ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Ауыз қуысы кілегей қабығының құрылысы.АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ ОРТА КӘСІБИ БІЛІМДІ МАМАНДЫҚ ДАЙЫНДАУ ФАКУЛЬТЕТІ СТОМАТОЛОГИЯЛЫҚ ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ Тіс және ауыз қуысы ауруларын емдеу және алдын алу» пәні бойынша МЕТОДИКАЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Құрастырған: Кабираева А.К.
ШЫМКЕНТ 2016 Кафедра мәжілісінің талқыланған Протокол №____ «______»________200__ж. Кафедра меңгерушісі бекітілген М.ғ.к.,______________________________Нургазиева Г.А.
Сабақ №1 1.Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Стоматологияның дамуының тарихи кезеңдері. Халыққа стоматологиялық жәрдем беруді ұйымдастыру. Медициналық құжаттама. 2.Сағат саны: 2 сағат100 мин(100%) 3.Сабақ түрі: теориялық сабақ 4.Сабақтың мақсаты: оқыту: Оқушыларды стоматологияның дамуының тарихи кезеңдерімен таныстыру. тәрбиелік: ОқушыларғаХалыққа стоматологиялық жәрдем беруді ұйымдастыруды түсіндіру. дамыту: Оқушыларға медициналық құжаттаманы толтыруды түсіндіру 5.Оқыту әдісі: пікірталас 6.Материалды-техникалық жабдықталуы: а)техникалық құралдар: компьютерлер, интерактивті тақта,мультимедиялық құрылғы. ә)көрнекті және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ. б)оқыту орны: 7. Әдебиеттер: Ескерту: әдебиеттер тізімін жыл сайын жаңартуға болады. Негізгі (Н): 1. «Терапевтическая стоматология» Под редакцией Е.В. Боровского.«Стоматология детского возраста», Т.Ф. Виноградова. 2. Виноградова Т.Ф. Организация профилактики кариеса зубов у детей в различные возрастные периоды // Т.Ф. Виноградова, Н.В. Морозова. – М: Медицина, 1987. – 257 с. 3. Костромская Н.Н., Глотова О.Н. Лечебные и изолирующие прокладки в стоматологии. М., Медицинская книга 2001г. 74с. 4. Курякина Н.В. Терапевтическая стоматология детского возраста // М. Медицинская книга. 2004. – 744 с. Қосымша (Қ): 1. Муравянникова Ж.Г. «Стоматологические заболевания и их профилактика» (Ростов на Дону, «Феникс», 2007г.) 2.Мирзаева Д.О «Тіс пен ауыз қуыс ауруларын емдеу және алды алу» Қарағанды 2012; 8. Ұйымдастыру кезеңі 11мин(6%) · Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. · Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. · Сабақтың мақсаты мен міндеті. 9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 27мин(15%) 10.Жаңа сабақты түсіндіру. 54мин(30%) Көптеген стоматологиялық аурулардың дамуында ауыз қуысында мекендейтін микробтардың рөлі өте үлкен. Ауыз қуысының микрофлорасы негізінде сапрофитті, адам филогенезі бойында құрылған болып келеді. Сонымен қатар, адамдардың кейбір әдеттері – ең алдымен көмірсуларды дұрыс емес және шамадан тыс қабылдау - микрофлораны тісжегі тудырушы дәрежеге айналдырады. Адам затын цивилизация өнімдерінен және тәтті тағам дардан бас тарттыру мүмкін емес, сондықтан, денсаулықты сақтау мақсатында адам мәдениетіне патогенді факторлардың кері әсерін бейтараптандыратын қимыл түрлерін енгізу қажет. Осы мақсатта стоматологиялық қызмет көрсетуші медицина жұмысшыларының кәсіби міндеттеріне санитарлық ағартушы жұмыс жүктелген. Стоматологиялық ағартудың оң нәтижесі – пациенттердің гигена ережелерін орындауы. Сонымен қатар біз пациенттерді алдын алу шараларын қолдануға ынталандыруымыз қажет. Санитарлық ағартушы жұмысты ұйымдастырудың бірнеше деңгейі бар: - популяциялық деңгей – бұл деңгейде қолданылатын әдістер халықтың кең ортасына арналған. Бұл шараларға, мысалы: гигиеналық заттар жарнамасы жатады, өйткені ол тазалық ережелерін түсіндіріп, халықтың зейін – көңілін стоматологиялық денсаулықты сақтауға аудартады. - топтық деңгей – Халықтың әр түрлі топтарында (бала бақша, мектеп, орта және жоғары оқу орындары, т.б.) білім беру жүйесі көмегімен іске асырылады. Бұған мұғалімдер, тәрбиешілер, педиатрлар және ата-аналар көмектеседі. - жекедара деңгей – пациенттерді үйрету дәрігерлік қабылдау барысында жүргізіледі. Егер пациент 6 жасқа дейінгі бала болса, оның ата-анасын оқытып, ынталандыру қажет. Стоматологиялық ауруларды алдын алуға бағытталған гигиеналық оқыту мен тәрбиенінің негізгі мазмұны келесі мәселелерді шешеді: 1) тістерді дұрыс тазалап күтуге үйрету 2) көмірсуларды қабылдауға үйрету 3) жағымсыз (зиян) әдеттерді шектеу 4) кішкентай балалардың ой санасына тістерді емдеудің, оларды сақтап қалудың маңыздылығына жеткізу. Ауыз қуысы гигиенасына күнделікті таңғы және кешкі астан соң тістерді тазалауды көздейді. Тіс щеткасымен орындалатын қимылдар, қызыл иектен тіс қырына қарай бағытталуы қажет: жоғарғы тістердің алдыңғы және артқы беттерін жоғарыдан төмен қарай, ал төменгі тістерді – астынан үстіне қарай тазалайды. Бүйір тістердің шайнау тіс щеткасын бүйір тістерден алдыңғы тістерге қарай қимылдатып тазалайды. Тістерді тазалауды түйіскен тістер мен қызыл иек бойымен тіс щеткасының айналдыра қимылдарымен массаждап аяқтаған дұрыс. Тіс щеткасы бірден 3-4 тісті ғана жауып тұруға тиісті екендігін ескеру қажет. Сондықтан сапалы тазалау үшін тіс қатарын шартты түрде 6 бөлікке бөліп, әр қайсысында 10 қимылдан жасаукерек. Көмірсулар мен қанттардың зиянды әсерін азайту үшін келесі ережелерді орындау қажет. · Түнге қарай тәтті тағам қабылдамау · Негізгі тағам қабылдау аралықтарында тәттіні жемеу · Тәттіні ақырғы тағам ретінде қабылдамау, ас қабылдауды пайдалы және қатты азықтармен аяқтау (алма, сәбіз, тұрып, жаңғақ т.б.) · Егер алғашқы үш ережені бұзса, ауызды жақсылап шайып тісті тазалау керек Ең ыңғайлысы - аптасына бір күнде «тәтті күн» деп белгілеу. Балаларға ауыз қуысын дұрыс тазалауды үйрету дидактикалық ойындар, әңгіме, т.б. қызықты түрлерде жүргізілу тиісті.
11.Жаңа тақырыпты бекіту. 63мин(35%) 12.Сабақты қорытындылау. 18мин(10%) - оқушылардың білім деңгейін бағалау; - келесі сабақтың тақырыбын бағалау; 13.Үйге тапсырма беру. 3.5мин(2%) Сабақ №2 1.Сабақтың тақырыбы: Бас сүйегінің, тістердің және ауыз қуысы шырышты қабығының анатомиясы. 2.Сағат саны: 2 сағат100 мин(100%) 3.Сабақ түрі: теориялық сабақ 4.Сабақтың мақсаты: оқыту: Оқушыларға жалпы бет жақ анатомиясын бір қайталатып түсіндіру. тәрбиелік: Оқушыларға бас сүйегінің, тістердің және ауыз қуысы шырышты қабығының анатомиясын талқылау дамыту: Жалпы тістердің анатомиясын түсіндіру 5.Оқыту әдісі: пікірталас 6.Материалды-техникалық жабдықталуы: а)техникалық құралдар: компьютерлер, интерактивті тақта,мультимедиялық құрылғы. ә)көрнекті және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ. б)оқыту орны: 7. Әдебиеттер: Ескерту: әдебиеттер тізімін жыл сайын жаңартуға болады. Негізгі (Н): 1. «Терапевтическая стоматология» Под редакцией Е.В. Боровского.«Стоматология детского возраста», Т.Ф. Виноградова. 2. Виноградова Т.Ф. Организация профилактики кариеса зубов у детей в различные возрастные периоды // Т.Ф. Виноградова, Н.В. Морозова. – М: Медицина, 1987. – 257 с. 3. Костромская Н.Н., Глотова О.Н. Лечебные и изолирующие прокладки в стоматологии. М., Медицинская книга 2001г. 74с. 4. Курякина Н.В. Терапевтическая стоматология детского возраста // М. Медицинская книга. 2004. – 744 с. Қосымша (Қ): 1. Муравянникова Ж.Г. «Стоматологические заболевания и их профилактика» (Ростов на Дону, «Феникс», 2007г.) 2.Мирзаева Д.О «Тіс пен ауыз қуыс ауруларын емдеу және алды алу» Қарағанды 2012; 8. Ұйымдастыру кезеңі 11мин(6%) · Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. · Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. · Сабақтың мақсаты мен міндеті. 9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 27мин(15%) 10.Жаңа сабақты түсіндіру. 54мин(30%) Ауыз қуысы, rami oris, алдынан екі (жоғарғы және төменгі) ерінмен, жандарынан ұртпен, үстінен – қатты таңдаймен, астына – ауыз қуысы түбінің диафрагмасымен және тілдің бұлшықеттерімен шектеледі. Тіс қатары мен қызыл иек ауыз қуысын екіге бөледі: ауыз қуысының кіреберісі және меншікті ауыз қуысы. Ауыз қуысының кіреберісі, vestibulum oris, таға тәрізді саңылау; тіс пен иек және ерін мен ұрт аралығында орналасады. Егер ауыз қуысының кіреберісін қандай да бір тез қатайғыш материалмен (парафин немесе гипс) толтырса, одан алынған үлгінің пішіні иілген табақшаға ұқсас болар еді. Ұрт пен еріндер жағына қарасты кілегей қабығының беті тегіс, ал тіс қатары жағының беті сәл бұдырлы. Ауыз қуысының кіреберісі түгелдей кілегей қабықпен, tunica micosa, қапталған. Еріндердің және ұрттардың кілегей қабығы қозғалмалы. Осы жерлердің кілегей қабықастының қабаты жақсы дамығандықтан, оны тартып созуға, қатпарға жинауға болады. Қызыл иектің кілегей қабықасты нашар дамыған, сол себептен бұл жердің кілегей қабығы қозғалмалы емес. Жақсүйектерінің қызыл иегі ұрт пен еріндерге ауысатын жерлерін ауыз қуысы кіреберісінің күмбезі, fornix superior және fornix inferior, немесе өтпелі қатпар деп атайды. Жоғарғы жақсүйегінде аталмыш қатпар гаймор қойнауы түбінің деңгейінен төмен жатады. Ауыз қуысы кіреберісінің кейбір жерлерінен кілегей қабықты үзбелер, frenulum labi, деп аталады тік қатпарларды көруге болады. Бұлардың ішіндегі ең ірісі – жоғарғы еріннің ортасынан өтетін үзбе, frenulum labi superioris, төменгі еріннің үзбесінен, frenulum labi inferioris, едәуір ірі. Жақсүйектерінің альвеолалық өсінділерін, қатты және жұмсақ таңдайды, сондай-ақ басқа да ауыз қуысы мүшелерін қаптайтын кілегей қабықтың анатомиялық және гистологиялық құрылысының ерекшеліктеріне ортопедиялық стоматология тәжірибесінде ерекше мән беріледі. Себебі, ауыз қуысы кілегей қабығының анатомиялық және құрыоыстық ерекшеліктері ескерілгенде ғана ыңғайлы және шайнау қызметін артуға мүмкіндік беретін ортопедиялық конструкцияларға дайындауға мүмкіндік туады. Ортопедиялық стоматология тұрғысынан ауыз қуысы кілегей қабығының екі түрін атап көрсетуге болады: қозғалмалы және қозғалыссыз. Беттің ымдау (мимикалық) бұлшықеттері жиырылғанда ауыз қуысының қозғалмалы кілегей қабығы орнынан жылжып, қозғалып тұрады. Қозғалыссыз кілегей қабықтың мұндай қасиеті жоқ деуге болады. Әйтсе де, «қозғалмайтын кілегей қабық» деп кесіп айтуға негізгі жоқ. Себебі, кілегей қабықты саусақпен басқанда, ол сүйекке қарай батып, орнында саусақтың ізі қалады. Кілегей қабықтың осындай енжарлық (пассивный) қозғалысын ортопедиялық стоматологияда икемділік (податливость) қасиет деп бағаланады. Айталық, қатты таңдайды қаптайтын кілегей қабық қозғалмаса да бір шама икемділі болып келеді. Ғалымдардың зерттеулері бойынша, ауыз қуысының кілегей қабығы морфологиялық және қызметтік тұрғыдан үш түрге бөлінеді: шайнаулық, астарлаушы және ерекшеленген (специализированные). Шайнаулық кілегей қабығы таңдайды және қызыл иекті қаптайды, негізінен тағамның механикалық өңдеуіне қатысады. Ол көпқабатты жалпақ мүйізгектенетін эпителиймен астарланған, сүйекке тығыз беттесіп жатады, қозғалмалылығы төмен, беріктігі өте жоғары бола тұра, өткізгіштігі нашар. Астарлаушы кілегей қабық ұрттарды, еріндері, жұмсақ таңдайды ауыз қуысына қарасты жағынан және тілді астынан қаптайды. Ол көпқабатты жалпақ мүйізгектенбейтін эпителиймен астарланған, қозғалмалы, серпімділігі және өткізгіштігі жоғарғы, негізінен бұлшықеттке, жартылай сүйекке бекиді. Ерекшеленген кілегей қабық тілдің үстіңгібетін жабады; ол көпқабатты мүйізгектенбейтін эпителиймен, ал кейбір бөлімдері-ерекше емізіктері және дәм сезу рецепторлары бар мүйізгектенетін эпителиймен астарланған; кілегей қабықтың астында жататын бұлшықетке бекиді, қозғалмалы, механикалық беріктігі жоғары. Ауыз қуысы кіреберісіне ұрттың және еріннің көптеген ұсақ және құлақ маңы сілекей бездерінің түтіктері ашылады. Құлақ маңы сілекей безі түтігінің аузы (тесігі) кілегей қабық бетінен сәл көтеріліп орналасады, оны құлақ маңы сілекей безінің емізікшесі, papilla parotidea s. papilla salivalis superior, деп аталады. Әдетте, оны жоғарғы екінші үлкен азу тістің тұсынан көруге болады. Меншікті ауыз қуысы, cavum oris proprium (ауыз-грекше stoma) ас қорыту жүйесінің бастапқы бөлімі. Мұнда ауыз қуысындағы тағамның сапасына баға беріліп, оның механикалық өңделуі және алғашқы химиялық қорытылу процесі өтеді. Тағамның механикалық өңделуі барысында тістер тағамды уақтап, жұтуға дайындайды, ал химиялық өңделуінде – тағамның құрамындағы көмірсутегі сілекей құрамындағы ферменттермен жартылай ыдыратылады. Меншікті ауыз қуысының үстіңгі қабырғасын қатты жұмсақ таңдай, төмен жағын – тіл және астынан өтетін ауыз қуысының түбі құрайды, екі бүйірін –жоғарғы және төменгі тіс қатары мен қызыл иек шектейді. Алдыңғы жағынан және жандарынан меншікті ауыз қуысы ауыздың кіреберісімен, ал артынан – жұтқыншақпен қатынасады. Ауыз кең ашылғанда меншікті ауыз қуысы мен ауыз қуысының кіреберісі бір-бірімен жағаласады, ал жоғарғы және төменгі тіс қаттары қабысқанда, олар өздерінің артқы бөлімдерімен, spatia retrodentalia, өзара қатынас жасайды. Ауыз қуысы түгелдей көп қабатты жалпақ эпителийлі кілегей қабығымен астарланған, ол өзалды коллагенді және эластикалық талшықтардан тұратын меншікті табақшада, lamina propira, жатады. Қалыпты жағдайда ауыз қуысының кілегей қабығында, тері эпидермисінің мүйізгектену процесіндегідей, белоктық қосындылар (кератогиалин, элейдің, кератин) түзілмейді. Ауыз қуысының кілегей қабығы қан тамырларына өте бай болуы және оның мүйізгекті қабатының жоқтығы түсін қызғылт қылып көрсетеді. Ауыз қуысы кілегей қабығының кейбір жерлерінде дәрі-дәрімектер лезде «сіңетін» орындар бар. Осы жерлерде ауызға салынған дәрі-дәрімектер қан арнасы тез сіңіп, ағзаға лезде әсерін тигізеді. Әдетте жүрегі ауыратын адамдар ауыз қуысы кілегей қабығының осныдай қасиетін біліп, валокардин немесе карволол тамшысын тіліне тамызып ем алады. Адам аузын спиртпен шайғанда тез мас болатынын екінің бірі біле бермеуі мүмкін. Ауыз қуысының пішіні мен көлемі және құрылысы оны қоршайтын бұлшықеттердің даму деңгейі мен атқару қызметтеріне байланысты. Негізінен ауыз қуысы ымдау бұлшықеттерімен қоршалған. Ымдау бұлшықеттері ауыз қуысының сыртында радиалды немесе шеңберлі бағыт құрып өтеді. Осы жерлерде бұлшықеттер теріге немесе теріасты шел қабатына берік бекитіндіктен, тері бетіне қыртыстар мен қатпарлар қалыптасады және ауыз қуыс саңылауын кеңейтіп немесе тарылтып тұрады. Ауыз қуысының сыртын тері қаптайды, оған ымдау бұлшықеттерінің шеттері бекиді. Ер адамдарға, әдетте бұл аймақтың терісінде мұрт және сақал өседі, әйелдермен салыстырып қарағанда, олардың терісі қалың және тығыз болып келеді. Ауыз қуысы сыртынан жоғарғы және төменгі еріндермен шектеледі. Еріндердің бұрыш құрып қосылатын жерін езу деп аталады. Кіші немесе үлкен көлемді ауыз деп айтылғанда, әрине еріндер жөнінде сөз қозғалады. Ауыз жөнінде айтылғанда «оймақтай», «салпақ», «бұртиған» немесе «бақа ауызы» деген сөздер қолданылады. Осы айтылғандардың барлығы дерлік еріннің қалыңдығына немесе жұқалығына, ішке кіріңкі немесе сыртқа шығыңқы болуымен байланысты. Клиникалық тәжірибеде Мелькерсон-Розенталь синдромымен сипатталатын сырқат кездесіп тұрады. Бұл тұқым қуалаушылық немесе жанұялық аурулар қатарына жататын дерттің бір түрі. Дерттің басты клиникалық белгісі –еріндердің әлсін-әлі қайталанып ісінуі.
Ауыз қуысы кілегей қабығының құрылысы. Ауыз қуысын ішінен қаптайтын кілегей қабық қозғалмалы және қозғалыссыз болуына қарай, тығыз және борпылдақ түрлеріне бөлінеді. Тығыз кілегей қабық жақсүйектердің альвеолалық өсінділерін және қатты таңдайдың бетін қаптайды. Қалыпты жағдайда тығыз кілегей қабықтың эпителий мүйізгектенуі тиіс. Бетіне дәнекер тінді талшықтар тік бағытта өтетіндіктен, хирургиялық іс-әрекеттерінде кілегей қабықты сүйек қабынан ажырату едәуір қиындық тудырады. Оның орнына кілегей мен сүйек қабығын бірге тіліп, қиық дайындау, әлдеқайда жеңіл. Тығыз кілегей қабық, сондай-ақ тілдің бетін қаптайды. Қан және лимфа тамырлары бұл жерлерде өте жақсы дамыған. Осыған байланысты, кішкене көлемді карциноманың өзі ауқымды метастаз беруі мүмкін. Себебі, тілдің кілегей қабықастында борпылдақ дәнекер тіні болмауынан қабыну процесі өтпей, уақытша болса да карциноманың дамуын тежей алмайды. Тығыз кілегей қабық ерінді ауыз қуысының кіреберісі жағынан қаптайды. Еріннің кілегей қабығы мен дөңгелек бұлшықеті аралығында оны жұмсартып тұратын ұсақ сілекей бездері өте көп кездеседі. Кілегей қабық еріндерді бір-бірімен қабысып тұратын жеріне дейнң жауып, біртіндеп көпқабатты жалпақ эпителиге ауысады. Мүйізгектенетін және мүйізгектенбейтін эпителилер аралығын микроскоппен айқын көруге болады. Ерінді ішкі бетінен жабатын эпителилі өте жұқа. Мұқият қарағанда, еріндердің кілегей қабық бетінен кіші сілекей бездерінің өзектері ашылатын жерлерде сілекейдің ұсақ тамшыларын көруге болады. Осындай тамшыларды жұмсақ таңдайдың кілегей қабық бетінен де көруге болады. Ұрттың және тілдің кілегей қабық беттерінен кіші сілекей бездерінің өзектері ашылса да, олар көзге анық көріне бермейді. Борпылдақ дәнекер тінді кілегей қабығы ұртты және ауыз қуысының түбін жабады. Ұрттың кілегей қабығы, басқа жерлердің кілегей қабығымен салыстырғанда, әлде- қайда қалың, кейде бұл жерден тіс сауытының қалған іздерін көруге болады. Кілегей қабықтың қалың болуы эмбриогенездік бітіміне байланысты. Толық ұртты, Биша май түйіршігі жақсы дамыған адамдарда бүйір тістері қабысқанда, ұрттың кілегей қабығы жиі жарақаттанады. Қызыл иектің және таңдайдың кілегей қабығымен салыстырғанда, ауыз қуысының, ұрттың және еріндердің кілегей қабығының эпителилері үнемі түлеп тұрады, сол себептен түсі ашық қызғылт. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|