ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
АЛТЫНШЫ БӨЛІМ 8 страница– Дөрбілжіннен келдің бе? – деді Асылқан маған. – Жерлес екенбіз ғой, жаңа біреуден естіп қуа шықтым. – Басқа бір Асылқан болмаса, газеттен сіздің бір өлеңіңізді оқыған сияқтымын. – Сол, сол! Сол өлең менікі! – деп ол бізге ере жүрді де, менің аты-жөнімді сұрап естіді. – Жә, тамақ жемей шыққандарың не!.. Татымады ғой, ә! Оған жауапты Қуат қайырды. – Татымай ғана қалған жоқ, танауымызды бүрістіріп – Е, алғашында біз де тыжырынғанбыз. Бірақ үйренісе келе әлі бал татитын бұл гәңпаннан (күріштен жасалған тамақ) өзіміз жайпай соғамыз да, торпақша томпиып шыға береміз. – Тұп-тура қияметтегі қарасат майданынан тамақтанады екенсіздер!–деп күрсіндім мен. – Иә, тамақханаға тәрбиешілерден ешкім келмей, тәртіп жағы қазірше қалыпқа түспей тұр. Ылғи мұндай соғыс бола бермейтін, тәртіпке түседі әлі! – О дүниенің тамағы болғандықтан семіртер де, – деп Қуат жымиды, – әлгі Оралхан мен сізге жаққан-ақ екен! – Жоқ, оның үйі осы тауда ғой, ыңғай сүр ет пен, сары май жейді ол шошқа!.. Асылқан Дөрбілжіннің Жайыр тауынан келіпті. Өз ауылында бір-екі жыл ғана оқып, Спан мектебі екі жылдық "мыңхашөтаң"[19] деп аталып құрылған кезінде, соның дайындық мектебіне келіп түсіпті. Қазір екі жылдық ханзуша класта оқып жүр екен. Демалыс сайын біздің қасымызға келеді. Осы мектептің осы тума оқушысы мектебін жып-жылы көрсетіп, бізді жылыта берді. Қыл аяғы Үрімжі ауасының тұманы мен түтін қосылған тұнжырлығын да жап-жарқын етіп түсіндіруге бейім екен. – Үй, мына Үрімжіңнің торғайы да қап-қара қожалақ қой! –деген Қуатқа: – Ие, түтінінен ғана кірлеп жүр ғой, жауын суына шомылғанда жайнап шыға келеді! – дей салды ол, – біздің Үрімжіні жамандаушы болмандар, Астана ғой бұл! – деп ескертті мұнан соң. Оның аузынан жақсыдан басқа сөз шықпайтын себебін екінші күні кеште-ақ түсіне қалдық: сабақтан түсіп, күн батардағы жарты сағат демалыста жатақханада едік. "Қасқыр!", "Қасқыр!" деген бір сыбыр естілді есік жақтан. Сабақтастар дүрлігісіп сыртқа шықты да, ит көрген ешкідей үдірейсіп тұра қалысты. Біз де шығып қарасақ, әр жатақхананың оқушысы өзді-өз жатақханаларының алдына ұйлығысып топ-топ болып тұр. Аспан реңдес оқушылары да түйіліп, сұрланып алыпты. Соншалық көп оқушының бірі қыбырламайды, өліктей үнсіз жым-жырттық. Ауланың дәл ортасында бөгде киімді екі адам сөйлесіп тұр екен. Бірі – ханзу, бірі – ұзын бойлы, ат жақты, қалқанқұлақ, қызыл-сары. Бет сүйегінің шығыңқылығына қарағанда қазақ көрінеді. Қызыл қоңыр құрым пальтосының екі қалтасына қолын салып, тіп-тік тұр. Бұлар біраз сөйлесіп алып, қара қақпаның дәл қарсысына есігі тура қарап тұрған тәртіп бөліміне барып кіргенде, жым–жырт тұрған оқушылар сыбырласа бастады. Өз араларында тыңшы бардай, жан-жақтарына қарап сақтана сыбырласады. Боғдадан келген Тілеуқан атты күлдіргі сабақтасым бірдеме асағандай, менің желке жағымнан аузын сап-сап еткізді. Жалт қарадым: – Енді түн ортасында келіп жейді! – деп сыбырлады ол. – Кімді? – Ұйықтамай жат та, машине гүр етіп тоқтағанда, сен зыр етіп үлкен дәретке бар. Әнеу бұрыш қой, жайланып отырып ал да күшене бер, естісін, қатты күшен!.. Сонда түсінесің... Ұйғыр, қазақ оқушыларының кешкі пысықтауы асхана залында болады екен, біз де сонда барып, кеш қалған бір айымызда өтілген сабақтардың конспектін көшірдік. Электр лампасы тым күңгірт екен. Шәуешектің электріне үйренген Қуат: – Үрімжінің электрі де қабағын түйіп алған ба! – деп бір тыжырынды да, аздан соң, – пуй, сорғыш қой мына қағазы! – деп қалды. Мектеп берген сабан қағазға жаза алмай, қаламын соққылап отыр екен. Партаның қарсы шетінде отырған Тілеуқан аузын тағы да сап-сап еткізіп, қолын шайқады. "Жеп кетеді, тыныш отыр!" дегені еді. Байқасақ бізден бұрын келген сабақтастардың ешқайсысы мұндай сөз сөйлемейді екен. Біз де доғардық. Ұйықтауға қайтып келе жатқанымызда Қуат екеуміздің арамызға Тілеуқан киліге кіріп, күрсініп жіберді: – Ішегімнің шиқылдап кетуін-ай, шіркін, бір жағы май, бір жағы қара кесек тоңазыған ет-ай!.. Қабырға сырты болса!.. Өткір пышақпен қиялай кесіп, екі ұртқа кезек-кезек тықсаң жатарда!.. Енді сыбырлайын, – деп қалып, сыбырлай жөнелді сонан соң, – сол тоңазыған майлы ет енді өзіміз болдық қой деймін. Батырлар, байқаңдар, мұнда әр жексенбі күні кеште пысықтау емес, пысырып жеу сабағы өтіледі. "Тұрмыс тексеру" деп аталатын бір қу жиналыс бар, әр жеті күнгі қалжың-шыныңды мұрныңнан тізіп бір-ақ жиып алады. Ым... сонан соң дайындала жүретін боласың! Бағанағы қасқырларды көрдіңдер ме! Бүгін түн ортасында да мықтап бір күшеніп көр, ә! – деп маған бір изектей қалды да, сытыла жүгірді, жатақханаға бізден бұрын барып сүңгіді. Ұйқым келсе де зорланып, аунақшып жатыр едім. Машинаның гүр етіп тоқтай қалғаны естілді. Мен Тілеуқан айтқан бұрышқа жүгіріп барып, отыра қалдым. Қырындай келіп тоқтаған жабық қара машинадан екі қара киімді түсіп, тәртіп бөліміне кірді де, ол бөлімнен қылаң пәлтелі біреу шығып, жоғарғы, бас жатақханаға қарай сүмеңдей жөнелді. Ол кірген жатақханадан кесегірек екі оқушы мата шапанын жүре киініп шығып, тәртіп бөліміне айдалып барады. Ол тәртіп бөліміне кірісімен-ақ қара машина «ыр, ыр» етіп от алып еді, әлгі екі оқушыны екі қара дереу жайлап алып шығып, сүңгітісімен зыр етіп ала жөнелді. Менің жүрегім де зыр ете түсті. Дірілдей келіп кірдім көрпеме. Сол күні ұйықтай алмай шықтым. Елең-алаңда соғылатын сары қоңырау, дарбаза босағасында хабар бөлімінен бір қалыппен сақылдап шығып, біздің есік алдынан өте бергенде киініп те болып едім. Шыға келсем, аспан ашылып қалған екен. Қарсы алдымда «кәдімгі өзіміздің Шолпан» жарқырап тұр. Балағын қара шүберекпен таңып алған ханзу шал сапты қоңырауын қадам сайын бір сілтеп, басқа бір қатар жатақханаларды айналып барады. Басқан қадамының бәрі шу сияқты, әр жатақхана «сары айғыр кісінеді», «арқырады» деп дабырласып оятады бірін-бірі, абыр-сабыр киінісіп, бет жууға су бойына жүгіреді. Онда да кезек килігісіп-кимелесіп барып бірін-бірі суға да тоғытып жібереді. Сүркей күздің ағынды суық суына бір түсіп кетсе, бәріне қызық ойын сияқты. Шу ете түседі. – Не көрдің ей? – деді Тілеуқан қасыма жетіп келіп, секпілді толық бетін жуса да, оқырадай ғана домалақ мұрнына су тимеген сияқты, көмір газынан жаралған қара қаспақ әлі тұр. Өзінің бітікшелеу көзі «қушыкешпін» дегендей жылтың қағады. – Сен көргендей... Екеу кетті... ұйғыр! – деп сырт құлаққа ұғымсыз қысқа жауап қайырдым. «Жаугуаң» деп аталатын әскери тәрбиешінің бірі үш рет ысқырық тартқанда, ханзу, ұйғыр, қазақ, моңғол оқушылары өздерінің кластары бойынша үш-үштен тізіліп, тым-тырыс тұра қалып еді, жаугуаңдар қаһарлы шақ-шұқ командамен жүгіртіп ала жөнелді. Алды мектеп қақпасына барып кіргенде, біз жатақхана қақпасынан шықтық. Сол жүгіріспен мектеп алаңында үш рет айнала жүгіріп, сыныпқа тарадық. Екі сабақтан соң тағы солай тізіліп, солай жүгіріп асханаға алқына жеттік те, есікке ышқына кептелдік. Шайқас алдыңғы көргеніміздей тым ауыр болса да, Қуат екеуміз бабымыз жеткен екен, қадыра мен сақпыны ілген ілісімізден де, тұссыз «теке пырқылдақ» деп аталған күріш көже мен кебек бөлкені басқан басымыздан да қырандық байқалды. Біз де қарнымызды әрең сүйретіп шықтық. Құдайдың бізге берген бір үлкен абыройы – тамақтан соң жүгіртпеуі болды. Бұл күні түскен жаугуаңдар кейін шақылдамай, бізді алаңға оқушылар ұйымының басшылары мен бәнжаңдар ғана тізіп апарып отырғызды. Мектеп бойынша жиын екен. Бірыңғай орналасқан қазақ оқушыларына үшінші жылдық аға кластағы Әлмен атты орта бойлы қара жігіт бәсең үнмен ғана сөйлеп өтті. «Бүгін Шиң Тиңжаң өте бір маңызды лекция өтпек, сергек отырып, зер сала тыңдаңдар, араларыңдағы ханзуша тіл білетіндер аударып ұқтырып отырсын!» деп бір айналып шықты да, жаңа келген біздің қасымызға өзі келіп отырды. Оқушылар ұйымының бастығы әрі мектептегі пәндихуйдың бас алқасы болғандықтан сабақтастар оны да мұғалімдеріндей сыйлайды екен, – Шиң Тиңжаңды білетін шығарсыңдар, – деп сыбырлады ол менің желке жағымнан, – Жұңго коммунистер партиясының Шынжаңға келген уәкілдері өсірген адам. Осы мектептің ашылуына ашық кірісіп, қолымен құрған кісілердің бірі. Аға сабақтастар әр жерден күбірлеп, қасындағыларға таныстырып жатқанын естіген Әлмен өз өзін тоқтата қойды. – Бұл кісінің тірегі түрмеге түгелімен кіріп болды, – деді төмен қарап отырған бір қырма сақал сабақтас, – бұл реткі сөзінде үлкен мән болуға тиісті! – Мүмкін ақырғы сөзі болар! – деп күрсіне күбірледі қасындағы біреуі. – Бәрі Совет Одағына төнген апаттың кесірі ғой. – Алдыңғы күні Шынжаң шөянда (Шыңжан институты) сөйлегенін естідің бе? Алаң-ашықта жалғыз қалса да алысып жүргенін қарашы, мықты кісі екен!... Мектеп кеңсесінің алдына келіп, кішкене сұры машине тоқтай қалып еді. Тақырлап қырылған жуан бас алдымен көрінді де, қара көк шұға китель-сымын керіп алған әлуатты жуан дене шықты. Кең иығы тіп-тік. Тік жағалы кителінің түймесі толық салулы, жалаң бас, қара етікті, барлық тұрқымен «неңе болса да дайынмын» дегендей, нық басып біз жаққа беттей беріп еді. Қамқа жағалы қара пальтоның ішінен қасқа басы ғана қылтиып жүретін, шақшадай ғана кәрі Дай Ырынбу шаужаң кабинетінен қалтақтай шығып келіп, оған қол берді де, біз отырған алаңға бірге келді. Шиң Тиңжаң бет мүшелері де кесек-кесек, ат жақты, ақ сұры кісі екен. Үдіре тұрған бізді қол ишаратымен қайта отырғызды да, орындықтардың бірін үстелдің алдына әкеліп, бізге жақын отырды. Ешқандай рәсімет күтпей, сөйлей жөнелді сонан соң. Бес минут өткізбей айтарымды айтып үлгерейін дегені сияқты кіріспесіз, шорт-шорт қайырып жеделдетіп әкетті сөзін. Аударушыларымыз тыңдап үлгере алмай, аттатып-аттатып бір-екі рет қысқа мазмұндап берді де ақыры ауыз аша алмай қалды. – Сіздер – тұрмыс қиыншылығын көрген семьядан келген оқушысыздар, қаражаттан қысылып қалған бұл мектептің қиыншылығына да мойымай шыдап, қайсарлықпен оқып кете алатындықтарыңызға сенемін! – деген сөзін Әлмен қуалай аудара сала тыңдады. – Тіршілік, өмір, тұрмыс дегеннің бәрі күрес. Күресе білмесең, машақатына шыдап, тіресе білмесең ешқандай мақсатыңа жете алмайсың! – деп бір аударды. Үшінші аударманы ұзақ тыңдап отырып, одан да қысқартып айтты: – Білім іздеу деген сөз – өзіңдегі жоқты іздеп табу, тыңға талпыну. Мұнан соң аударма сөз естілмеді. Шың Тиңжаңның қызыл ұшқын шашылып тұрған көзіне, тез болса да әр сөзді баса айтатын қалың ерніне қараумен болдым. Екі миығына көбік орнатып алыпты. Оны сүртіп тастауға бірер секундын да шығарғысы келмейтін ыңғайы бар. Барлық жан дүниесі тасқындап, барлық денесі әрекетке, күреске аттаныпты. Қимыл әрекетсіз, мағына ишарасыз айтылатын бір де сөз жоқтай, шираған бұлшық ет, шиыршық атқан жігер-қайрат шын жүректі ағындатып, долдандырып әкетіп бара жатқандай. Алпысты алқымдаған осы егде адам қазір жаңа өспірім жігіттей жалын атып, осынша қалай лапылдап отыр?! Осыншалық денсаулыққа толған мол дененің сабыр күші жеткіліксіз болғаны ма? Жоқ, үлкен сыр бар сияқты сөзінде, «шіркін, бір ноқатын қалдырмай түсінер ме едім!» деп ойлап жан-жағыма көз тастасам, мыңнан астам оқушының ұғып отырғаны да, ұқпай отырғаны да менше үңіліп қалыпты, қыбыр еткен бірі жоқ. Ұзақ сөйлеп келіп ернін алақанымен бір-ақ сүртіп тұрды да, жүре берді. Дүр етіп түрегелген бізге қош айтқандай қолын үш сілтеп, бас ие кетті. Артынан естісек, сол күннің ертіңінде-ақ қолға алынған екен. Бір ханзу, бір қазақтан құралған «қос қасқыр» біздің жатақхана ауласына жиі кіріп тұрды. Әмсе кешке жақын біз сабақтан түсіп, жатақханаға қайтқанда кіреді. Неге келетінін білсек те, білмеске салып, көрмеске меңзеп жүре бердік. Екінші, үшінші жылдық сыныптардағы аға сабақтастарымыз осылай екен. Айдаһар аузына келгендей, барлық халіміз мүшкіл болса да, маған өте қызықты бір жәйт, сол аға сабақтастарымызда славян әрпімен басылған қазақша кітаптың молшылығы болды. Бұл кітаптар кітап дүкендерінде ашық сатылатын, былтыр мен алдыңғы жылдары солардың жәшіктеріне толып алған екен. Озып кеткен сабақтарыма жетісіп алған соң-ақ, тілегенімді тауып оқи беретін болдым. «Қасқырларға» қарауға да уақытым қалмады. Кешкі сабақ пысықтау уақытында да, тіпті кейбір оңай-олпы сабақ үстінде де өз бетіммен оқуға көштім. Аға сабақтастардан менің бұл мінезімді құптаушылар, жоғыма жәрдемдесушілер тез көбейді. Солардың арасында Әлменнің байланысы жиілеп, менімен әңгімелескіш болып кетіп еді. Бір күні кеште сабақ пысықтап отырғанда мені ым қағып ертіп шықты да, өз жатақханасына ертіп апарды. Басқа ешкім жоқ екен. – Жә, сен пәндихуйдың қандай ұйым екенін түсінесің бе?! – деп бәсең үнмен сұрады ол менен. – Жиянгерлікке қарсы ұйым, сөз екенін түсінемін. Алты ұлы саясаттың ең біріншісі – «Жияңгерлікке қарсы тұру» ғой, соны нақ қимыл арқылы атқаратын ұйым деп түсінемін. – Дұп-дұрыс. Жияңгерлікке, қазіргі фашизмге қарсы халықаралық бірлік ұйымы. Енді өз қоғамымыздың ішкі күйінен және болашағынан айтқанда мәні тіпті зор! – Ал, алты ұлы саясатты қалай деп түсінесің? – Егер толық іске асырылса, Шынжаң халқы үшін өте жақсы саясат деп түсінемін! – деп күлімсіредім. – «Сәнминжуйй» дегенді білемісің? – Білмейді екенмін, естімеппін. – Гомендаңның саясаты ғой, –дей салды алдымен, біраз ойланып алып сабақтады сөзін, –алты ұлы саясат осы сәнминжуййге жетудің, яғни гомендаңға қосылудың бірінші сатысы деседі, – бұған қалай қарайсың? – Гомендаңға! – деп аңыра қарадым мен, – гомендаңға Жуңго коммунистік партиясы да, Совет Одағы да қарсы емес пе! Алты саясаттың бірі Совет Одағымен достықты нығайту ғой, гомендаңға қарсы саясат екендігінің айқын дәлелі сол емес пе! Қалайша гомендаңға қосылудың сатысы болмақ?! Әлмен аға, бұл бетсіз адамның сөзі сияқты. Әлмен қатты күліп барып тоқтады да, күрсініп қалды. – Совет Одағы соғыс өртінің ішінде, коммунизмге қатер төніп тұр ғой! «Құлан құдыққа түссе құлағында құрбақа ойнайды!» Жарайды, енді бұл тақырыпты қозғамай-ақ қоялық, кейін газеттен оқырмыз. Бірақ, оны да не түсінсек ішімізде болсын, мақұл ма?! Пәндихуй қазір әшкере, оны гомендаң да шетке қаға алмайды: ауыз жүзінде болса да лажысы қолдайды, бірақ, оған мүше тарту әшкере емес, есіңде болсын... Сені мүшелікке қабылдайтын болдық. Бұған қалай қарайсың? Мен разылығымды білдірдім де, Әлмен сыр сақтау жөнінде біраз сөйлеп, оның үлгі нұсқасын түсіндірді, әр сенбінің түстен кейінгі жарты күні, пәндихуйдың ячейка мәжілісіне арналған уақыт екен де, онда көбінесе, халықаралық саяси материал үйренеді екен. Осыдан үш-төрт күн өтісімен-ақ, мен пәндихуидің сол ячейка мәжілісіне шақырылдым. Бірақ күткен үмітімнің қасиетті қаңқасынан жұда бола ілініппін. Әлмен маған қарап күлімсіреп қойды да, қолындағы май баспамен басылған үйрену материалын басқа «ләм» демей оқи жөнелді. Шыңдубанның мақаласы екен. Тақырыбынан-ақ тақыр жерге отырғанымыз ұғылды: «алты ұлы саясат – сәнменизмнің бірінші