Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Айқындауыштың тыныс белгісі




Ереже Мысал
  Оқшауланған айқындауыштың екі жағынанда үтірқойылады. Мұнда,Алматы облысында, ауа райы салқын.
  Оңашаланған айқындауштың екі жағынан немесе зі анықтайтын мүшесімен екі араға сызықша қойылады. 1928 жылы Қазақстандағы тұңғыш оқу орны – ҚазПИ ашылды.
  Оңашаланған айқындауш бірыңғай мүше болып келсе, екі жағынан сызықшақойылады Құнанбайдың қасындағылар – Байсал, Қаратай, Сүйіндіктер -осы сөзге тоқтасты.
  Кейбір қосарлы айқындауыштар өздерінің айқындайтын сөзінен қос сөз сияқты дефис арқылы бөлінеді жер-ана, әйел-ана, телефон-автомат, инженер-механик, пәтер-мұражай, ақын-сазгер,
ОҚШАУ СӨЗ сөйлемнің құрамында тұрса да, басқа мүшелермен грамматикалық байланысқа түспейтін мүше.
Қаратпа сөз Қыстырма сөз Одағай сөз
Тыңдаушының назарын өзіне аудару үшін қолданылатын сөздер Сөйлеушінің ойға қатысты көзқарасын білдіретін сөз Сөйлеушінің түрлі көңіл – күйін білдіретін сөз
Самат, ертең сынақ болады. Енді кезек сенде, қарағым. Меніңше, сенің айтқаның дұрыс. Бұларды, әрине, жасау керек Қап, оны кешке сұрау керек еді.
Тыныс белгілері
Оқшау сөз сөйлемнің басында келсе, одан кейін үтір қойылады.
Оқшау сөз сөйлемнің ортасындакелсе, екі жағынан үтірқойылады.
Оқшау сөз сөйлемнің соңындакелсе, алдынан үтірқойылады.
Оқшау сөз сөйлем басында келіп, көтеріңкі дауыспен айтылса, одан кейін леп белгісіқойылады.(одағай)
Оқшау сөз көтеріңкі дауыс ырғағыменайтылған қаратпа сөз сөйлем соңындакелсе, одан кейін леп белгісіқойылады.

 

Қыстырма сөздердің мағыналық түрлері
Ереже Мысал
  Қуаншыты, ренішті білдіреді Бағымызғ ақарай, амал қанша, абырой бергенде, өкінішке орай
  Сенуді, мақұлдауды, мойындауды білдіреді Сөз жоқ, бәсе, рас, әрине, шынында, дұрысында, негізінде, асылында, шыны керек, әлбетте
  Ойдың кіммен, қайдан екенін көрсетеді Меніңше, сіздіңше, оның пікірінше, оның айтуына қарағанда, оның жортуы бойынша
  Шамамен ғана я сенер-сенбестікпен айтылғанын білдіреді Сірә, мүмкін, тегі, кім біледі байқаймын, бәлкім
  Бір ойдың алдыңғы жақта айтылған оймен байланысын қорыту ретінде айтылады Олай болса, демек, сөйтіп, сонымен, қысқасы, айтпақшы
  Ой тәртібін білдіреді Біріншіден, екіншіден, бір жағынан, әуелі, ақырында
ТӨЛ СӨЗ АВТОР СӨЗІ ТӨЛЕУ СӨЗІ
Сөйлеуші өз сөзінің ішінде біреудің айтқан сөзін дәл сол күйінде, ешбір өзгеріссіз беруі Төл сөзбен байланысты айтылған сөйлеушінің өз сөзі Жазушының (сөйлеушінің) біреудің сөзінің мазмұнын сақтап, бірақ өз сөзімен өзгертіп берген сөздерікөркем шығармада кейіпкердің сөзін айтылған қалпын сақтамай, тек мағынасын ғана жеткізетін сөздер.

 

Төл сөзді төлеу сөзге айналдырудың жолдары:

Ереже Мысал
  Төл сөзде белгілі бір жақтатұрған сөз төлеу сөзде автор тарапынан басқа бір жақтатұрып айтылады.   – Қиындықтан қалай шығудың жолын мен білмеймін, – деді анасы. Анасы қиындықтан қалай шығудың жолын білмейтіндігін айтты.
  Төл сөздің баяндауышы етістіктің ашық райынанболса, төлеу сөзде ол сәйкес шақтағыесімшегеайналып, оған -дық, /-дікжұрнағы, тәуелдікжалғауы және табыссептігі жалғанады да, толықтауышболады. «Мен судан қорқамын»,-деді Али. Али өзінің судан қорқатындығын айтты.
  Төл сөздің баяндауышы етістіктің бұйрық райынан болса, төлеу сөзде ол тұйық етістіккеайналып, оған табысне барыссептік жалғауы немесе туралы, жөнінде, жайындашылауларының бірі қосылып айтылады. Әркім әр түрлі сөз айтып даурығып жатқанда, Сырбай: – Тоқтатыңдар! – деп ақырды. Әркім әр түрлі сөзді айтып даурығып жатқанда, Сырбай тоқтатуын ақырып бұйырды.
  Төл сөздің баяндауышы есім сөздерденне тұйық етістіктенболса, төлеу сөзде ол сөзге тіркес екеніндеген көмекші етістікайтылады. Төл сөздің бастауышытөлеу сөзде ілік септік жалғаулы анықтауышқаайналады. – Қазақтың мұң-мұқтажына алтын діңгек болған сенбісің? – деді басын көтеріп. – Қайдан жүрсің? Қазақтың мұң-мұқтажының алтын діңгегі екенін айта келіп, басын көтерген қалыппен қайдан жүргенін сұрады.
  Төл сөз сұраулы сөйлемболып, оның құрамында сұрау есімдігіболса,-төлеу сөзде сол күйінде сақталады. Егер сұраулы сөйлем -ма/месұраулық шылауы арқылы жасалса, төлеу сөзде шылаумен айтылған сөз болымды-болымсызтүрде не антонимтүрінде қосарланып айтылады. – Баламды сізге бірер сағатқа қалдыруыма бола ма? – деп сұрады Айман көршісінен. Айман көршісінен баласын бірер сағатқа қалдыруға болатынын-болмайтынын сұрады.
  Төл сөзді төлеу сөзге айналдырғанда автор сөзіндегі деетістігінің орнына айт, сұра, ойла, бұйыр, талап ет, ескертдеген сияқты айту, ойлаумәнді етістіктерініңбірі айтылады. – Сенімен сырымды бөлісейін деп келдім, – деді Гүлнұр. Гүлнұр оған сырымен бөліскелі келгенін айтты.





Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных