Главная | Случайная
Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ультрадыбыстық беттік өңдеу.




Ультрадыбыстық өңдеу - технологиялық процесте ультрадыбыстың затқа әсері. Ультрадыбыстық өңдеуде электроакустикалық сәуле шығарғыш технологиялық аппаратттар қолданады. Сәуле шығарғыштың негізгі элементі электроакустикалық түрлендіргіш болып табылады. Қатты заттарды ультрадыбыстық өңдеу негізінен металдарды, пластмассаларды, тканьдарды пісіруде, металдарды, әйнектерді, керамика және алмазды кесуде, сонымен қоса металдарды қысыммен өңдеуде қолданылады. Жұмыс істеу принципі: өңделетін деталь технологиылық столда орнатылады. Технологиялық аймаққа дәнді сумен қоспаны инструменттің сәуле шығарғыш беті мен өңделетін бұйым арасынан береді. Инструмент ультрадыбыстық жиілікпен дәнді соғады, нәтижесінде бұйым материалы бұзылады. Кішкене уақыттан кейін бұйымда белгі қалады. Ультрадыбыстық өңдеудің негізгі параметрлеріне: өнімділігі, өңделетін беттің сапасы және өңделетін беттің нақтылығы жатады. Өңделетін беттің тазалығы: дәннің өлшеміне; бұйымның материалына; инструменттің қысымына байланысты. Дәннің өлшемі кіші болған сайын, беттің тазалығы жоғары болады. Жоғары өнімділікті алуда, 100-110мкм ұнтақтарды қолдану өте тиімді болып табылады. Ультрадыбыстық өңдеудің нақтылығы: дәннің өлшеміне, инструменттің тозуына және өңдеу тереңдігіне байланысты. Өңдеу процесі кезінде инструмент пен зерттелетін беттің ортасында дәннің өлшеміне дейін жететін саңылау пайда болады. Саңылау шамасы өңдеу тереңдігіне байланысты. Инструменттің тозуы бұйым материалының қасиетіне байланысты. Бұл технологиялық процестің ең бір артықшылығы экологиялық тазалығы жоғары және де тозуға беріктіліг екі немесе одан да көп есе жоғары болып келеді.




Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2018 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных