ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Ауыз қуысы кілегей қабығы эпителийінің (АҚКЭ) гистологиялық құрылысы.Ауыз қуысы эпителийінің қалыңдығы орта шамамен 200-600 мкм құрайды, эпидермиспен салыстырғанда (алақан мен табаннан басқа жерлерде) едәуір қалың; еріндердің және ұрттардың эпителийі өте қалың, альвеолярлық өсіндінің, қатты тадай мен қызыл иектің кілегей қабық эпителийінің орташа қалыңдықта, ал ауыз қуысының түбінде –жұқа. Эпителий ауыз қуысының 80 пайыз аумағын астарлайды, ересек адамдарда оның аумағы орта шамамен 172 шаршы см құрайды; эпителийдің 20 пайызға тіс айналасын астарлайды. Ауыз қуысының кілегей қабығын астарлайтын эпителий жасаушалары бірнеше қабат құрып жатады, сол себептен оны көпқабатты жалпақ эпителийі, lamina epithelialis, деп атайды. Эпителийдің екі түрін атап көрсетуге болады: көпқабатты жалпақ мүйізгектенбейтін және көпқабатты жалпақ мүйізгектенетін эпителийлер. Көпқабатты жалпақ мүйізгектенбейтін эпителий ауыз қуысы кілегей қабығының басым аумағын: ұрттарды, еріндерді, жұмсақ таңдайды, ауыз қуысы кіреберісінің өтпелі қатпарын, ауыз қуысының түбін және тілдің астыңғы бетін астарлайды. Мүйізгектенбейтін эпителиймен астарланған ауыз қуысы кілегей қабығының өткізгіштігі, мүйізгектенетін эпителиймен салыстырғанда, өте жоғары, ал соңғысының өткізгіштігі теріден едәіур басым. Кқпқабатты жалпақ мүйізгектенбейтін эпителий беткей (мүйізгектенбейтін), емізік және базальді үш қабаттан тұрады. Беткей қабаты жалпақ, ядролары көпіршікті (везикулды) немесе тығыздалған (пикнозды), құрамында гликоген дәндері мен жекеленген ұсақ кератогиалин дәндері және цитокератинді филоменнтері (цитоплазманың 70-75 пайыз көлемін қамтиды) бар жасаушалардан тұрады. Емізікті қабатымен салыстырғанда, мұнда органелдердің саны аз, плазмелласы қалың, жасауша аралық кеңістігі кері дамыған. Базальды қабаттың үстінде емізік қабаты, stratum spinosum, жатады. Емізік қабаты дұрыс емес пішінді, ірі жасаушалардан тұрады; олар бір-бірімен саңылаулар және құрамында цитокератинді филаменнтерінің талшықтары цитоплазмасының 30 пайыз көлемні құрайтын десмосомдар арқылы байланыс құрады. Бұл қабаттың жасаушаларынан кератиносомдарды –ұсақ (шамамен 250 нм), құрамында ферменттер мен липидтері бар дәндерді табуға болады. Дәнді қабатына жақындай келе жасушалар жалпақтанып, органелдерін жоғалта бастайды. Емізікті қабаттың орта шамасында көпбұрышты (полигональды) жасаушалар жатады, олардың бетін емізікті өсінділер жабатындықтан, емізікті қабат деп аталады. Емізік қабатының жасаушылық ядролары өздерінің пішініне және көлеміне сәйкес. Олар әдетте бірнеше қатар құрып жатады. Қатарының саны (5-7 және одан да көп болуы мүмкін) адамның жасына және эпителийдің атқару қызметінің ерекшелігіне байланысты. Маңындағы жасушаларына жалғасатын цитоплазмалық өсінділер айрықша эпителиальды талшықтарға – тонофибрильдерге ауысады. Базальды (негізгі, түбіне жақын, түбінде немесе астында жататын деген мағынаны білдіреді) қабаты жаңа жасушаларды түзе алатындығы ескеріліп, оны кейде «өскелең» немесе «ұрықтық» қабат деп атайды. Базальды қабатының камбиальдық жасушалары эпителийді астында жататын дәнекер тінімен байланыстырады. Бұл қабаттың камбиальдық (лат. Cambium-алмасу) жасушалары сопақша немесе цилиндрлі пішінді (куб тәрізді де болуы мүмкін). Олар бір-біріне тығыз орналасып, ұзындығымен базальды мембранаға көлденең жатуы, астындағы дәнекер тінімен байланыс құруына мүмкіндік береді. Базальды қабатының жасушалық ядроларының пішіні және көлемі әртүрлі. Жасушалық цитоплазманың базофильділі шашырандылығын рибонуклеин қышқылы (РНҚ) шоғырының көптігімен байланысты. Жасушалық цитоплазма митохондриге, дәнді әркелкі монофибрильдерге, эндоплазматикалық ретикулдерге, микро-және липидті дәндеріне, рибосомдарға, сондай-ақ полисомдарға өте бай; Гольджи кешені ұрттың базальды қабатының жасушаларында жақсы дамыған. Көпқабатты жалпақ мүйізгектенетін эпителийдің беткей қабатының жасушалары толық мүйізгектенбейтіндіктен, оларды мүйізгекті демей, мүйізгектенетін қабат деп атаған дұрыс. Көпқабатты жалпақ мүйізгектенетін эпителий ауыз қуысы кілегей қабығының атқаратын қызметінің ерекшелігіне байланысты, әр жерлерін астарлайды. Механикалық, химиялық және температуралық факторларымен жиі жарақаттанатын жерлерде мүйізгектену процесі үстемі өтеді. Олар: қатты таңдай, қызыл иек, тілдің үстіңгі беті (әсіресе жіпше бүртіктерінің ұштары). Ауыз қуысының көпқабатты жалпақ мүйізгектенетін эпителийі астында кілегейастының қабаты болмауынан ол жиі жарақаттандырады. Көпқабатты жалпақ мүйізгектенетін эпителий 4 қабаттан тұрады: базальды, емізікті, дәнді және мүйізгекті. Алғашқы екі қабатының құрылысы көпқабатты жалпақ мүйізгектенбейтін эпителийінікіне ұқсас. Тікенекті қабатының сыртындағы жасушалардың пішіні жалпақ, жиектеріне параллельді дәндә қабаты жатады. Дәнді қабатының жасушаларында дәндер және вакуольдерді азайып, кератогиалин дәндерінің шоғыры көбейеді. Мұнда ірі (0,5-1 мкм), құрамында филагрин және лорикрин белоктары бар, мүйізгек затының негізін (матриксін) құруға қатысатын базофильді кератогиалин дәндерін көруге болады. Сыртқы бетіндегі жасушаларының ядросы деформацияланып, қабығы біртіндеп ыдырай бастайды. Мүйізгек қабатының тұсында жасушалар күрт жалпақтанып, органелдерін және ядроларын жоғалтады, сусызданып, тығыз матрикске енген филоменттермен толады, плазмолемма белоктарының (негізінен инволюкрин) шөгуінен ішкі жағынан қалыңдай түседі-сөйтіп, мүйізгекті қабыршақтар пайда бола бастайды. Қабыршақтардың беті күрделі өзгеріске енеді. Мүйізгек қабатының сыртқы бетінде десмосомдар күйреп, эпителийдің бетінен қабыршақтар түлей бастайды. Ауыз қуысы кілегей қабық эпителийінің мүйізгекті қабаты, терінің эпидермисінен жұқа; қатты таңдайды оның қалыңдығы орта шамамен 15 мкм құрайды, қызыл иектің эпителийінен (10 мкм) қалың. Эпителийдің мүйізгектенуі, оның механикалық беріктігі, химиялық тұрақтылығының жоғарлығы және өткізгіштігінің төмендегі, ауыз қуысы кілегей қабығының қорғаныстық механизмінің нышаны болып табылады. Тітіркендіргіш факторлар (микробтық, механикалық, химиялық, температуралық) АҚКЭ үстемді әсер етуінде, оның мүйізгектенуі арта түседі (гиперкератоз). Эпителийдің шамадан тыс түлеуі, оның жіктеле жетілу (дифференцировка) процесінің бұзылысын байқатады және диагностикалық маңызы зор. АҚКЭ басқа да түлеу түрлері (айталық паракератоз) бар. Мұндайда мүйізгекті қабыршықтарында пикнозделген ядролар мен органелдердің қалдықтары сақталып қалады. Ауыз қуысының тіс-қызыл иектің байламының бекіткіш эпителиінің айрықша құрлысы мен қызметінің (стуктуралық және функциялық) ерекшеліктеріне жеке тоқталған жөн. Қызыл иектің жүлгенің түбін 15-30 жасуша қалыңдығы құрайды, тістің мойнына қарай олардың саны 3-4 жасушаға дейін азаяды; жасуша аралық кеңістігі күрт кеңейіп, десмосомдары азаяды. Осы эпителий арқылы сілекейден және ауыз қуысы кілегей қабығының бетінен тіндерге өте көп мөлшерде антигендердің өтуі, иммундық жүйесінің қызметін артады. Меншікті табақшаның қан тамырларынан эпителий арқылы қызыл иек жүлгесінің ішіне және сілекейге аса жоғары жылдамдықпен электролиттер, иммуноглобулиндер, комплементтің құрамдас бөлшектері және антибактериялық заттар өтеді. Кейбір антибиотиктер тек қаннан сілекейге ғана ауысып қоймай, қызыл иекте жинақталады, мұнда оның қанның сары суындағы концентрациясы 2-10 есе артады. Бекіткіш эпителийде көптеген нейтрофильді гранулоциттер мен моноциттерді кездеседі. АҚКЭ тосқауылдық қасиеті жасушалардың кең спекторлы антимикробтық пептидтерді, соның ішінде, катиондық белоктарды, кальпротектинді, в-дефензин және тілдік (лингвальды) антимикробтық пептидтердің түзулерімен байланысты. АҚКЭ ашық түсті, тығыз табақшалардан құралған базальды мембранада жатады. Оның құрамында ламинин гликопротеиндер, күлдіреуік антигені, фибронектин, протеогликан гепарин сульфат, коллагендердің 1V және V11 түрлері және энетатин бар. Базальды мембрана эпителийдің тосқауылдық қызметін атқаруға қатысады: жіктеле жетілуі (диффериецировка), поляризациялану және архитектоникасының бір қалыптылы тұрақтылығын сақтау; дәнекер тінмен байланысын нығайтуға дәнекер болуы; бөгде заттарды іріктеп сүзу (фильтрациялау). Кейбір аутоиммундық ауруларында эпителиоциттердің өзара немесе базальды мембранамен байланысы бұзылғанда, ауыз қуысы кілегей қабығының аса ауыр аурулары дамиды. Эпителийдің бүтіндігі және тосқауылдық қасиеттері үш жағдайға байланысты: 1) регенерция-толық жіктеле жетілмеген жасушаларының түзілуінен эпителийдің ең терең (базальды) қабатында олардың жетілген түрлері үнемі қалыптасып тұруы: 2) жіктеле жетілуі-жасушалардың морфологиялық және қызметтік сипаттары өзгеріп, үстіңгі қабаттарына ауысып отырады; 3) десквамация-эпителидің зақымданған және бетіне микробтар отырған жасушалардан тазарып тұруы. Ауыз қуысы кілегей қабығының мүйізгектенбейтін эпителийінің жаңарып тұруы, әдетте мүйізгектенетін эпителийден әлдеқайда жоғары. Қызыл иек эпителийінің жаңару кезеңі 41-57 тәулік, қатты таңдайдың-10-12 тәулік, ұрттың-25 тәулік (басқа мәліметтерден 10-14 немесе тіптен 4-6 тәулік) құрайды; тіс-қызыл иектік байламының бекіткіш эпителийде бұл процесс 4-6 тәулік аралығында өтеді. Тітіркендіргіш факторларынан, жарақаттан және кейбір ауруларында ауыз қуысы эпителийінің жаңаруы арта түседі. АҚКЭ беткей жасушаларының (немесе мүйізгекті қабыршықтары) беттері микробтармен бірге үнемі түлеп, тазарылып тұрады. Кілегей қабықтың эпителийінде бұл процесс эпидермиспен исалыстырғанда бірнеше мәрте жылдамдықта өтеді.Оның жылдамдығы тіс-қызыл иектік байламының бекіткіш эпителийінде өте жоғары (қызыл иектің эпителийінен 50-100 мәрте жоғары). АҚКЭ микробтардан тазарылуына оның бетінде шоғырланған нейтрофильді гранулоциттер және микробтарға қарсы тұратын факторлары ықпалын тигізеді. Микробтар көптеп шоғырланған эпителиоциттердің пайда болуы, ауыз қуысы кілегей қабығының тазарылуы механизмінің төмендігін білдіріп, кілегей қабықта инфекциялық процесстің даму қауіптілігінің жоғарылығын білдіреді. Цитологиялық зерттеулерінен анықталғандай, АҚКЭ бетінен үнемі лейкоциттер және жекеленген дегенеративті өзгеріске енген нейтрофильді гранулоциттерді кездістіруге болады. Нейтрофильді гранулоциттердің басым көпшілігі АҚК мүйізгекті эпителисіз жерлерде кездесуін, оның микробтарға қарсы тұру қасиетінің механизмі болып табылады. Нейтрофильді гранулоциттер патогенді микробтарды жойып (фагоцитоз) отырады. Олардың басым көпшілігін Т-жасушалары, соның ішінде 40% қозғалыстағы хелперлер болып табылады. АҚКЭ тосқауылдық қасиетіне Лангерганс жасушалары белсенді қатынасады. Олар жасушалық қауымдастығының 2 пайызын құрайды. Құрлысы және қызметі (морфофункциялық) жағынан олар эпидермистің жасушаларына ұқсас. Жасушалардың денелері базальды және (жиі) емізікті қабаттарында жатады, ал ұзын бүртікті өсінділері жоғарыдағы қабаттарға өтіп, дәнді қабатының мүйізгектенетін эпителийіне дейін жетеді. Лангерганс жасушалары, антиген тәрізді, Т-лимфоциттердің түзілуін үстемдеп, иммундық реакцияларының туындауына қатысады. Сонымен қоса, олар аллергиялық реакцияның және қабыну процесстің туындауына, өтуіне ықпалын тигізеді. Лангерганс жасушалары АҚК мүйізгектенбейтін эпителийінде тығыз жатады. Бекіткіш эпителийінде аталмыш жасушалар кездеспейді, кездессе де олар өте аз. Жаңа туған нәрестеде, ересек адамдармен салыстырғанда, жасушалардың саны өте аз. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|