ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
ТӨРТІНШІ БӨЛІМ 3 страница– «Түлек» деген жас бүркіт пе еді, көзіне көрінгеніне түседі деуші ме еді? Ақылбай оған жымия қарап қалды да, Кәзен қайырды жауабын: – Рас, жас құс. Алғыр келеді дейді. Оқушыларымыз сондай алғыр болса екен деген тілекпен ұсынып отырмыз. Журнал солардікі ғой! – Бұл да «күрес» мағынасындағы ат болып кетер ме екен?!– деп күмілжіді Кәмен, – алғыр емес, албырт құс дейді ғой! – Оқушыларым қыран болып кетіп бүре түсер ме екен деп қорқамысың?– деп күлген Кәзенге Ақылбай қосыла сақылдап күлді. Сабақтастар жымиыса қарап қалды Кәменге. «Бәрін қойып, осы журналымыздың атын «күшік» қойсақ, иттерге қалай жағар еді? – деген оймен күлдім мен. – Әйтеуір қырандығы жоқ, ит аяғына құйғаныңды ғана ішіп, құйрығын бұлаңдата беретін «ерке назды» жануар ғой!». – Олай болса «тілек» болсын, – дедім мен күлкі басылған соң. – Болсын, – деді бірнеше дауыстан соң Ақылбай мақұлдап. – Жақсы тілектің жағымсыз жері бар ма. Әйтеуір, қайыр тілеу мағынасында болмас, басқа қатер жоқ, үйлеседі... Атында не тұр, мәселе затында ғой... Ендеше, келістік, істеріңе сәт болсын, сабақтастар! Бас мақаланы мына мұғалімдеріңмен ақылдасып, мен жазып берейін. Класс басшылары сендер сабақтастарыңа толық хабарлаңдар! Бірінші реткі жазғандарың алдағы үш күн ішінде келіп болсын... Қысқа әңгіме, мақала, өлең керек. Қазірше осы үшеуін қабылдаймыз!... Ақылбайдың «мәселе затында ғой» дегені, маған тағы бір ескерту еді. Сол «затын» қалыптастыру мені түн бойы ойландырды. Журналдың «заты» халықты ояту – күреске шақыру болуға тиіс. Әлмен: «алға шығып көрінуші болма, шпионнан сақ бол» деп еді; Ақылбай: «не жазуды сабақтастарыңа ашық айтпай жетекте» деді. Бұл да көзге түспе дегені. Ұйымдастыру қызметі маған жүктеліп, оның түбі қатерлі болған соң сақтандырғаны ғой бұл, қалай «жетектесем» көрінбей тұрармын?... Сол түні өлеңнің бейнелей әшкерелеу әдісіне лайық үш-төрт түрлі тақырып тауып едім. Оны да шу дегеннен алға түсіп, шұбырта жөнелгім келмеді... Оралқанның журнал туралы хабарландыруын естісімен жазудан дәмелі сабақтастар бас сипаса бастады. Астыңғы ернін салпитып жіберген Тілеуқан кемпір бейнесіне келе қалып, бетін шымшыды. – Бетім-ау, немді айтайын!... Ыппырт, адыра қал, өнейлісін өзінің, мақтатып алмақ! – Мақтай алсаң мақтай бермеймісің, онда не тұр? – деді Оралқан. – Е, «ағамды дәл басынан жақсы аттың, жасай бер айналайын» деп жазсам, үлкен ұлының миы шашылып кеткенде шыңғырып жіберген шешемнен ұят болмай ма? Тілеуқанның бұл сөзін тез жаба салғысы келген Ынтықбай күлкіге айналдырды. – Тілеуқан, ей, Тілеуқан!... «Базардан алып келген бес тиын деп, сөздерін екеуіңнің естиін деп» дейтін өлеңің бар еді ғой, тым болмаса соны жазсаңшы! – Ондай сөз газетханадан ұят болмай ма? – «Былай жүрсең өгіз өледі, былай жүрсең арба сынады» дегеннің өзі болды ғой мынау, – деп күлді біреуі. – Бір кезде Шың Шысайды көкке көтерген Жаңқабайлар жерге кіргендей ұялып жүрмей ме қазір?