сатысы» деп баттитып басқан қалың бетті әріптер тізіліпті. Опасыз алдамшы өтіріктің қайсысы есте қалмақ. Әйтеуір бір-екі жылдан бергі бітеу жара жарылып, сасық ірің бұрқ ете түскендей, Шыңекеңнің шірік мерез екенін мына сөзі толық паш етті: «Шынжаң бар жағынан жетісіп, шарт жағдайы толықтанды. Демек, алты саясат өзінің тарихи міндетін толық орындап болды. Енді орнын ұлы сәнменизмге бермек! Бұдан сегіз-тоғыз жыл бұрын халық алдында «орнын ұлы марксизмге» бермек деген ұғымды ишаралаған «данышпанның» епті тілі, енді осы қапылыс кезеңде қай жерден жылтыңдағанын мен де түйсінгендей болдым. Бұл материалға райын білдіргенде группаның бұрынғы мүшелері мұрнынан күлсе де, адам ұрлағыш қара машиненің роліндей бұлтылдап, техникалы сөзден зыр-зыр өте шықты. Саясатқа ысылғандықтарын көрсетті. Мен не дерімді білмей қалдым. «Жаңа қатынастым ғой, түсінігім төмен екен, кейін сөйлермін» деген сөздің ғана қисыны табылды. Осыдан екі-үш күн өтісімен-ақ 1942 жылдың ақырғы күндерінің бірінде осы мақала «Шынжаң» газетінің бас мақаласы болып шыға келді. Бұл газетке не қилы «данышпандық» сөздер шығып, халықты сопылық парасатқа бөлеген ғой. «Данышпан көсемнің» нәзариясын тектеусіз қабылдағандай, сол қауым демін ішіне тарта түсті. Мен Спан мектебінің қара кенеп бешпетін осы кезеңде киіп келісе қалдым. Бұл киім қандай тартса да шыдайтын, таласта қанша «текепырылдақ» төгілсе де көтеретін көнтерілігімен жарасты. «Көбе жеп көңіл көтерген, Спан шөян таздары. Ужуаңдайға жан берген, Нүй шөяннің қыздары,[20] – деп басталатын Үрімжі жастарының өлеңі шыққанда, бұл киім маған тіпті жарасты. Әділетті тергеушім, итті ит үріп табады да, бөріні бөрі ұлып табады. «Дөрт аяқ» деп ақырып тұрған найзағай астында қылмыстың орталау мектебін бітірген тума қылмысты қияннан іздеп қылмыс мектебін дәл тауыпты. Оқытып, оқытып алып түрмеге айдайтын мектепті қылмыс мектебі десек, сіздің шамаңыз келер ме екен деп те қорқамын. (Бірақ, келісіміміз – шынын сөйлеу еді ғой, есіңізде шығар). Қылмыс мектебі жетілген оқушыларын жетік машинемен өзінің университетіне аттандырып жатқанын көріп, қызығудан көзім қызарып қанталап кетті. Қылмысқа құныға түстім. Бұл жәйім, әлі бір «данышпандық» мақалаға рай білдірмей қоюымнан аян болған шығар. Сіздің талғамыңыз бойынша жер шарында бұдан зор қылмыс болмақ емес. Олай болатыны, гомендаңның «шыжедатуң»[21] дейтініне Шынжаңды орайшылдықпен сатып берген – «данышпан көсемнің» осы мақаласы емес пе. Сіздерше шыжедатуңнан қасиетті мұрат бар ма. Қазір сол шыжедатуңды имандай сақтап отырған сіздердің жүректеріңізде осы «данышпандық» мақала әбден жаттаулы болар. Сол «нұрлы мақала» туылған күнгі шілдеханада менің үнсіз қалуым – қандыбалақ дәрежелі қылмыс тауып, университетке дайындалудың бастамасы екендігі белгілі.
VII
Қораға қасқыр шаппаған бір сенбінің кешінде Қуат үстіндегі қара кенепті тастап, өз киімін асыға киіп жатыр еді. – Көшеге шығайық! – деп маған сыбыр ете түсті, – сен де киін! Ақан ағаңдікіне барамыз... Бұрын көріп пе едің өзің? – Кішкене кезімде көргенмін. Мен де киіндім. 1934 жылғы Шәуешек тас жолындағы ашаршылықта жәрдемдескен Ақан Қондыбайұлы көз алдыма елестей қалды. Қазір өлкелік қазақ-қырғыз мәдени-ағарту ұйымында екенін естігенмін. Үрімжіге жүрерде әке-шешем де «алдымен Ақан ағаңды тауып ал» деп көп тапсырып еді. Ұйымның өз ауласында екен, құлдай келіп сұрап таптық. Бірақ ең қатерлі кезеңде тауыппыз, апақ-сапақта іздеуіміз мұндай абырой болар ма. Қолға алыну кезеңі – бүгін түн ортасы екенін байланысты адамдардан естіп, кешкі сағат тоғыздан қалмай Совет елшілігіне кіріп алуға келісіпті. Біз кіргенде үй саймандарының керектісін жиыстырып жатыр екен. Шәуешекте – аймақтық ұйымда тұрғанында қолында өскен Қуаттың таныстыруымен мені құшақтай алған Ақан маңдайымнан сүйді. – Қап! – деп қалды ойлана қарап. – Кеше келсеңдер тым болмаса ақша жағынан көмектесіп кететін едім. Қалғанын бүгін орналастырып болғанмын... Әке-шешең аман ба? – деп сонан соң сұрады. – Ал, біз... дереу кетіп құтылуымыз керек! Туысқан-туған, аға-жеңге, бауырлардың бәріне сәлем айтыңдар!... – Аға, біздің Сәдуақас ағаның қайда екенін білесіз бе, – деп сөзді Қуат бөлді. Өзінің үлкен ағасын Шәуешектен қара машинемен кеткенін маған осы жолда келе жатқанда ғана сыбырлаған болатын. – 18-ші түрмеде деп естігенмін, қазірше аман. Тұра тұр, мен бір қағаз жазып берейін! – деп Ақан кішкене үстеліне отыра қалды. Шекелі кең маңдайынан бұршақтаған терін орамалымен сүрте салып жаза жөнелді. Семіз қара жеңгеміз бір-екі чемодан буыншақтарын дайындай салып, пальтосын кие тықыршыды. Дір-дір қағады. Сұраған Қуатқа жалғыз қызын күндіз жөнелтіп қойғандай жыламсырай тұрып айтты. Ақсары Ақанның қалқиған үлкен құлағы да, кесек кеңсірікті мұрны да қып-қызыл. Өмір мен өлім арасындағы жанталас «қызылтанау» деп аталатын нағыз қарбалас кезең осы-ақ болар деп ойладым мен. Ірі денесі сонда да сабыр сабын міз бақпай сақтағандай, асықпай жазып шықты, – Құндақбай дейтін жігітті сыртынан сұрап анық біліп ал да, осы хатты бер! Өзі де құндақталғандай тас түйін киініп жүретін, тап-тұйнақтай шағын ғана сары жігіт! – деп Қуатқа анықтап ұқтырып жатты. Мен ести отырып Қуаттың енді табатыны дәл өз сыңары екеніне әуестендім. Жалғыз-ақ парқы сұрғылт сары Қуаттың басының ерекше жуандығы ғана сияқты, – Бұл хатты алда-жалда қате танып басқа біреуге беріп қойсаң өзің де дереу қолға алынасың! – деп Ақан қайталай түсіндірді, – Құндақбай сол Сәдуақастар жатқан бірқатар түрменің кілтшісі. Ағаңның халін содан толық ұғуың мүмкін. – Оған көрісіп те тұрасың! Өздеріңнің осы мектепке түсулерің бір ойдан жақсы болыпты. Өмірді толық түсіндіретін мектеп, жаңа келген әрі жассыңдар ғой, сақ жүрсеңдер, қазірше сендерді жей қоймас! – деп Ақан сағатына қарады, – ал, ауланы қоршамай тұрғанда кетіп алайық! Аман болсақ, әлі-ақ көрісерміз, қарашықтарым!.. Хош–сау тұрыңдар! Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|