешу жолдарын іздестіретін оқыту әдістеріне баса назар аудару керек. Осы талаптарға әңгіме әдісін қолдану әсіресе эвристикалық әдіс жауап береді.

Оқушыларда жаңа білімнің, түсініктің қалыптасуына негіз болатын мәлімет қоры болған жағдайда мұғалім әңгіме әдісін қолданады. Мұғалім оқушыларға сұрақтар жүйесін дайындайды, оның көмегіме бұрынғы қабылданған білімді еске түсіріп қана қоймай, сондай-ақ оқушыларға бақылау ұйымдастырылады. Мұғалім қабылдауды қадағалап, маңыздысын меңгеруге көмектеседі, құбылыс, объект құрылымы, оқып жатқан фактілер арасында өзара қарым-қатынас орнатуға көмектеседі. Осы келісім тапсырманы орындауда шешім қабылдауға, қорытуға жетелейді. әңгіме оқушыларды жандандырады, олардың ойын ашады.

Әңгімеден кейін мұғалім оқушылалрға байланысқан әңгіме түріндегі жауап үлгісін беруі тиіс. Мысалы тіктөртбұрыштың элементінің саны, бұрышының құрылысы оның жақтары туралы қорытынды әңгімеден кейін мұғалім оқушыларға жауап барағының үлгісін береді. Тіктөртбұрыштың 4 бұрышы, 4 төбесі, 4 жағы болады. Барлық бұрыштары тік, қарама-қарсы жағы тең.

Оқытудың әңгіме әдісі тапсырманы шешуде кең қолданыс тапты. Мұғалімнің әңгіме барысында қоятын сұрағы ертерек дайындалуы тиіс. Сұрақ логикалық жағынан жүйелілікті сақтауы керек. Олар қысқа әрі нақты құрылып, мағынасы жағынан қолайлы, оқушылардың өмірлік тәжірибесін және білім қорын ескеру керек. Сұрақ екі рет қайталанбауы тиіс. Мысалы: 6 санын қалай жасауға болады немесе ол қандай сандардан тұрады.

Берілген сұрақтың жауабы сұрақ ішінде болмауы керек. (мысалы: тіктөртбұрыштың барлық жағы тең ба, әлде тек қарама-қарсы қабырғалары ма?). мұндай сұраққа оқушылар ойша ойланбай жауап бере салады.

Сыныппен франтальды жұмыс ұйымдастыруда оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру керек.

Бақылау әдісін қолдана отырып, мұғалім оқушылардың танымдық әрекетте өзбетінше қорытады.

Бақылау әдісі оқушылардың пәндік-практикалық әрекетімен байланыса отырып, геометриялық материалдарды оқу барысында кең қолданылады. Бақылау объектісіне пәндердің жиынтығы, сандар, арифтетикалық жазбалар, фигуралар, таблицалар, өлшемдер қызмет етеді.

VIII типтегі мектеп шарты бойынша жаңа материалдармен танысу барысында, әсіресе жоғарғы сыныптарда оқулықпен жұмыс әдісі қолданылады. Оқулықпен

жұмыс әдісі өзіндік жұмыс әдісімен тығыз байланысты. Түзету мекемесіндегі білімнің қайнар көзі ретінде өзіндік жұмыс әдісін қолдану ұзақ уақыт бойы талас тудырып келді. Ақыл –есі кем балалар өзбетінше білім ала ал майды деді, алайда түзету мекемесінде мамандығының тәжірибесі бойынша кейбір оқушылар белгілі бір шартқа жаңа материалдарды өзбетінше жүйелей алады.

Әңгіме әдісі көп жағдайда теориялық білімді бекітуде қолданылады. Өзіндік және тәжірибелік әдіс дағдыны және іскерлікті бекітуде қолданылады.

Кейбір өзіндік жұмыс әдісіне тапсырмалар, жаттығулар, белсендірілген ойлар кіреді. Енді өздік жұмыста оқушылардан продуктивті шығармалық әрекеттің қолданылуы талап етілді. Математикалық білімді бекіту және қайталау жаттығудың көмегінсіз мүмкін емес.

Жаттығу жұмысы санау дағдысын қалыптасқанда, есептегі шеберлікті және орнатуда, тапсырманы шешу ептілігінде қолданылады.

Жаттығу жүйесінде жаңа білім мен бұрын қабылданған білім арасында байланыс орнатылуы тиіс.

Қиындық деңгейі тек тапсырма ауырлығымен анықталмауы тиіс, ал оның жеке мүмкіндігін де ескеруі тиіс. Жаттығу саны және түрлері әр балаға жеке анықталуы керек. Жаттығулар оқушы шамасына сай болуы тиіс.

Мұғалім оқулықтан түрлі қиындық деңгейіндегі тапсырмаларды тауып, олардың қабілетін ескере отырып жеке-жеке өздік жұмыс тапсырмаларын ұсынады.

Бірінші бекіту жаттығуды мұғалімнің қолдауымен жүргізіледі. Жаттығу оқушылардың ынта ықыласымен, шығармашылығын дамытуға бағытталуы тиіс. Соған сай жаттығулар тандалады. Жаттығулар өмірімен, шеберхананың тәжірибелік әрекетімен тығыз байланыста болуы керек.

Сыныптағы өздік жұмыс үй тапсырмасына да дайындық болуы тиіс. Өздік тапсырманы орындаудағы жетістік оқушылардың үй тапсырмасын өзбетінше дайындық көрсеткіші.

Тәжірибелік жұмыс- ереже бойынша оқушылардың қол ермегі болып табылады, ол үлестірмелі дидактикалық материалдар, өлшеу, тапсыру, аппликация, сурет салу, құрастыру. Тәжірибелік жұмыс – сызу, құрастыруда, түрлі құрал сайманмен өлшеу дағдысын қалыптастырады және ептілікті бекітуде кең қолданады. Тәжірибелік жұмыс мұғалімдерге үлкен талап қояды. Ол мүмкін қателікті алдын –ала ескертіп және қате дағдыны өңдеуде мұқияттылықты талап етеді. Тәжірибелік жұмыста өз әрекетін бақылай алуға және әрекет жасауға мүмкіндік жасау керек. Сондай-ақ бір-бірінің жұмысын тексеруді ұйымдастырудың септігі мол.

VIII типтегі арнайы мектептегі математика сабағында дидактикалық ойындарды қолдану кең қолданыс тапты.

Бәрімізге белгілі егер бала жұмысқа қызығушылық танытатын болса, онда тапсырма санасы мәнді түрде жоғарылайды. Ақыл –есі кем балаларда кез-келген ептілікті және дағдыны өңдеуде тек үлкен күш жұмсау мен ұзақ уақыт ғана емес, сонымен бірге біртипті жаттығулар да қажет. Дидактикалық ойындар біркескінді материалды қызықты етуге көмектеседі, оларға қызықты форма береді. Ойын барысында пайда болатын жағымды эмоциялар баланың әрекетін белсендіреді, оның назарын, есте сақтауын дамытады. Дидактикалық ойындар баланың жалпы дамуына септігін тигізеді, оның ойлау қабілетінің кеңеюіне, сөздіктердің толығуына, сөйлеудің дамуына әсер етеді.

VIII типтегі мектепте математика сабағында дидактикалық ойындарды кез-келген тақырыпты бекітуде кең қолдагыс тапты. Ең белгілі ойындар «Қызықты санау», «Тірі сандар», «Арифметикалық лото», «Дөңгелек мысалдар», «Текпешек», «Үнсіздік», «Магазин», және т.б. Оқу процесін жоғарылату жолын іздестіруде бағдарланған оқыту элементін қолдануға әкеледі. Бақылау көрсетуі бойынша оқушылар бағдарланған тапсырмаға аса үлкен қызығушылық тудырады. Оны орындауда өзбетінше жұмыс жасайды. Өздік жұмысты тексеруге арнайы уақыт бөлінбейді, сонда да оқушылардың да, мұғалімдердің де уақыты үнемделеді. Бұл әдіс оқушылардың тапсырманы орындауда туған қиындықтарын көрсетеді және оған керекті көмекті көрсетеді.

Оқушылардың білім меңгеру процесін психологиялық зертеу және бақылау олардың жаңа білімді салыстыра немесе қарама-қарсы қою арқылы түсіндіруді жақсы меңгеретінін байқады. Себебі математикада ұқсас және қарама-қарсы түсініктер:көп-аз,көбейту-азайту; ұқсас түсініктер: соның бірнеше бірлікке жоғарылауы,тең бөлікке бөліну т.б. Сондықтанда математика сабағында ерекше мәнді салыстыру қабылданады.

Салыстыруды қолдануда бір түсініктің мәнді белгілерін ажыратып,оны басқа түсініктің мәнді белгілерін салыстыруға мүмкіндік туады. Олардың ұқсастығы мен айырмашылығын белгілейді. Мысаы: бірнеше бірлікке көбейгенін және бірнеше есе көбейген 2 тапсырманы салыстырамыз. Оқушыларды шатастырмас үшін тапсырманы бірдей сандық белгімен және бірдей атаумен анықтаймыз. Тапсырма 1. Бірінші қорапта 6 қарындаш, ал екіншіде – 2есе көп. Екінші қорапта қанша қарындаш бар?

Таппсырма 2. Бірінші қорапта 6қарындаш, ал екінші қорапта 2 қарындаш артық. Екінші қорапта неше қарындаш бар?

Алдымен әр тақырыпта бөлек орындайды. Мұғалім сұрақ қояды: «неге 1-ші тапсырмада көбейтумен, ал 2-ші тапсырмада қосумен орындалады?».

Сандарнды, көлемді, геометриялық фигураларды, тапсырмаларды салыстырудың арнайы схемасын шешу пайдалады болып табылады. Мысалы: екі санды салыстыру: 375 пен 375000. Бұлардың ұқсастығы неде, айырмашылығы неде? Санды оқы, олардың жазылуына назар аудар. Әр санда қанша белгі бар. Әр санда қанша класс және разряд бар?

VIII типтегі арнайы мектепте педагогикалық тәжірибенің көрсетуі бойыынша математикаға оқытуда көбінесе танымның индуктивті жолы қолданады. Танымның осы жолы ақыл-есі кем оқушылардың ойлау дамуының ерекшелігіне жақсырақ бейімделген.

Танымның индуктивті жолында жаңа білім мен бұрын қабылданған білім арасында, математикалық абстракция мен қоршаған әлем құбылыстары арасындағы байланыс жақсы байқалады.

Математикалық білімді қалыптастырғанда, әсіресе жоғарғы сыныптарда тек индуктивті әдісті ғана емес, сонымен бірге дедуктивті әдісті және олардың қосарлануын қолдану керек. Дедуктивті әдіс жаңа материалдармен танысу барысында қолдана қабылданған білімді практикада қолдана алу іскерлігін қалыптастырады.

Математикаға оқытудың барлық этаптарында оқушылардың пәндік- практикалық іс-әрекетін қолдану керек. Оқушылармен тек матиматикалық білім толығып қана қоймайды, сонымен бірге оқу әрекетінің дағдысы да толығады. Кіші сыныптарда жаңа материалдармен танысуда мұғалімдердің басшылығымен оқушылар пәндік –практикалық әрекетті қолданады, ал жоғарғы сыныптарда - өзіндік әрекетті қоданады.

Егер қосу немесе азайту, көбейту және бөлу жағдайы орындалса, онда өзіндік жұмыс әдісі қолданады.

Егер жаңа білімді түсіндіретін болса, онда әңгіменің эвристикалық әдісі қолданады.

Егер сабақта оқушыларды салмақ өлшемінің бірлігімен- килограмм, таразылаумен таныстыратын болсақ, онда әдетте өзіндік тәжірибелік жұмыспен байланысқан әңгіме әдісі қолдананылады, сондай-ақ оқытудың көрнекілік әдісі- демонетрация әдісі қолданады.

Әдісті таңдау оқыту құралымен де анықталады. Мысалы: 2сынып оқушысынан 1сыныпта өткен геометриялық фигураларды қайталау мақсаты қойылады. Егер мұғалім сабақта геометриялық фигураның нақ өзін қойса, онда сабақ практикалық жұмысқа жалғасып кетеді, ал егер сызба түрінде қолданса онда жаңа білімді қабылдау нақтырақ болады. Егер сабақты түсіндіруде диафильм болса, онда мұғалім сабақты әңгіме ретінде түсіндіруі керек.

Сонымен, әдісті таңдау оқыту шартымен анықталады. Бірақта қандай әдісті қолданбасын мұғалім оқушының психофизикалық жағдайын ескерту керек, оқу материалдардың қолайлылығы, оқытудың көрнекілік және техникалық құралының түрлілігін ескерту керек. Ол олқушының танымдық әрекетінің белсенділігіне бағытталуы тиіс. Мұғалшім әдістемелік шеберлікті игеруі тиіс.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных