ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Ауыз қуысы кілегей қабығы эпителийінің гистологиялық және физиологиялық ерекшеліктері.Ауыз қуысының кілегей қабығы түгелдей эпителимен қапталған Эпителийі еріндердің қызғыл жиегіне, әрі қарай бет терісінің эпителийіне, көмейде – жұтқыншақтың кілегей қабығына ауысады. Қалыпты жағдайда ауыз қуысының эпителийі тіс аймақтарына үзіліссіз жалғасады. Бұл жерлерде кілегей қабықтың эпителийі қатпарлар құрып, кейін физиологиялық тіс-қызыл иектің қалта атауымен насмит қабығына ауысады. Қызыл иектің емізіктері жоғарғы азу тістері тұсында едәуір ұзын (438,4 микрон), ал төменгі азу тістерді тұсында қысқа (79,2 микрон). Қабыну процестерінде емізіктердің ұзындығы арта түседі (Nozaka, 1972). Тіс –қызыл иектік қалталарының эпителийі тістің эмаліне бекитіні жөнінде көптеген пікірлер айтылып келеді. Зерттеушілердің басым көпшілігі қызыл иектің эпителийі эмальдің насмит қабығымен тығыз бітісетіндігін мәлімдейді. Енді біреулері (Waerhang 1952), эпителий табақшасы эмальмен бітіспейтіндігін, тек оның бетімен жанасып өтетіндігін мәлімдейді. Зерттеулер барысында анықталғандай, қызыл иектің эпителийі тіс кутикуласымен тығыз байланыс құртатындығы, тіс байламының көп қабатты жалпақ эпителийі қалыпты жағдайда мүйізгектенбейтіндігі анықталған. Эпитлийдің астында емізікті қабатының болмауынан, эпителий мен дәнкер тіннің шекарасы тегіс болып өтеді. Тіс қызыл иектің қалтаның кілегей қабығын астарлайтын эпителий тістің насмитті қабығымен бітісіп, оның түбін құрайды. Басқа жерлердің кілегей қабығымен салыстырғанда, физиологиялық қалыпты жағдайдағы тіс-қызыл иектік қалтаның эпителий жасаушылары баяу түлейді, мүйізгектену процесі мұнда өте аз өтеді. Ауыз қуысының жиі жарақаттанатын жерлерінің эпителиі тығыз болып қалыптасуы, негізінен кілегей қабықтың қорғаныстық қасиеттерін білдіретін сипат. Кілегей қабық эпителиінің қорғаныс қасиетінің белсенділігі әр жерде әркелкі. Айталық, эпителийі ауқымды жерлерде (қызыл иектің жиектері, тілдің үстіңгі беті, қатты таңдай) механикалық, химиялық және температуралық тітіркендіргіштерге мүйізгектену процесі үстемі өтеді. Эпителий қабаты жұқа жерлерде, осныдай тітіркендіргіштерге, оның бүтіндігі бұзылып, жара пайда болуы мүмкін. Ауыз қуысының әр жерлеріндегі кілегей қабықтың түсі әр түрлі. Әдетте, оның түсі екі себепке байланысты: кілегей қабықтың қантамырлау және мүйізгектену деңгейіне. Ауыз қуысы қабығының түсі бозқызғылт түстен қаныққан қызғылт түске дейін жетуі мүмкін. Кілегей қабықасты мен терең қантамыр торы жоқ жерлерінің кілегей қабығы бозқызғылт түсті (қызыл иек, қатты таңдай). Басқа аймақтардың, айталық тіл, ұрт, жұмсақ таңдай және ауыз қуысы түбінің кілегей қабығы қызғылт түстен қаныққан қызыл түске дейін жетеді. Ауыз қуысы түбінің және тілдің астыңғы бетінің артқы үштен бір бөлімінің кілегей қабығы қоңыр-көкшіл түсті жіңішке жолақ секілді болып көрінеді. Әдетте, егде жастағы адамдардың тіласты кілегей қабығы көкшіл түсті болып көрінуі осы араның кілегей қабықастындағы көк қан тамырлар кілегей қабығына жақын жатуымен байланысты. Кілегей қабықастындағы қабаты жақсы дамыған жерлерде эпителийдің көптеген түзілістері жатады. Олар еріндерде, ұрттарда және таңдайда жататын кілегейлі бездер болса, ұртта, еріндерде кері дамыған (инволютитік) май бездері жатады. Кілегей қабықасты жақсы дамыған бөлімдерде сілекей бездерінің түтіктері өтеді: Стенонов, Вартонов, Бартолинов түтіктері. Тілдің үстіңгі бетінің алдында бездер кездеспейді. Оның түбінде жатқан науа бүртіктері айналасындағы қатпарларынан сірлі бездерінің өзектері ашылады. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|