– деп біреуге Қуат күбірледі. Көп көрінбейтіндіктен «бейтаныс» аталып жүрген көзілдірікті мұғалім келмей қалған бір бос сағатта әдебиетшілеріміз тағы да бас сипасты. Әрқайсысына үңіліп байқасам, Ынтықбайдың ғана бет алысы дұрыс сияқты. Ол мисал өлең жазып жатыр екен. Басқаларының көбі өздері газеттен көріп жүрген мақтаудың көне шиырында сүрініп-қабынып келе жатқандай. Бірсыпырасы жаза салып, айқұш-ұйқыш сызып тастапты. – Қай бабамның басы бар еді осы зиратта, – деп қалған Серәлі атып тұрды орнынан, – ей, Биғабіл, ей, не жаздың, сен бір оқып берші, есіме бірдеме түсер ме екен! – Бір тақырыптың мазмұнын дайындап едім. Өлеңге айналдыра алмай жатырмын,– дедім мен әдейі. – Соныңды айтып берші тым болмаса. – Сен туғанда неге қуанып едім,– деп Тілеуқан қу жабыса қалды, – айтшы көкешім, айналып кетейін! – Өздерің ойласаңдаршы! – деп кейігенсідім мен, тақырып деген көп қой!... Осы қойылып жатқан киноның бәрі мысал емес пе? – Өтінген соң бұлданбай айтып бере салсаңшы, одан нең кетеді,– деп қалды Қуат. Немқұрайды кейіпке келе қалып, түнде дайындалған бір өлең тақырыбын атадым да, қара сөзбен кестелеп қойған мазмұнын оқып бердім: аты «Сары бақай жапон» еді. Гоминдан әскерінің бейнесі беріліп, қадаға шаншылған адам басына қанды қолын соза, арандай ашқан аузынан сілекейі шұбырып тұрғаны суреттеледі. Соңына «мына қарақшының еті тәтті екен» деген сөзін айтқызу жобаланған. – Мағналы екен мынауың, қандай әсерлі!– деп қалды түсіне қойған Серәлі. Оралқан аңыра сұрады: – Мына қанды қолың кім, ей, Биғаш?... «Шибиген арық саусақ, ши борбай, ақсиған орсақ тіс, сары бақай» екен өзі. – «Жапон» деп екі жерде айтылып тұрса, басқа кім болушы еді шырағым-ау?– деді Қуат. Сасқанынан өзінен үлкен Оралқанға «шырағымын» да қосып жіберді. Өзі кім деп танитынын байқағым келіп, Оралқанға сұрау тастадым: – Ожа, мұны кімге ұқсатып отырсыз, өзіңіз айтшы!... Жапоннан басқа осындай жауыз бар ма еді, әлде? – Жоқ, жоқ,– деді аңқаулық етіп қойғанын енді ұққан Оралқан, – олар да сары киімді, сары балтыр екен ғой, дәл өзі, жапон! – Мұның қылығын өзіміздің сары аяққа таңатын болсаңыз,– дегенде Тілеуқанның мұрны жыбырлап кетті, меңгеруші «Минго армиясын осындай көремісің» деп қарныңыздан бес шелек май ағызар!... Бұл тақырыпты өлеңге айналдыра қоймағанымды байқаған Серәлі демалысқа шыққанымызда сұрап алды да, Тілеуқан, Шақан, Салықтар бірінен-бірі жасырына келіп қолқалап, қалған үшеуін әкетті. – Қалай жазу керек екенін осы тақырыптарыңнан бәрі ұқты,– деп сыбырлады Қуат, «керуен сарай» қорылға басқан кезде. – Сенің осы үлгіңмен Ынтықбай да бір-екеуіне үйретті. Мұнан соң тақырып ауыстырмай-ақ қой, тергей қалса, біреуі айта салар!... Біздің кластан екінші күні-ақ бірнеше жауынгер өлең шыққанын байқап қатты қуандым. «Жол анасы – із», із түсіп соқпаққа айналған соң-ақ жол болғаны ғой. «Әлі талай түр, талай дәу табан түседі бұл соқпаққа» деген ойға келіп, журналдағы міндетімнің негізі орындалғандай көңілім жай тауып отыр еді. Кәмен жетіп келді класқа. Жүрісі сұйықтау, жүзі суықтау көрінді. Кең танауы ісініп алыпты. Бір қолы сымының қалтасында. Партаға бір қолымен ғана тіреніп, ширай сұрады: – Мақала жаздыңдар ма? – Бос уақыттарында жазып жатыр,– деді Оралқан. – Сендерге сабақ болатын бір мәселені айтып қояйын: екінші жылдықтағы оқушылардың бір-екеуі үкіметті алқайтын өлеңге қарсы шығыпты, сендердің араларыңда ондай сөз болды ма? – Естімедік,– дей салды бірнешеу. Кәмен «Тілек» журналы, оған қандай шығарманың зәрулігі туралы сөйлей жөнелді сонан соң. Өзінің ең аңсаған тағамын атағандай жұтынып, «Жяң зұңсайынан» бастады да, «Жұңхуа Минго», «Санминжуийлеріне» тамсанып, олардың «данышпандығы» мен «ақиқаттылық», «құдіреттіліктерінің» бірін қалдырмай сөйлеуге тырысты. Бұл лекциясы өзінше меңгерушінің сөзінен де «дәмділеу» сөйленіп тұрған тәрізді, сарғыш көзіне қан жүгіріп, екі езуінен көбік бұрқырады. Бірақ ол қаншалық көпіргенімен зер салған ешкім жоқ. Сабақтастардың көзі парталарының астына жайылған өз қағаздарында ғана еді. – Осылай жазыңдар, ұқтыңдар ма?!– деп сақ ете түскенде ғана басымыз көтерілді. – Ұқтық,– деді Серәлі, – жазып болған соң көресіз ғой. Қате болса баспай-ақ қоярсыздар, қиналмаңызшы Калаусы! Өзінің бүгінгі «ханзу тілі» сағатын осындай арсылдап тұрып жеп болды да, езуінің көбігін жалана жөнелді өзі. Демалысқа шығып, класқа қайтып кірісімізбен танауы бұрынғыдан да ісініп қайта жетті. Бұл жолы бет терісінің сарғыш бояуынан ніл де жоқ. Сұп-сұр болып кірді. – Журнал шығарып, бізге мақтатып алмақ қой дегендерің қайсыларың... Бағана, таңертең... тұрсын орнынан! Көпшілік жым-жырт тына қалды. Мұны айтқан Тілеуқан қыбырсыз отырып алды да, оны ешкім қузамай, «білмейміз», «естімеппіз» дей салды. Оны Кәменге кім айтып қойғанын сезе қойдым: жаңағы демалыста Сәбит атты «үнсіз күрең» аталған сабақтасымыз Кәменнің артынан қарағыштап қойып солай кеткен болатын. Сол «үнсізге» жасырын тіл біткені белгілі бола қалды; құлақ болуға тартылған екен. – Мақтанышты жазуға қарсы сөйлеген кім, айтыңдар!– деп ақырып қалды Кәмен. Үнсіз бедірейген Ынтықбайдан бастап, арт жақта отыратын Оралқанға қарасам, жуан денесін партаның астына сиғыза алмағандай мыжырая тығылып күреңітіп алыпты. Оның қасында отырған Түгелбай түксие күңгірледі: – Өлігіңе отыройындар, сабақ оқытатын емес қой бұ! – Не дейсің ей қырғыз?! – деп түйілді оған Кәмен. Түгелбай тұрып әлгі сөзін анықтап айтты да, жалғастыра түсті: – Біресе төбелеседі, біресе тілдеседі, біресе жалған пәле жабады бір-біріне, шөйтіп отырғанда бір-біріне не дешіп қойғонын біз қайдан білеуіз!... Былай жазба, былай жаз деп енді сіз дәріс өткөнді қойдығыз, тігі біз оқибыз ба, оқыбайбыз ба, мұғалім?! Түгелбайдың бұл сөзінен өтірік төбелестің ұшқынын тауып, мен түрегелдім де, сабақтастарыма атыла қарадым. «Үнсіз күрең» де «мөлиіп» отыр еді. – Ей, кім еді солай сөйлеген, біз естімегенді естіген – сендерсіңдер ғой тағы... Біреуімізге жала жауып, тағы сорлатқасыңдар ғой!– деп Ынтықбайға төнгенсідім. – Ашық айтыңдаршы! – Пәле жауып отырған тағы сен жылансыңдар,– деп Ынтықбай да атып тұрды. – Біз қашан естіппіз? – Бар өтірікті шығаратын сендерсіңдер! – деп Серәлі атып тұрғанда: – Кім айтыпты өтірікті? – деп қатарынан Шақан мен Салық көтерілді. – Найманнан басқа шағатын кім бар мұнда! Өш ауылдың итінше жаппай үріп тағы да «тіктесе» қалғанымызды бұл жолы Кәмен қолма-қол пайдаланғысы келді. – Отырыңдар... отырыңдар!– деді зекіп. Қайта отыра қалған Шақанды тұрғызды орнынан. – Сен айт, «мақтатып алмақ қой» деген кім? – Ол өтірік,– деді Шақан, – айтыңызшы, сол өтірікті айтқан... егер найман болса, өңешін жұлып алайын! – Серәлі, тұр!... Кім айтты осы сөзді? – Керейдің біреуі айтқан болсашы, шіркін аяр ма едім мен сізден... естімедім! – Биғабіл, сен естідің бе кім айтқанын? – Естімедім,– дедім мен де қайта түрегеліп, – маңайым ондай сөзден аман екені анық... Осыншалық пәлеге қалуымыздың себебін де түсінбедім. Бұл журналға өз шамамыз неге келсе сонымен көмектеспек едік. Үкіметтің үгіт қызметі болғандығы үшін үлес қосу ниетімізбен қиналып отыр едік. Жазу құқығы бізде, жарамай қалса, баспаға бермей қою құқығы сіздерде емес пе, анау бірдеме деп қойыпты, мынау жазып қойыпты дегендей сөзбен тергей берсеңіз ешнәрсе жаза алмайды екенбіз калаусы! Үлес қосамыз деп үлкен шатаққа қосақталатын сияқтымыз. Біздің негізгі міндетіміз оқу ғана, тып-тыныш қана оқиық! Қойдық енді жазуды, айтыңыз осыны мектепке. – Жоқ, олай емес, олай емес, бұл тергеу емес, біреудің мәселесін анықтау ғана... жазыңдар, жазыңдар!... Ей, сен бері жүрші ей! – деп Кәмен сұқ қолын шошайта салды да Тілеуқанды ерте жөнелді. Сабақтастар көрсетушінің кім екенін талқылап, өзара күбірлесе жөнелгенде, Ынтықбай «білдің бе» деген пішінмен маған қарады. Бұқпа Сәбитті иегімен ымдап көрсетіп, партаны түйіп қалдым мен. Ынтықбай, Шақан, Салық үшеуі сыбырласып, орнынан Салық түрегелді. Өтіп бара жатып Сәбиттің аяғына сүрінген болып жығылды да, қайта тұра сала жұдырықтап ала жөнелді Сәбитті. Қара тақта алдына сүйреп апарып тепкілей берді. Жауын енді тапқан ашулы сабақтастар арашаласын ба, тұс-тұсынан кіжінді. – Ұр, өлгеніңді..., аяма! – деп бір жағынан ұмтылған Серәліні мен ұстап жібермей қойдым. – Енді аяқтан шаламысың? – Қашан шалдым? Өзің ғой... – Тілеуқанды да шалмадың ба, шақпадың ба! Міне шалмадың, міне!... міне!... шаламысың енді?... Енді шаламысың?... ша...ла...мысың?! – Ағатай-ай, ағата...й!... Шалмайын енді, шалмайын ағатай шалмайын! – Енді шағамысың деймін, шағамысың!... – Шақпайын!... шақпа...иын!... шақпайын енді!... – Ей, сабақтастар, енді мынаның жон терісін сылимын!... Айтқанымыз бар ғой! – деп Салық бұрышқа сүйрей жөнелді. Оралқанды арашаға енді жібердік. Бойкүйез арашаға Салық бой берер емес, анда-санда бір мұрсат тапқан болып ұрып, жұлқынып кіжіне берді. – Мұның шалуынан тұмсығым бұзылса, тұмсық салып бермейсің банжаң, арашалама!... Міне, міне, әкеңнің аузын!... Араға түспе деймін банжаң, қоя бер!... Бұл сүмелек Тілеуқанды өлтірсе, сен тірілте алмайтын болған соң былай тұр деймін!... Міне!... Шаламысың енді!... Шағамысың? – Ой, енді мұнан соң қойсын деймін ғой, ешкімді шақпасын, – деп бажалақтағансыды Оралқан, – енді тыныш жүреді, ешкімге қастық қылмайды деймін, ей енді тыныш жүремісің?!... Айтсаңшы өзің! – Айтайын, айтайын, тыныш жүремін ағатай!... енді... енді... – Ей мақлұқ, енді... қысып жүремісің?!– деп барып Ынтықбай түсті араға. – Қысайын!... Қысайын!... Көпшілік Салықты тоқтатып, Сәбитті талқыға сала жөнелді де, шынын айтқызып, қашан, не деп шаққанын сөйлетті. Тілеуқанның «нақақ» екеніне де мойындатты. Мұнан соң тәртіп бөліміне барып жасырын шағым айтса, «өлетінін» де кесетті. – Егер енді шақсаң, осы кластан біреуміз тірі қалсақ сені өлтіреміз!– деп Түгелбай көрсетті жұдырығын. Осы кезде домалақша мұрны томпақ бетімен бірдей боп тегістелген Тілеуқан келіп кірді. Жылтыңдап тұратын қушыкеш көзі де ойнағанын енді қойғандай, «бүркеніп» алыпты. – Өлгісі келмеген адам «өтірікке» мойындай ма? – деп бұртиды сонда да. Бұртиғаны – күлгені екенін әрең таныдық. Ынтықбай Сәбитке соңғы ескертуін соны көрсете айтты да: – Ішшу, ей кісім... ей Шақан!– деп шақырды. – Мына екеуін суханаға апарып, ыстық су алып берші, беттерін жусын! Үстілерін тазалауға көмектес! Мына сүмелек енді бүлк етсе, бүйрегін оямыз! Есепші Омарқан таяқ жеген екеуінің жүрісіне қарап күлді: – Екеуінің жеген таяғы тура пропорция1 болыпты! – Мұндай есепті дұрыс шығарудың әдісін енді толық түсінген шығармыз,– дедім мен көпшілікке ескерте. – Мұнан соң икстың2 орнын бәріміз іздей жүрелік, осы сабақ басқа кластарға да дұрыс оқытылса, миымыз көп ашымайтын болар еді!
