ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
ТІСТЕРДІ ТАЗАЛАУ ТӘСІЛДЕРІСтандартты әдіс: тіс қатарын шартты түрде 6 сегментке бөледі – оң және сол жағынан: күрек тіс пен сүйір тіс, кіші азу тістері, үлкен азу тістер. Тістер мен қызыл иекті тазалауды жоғарғы оң жақтағы молярлардың вестибулярлы бетінен бастап қарама қарсы жағына дейін жеткізеді, сосын тістердің шайнау бетін тазалап, таңдай бетін тазалаумен аяқтайды. Осындай реттікпен төменгі тістердің вестибулярлы, оральды беттерін тазалау кезінде тіс щеткасының талшықтары тіс бетіне өткір бұрышта қарауға тиісті. «Сыпырушы» қимылдармен: жоғарғы жақта төмен қарай, төменгі жақта – жоғары қарай – жұмсақ тіс қағы тістер мен қызыл иек бетінен тазаланады. Сосын горизонтальды бағытта бірнеше ары – бері қимылдар орындап, тіс тазалауды айналдыра қимылдармен аяқтайды. Жоғарғы және төменгі алдыңғы тістердің оральды бетін тазалағанда щетканың қолсабын окклюзиялық жазықтыққа параллельді қылып орнатады, горизонтальды ары-бері қимылдармен тазалайды. Сосын щетканың басын окклюзиялық жазықтыққа перпендикулярлы орналастырып, жоғары-төмен бағытта тазалайды. Бұл кезде тек қана тістер емес, қызыл иек те тазартылады. Жақ сегментіндегі тістердің әр бетін 10жұпты қимылмен тазалаған дұрыс. Сонда барлығы 400-500 жұпты қимыл болып, тазалау уақыты орта есеппен 3,5-4 минутты құрайды. Тістерді күніне екі рет тазалау қажет: таңғы астан кейін және түнгі ұйқы алдында. Чартер әдісі- көбінесе қызыл иек массажына арналған, пародонт ауруларын емдеу барысында қосымша емдік шара ретінде қолданылады. Тіс тастары міндетті түрде алдын-ала тазалануға тиісті. Тіс щеткасын талшықтары қызыл иек жиегіне 450 бұрышта және олардың шеттері шайнау қырларына қарайтындай орналастырады, жеңіл айналдыра қимылдатып, талшықтарын тіс аралықтарына енгізеді. Үш -төрт қимылдан соң тіс щеткасын басқа көрші тістерге ауыстырады. Смит-Белл әдісі- тіс щеткасының қимылдары шайнау кезіндегі астың жолын қайталайды. Щетканы шайнау бетіне тік бұрышта орналастырып, әлсіз қысыммен айналдыра отырып қызыл иекке жеткізеді, сосын қызыл иекпен көрші тіске жылжытып, төмен қарай тазалайды. Леонардо әдісі- тіс щеткасын тіс бетіне перпендикулярлы орналастырып, тек қана қызыл иектен тіс сауытына қарай тік қимылдар жасайды. Кішкентай балалар 2-2,5 жастан бастап тістерін тазалау керек. Тіс тазалау ережелерін ата-аналары үйретіп, дұрыс орындалуын бақылап жүргені жөн. Балаларға ауыз қуысы тазалығын сақтау себептерін жақсылап түсіндіру қажет.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|