Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






ТӨРТІНШІ БӨЛІМ 8 страница




– Әшім, жяугуан!... Ұрғандар қалып, ұрылғандар мектептен шығарылатын заң болса, ұлттық оқушылардың барлығы қуалануға тиісті, анау төртеуі ғана емес, бәрімізді шығарсын!.. Өзіңіз де көрдіңіз ғой! – деп қатты зекіре айқайлады Юсуф.

Арт жақтан баспалай қарап тұрған барлық ұйғыр, қазақ оқушылар осы дауысқа үн қоса айқайлап, кеңсе алдына лезде жиналып болды.

Өңкиген ұзын Әшім түнерген бойы қарап тұр. Қолын артына қайырып алыпты. Ұйғырша жетік тілді, Ян яң атымен хұйзумын деп жүретін ханзу мұғалім келіп сұрай берді одан. Әшім жерге қараған күйі қысқа-қысқа жауап қайырып тұр. Неден екені белгісіз, басқа оқытушылардың ешқайсысы көрінбейді.

Тәртіп меңгерушісі таңба басылған бір парақ қана қағаз алып шықты да жариялай салды, мектеп кеңсесінің «қаулысы» деген: «мектеп бойынша үлкен ойранды жанжалшығарып, асхананың барлық мүлкін шағуға себепші болған Шақан мен Сәбит мектептен дереу айдалсын! Қалғандар тергеліп, анықталған соң, мектептің ішкі тәртіп-ережесі бойынша жазалансын!» делініпті.

Көпшілік шу ете түскенде, тәртіп меңгерушісі шақ ете қалды. Әшімнен басқа жяугуандар қоса шақылдаса, кейбірі жан құралдарын суырды. Сида бойлы, сіріңке қара Ян яң күліп жіберді де, Әшім түнере түсті.

– Мектептен шығарылған мына екі бұзықтың барлық нәрсесін алып келіңдер!– деп шақылдады меңгеруші бізге.

Жуан қараның соққысынан Сәбит екеуміздің үстімізге құлап түскен сабақтасты қолынан ұстап алдым да, басқа сабақтастарға күбірледім:

– Мына екеумізден басқаларың түгел барып көрпе жастықтарыңды алып келіңдер!... Ана екеуі қуылса, біз де кетеміз дейміз, тез шығыңдар!

Екеумізден басқасы түгел жүгірді жатақханаға. Кеңсе алдындағы аласа текшеге Сәбиттің сыңарын итермей шығарып, Сәбитті де шақырып қатар тұрғыздым. Жиылғандардың да, үкімшінің де көздері бізге ауды. Жиылған ханзу сабақтастарға қарап шала тіліммен ханзуша бастадым сөзімді:

– Сабақтастар, мына үшеуімізді таныдыңдар ма? – дегенімде ханзу сабақтастардың бірнешеуі мырс-мырс күліп жіберді де, бірнешеуі қатар жауап қатты.

– Таныдық!

– Әрине, танисыңдар, Ли диңшяңның соққысынан ең алғаш жығылып, жусап қалған осы үшеуіміз едік те, жабыла күлген сендер едіңдер ғой! Бұл жанжалдың қалай басталғанын меңгерушінің алдында, мына жяугуандардың алдында енді өздерің айтыңдаршы, бәріміз бірге оқып жүрген сабақтаспыз ғой!

Менің дүмше тілімді ұқпады ма әлде басқаларынан тартынды ма, ханзу сабақтастардан жауап шықпады. Әшім жяугуанмен жеке сөйлесіп тұрған Ян яң қасымызға жетіп келді де, әлгі сөзімді түсінікті етіп ханзушаға қайта аударып берді. Өзінің төте талабын қосты соңына.

– Шынын айтудан тартынатын не бар, ешкім обал кетпесін, көргендеріңді дұрыс айтыңдар!

Меңгеруші бізге шытына қарап, қолын сілке түсіп, «кет» дегендей ишара еткенімен, Ян яң кіріскендіктен түсіре алмады. Ханзу сабақтастар арасын күбір-күңкіл кеуледі. Келісе алмай бірін-бірі тиып тұрған тәрізді.

Ян яң мұғалім маған көз қиығымен күлімсірей қарап қойып, ашық үнмен ұйғырша сөйледі:

– Көбі біледі екен, қазақша сөйлей бер, мен аударамын!

Бұл қамқорлыққа көңілім босай қалды да, ол жайымды сездірмеу үшін түйіле сөйледім енді:

– Сабақтастар, мектептен қуылғанның бірі мына Сәбит, өзі сүзектен бүгін ғана тұрған. Артық ыдысты сұрағандығы үшін ғана Ли диңшяң ұрып жықты. Солай емес пе? Талықсып кеткен бұл ауруға көмектесуге барғандығымыз үшін ғана мына екеумізді ұрып түсірді. Біз үшеуіміз бір-біріміздің үстімізге солай үйілгенбіз де, сендер соған күлгенсіңдер, жанжалсодан басталмады ма?... Ал мектеп мүлкін шағуды-қатқан момымен, тас аяқпен ұруды бастаған кім?

Ян яң сөзімді аударып болғанда ханзу сабақтастардың бір тобы сөзімді құптай үн қатып еді. Оларға кимелеп келіп төне түскен бірнеше жуан азуларын баса күбірлеп, араларына тұра-тұра қалысты. Жай да емес, мықындасып түртісе киліккендіктен соның сылтауымен және бірнешеу келіп кірігіп, үміт күткендерімнің үнін өшірді. Түйіле қалған Ян яңға бір қарап қойдым да:

– Олай болса,– деп жалғастырдым сөзімді, – осы үшеуіміздің мәселеміз бір мәселе, жанжалбастаған біз боламыз. Ли диңшяңға бір жұдырық қайтара алмай үйіліп қалғандығымыз үшін қылмысты болып тұрмыз. Үлкен жанжалосы үшеуіміздің себебімізбен туылды. Егер, Ли диңшяңды біз ұрып кетсек, мектептің мына қарары сүйенген «заң» бойынша қазір ол қуылып, ұрған біз қалатын едік қой?... Біреудің жұдырығына жауап қайтара алмаған сорлыны екі жақтап соғудан басқа «әділдік» болмағаны ма?! Жұңхуа Мингоның заңы мектептің осы «қарарын» қуаттаса, яғни ұрған адамның құтылып, ұрылған адамның құртылуын қуаттаса, сонда да үкімет заңының толық орындалуы шарт емес пе? Таяқ жеген мына ауру Сәбит мектептен айдалғанда, сол таяқты бірге жескен сап-сау мына екеуміздің қалып қоюымыз мұндай «заңға» сияр ма?... Бір ғана Ли диңшяңды іздеймін деп жүздеген адамның жұдырығын жеген анау Оралқанның қуылмай қалуы мұндай «заңға» сияр ма?... Мынау жұлма-жұлма болып, бет-аузы ісіп кеткендердің де таяқ жеген күнәсі осы бейнелерінен көрініп тұрмай ма? Бұлардың да мектептен қуылмауы мұндай заңға сияр ма?... Таяқ жегендер ғана мектептен қуылатын болғандықтан, осы бәріміз бір-ақ қуылуға тиістіміз!

Ұйғыр, қазақ оқушылар ду көтеріп қуаттай жөнелді бұл сөзді.

– Таяқ жеген оқушылар мектептен қуылатын болса, осы тұрған бәріміз бір-ақ кетеміз!

– Жанжалдың бас қылмыскері жазалансын!

– Мектеп мүлкін шағуды бастағандар жазалансын!

– Бұзақы Ли диңшяң жазалансын! – деп жаппай ашына ұрандады.

Мен сөйлегенде меңгеруші тістене тыпыршып тұр еді. Мені тілдеп тұрған шығар деп ойлағанмын. Сөйтсем, біздің кластағы сабақтастар көрпе-жастықтарын түгел әкеліп үйіп тастапты да, меңгеруші соларға «ренжіп» тұрыпты. Ян яң бірдеме деп күбірлесімен соған еріп, шяужаңның кеңесіне кіре жөнелді...

Оқушылардың ушыққан ызалы үні, біздің кластың жеке-жеке буылып үйілген көрпе-жастықтары мектеп қызметкерлерін қатты абыржытты. Оқытушылардың таныс бастары тәртіп бөлімінің, оқу бөлімінің терезелерінен қылтыңдай берді. Мұндай драма қойылып жатқанда сыртқа шығып көруден ерінбес те еді, «оқытушылардың өзара берекесі» себепті бұл мәселеге араласудан шектелген сияқты. Біздің айғайымызға ешқайсысы шықпады.

Бір кезде тәртіп меңгерушісі мектеп бастығы мен ғылыми меңгерушінің ерте шығып, бізді тәртіпке шақырды. Ян яң соңынан шығып, солғын ғана қарады бізге. Айтысып-тартысып мардымды шешім қабылдата алмағандай. «Түйенің» ерні салпиып тұр да, бастықтың қасқа басы қақшиып, арса тісі ақсиып тым нәнденіп алыпты. Ол қолын артына ұстай сөйлей жөнелді, мұндай ғалымсынған бейнеге келгенде «қайырымдылық» үйрететін. Бұл жолы ыңғай «өкінішті» сөйлеп, бұл оқиғаға өкінетіндігі және қатты ашынатындығы үлкен аузына кесек-кесегімен түсе берді. «Болған мәселені жіктей тексеріп, бұзақыларды бұлтартпай» жазалайтынын айта келе Шақанды ғана нұсқады:

– Мынау, Шахаң, а, Шахаң ғана қалсын, бар нәрсесін алып қалсын! Басқаларың түгел қайтыңдар! Қазірше анықталғаны осы ғана, Шахаң мектептен шығарылды!

– Жанжалды көпе-көрнеу жұдырықпен бастағаны анықталмай, оны іздеп шыққаны анықталғаны ма? – деп біз тағы да дуылдай жөнелдік те, қақшиған қасқа бас кеңсесіне кіріп кетті.

– Нәрселеріңді жатақханаға апарып қоя салып сабаққа кіріңдер!– деп шақылдай бұйырды меңгеруші. Соғыс қылмыстысы болып, өздігімізден тұрып алған үшеуімізді текшеден итермелеп түсірді.

– Кірмейміз!– деп шаңқылдадық біз.

– Жұңхуа Минго үкіметі анық-қанығына жетпей тұрып ешқай оқушыны мектептен шығармайды, қайтыңдар!– деп зекірді меңгеруші.

– Қайтпаймыз!– деп біз зекірдік. – Бүкілдей қате шара қолдандың!

– Ли диңшяңнан кейінгі жазаланатыны Шақан емес, міне біз!

– Нахақ таяқ жеген үшеуінің кегін алуға Шақанды жіберген біз!

– Қайт, Шақан, жатақханаға!– деп ұйғыр, қазақ оқушылар енді Шақанға зекіді.

– Сен қылмысты емес, қылмыстыны іздеп табушысың!

– Қайт деген соң қайт, жазаланатыны сен емессің!

Меңгерушінің сілтеуі бойынша екі жяугуан Шақанды қақпа жаққа итермелегенде, біздің сабақтастар өзді-өз жүктерін көтерісіп түп-түгел жарыса ұмтылды. Үнсіз тұрып қалған бір жяугуан Әшімнің ишарасымен жүгіріп барып қақпаны басып тұра қалды...

Бұл мектептегі әскери тәрбие мұғалімдерінің бастығы Әшім еді. Шақанды итермелеуші екі жяугуан соның райына қарап кідірді де, амалсызданған меңгерушінің өзі жүгірді қақпаға, закүн таяғын білей ұмтылды бізге.

– Қайтыңдар!

– Мектептен шығарылған оқушыға закүн таяғың жүрмейді!– деп мен алдына тұра қалдым. Меңгеруші мені салып жібергенде, Ян яң ыршып келіп арамызға тұра қалды да, әлгі сөзімді ханзушаға аударып айта қойды. Меңгеруші зекіп қалды:

– Кім шығарды сендерді?!

– Сен!– дедім мен. – Қылмыстыны қорғап, оған қарсыларды мектептен қуалап тұрған сен емес пе?!

Ян яң бұл сөзімді де ажарлана, өжет әуенмен аударып айтты.

– Нақ қылмысты қорғалып, нахақ кісі қуаланса, біз сол нахақтың қорғаушысымыз!– деп Ынтықбай менің алдыма шыға келді. Меңгерушінің таяғын менен өзіне аудармақ болған ісі еді бұл.

Түнеріп тұрған Әшім жяугуан бізге зірк ете түсті осы кезде. Меңгеруші де жалт қарады оған.

– Қайтып келіңдер, бері!

Біз үнсіз тұрып алдық. Әшім мойнын Шақанға бұрды да, ханзу тілінде сөйледі.

– Қайт, жатақханаңа, жақсы оқы!... Үш жыл оқып, мектеп бітіруге үш-ақ айың қалғанда қуаланды болмақпысың?... Мұнан кейін қандай бұзақыны көрсең де ұрмай, құлағынан ұстап ғана меңгерушіге, яки маған әкел!... Мақұл ма?!– деп, «мақұл масын» ғана ұйғұрша айтты.

Біз Шақанды жатақханаға ерте жөнелдік. Ұйғыр сабақтастар біздің кластағылардың жүгін бір-бірден алып, иықтарына сала қайтты. Меңгеруші біздің бұл ыңғайымызға қарап үнсіз тұр. Ұлттық оқушылармен мұнан кейін қалай байланыс жасарын ойлап тұрғандай.

– Ян яң жақсы мұғалім екен ғой!– деп Юсуф Қасымға сыбыр ете түстім.

– Ол – коммунист деп естідім,– деді Юсуф күбірлеп, – біз жақ. Бірақ, өте жасырын жүреді дейді. Шың Шысайдың қолына сонысымен түспей қалған ғой...

– Тәртіп бөлімінен Кәмен шығып, еріп келеді,– деп арт жағымыздан Ынтықбай күбірлеп өте шыққан соң, Юсуф екеуміз бір-бірімізден алыстай бердік. Юсуф ұйғырдан шыққан «тұмсықтардың» да ойқастап жүргенін маған көзімен ымдай кетті.

 

Әділетті тергеушім, Ли дыңшаңды момымен періп жібергенімді оқығаныңызда мені қылышпен шауып жіберуге оқталған-ақ шығарсыз. Сізде сол жүйенің батыры емессіз бе? Ағаның ісін ағынан туған іні жақтайды. Сіз де мені түріме қарап талай тұмсықтаттыңыз ғой. Ли дыңшаң сіздің ағаңыз екендігінде ағат бар ма. Ағама асатқан қатты момысын маған да асатар деп жармасарсыз қылышқа. Амал қанша, одан қауіптене көрмеңіз, сізге асату түгіл, ол қазір өзім кеміруге де табылмай отыр.

Ян яңның әділ көзі тыймаса, мені бұл қилы қылмыстан қылыштың жүзі тия алмақ емес. Істің қыбын, қылмыстың жымын қылышқа сенгендер емес, сенбегендер табады. Қылыш жағына сабыр ете тұрып, бұл тараудағы маған тағы да оң жақ қырыңыздағы әйнектен қарауыңыз абзал. Оңдағы әйнектеріңіздің қайсысынан қарағаныңызда да менің осы реткі қылмысым, қауызын жара толған ең семіз кері төңкерісшілдік болып бадырая қалатыны даусыз.

Кері төңкерісшілдікке толды деген сөз – кебінге кірмей өлді деген сөз ғой.

 


ТӨРТІНШІ БӨЛІМ

 

АШЫЛҒАН ҚҰПИЯ

 

І

 

Құдіретті тергеушім, өтірік қоссам тас төбемнен ұрыңыз!

Іле аймағының азат болған хабары бізге қаңтардың соңғы кезінде жетті де, онда болған соғыс қаһармандарының шабыты ақпан соңында Үрімжіні үйірді:

– «Нылқыдан Әкбар батыр бастаған партизандық әрекет күшейе-күшейе, Гоминдан армиясын әр ауданнан қуа соққылап, тамтығын Құлжаға түсірген екен. Тас жол қатынаса Талқы кезеңінен буылғандықтан, Құлжадағы күшті жолбарыстар өз ауыздарына тамақ жетістіре алмай жатқанда, қалжаурай жеткен бұл сілімтік шие-бөрілеріне несін бермек, талаңдар депті Құлжаны. Олар тап бергенде халықтың қаһарлы тасы жауып, жөкесі жатқан Айранбақтың өзіне қайта қуып тығыпты».

– «Іленің бар ауданындағы халқы бірлесіп, жауларын Айранбаққа қамап, ашықтырыпты да, олардың склаттарында қалған өз оқтарын өздеріне жегіп, көкесін танытыпты. Көкесін көп танытқанның бірі – Ризуангүл атты құлжалық жап-жас қыз екен».

– «Қоршауды бұзбақ болып қопарыла шыққандарына өз пулемоттарынан оқ асатып-асатып жібереді екен де: ал, жатыңдар меймандар!– деп күліседі екен халық. – Ешкім тойға шақырмай, мұншалық топырлап басатын неткен бейбас құда едіңдер?... Құйрықтарыңа қоныс таптырмай қоқаңдатқан осы ендерің ғой, енді тынышталарсыңдар!»

– «Арт жақтарынан келетін күш-көмектен жұрдай болған Гоминдан армиясы Айранбақтан аспанға қарап ұлуды ғана кәсіп етіпті. Үрімжідегі Жушауляң оларға аэропланнан азық-түлік тастатады екен. Онысын да өздеріне бұйыртпай көздерін бақырайтын қойып, халық қағып әкетеді екен».

– «Іледен қан ішуге ғана барған Гоминдан Айранбақтан бөлініп-бөлініп қашуға ғана жол «тауыпты» ақырында. Ол жол – арам қандары қаланы былғамауы үшін, халық әдейі берген «жол» екен, кезеңнен тосып, кеңірдектерін қия берген соң көпшілігі құралдарын тастап қол көтере шығыпты!»

Іледегі жеңістің бұл хабарын Үрімжіде біз құлпыртып, үгіттің күшті құралына айналдыра қойдық та, қатарымызды кеңейте, нығайта түстік. Бар азуын ақситып, бар тұяғын сапсита ашып алған Гоминдан кертартпашылары түгі қырылып жалаңаш қалған түлкілігіне де баса түсті. – «Хал сұрау» мен «кеңшілік» жөніндегі ашық үгітін үдетіп, астыртын тыңшыларын көбейтті.

Біз онысын басып тізгіндеу қызметіне көштік.

Әр орыннан, әр кәсіптен өрмелей шыққан «құлақ» пен «тұмсықтардың» әрқайсысына сол өз орындарынан бірнешелеп бақылаушы қойылды. Олар қайсы «иттің» кімді тіміскелейтінін, ненің иісін сезгенін барлайды; кейбір күмәнді-күңгірт көрінген адамдарды айқындайды. Бірер тыңшы ұйым жайымыздан дерек таба қалса, оның үнін дереу өшіру қамына кіріседі. «Үкімет жағы қаншалық хабарсыз болса, дер кезінде құралдануымыз да соншалық оңайға түсетінін» бәрі де ұқты.

Көтерілістің белгіленген уақыты жақындаған сайын Үрімжі көшесінде тыңшылар мен осылай аңдысушылар тізбегі көбейе түсті. Жексенбі күндері үкімет тыңшыларының әрқайсысы өз бақылауына алған «досының» ізін баға шығады да, біз жақтан оның ізін баға бірнешеу шығады. Бұл бірнешеудің біреуін бақылап жүрген тағы бір тыңшы түсе қалады олардың соңына. Бұл тыңшының соңында және бірнешеу бар да, олардың соңына тағы бір тыңшы келе жатады...

Саяси жағдай тудырған осы ұзын шұбырындыдағы «бірнешеулер» кейде артындағы тыңшыға естірте атысып-қағысып, өзара «қалжыңдаса» жүреді; ол тыңшыға танылмайтындары «қалжыңдасады» бұл кезде:

– Ей, іш бүйен екенсің, ә, сен?!

– Шпион екенімді қайдан білдің?!

– Дәмеленген итше соңымнан қалмай қойдың ғой?... Дәретке әлі отырмаймын, аузыңа менен ешнәрсе түсе қоймайды, кет, жоғал!

– Шпион деген ит емес, жігітім, сақшы қызметкері ғой... қыс!

– Мен қыспай, миың болса, сенің қысқаның жөн. Иттің де жақсысы болады. Тойғызғанға туған елін сататын иттен жаман ит жоқ. Халық мұндай иттердің терісін сыпырып жатқанын әлі күнге естімей жүрген неткен керең ит едің!

– Ажалыңнан бұрын өлгің келмесе, құйрығыңды енді қыса қойғаның жөн,– деп тағы бірі қадалады оған, – сен сияқты бір иттің қожайынының дәретханасына тұмсығы шаншылып өлгенін де естімедің бе!...

Осындай өжет ескертулерден сынып, жуасып қалған тыңшыларды да көріп жүрдім. Мұндайлар суыққа ұшырап, шағудан қалған жылан сияқты. Жиырылып қана, мең-зең ирелеңдейтін болды.

Соңыма көп түсіп, сақтыққа әдеттендіріп қойған Кәмен, сонау күнгі соққыдан соң арт жағымнан көрінбей жүр еді. Осы бір аптадан бері қырма сақалды қырқылжың ұйғыр жігіт артымнан екі-үш рет көрініп қалды. Киіммін ауыстырғыш екен. Алғашында сары киіммен, құлақшынын кептей киіп, анда-санда бір кездесетін көше таныс, көк киіммен де, сұр, қоңыр, қара киімдермен де еретін болды. Қаншалық құбылса да бас киімі милығына кептеле жүретіндігінен таз екені байқалады. Сол белгілерімен сұрастыра жүріп, бір линиядағы шпион тобының бастығы – Абдығұпыр екенін, бұрын көбінесе қаланың оңтүстік қақпа сырты районын тіміскілейтінін естідім. Мұны бақылаушы ұйғыр жігіттердің мәліметі іле-шала Юсуф Қасым арқылы жетіп, Абдығұпырды түсіндірді маған.

Өткен жексенбі күні түстен кейін Кәмен «мәдениет клубының» жанындағы «қараңғы базар» деп аталған тар көшенің аузында тұрып, Абдығұпырды ымдап шақырыпты. «Төрт көше» жақтан келе жатқан мені оған нұсқап көрсетіпті де, бірсыпыра сөзбен күбірлеп таныстырыпты. Бақылаушылар Кәменнің күбірінен: «аты Биғабіл» деген сөзін ғана естіген екен. Мен жақындағанда Кәмен зып беріп, қараңғы базарға кіре жөнеліпті де, Абдығұпыр алдымнан бағдарлай қарап тұрыпты... Менің соңыма сол күннен бастап түскен екен. Бақылаушылар оның іңір қараңғылығымен Сыфан мектебінің тәртіп бөліміне де екі рет кіргенін жеткізді.

Сенбі күні кешке жақын осыны естісем де, еріксізден сәтсіз сапарға шықтым. Кәмен соңымызға түспейтін болғалы сенбі кештерінде Нұрия екеуміз киноға бірге баратын болғанбыз. Гоминдан күлгенсіп ауыз «кеңшілігін» жариялай берген соң мектеп тәртібі де кеңігенси қалған кез еді. Билет алғанымды Күләннан хабарлап қойғанмын. «Аспаннан қаһар жауса да Нұрияшты алдамақпын ба», Үрімжі көшесінің көк сұр тұманын жамыла жетіп, Күләннің үйінен таптым да, апақ-сапақта қолтықтай жөнелдім. Билетті Нұрияның мектебіне жақынырақ мәдениет клубынан алғанбыз.

Мен сенбейтін, бірақ Нұрияшты құрсаулап алған түс қорқынышы оның тұнық көгілдір көзін жасаурата беретін болып еді. Менің жүзіме тағы да тұна қарап қойып келе жатты. Шексіз мейірімнің кең жаралған сол сұлу көзі жасаурағанда қараңғылықты жара көрінетін бір нұр менің жүрегімді балқытып толқыта жөнелді.

Маған не айтпақшы болып қарайтынын, айта беруден өзі тартынатынын, қанша тартынғанымен онысы еркіне қоймай қинай түсетінін біліп келе жаттым. Ол қолтықтағанда жүрегіме ұлпа мамық төсегендей сезілетін жұмыр білегі неше қабат киім сыртынан жалын боп шарпыды қолтығымды. Тұла бойымды лапылдатып, қыс соңының кешкі ызғарын құлағыма да жуытар емес. Маңдайым терши түсті.

Қалыңдық жүрегінде келе жатқан «бақытты болудың ауыр күмәні» – тәтті ләззаттың ашты қатері мені де қинағандай, сол күдіктен біржолата құтқарудың қамы жалтақтата берді көзіне. Көнелік сенімін мысқылдағандай жымия қарауға тырыстым.

– Тағы да түс көрдің бе?

– Көрдім, – деп күбір ете түсті де, төмен қарап жасырын соза күрсінді.

Сол жөніндегі менің тілегімді қабылдашы Нұрияшым! Сенбеші сол түйсік алдамшысына!

– Қабылдағамын ғой!... Бірақ... неге көре беремін сол түсті?!...

– Хауіптеніп ойлаған сайын кіре береді түсіңе.

– Сені танитын... достарың да, жауларың да көбейіп кетті. Атыңды бір-біріңе сыртыңнан таныстырып келе жатқандарын көшеде жиі естіп өтетін болдым. Дәл осы жағдайда таныстың көбеюі үлкен қатер ғой?

– Сол қатердің – тыңшылардың Іле оқиғасынан бері жеңіліп келе жатқанын да естіп-көріп жүрген шығарсың?!






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных