Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Бірінші жоғарғы кіші азу тісі




сауытының сыртқы (кіреберіс жағының беті) қарсы тіс катарындағы ит тісінікіне ұқсас. Сауытының ішкі (тілдік) беті сыртқы ұрт жақ бетінен кіші және едәуір дөңестеу. Шайнау бетінен өтетін терең жүлге ұрттық және тілдік төмпешіктерін бөліп тұрады. Түбірі мезодистальды бағытта жапырылған, көбіне екеу. Мұндайда ұрттык және тілдік түбірлері жіңішке, ұштары өткір болып келеді. Зерттеулерден анықталғандай, тістің түбірі екіге бөлінгенде, ұрт төмпешігі сәл артқа қарай қисайыңқы және ірі болып қалыптасады.

Сауытының бұрыштық және түбірінің қисықтық белгілері айқын байқалады. Тіс қуысы да жандарынан (мезодистальды бағытта) жапырылған, күмбезі жақсы дамыған, ұрттық және тілдік ұлпа мүйіздері шайнау бетіндегі төмпешіктеріне сәйкестелген шұңқырларында жатады. Ұлпа мүйіздерінің биіктігі әр келкі, себебі ұрт мүйізі едәуір ірі және биіктеу. Түбір өзектері үнемі екеу, жиі ирелектеніп өтеді және жандарынан косымша өзектер ашылады. Түбірі толық ажырайтын болса, тіс сауыты қуысының түбінен түбір өзектеріне ашылатын екі анық тесікті көруге болады.

Тістің ұяшығы альвеолалық өсіндінің вестибулярлық бетіне жақын орналасады, қабырғаларын жұқа сүйектік табақша құрайды. Тіс ұяшығының артқы кабырғасында сүйектің кемікті заты жақсы дамыған, Түбірі екіге ажырағанда тілдік түбірі түбір аралық және ұяшыкішілік қабырғаларының, кемікті затында жатады. Тіс ұяшығының түбі гаймор қойнауының алдыңғы-төменгі қабырғасына жақын жатады. Тісті жұлғанда алғашқы ырғақтық қимыл алдыңғы бетіне қарай орындалуы тиімді.

Екінші жоғарғы кіші азу тісі сопақша пішінді, біріншісінен сәл кіші. Шайнау бе-тіндегі екі төмпешіктің биіктігі де, шамасы да бірдей. Әдетте, түбірі біреу, ұшына қарай сүйірлене келіп жіңішкереді. Тістердің тұсына қатысты белгілерін айқын байқауға болады. Тіс сауытының қуысы мезодистальды бағытта қысыңқы, бір немесе екі тубір өзегіне ауысады. Әдетте түбірі біреу. Тіс қуысының төбесінен шайнау бетіндегі төмпешіктеріне сәйкес екі ұлпа мүйізде-ріне арналған шұңқырды көруге болады. Тіс ұяшығы сопақша пішінді, түбі гаймор қойнауына таяу жатады, аралығын жұқа сүйек табақша шектейді.

Бірінші төменгі кіші азу тістің сауытын көлденең кесіндісінен қарағанда дөңгелек пішінді. Кіреберістік беті (вестибулярлық) тіл жақ бетінен едәуір ұзын, дөңестеу, ауыз қуысының ішіне қарай шалқайыңқы және ұрттық төмпешікпен аяқталады.

Шайнау бетіндегі ұрттық төмпешіктен тіс сауытының кіреберіс бетіне медиалъды және дистальды ойықтарын бөліп тұратын білік өтеді. Тістің түбірі біреу, әдетте тік, мезодистальды (бүйірінен) бағытта сәл қысыңқы. Сол себептен, түбірінің ұрт жақ беті ит тісіне ұқсас, тіл жақ беті жалпақ.

Тістің қай жақтығын айқындайтын сауытының қисықтық және бұрыштық белгі-лері айқын. Тістің қуысы жандарынан (мезодистальды бағытта) сәл қысыңқы және тарыла келіп, ұрттық төмпешігіне сәйкес ойықпен тұйықталады, ал екінші жағы -түбір езегіне жалғасады. Кейбір жағдайларда тілдік төмпешігінен қосымша кішігірім қалташықты көруге болады.

Тістің түбірі, әдетте біреу, өзегі кең, кейде екіге ажырауы мүмкін. Бірінші төменгі кіші азу тістің түбір ұяшығы, көршілес ит тіс ұяшығынан кіші. Тіс ұяшығының айналасында сүйектің кемікті заты жақсы дамыған. Тек тістің мойын тұсында ұяшықтың кіреберістік қабырғасында сүйектің кемікті заты болмайды.

Тісті жүлғанда алғашқы ырғақтық қимылы кіреберіс жағына карай орындалуы тиіс.

Төменгі екінші кіші азу тістің сауыты дөңгелек пішінді, себебі оның ұрттық төм-пешігі тілдік төмпешігінен сәл үлкен. Шайнау бетіндегі екі төмпешікті байланы-стыратын көлденең жүлге кейде үзілгенде, жандарындағы екі шұңқыр бір-бірімен қо-сылып, таға тәрізді ойық құрады.

Тістің түбірі бірінші кіші азу тістің түбірінен ұзын, ұшына қарай жіңішкере түседі, жандарынан сәл қысыңқы. Тістің қай жақтығын білдіретін белгілер айқын. Шайнау бетіндегі төмпешікке сәйкес тіс қуысының төбесінен екі шұңқырды көруге болады, түбірінен бір өзек өтеді. Тіс ұяшығы сүйектің кемікті затымен қоршалған, әдетте дөңгелек пішінді, түбі тереңге барады.

Тісті жұлғанда алғашқы ырғақтық қимыл кіреберіс жағына орындалуы ынғайлы.

Үлкен азу тістері, тағамды езгілеп ұсақтауға, үгуге арналған; сауыты ірі, шайнау беті жалпақ, одан 3-5 төмпешіктерді керуге болады. Жоғарғы үлкен азу тістердің түбірлері үшеу, төменгілерінде - екеу. Үлкен азу тістердің жалпы саны (бұзылмаған тіс қатарында) он екі, әр жақсүйегінде — алтаудан. Олар екінші кіші азу тістерден кейін жақсүйектердің екі жағында үш-үштен топтасып орналасады. Осылардың арасындағы біріншісін бірінші үлкен азу тісі деп, одан кейінгісін - екінші, соңғысын - үшінші деп атайды.

Жоғарғы үлкен азу тістері тек түбірлерінің санымен ғана емес, сондай-ақ сауытының құрылысы жағынан да өзара айырмашылықтары бар. Тіс сауыттарының шайнау беттері ромб тәрізді, төмпешіктерін бөліп тұратын жүлге "Н" әрпіне ұқсас. Теменгі үлкен азу тістердің сауыты тіс қатарының бағытына қарай ұзындау, төмпешіктерін бөліп тұратын жүлге "Х" тәрізді, немесе "Ж" әрпіне ұқсас.

Жоғарғы үлкен азу тістердің түбірі үшеу: екі түбірін ұрттық (бірін медиальды, екіншісін - дистальды) деп, ал үшіншісін -таңдайлық түбірі деп атайды. Төменгі үлкен азу тістері түбірінің бірін медиальды, екіншісін - дистальды деп атайды.

Шайнау бетіндегі төмпешіктерін ұрттық және тілдік деп, ал алдыңғы немесе артқы жағындағыларын - вестибулярлық (кіреберістік) және ауыз қуысы ішілік (оральды) деп атайды. Тіс қатарының бағытына қарай оларды медиальды және дистальды деп те атауға болады. Сөйтіп, әрбір шайнау төмпешіктерінің екі атауы бар: "ұрттық медиальды","тілдік дистальды " және т.б. Жоғарғы үлкен азу тістердің ұрттық төмпешіктері, тілдік төмпешіктерімен салыстырғанда, едәуір биік және өткірлеу болып келеді. Басқалары дөңгелектеу және аласа. Төменгі үлкен азу тістерінде ұрт төмпешіктері аласа және тайпақ, ал тілдік төмпешігі, керісінше - биік және ұштылау болып келеді.

Үлкен азу тістердің өлшемі (сауытының шайнау беті, түбірлері) біріншісінен үшіншісіне қарай біртіндеп кішірейе түседі. Тістердің орналасу ретіне қарай белгілері:

1.сауытының вестибулярлық бетінің қисықтығы мезодистальды бағытқа қарай құламалы;

2. сауыттың медиальды бұрышы шайнау беті жағына карай кішірейеді;

3. тістің түбірі дистальды жағына қарай қисаюы үлкен азу тістерінің бәріне бірдей тән белгі.

Жоғарғы бірінші үлкен азу тіс сауытының өлшемі мойнынан шайнау бетіне қарай өсе түседі. Шайнау бетінің пішіні ромб тәрізді, себебі оның ұзына бойынғы диагоналі ішкі ұрттық қырынан сыртқы тілдік қырына дейін жалғасады. Шайнау бетіндегі үш жүлге төрт төмпешік құрады. Медиальды (ішкі) жүлге жартылай доға тәрізді ұрттық бетінен ішке қарай өтіп, ішкі ұрттық төмпешігін шектейді. Дистальды (сыртқы) жүлге шайнау бетінің артқы медиальды жағында доға тәрізді өтіп, дистальды тілдік төмпешігін шектейді. Аталмыш екі жүлге шайнау бетінің орта шамасында қысқа жүлгемен бірігіп, дистальды ұрттық төмпешігін медиальды тілдік төмпешігінен бөліп тұрады. Шайнау бетіндегі медиальды жүлге тіс сауытының тіктеу, ұрт жақ қабырғасына жалғасады, ал дистальды жүлге -сауытының дөңестеу тіл жақ қабырғасына ауысады. Ұрт төмпешіктері тілдік төмпешіктерінен, ал медиальды төмпешіктері дистальды төмпешіктерінен едәуір ірі. Тістің ұрттық түбірлері жандарынан қысыңқы. Олардың ұштары бір-бірінен алшақтау жатады. Барлық түбірлерінің ұзына бойынан жүлге өтеді -

Тіс қуысы кең, көлденең кесіндісінен ромб тәрізді. Төбесінен, шайнау бетінің төмпешіктеріне сәйкес, ұлпаның төрт мүйіздері кіріп тұратын шұңқырларды көруге болады. Тіс қуысының түбі ойыстанып, түбір өзектеріне ауысады, Өзектерінің саны, түбірлерінің санына сәйкес үшеу кейде ұрт түбірінің өзегі екіге бөлініп -төрт өзек болып өтуі мүмкін.

Бірінші үлкен азу тістің ұяшығы өте кең және ұяшық ішінің түбір аралық кабырғалары қалың. Олардың ішіндегі ең ірісі ұрт түбірінің ұяшығы болып табылады. Оның түбі гаймор қойнауына өте жақын жатады, одан тек жіңішке ғана кортикальды табақшамен немесе тек кілегей қабықпен ғана бөлініп тұрады.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных