ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Жоғарғы оң жақ үшінші ұлкен азу тісіӘдетте, тістің сауыты кіші, шайнау бетінен үлкен үш, кейде одан да кеп төмпешіктерді көруге болады, саны алтауға дейін жетуі мүмкін. Түбірлері басқа жоғарғы үлкен азу тістердікіне ұқсас, саны үшеу, кейде одан да көп. Тіс қуысының пішіні сауытына сәйкес, Түбір өзектері бір –бірімен қосылып өтеді. Тіс ұяшығы кіші, кабырғаларының кортикальды табақшасы жұқа. Төменгі бірінші үлкен азу тістің сауыты куб тәрізді. Шайнау бетінен мезиодис-тальды жүлгемен шектелген бес төмпешікті көруге болады. Сауытының ұрт жақ беті томпақ, тістің шайнау бетіне қарай жақындай келе ауыз қуысының ішіне қайырылған ірі, жайпақтау медиальды және дистальды ұрттық төмпешіктеріне ауысады; кейде бесінші дистальды төмпешігі қалыптасуы мүмкін, ол басқаларынан кіші және шеткері жатады. Сауытының тіл жақ беті тегіс, қабырғасы тік жоғары көтеріліп, шайнау бетіндегі биіктеу және суйір медиальды және дистальды тілдік төмпешіктеріне ауысады. Медиальды екі төмпешік басқаларынан ірі. Төмпешіктердің арасындағы ең кішісі - дистальды төмпешік, кейде ол тіптен болмауы да мүмкін. Қайткенде де, шайнау бетіндегі мезодистальды жүлге сауытының бұрыштық белгісі ретінде айқын байқалады. Дистальды бүйір беті, әдетте, томпақтау. Тістің екі тү-бірі де жандарынан жапырылған. Медиальды түбірі дистальды түбірінен ұзын және ұшы доға тәрізді иіліп өтеді. Тістің тұсын айқындайтын белгі - түбірлерінің дистальды жаққа қисықтығы. Тістің қуысы кең. Оның қабырғалары ішіне қарай кіріңкі. Төбесінен шайнау бетіне қарай кіріңкі төрт немесе бес қалта қалыптасады. Екеуі бірігіп медиальды түбірінің өзегіне жалғасуы мүмкін. Дистальды түбірінен екі өзек етеді. Тіс ұяшығы сүйектің кемікті затында жатады. Төменгі жақсүйек нервтің өзегіне жақын немесе тиіп жатуы мүмкін. Тіс уя- шығы ішінің түбір аралық қабырғалары жұқа, тубірлеріне сәйкес иіліп өтеді. Төменгі екінші үлкен азу тістің алдындағы тістен сәл кіші. Сауыты куб тәрізді. Шайнау бетіндегі крест тәрізді жүлге төрт төмпешікті бөліп тұрады: жалпақтау екеуін ұрттық деп, ал ұштылауын - тілдік төмпешіктері деп атайды. Медиальды төмпе-шіктері дистальды төмпешіктерінен ірі. Ұрттық беті тіл жақ бетінен томпақтау. Екі медиальды және дистальды түбірлері бас-қа тістердікіндей емес, бір-біріне жақын жатады, кейде қосылып та өтуі мүмкін. Түбірлері жандарынан қысыңқы, бүйір жандарынан жүлге өтеді. Тістің тұсын көрсететін белгілер айқын. Тістің қуысы бірінші үлкен азу тістікін ұқсас, сөйте тұра медиальды түбірінен өтетін екі өзек жиі бір-бірімен қосылып өтуі мүмкін, мұндайда әр тіс түбірінен бір өзек өтеді, Тістің ұяшығынан түбірлеріне сәйкес жеке екі түбір ұяшығын көруге болады. Түбір ұяшықтарының түбі төменгі жақсүйек нервтің өзегіне өте жақын жатады. Төменгі үшінші үлкен азу тісі, ақыл тіс деп те аталады, dens sapientiae inferior. Басқа төменгі үлкен азу тістермен салыстырғанда, сауыты кішілеу. Шайнау бе-тіндегі төмпешіктердің саны 3-6 дейін жетеді, одан да көп болу мүмкін, жиі төртеу-бесеу. Тістің қуысы сауытына сәйкес. Түбір өзегі екеу: медиальды және дистальды. Олар жиі өзара қосылып, бірігіп өтуі мүмкін. Тіс ұяшығы терең болмаса да, жақсүйектің бұрышында орналасады, түбі оның өзегіне жақын жатады.
11.Жаңа тақырыпты бекіту. 63 мин(16%) 1.Тіс гистологиясы 2.Тіс анатомиясы 3.Тіс шығу мерзімі 4.Тіс формуласы 12.Сабақтықорытындылау. 18мин(10%) - оқушылардың білім деңгейін бағалау; - келесі сабақтың тақырыбын бағалау; 13.Үйгетапсырма беру. 3,5мин(2%) Сабақ №4 1.Сабақтың тақырыбы: Стоматологиялық дәрігерлік құралдарды залалсыздандыру. 2.Сағат саны: 2 сағат100 мин(100%) 3.Сабақ түрі: теориялық сабақ 4.Сабақтың мақсаты: · оқыту: Оқушыларды cтоматологиялық дәрігерлік құралдарды залалсыздандыруды түсіндіру · тәрбиелік: оқушыларға жалпы стерелизация жайлы түсіндіру · дамыту: оқушыларға жалпы стерелизация жайлы видео көрсету · 5.Оқыту әдісі: пікірталас 6.Материалды-техникалық жабдықталуы: а)техникалық құралдар: компьютерлер, интерактивті тақта,мультимедиялық құрылғы, стоматологиялық құрылғы ә)көрнекті және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|