Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ауыздың ойылуы /стоматиттер/.




Ауыздың шырышты қабығының аурулары көбіне организм әлсіреген, ауырғыш, иммунитеті төмен балаларда және бала күтімінің гигиеналық тәртіптер сақталмаған кезде жиі ездеседі.

Себептері: Әртүрлі микробтар (стафилококктар, стрептококктар) мен вирустар. Бұл микроорганизмдер аызға таза емес ыдыстармен, ойыншықтармен, әртүрлі күтім бұйымдарымен түседі.

Айқындалуы: Ауыздың шырышты қабығының зақымдану дәрежесіне байланысты:

  1. Катаральды
  2. Герпесті
  3. Жаралы деп бөлінеді.

Катаральды стоматит -ауыздың, қызыл иектің шырышты қабықтары қан кернеп, ісінеді, баланың аузынан сілекей шұбырады, кейде дене қызуы көтеріледі, бала тамақты нашар ішеді. Стоматиттің бұл түрі емшек жасындағы балаларда жиі кездеседі.

Герпесті стоматит немесе ұшық шығудан ауыздың ойылуы, қоздырғышы-вирустар, бұл ауру 6ай-3жас аралығындағы балаларда жиі кездеседі. Баланың аузынан сілекей шұбырып, шырышты қабығын қан кернеп, ісініп, онда әртүрлі көлемді, айналасында алқызыл жиегі бар ақшыл-сары күлдіріктер /афты/ пайда болады. Мұндай күлдіріктер баланың ұртына, тіліне, қызыл иекте, кейде таңдайына шығады. Афтылардың саны 6-7-ден 20-25-ке дейін болуы мүмкін. Афтылардың бірнешеуі қосылып, кейде үлкен күлдіріктер пайда болады. Баланың денесінің қызуы 37-400С-қа дейін көтеріледі, бала мазасызданып, тәбеті төмендейді, тамақты аз ішкеннен салмағы төмендейді, терісі бозарып, кейде аузының айналасына да күлдіріктер шығуы, қызыл иегінен қан көрінуі мүмкін.

Жаралы /язвенный/ стоматит -жасы үлкен, кариесті тістері бар балаларда кездеседі.-қан кернеген, ісінген шырышты қабықтар, жаралар пайда болады, аузынан сүйкімсіз иіс шығады.

Емі және күтімі:

  1. Стоматитпен ауырған баланы сау балалардан оңашалау керек.
  2. Балаларға бөлек ыдыс, ойыншықтар бөлу.
  3. Баланың тамағы құнарлы, барлық керекті заттар мен витаминдері мол болуы керек. Тамақ жылы, жұмсақ болуы керек. Өте ыстық, ащы, қышқыл тамақтарды беруге болмайды.
  4. Тамақ ішкізердің алдында ауыруын басу үшін шырышты қабығына 2-5%-ті анестезен ерітіндісін жағуға болады.
  5. Ауызды әлсіз марганцовка, фурациллин, сутегі асқын тотығы ерітінділерімен, 1-2%-ті трипсин, панкреатин ерітінділерімен шайып, 0,25%-ті оксалин, 5%-ті метилурацил, интерферон майларымен майлау керек.
  6. Баланың қорғаныш күштерін күшейту үшін оған метилурацил, пентоксил беріледі.
  7. Симптоматикалық ем –қызуға қарсы, теріге шыққан күлдіріктерді емдеу т.б.

Ауыздың уылуы /молочница /.

Ашытқы тәріздес саңырауқұлақтармен шақырылады. Ауыздың уылуына байланың күтімінің нашар болуы, гигиеналық ережелердің сақталмауы, кейде антибиотиктерді ұзақ пайдалану себеп болады.

Айқындалуы -ауыздың шырышты қабығын қан кернеп, онда ақ, ұйған сүт сияқты қатпарлар пайда болады. Қатпарлардың көлемі әртүрлі болады, олар баланың ұртына, еріндеріне, тіліне, таңдайына, кейде тіпті өңешіне де шығады. Мұндайда баланың емуі, жұтуы қиындайды, балалар тамақтан бас тартады.

Емі:

1.2%-ті ас содасының, 1%-ті метилен көк, 100%-ті қант сиропымен баланың аузын тазалау керек.

2.Балаға саңырауқұлаұтарға қарсы антибиотиктер-нистатин, леворин беру.

Алдын алуы:

1. Аналар мен медицина қызметкерінің гигиеналық тәртіпті мұқият сақтауы.

2. Шөлмектер, емізіктер, емшектің ұшын, ойыншықтарды таза сақтау.

3. Стоматит болған балаларды уақтысында анықтап оңашалау, эпидемияға қарсы шараларды өткізу – ыдыс-аяқ, ойыншықтарды қайнату, бөлменің ішін 1-2%-ті хлораминмен жуу, үйдің ішін 2 рет 20-30 минут ультракүлгін сәулемен сәулелендіру, жиі желдету.

4. Балаларды шынықтыру.

5. Антибиотиктерді бақылап беру.

11.Жаңа тақырыпты бекіту. 63мин(35%)

1. Ауыз қуысы шырышты қабығының аурулары

2. (жіктелуі, жарақаттан және дәрі – дәрмектерден болған стоматиттер, вирустық және саңырауқұлақтық стоматиттер, арнайы (спецификалық) стоматиттер)

12.Сабақты қорытындылау. 18мин(10%)

- оқушылардың білім деңгейін бағалау;

- келесі сабақтың тақырыбын бағалау;

13.Үйге тапсырма беру. 3.5мин(2%)

 

Сабақ №9

1.Сабақтың тақырыбы: Тіс жегі қуысын препараттау кезеңдері

2.Сағат саны: 2 сағат100 мин(100%)

3.Сабақ түрі: теориялық сабақ

4.Сабақтың мақсаты:

оқыту: Оқушыларды қосымша материалдардың түрлерімен және оларды қолдануда керек құралдармен мен таныстыру және оқыту.

тәрбиелік: Реставрациялау стаыларының маңызы мен принциптері

дамыту: Тіс түсінің өзгеруі кезіндегі реставрациялау әдістері

5.Оқыту әдісі: пікірталас

6.Материалды-техникалық жабдықталуы:

а)техникалық құралдар: компьютерлер, интерактивті тақта,мультимедиялық құрылғы.

ә)көрнекті және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б)оқыту орны:

7. Әдебиеттер:

Ескерту: әдебиеттер тізімін жыл сайын жаңартуға болады.

Негізгі (Н):

1. «Терапевтическая стоматология» Под редакцией Е.В.

Боровского.«Стоматология детского возраста», Т.Ф. Виноградова.

2. Виноградова Т.Ф. Организация профилактики кариеса зубов у детей в различные возрастные периоды // Т.Ф. Виноградова, Н.В. Морозова. – М: Медицина, 1987. – 257 с.

3. Костромская Н.Н., Глотова О.Н. Лечебные и изолирующие прокладки в стоматологии. М., Медицинская книга 2001г. 74с.

4. Курякина Н.В. Терапевтическая стоматология детского возраста // М. Медицинская книга. 2004. – 744 с.

Қосымша (Қ):

1. Муравянникова Ж.Г. «Стоматологические заболевания и их профилактика» (Ростов на Дону, «Феникс», 2007г.)

2.Мирзаева Д.О «Тіс пен ауыз қуыс ауруларын емдеу және алды алу» Қарағанды 2012;






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных