ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Жаңа сабақты түсіндіру.Тақырыбы: Ауыз қуысының жеке тазалығына қолданылатын қажетті заттар мен тазалау тәсілдері. Көптеген зерттеулер негізгі стоматологиялық ауруларды, тісжегі мен пародонт ауруларын алдын алуға мүмкіндік барын дәлелдейді. Стоматологиялық денсаулықты сақтаудың ең басты кепілі – ауыз қуысының тазалығын екені мәлім. Тістерді күнделікті тазалау, жұмсақ тіс қақтарын жою тіс кіреукесінің жетілуіне ықпал етеді. Гигиеналық заттардың биологиялық белсенді компоненттері тіс тіндері мен пародонтты кальций, фосфор тұздармен, микроэлементтермен, дәрумендермен құнарландырады. Тістерді тазалау барысында қызыл иекті щеткамен уқалау арқылы зат алмасу белсендігі артады, пародонт тіндерінде қан айналуы жақсарады.
Ауыз қуысының жеке тазалығына қажетті заттармен құралдар: Ауыз қуысының тазалығына қажетті құралдар: 1. Тіс щеткалары. 2. Тіс аралықтарына арналған құралдар: а) флосстар, ленталар; б) тіс тазартқыш (зубосчетка) в) тісаралық белсендіргіштер; г) ирригаторлар; д) ерекшеліктер; е) арнайы стоматологиялық щеткалар; Тіс щеткасы тіс пен қызыл иек бетінен қақтарды тазалауға арналған негізгі құрал. Қазіргі уақытта тіс щеткасының көптеген модельдері бар, әйтсе де, барлығы мына бөліктерден тұрады: сапшасы және жіпшелері түптесіп орналсқан басы. Тіс щеткалары басының пішіні, мөлшері, жіпшелердің ұзындығы, қалыңдығы, орналасуы, сабының түрлері бойынша ажыратылады. Тіс щеткаларын дайындау үшін табиғи жіпшелер және синтетикалық талшықтар (нейлон, сетрон, перлон, полиуретан) қолданылады. Синтетикалық талшықтар табиғи қарағанда (шошқа, сиыр жүгі талшықтары) артық болып келеді (тегіс, ішінде қуыс жоқ, ұшы доғалданған). Тазалау сапасы тіс щеткасының қаттылығына байланысты, талшықтар қаттылығы 5 дәрежеде бағаланады: өте қатты, қатты орта дәрежелі қатты, жұмсақ, өте жұмсақ. Балаларға арналған щеткалар жұмсақ және өте жұмсақ талшықтардан дайындалады. Қалыпты жағдайда қаттылығы орта дәрежелі щеткалар өте қолойлы, тазалау сапасы жоғары. Щетканың құрылысында талшық түптерінің пішіні мен жиілігі де маңызды. Түптер арасы 2,2-2,5 мм, орналасуы – параллельді болса – тіс щеткасы қарапайым және тиімді болады. Тіс щеткасының басы ең қызметші бөлігі болғандықтан, оның ұзындығы да маңызды. Басы кішірек щеткалар тиімді болады, өйткені тіс қатарының барлық аймақтарын жақсы тазалауға мүмкіндік береді. Балалар үшін тіс щеткасының жұмысшы бөлігінің ұзындығы 18-25 мм, ені 7-9 мм болғаны дұрыс, ал ересектерге – ұзындығы 23-30 мм, ені – 7,5 -11 мм болуы тиісті. Соңғы жылдары электрлі тіс щеткалары пайда болады, оларда автоматты қимылдар бар – вибрациялық немесе айналдыра. Бұл қимылдар сабының ішінде орналасқан мотор көмегімен орындалады. Қимылдар жиілігі өте жоғары, минутына 50 қимылға дейін. Электрлі тіс щеткаларын балаларға, мүгедектерге, қарт адамдарға ұсынған дұрыс. Тіс щеткасы оңай былғанады, сондықтан оны жақсылап тазалау қажет. Тіс тазалап болған соң щетканы су ағымы астныда шайып, толық қалдықтарынан тазалау керек және тез кебуі үшін басын жоғары қаратып ыдысқа салады. Тіс щеткасында тозу белгілері пайда болысымен оны ауыстыру керек, өйткені ол қызметтік тұрғыда жарамсыз болып қалады. Тіс щеткасынан талшықтардың түсуі, түтілуі, қысқаруы пішінінің өзгеруі тозу белгілері болып келеді. Әдетте, бір жыл арасында табиғи талшықтардан жасалған щетка 6-7 мәрте, ал жасанды – 10 рет ауыстырылуы қажет, яғни ай сайын. Себебі 30-40 күн ішінде тіс щеткасында микробтар өте көп жиналып, оны толық тазарту мүмкін емес болады. Бірақ, ауыз қуысы тазалығын тек қана тіс щеткасымен қамтамасыз ету қиын, сондықтан тіс араларын жақсы тазалайтын құралдарды қолдану аса маңызды: флосстар, тіс тазартқыштар, т.б. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|