Көреген тергеушім, дүниеде өзіңізден бұрын нелер бұзықтықтың өткенін көріп, тісіңіз қышыған-ақ шығар. Олай болатыны – сондағы үкімет ісі сіздің алдыңызда «төмен сауат», «әдеттегі ғана» үйреншікті қызмет қой. Олардың қабілетсіздігіне сіздей шебер қайраткердің әрине жаны ашиды. Жұңхуа3 Миңгода4 адам желкесінен найза түсірмеуге міндеттелген үкімет емеспе еді. «Үкімет» деген – «үкім ет». Ал, үкімет үгітіне келгенде «қабілеті жоқ» болып, оған қарсы үгітке келгенде «тілі қышитын», «үкіметтің далдасына тұрып алып, өзін атқылайтын», тыңшыларын тыныштандырудың есебін «оқытатын» мендей қатерлі бұзықты дүниеде болар деп ойламаған да шығарсыз. Қылмыс түлегі жақсы тілектің астынан, міне, жыртқыш тұяқтарын сапсита ұшпады ма!
ІІІ Нұрияның сенбілік сәлемі жексенбі таңын құйынша үйірді. Мұндай кезеңде гаңфанды аузым ғана емес, мұрным да асайтын болған. Сол бір албарынды «қызмет» үстінде Юсуф Қасымның қасыма отыра қалып айтқан қалжыңы да құлағыма естіле қойған жоқ. – Асығыспын!– деуге аузым әрең үлгерді. – Асықсаң жан қалтаңа салып ала кетпеймісің, бір қадыра гаңфан сияр!– деп жан қалтама қолын салды да санымнан түртіп қалып, өзінің тамақтанатын орнына кетті. Бір жапырақ қағаз салған екен. Көшеге шыға оқып аң-таң болып тұрып қалыппын: «таңертеңгі сағат оннан қалмай, саңырау кемпірдің үйіне жет, шайға шақырды!» депті. Юсуф Қасымның өз жазуы. Ал мен жатқан үйді мұның қайдан білгеніне аңырып едім. Артымнан Кәменнің келіп қалғанын көріп, қалталарымнан бірдеме іздеген болдым. – Неғып тұрсың?– деп өте берді Кәмен. – Почтаға салатын хатым ұмытылып қалыпты. «Сары желім» жабысарлық жерін енді тапқандай қайрылып тұра қалды. – Хатты тәртіп бөліміне көрсетпей, почтаға өз бетіңмен апарып салып жүрмісің?! – Жоқ, соны бас мұғалімге бермек едім, жатақханада ұмытып кетіппін,– деген сылтаумен қайта жөнелдім мектеп қақпасына. Қапылыста жауаптан жаңылып, тергеуге бір түсетін қылмыс тапсам да, Кәменнің бақылауына түспеу үшін шегіндім. «Е – е... Әлмен келіп, сол үйде Юсуф Қасыммен де сөйлескен болар!... Ол да тартылған екен ғой ұйымға, олай болмаса саңырау кемпірді қайдан білсін» деген оймен күдігім тиянақтаса да, көңілім тиянақтар емес. Жатақханаға кірмей бұрылып, қайта шықтым. «Япыр-ай, Нұрияшты тағы да көп күттіріп қоятын болдым-ау мына суықта! Бүгін ертерек баруымды кеше Күләнға қайта-қайта тапсырып қайтуына қарағанда асығыс жұмыс бар болғаны ғой!» Бірақ, қатері бар жұмысқа қатал тәртіп, кесімді уақыт зәру ғой. Әлменге өзі шақырған уақытында жетуім қажет болды. Кәменнің қарауылдауынан сақтану үшін өзен бойына түсе, тура тарттым. Жұқа қатқан ойдым-ойдым мұздың тұтасқан өткелі әрең табылды. Тәуекелмен жүгіріп келіп сырғанап едім, сыр етіп өте шығыппын. Екпінмен келіп сырғанаудың мұзға көп жеңілдік беретінін талай рет көргенмін ғой. Бірақ, мұндай тәуекелшілік екпінінің екбетіңнен түсіріп, жылымға батыра салатыны да баршылық-ау. «Сақтан, Биғабіл өмірдің ең қатерлі кезеңіне өрлеп келесің! – дедім өзіме өзім күбірлеп. – Бірақ, қатерден қорқып қас жауыңа қарсы шықпау одан да қатерлі. Жеймін деп желкеңе мініп тұрғанда сақтанатын нең қалды! Атып тұр да алыса кет, күреспегенге күн жоқ, бұдан басқа жол бар ма?... Өзін жемесең өзіңді жейді. Ең зор қатер сол ғана!...» Айтулы үйге кіріп келсем, Әлмен емес, Гоминданның әскери сары киімін киген сары шашты, ақ сары біреу отыр! Алдына жаюлы қағазға қарап тұқырып алыпты. Аңыра қарап тұрып қалып едім: – Келіңіз,– деп орнынан атып тұра қолын ұсынды. Әлуетті, жалпақ алақанымен қолымды қатты қыса амандасты да қотыр үстелдің қарсы жағындағы арқалықсыз орындықты нұсқады. – Отырыңыз! Көз алмай қарап амандаса тұрып тани кеттім: Момынбай ауырғанда жатақханамызды дизенфекциялаған әскери ат дәрігері екен. «Ақылбай ертіп барған ғой сонда, бәсе көптен сырлас, істес екен-ау» деп мөлшерледім. Ол танымаған адамдай сынай қарап отырды да байырғы қазақ тілімен жөн сұрады. – Атыңыз кім болады? – Биғабіл. Сыфан мектебінің оқушысымын... Өткен қыста Ақылбаймен бірге барып, біздің жатақхананы дизенфекциялап бергенсіз. Атыңызды білмесем де өзіңізді танып отырмын. Өзімнің Биғабіл екендігіме тез сендіру үшін осылай толығымен жауап қайырып едім. – Дұрыс, дұрыс,– деп басын изеді ол. – Жә, енді танысып қалдық. Менің атым – Репқат... мұнда не жұмыспен келдіңіз?– деп сұрай күлімсіреді. Бұл сақтығын ұната жауап қайырып мен де күлімсіредім: – Таныс үй еді. Шайға шақырыпты ғой. – Кімнен? – Юсуф Қасымнан. – Бұл үйде кіммен таныс едіңіз? – Осы үйдің ағайынды екі азаматымен де таныспын... Үлкенімен сабақтас та болғанмын. Ірі ақ тісті, қарасы бар ғой, білесіз бе? Өзін де сынай жауап қайыра келіп, Әлменнің атын өзіне сұрау етіп қойғаныма Репқат сүйіне күлді. – Дұрыс, Әлмен айтқандай сақтығың да бар болды... мен... соның елшісімін,– деді де, сымының жан қалтасынан бүктелген қағаз алып берді. – Алдымен мынаны оқып шығыңыз. Ұйғыр тілінде май баспамен басылған жарнама екен. «Шығыс Түркістандағы барлық мұсылман туысқандарға!» деп басталыпты. Енді айтылатыны маған түсінікті сияқты. Екінші беттің аяқ жағына үңілдім. «Хақ дін жолында өлсек шәйіт, қалсақ қазы! Мұхаммед ғалайссаламның ақ туын биік көтеріп, жалпы аттанысқа келейік! Құралды, қабыл күш ұйымдастырып, дініміз бен халқымыздың қас жауы Гоминдан қытайларын қуып шығайық!» деп тоқтапты да, соңына «Әлиқан төре» деген қол қойылыпты. Сол есімге қарап отырып қалдым. Репқат үлкен көкшіл көзін кең ашып, маған қарап отыр екен. – Бұл кісі... кім?– деп бөгеліп барып сұрадым. Репқаттың ақ сары жүзі сәл қызғылт тартқаны байқалды да кең маңдайлы жуан басын сол жақ иығына жыға изеп қалды. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|