ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Ауыз қуысының жеке тазалығында қажетті заттар.Тазалық заттарына жатады: 1.Тіс ұнтақтары 2.Тіс қойыртпағы 3.Гель, лак, көбіктер 4.Сұйық заттар 5.Тісжегіге қарсы шайнау сағыздары Тіс ұнтақтары – 10-15 жыл бұрын кең тараған гигиеналық зат болған. Кез келген тіс ұнтағының негізгі тазалаушы бөлігі – ол тұндырылған бор, оған әр түрлі жағымды иіс пен дәм беретін заттар қосады, (ментол, эвкалит, қалампыр, т.б. майлары). Тіс ұнтағы тіс бетіндегі жұмсақ қақты, тамақ қалдықтарын, темекі қағын өте жақсы кетіреді және кіреукені жылтыратады. Бірақ кемшіліктері де бар: микробтармен тез ластанады, емдік әсер көрсетпейді. Қазіргі кездегі кең тараған гигиеналық заттың бірі тіс қойыртпағы. Оның құрамына абразивті толықтырғыштар, беткейлі-белсенді заттар, байлансытырушылар, антисептиктер, иіс берушілер кіреді. Абразивті заттар тазартушы және жылтыратушы қызмет атқарады. Абразив ретінде кремний диоксиді өте қолайлы. Барлық тіс қойыртпақтары екі топқа бөлінеді: 1.гигиеналық (тазартушы) 2.емдік – алдын алушы Гигиеналық тіс қойыртпағы тек қана тазартушы және иіс беруші әсер етеді, оның құрамында арнайы қоспалар жоқ («Апельсиновая», «Мятная», «Московская», «Ну погоди», т.б.) Емдік – алдын алушы қойыртпақтардық құрамына биологиялық белсенді қоспалар енгізіледі: дәрумендер; емдік шөптердің тұнбалары, сығындылары; тұздар, микроэлементтер, ферменттер. Бұл қойыртпақтар күнделікті тазартушы және алдын алушы мақсатта қолданумен қатар арнайы тісжегі, пародонт, ауруларын, жоғары сезімталдықты, т.б. алдын алуға және емдеуге қолданылады. Құрамындағы белсенді қоспаларға байланысты тіс қойыртпақтарының келесі түрлерін ажыратады: - өсімдік текті қоспалары бар тіс қойыртпақтары зат алмасуды жақсартады, тіндердің қайта түзілуін жылдамдатады, қызыл иек, қанауын азайтады, ауыз қуысын жақсы тазалайды («Экстра», «Новинка», «Хлорофилловая», «Лесной бальзам», «Фосфодент», «Пародонтакс»). - Жоғарғы тазартушы әсері бар қойыртпақтардың құрамына жұмсақ тіс қағын, тағам қалдықтарын, никотинді қақты ерітетін заттар енгізіледі, олар көбінесе лизоцим, панкреатин, рибонуклеаза, т.б. сияқты («Особая», «Чародейка», «Улыбка» - Ламинария минералды концентраты бар тіс қойырпақтары құрамында макро – және микроэлементтер жиынтығы бар, сонымен қатар хлорофилл, амин қышқылдары, каротиноидтер қосылған - олар тістерді тісжегіден қорғайды. - Тұзды тіс қойырпақтарының құрамында қан айналымын, зат алмасуды күшейтетін, қабынған тіндерден жалқықтың шығуын жылдамдататын, жансыздандырушы әсер тигізетін тұздар мен минералдар бар («Бальзам», «Юбилейная», «Мери», «Поморин», «Лазурь» т.б.) - Тісжегіге қарсы әсері бар тіс қойырпақтары екі топқа бөлінеді: 1) құрамында фтор бар; 2) құрамында кальций – фосфаттары бар.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|