Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Amp;5. Молекула-кинетикалық теорияның және термодинамиканың физикалық негіздері. 3 страница




5.140. Қалыпты жағдайдағы азоттық ішкі үйкелісінің коэффициентін табу керек. Осы уақыттағы оның диффу­зия коэффициента 0,142 см2/сек-қа тең.

5.141. 0°С температурадағы оттегі үшін ішкі үйкеліс коэффициентін = 18,8 • 10-6 н ∙ сек/лі2-ге тең деп алып, оның молекуласының диаметрін табу керек.

5.142. 100°-тан кейінгі 100°К Т 600°К интервалда азоттың ішкі үйкеліс коэффициентінің температураға тәуелділігінің графигін құру керек.

5.143. 760 мм сын.бағ. қысымдағы және 10°С температурадағы ауаның диффузия коэффициенті мен ішкі үйкеліс коэффициентін табу керек. Ауаның молекуласының диаметрін 3 • 10-10 м-ге тең деп аламыз.

5.144. Оттегінің ішкі үйкелісінің коэффициенті азоттың ішкі үйкелісінің коэффициентінен неше есе үлкен болатынын табу керек. Газдардың температурасы бірдей.

5.145. Кей жағдайда сутегінің диффузиясының және ішкі үйкелісінің коэффициенттері D = 1,42 см2/сек-қа, = 8,5 • 10~6 н • сек/м2-ге сәйкес болады. Осы жағдайдағы 1 м3 ішіндегі сутегі молекулаларының санын табу керек.

5.146. Оттегінің диффузиясының және ішкі үйкелісінің коэффициеиттері 1,22 • 105 м2/сек және т) = 1,95 • 10-5 кг/мсек-қа сәйкес болады. Осы жағдайдағы: 1) оттегінің тығыздығын, 2) оның молекулаларының еркін жолының орташа ұзындығын, 3) оның молекулаларының арифметикалық орташа жылдамдығын табу керек.

5.147. Диаметрі 0,3 мм жаңбыр тамшысының жылдамдығы қандай үлкен мәніне жетуі мүмкін? Ауаның молекуласынық диаметрін 3 • 10-10 л-ге тең деп аламыз: ауаның температурасы — 0°С. Жаңбырдың тамшысы үшін- де Стокстың заңы дұрыс болады деп есептейміз.

5.148.Самолет 360 км/сағ жылдамдықпен ұшып келеді. Тұтқырлықтың салдарынан самолет қанатындағы ілесе жүретін ауаның қабаты 4 см-ге тең. Қанат бетінің әрбір квадрат метріне әсер ететін жанама күшті табу керек. Ауа молекуласының диаметрін 3 ∙ 10-8 см-ге тең деп аламыз. Ауаның температурасы 0°С.

5.149. Екі коаксиалды цилиндрдін. арасындағы кеңіс-тік газбен толтырылған. Цилиндрлердің радиустары сәйкес r = 5 см және R = 5,2 см-гe, тең болады. Ішкі цилиндрдің биіктігі h = 25 см-гe тең. Сыртқы цилиндр v = 360 айн/мин-қа сәйкес келетін жылдамдықпен айналады. Ішкі цилиндр қозғалмай қалу үшін оған Ғ=1,38 • 10-3 н жанама күш түсіру керек.

Бірінші жуықтаудағы жағдайды жазық деп қарап, осы тәжірибеде табылған деректер бойынша цилиндрлердің арасындағы газдың тұтқырлық коэффициентін табу керек.

5.150. Сутегінің жылу өткізгіштік коэффициентін табу керек. Берілген жағдайда сутегі үшін ішкі үйкеліс коэффициентін 8,6 ∙ 10-6 н • сек/м2-қа тең деп аламыз.

5.151. 10°С, температурадағы және 105 н/см2 қысымдағы ауаның жылу өткізгіштік коэффициентін табу керек. Ауа молекуласының диаметрін 3 •10-8 см-ге тең деп аламыз.

5.152. Сутегінің жылу өткізгіштік коэффициентінің әрбір 100°-тан кейінгі 100°Қ Т 600°К интервальда тем­ператураға тәуелділігінің графигін салу керек.

5.153. Көлемі V — 2 л ыдыстың ішінде екі атомды газдың N = 4 ∙ 1022 молекулалары орналасқан. Газдың жылу өткізгіштік коэффициенті К=0,014 вт/м ∙ град-қа тең. Осы жағдайдағы газдың диффузиясының коэффициентін табу керек.

5.154. Көмір кышқылды газ және азот бірдей темпера­тура мен қысымда тұр. Осы газдар үшін мыналарды: 1) диффузия коэффициенттерінің 2) ішкі үйкеліс коэффициенттерінің және 3) жылу өткізгіштік коэффициенттерінің қатынастарын табу керек. Осы газдардың молекулаларының диаметрлерін бірдей деп есептейміз.

5.155. Дьюар ыдысының қабырғалары арасының қашықтығы 8 мм-ге тең. Дьюар ыдысының қабырғалары арасындағы ауаны сорып алғанда, оның жылу өткізгіштігі, қандай қысымда кеми бастайды? Ауаның температурасы 17°С-ге тең, ал оның молекуласының диаметрін 3 • 10-7 мм-ге тең деп аламыз.

5.156. Сыртқы радиусы r2=10 см, ішкі радиусы r1 = 9 см және биіктігі h — 20 см цилиндрлік термос мұзбен толтырылған. Мұздың температурасы 0°С, ал сыртқы ауаның температурасы 20°С. 1) Термостың қабырғаларының арасындағы ауаның қандай шекті қысымында жылу өткізгіштік коэффициенті әлі де болса сол қысымға тәуелді болады? Ауаның молекуласының диаметрін 3-10-8 см-ге тең деп аламыз, ал термостың қабырғаларының арасындағы ауаның температурасын кеңістікті қоршап тұрған мұздың орташа арифметикалық температурасына тең болады деп есептейміз. 2) Термостың қабырғаларының арасындағы ауа: а) 760 мм сын. бағ. және б) 10-4 мм сын. бағ. ( = 29 кг/моль) қысымдарда тұрған уақыттағы жылу өткізгіштігінің коэффициентін табу ке­рек. 3) Орташа радиусы 9,5 см-ге тең термостың бүйір бетінен жылу өткізгіштіктің есебінен 1 мин ішіндегі өтетін жылудың мөлшері қандай? Есепті: а) 760 мм сын. бағ. және б) 10-4 мм сын. бағ. қысымдар үшін шешу керек.

5.157. Терезе рамаларының арасында тұрған ауаның жылу өткізгіштік есебінен терезеден сағат сайын қанша жылу шығарылып отырады? Әрбір раманың ауданы 4 м2, рамалардың ара қашықтығы 30 см. Үйдің ішіндегі температура 18°С, үйдің сыртындағы кеңістіктің темпера­турасы — 20°С.

Ауаның молекуласының диаметрі 3 ∙ 10-8 см-ге тең деп, рамалардың арасындағы ауаның температурасы үй мен сыртқы кеңістіктің орташа арифметикалық температурасына тең деп аламыз. Қысым 760 мм сын. бағ.-на тең.

5.158. Бір-бірінен 1 мм қашықтықта тұрған екі пластинаның арасында ауа бар. Пластиналардың арасын ұстап түрған температура айырмасы Т=10. Әрбір пластинаның ауданы S = 100 см2-ге тең. Жылу өткізгіштіктің есебінен бір пластинадан екінші пластинаға 10 мин ішінде қанша жылу мөлшері беріледі? Ауа қалыпты жағдайда тұр деп есептеу керек. Ауаның молекуласының диаметрі 3 • 10-10 м-ге тең деп аламыз.

5.159. 10°С температурадағы 10 г оттегіне 3 Х 105 h/m2 қысым түсіп тұр. Тұрақты қысымда қыздырғаннан кейінгі газдың алған көлемі 10 л болды. Мыналарды:- 1) газдың алған жылу мөлшерін, 2) газдың ішкі энергиясының өзгерісін, 3) газдың ұлғайған уақыттағы істеген жұмысын табу керек.

5.160. 27°С температурадағы 6,5 г сутегі p = const болғанда сырттан алынған жылудың есебінен екі есе ұлғаяды. Мыналарды: 1) ұлғаю жұмысын, 2) газдың ішкі энергиясыньщ өзгеруін, 3) газға берілген жылу мөлшерін табу керек.

5.161. Жабық ыдыстың ішінде 20 г азот және 32 г оттегі бар. Газдың осы қоспасын 28°-қа суытқандағы оның ішкі энергиясының өзгерісін табу керек.

5.162. 2 кмоль көмір қышқыл газы тұрақты қысымда 50°-қа қыздырылады. Мыналарды: 1) оның ішкі энергиясының өзгерісін, 2) ұлғаю жұмысын, 3) газға берілген жылу мөлшерін табу керек.

5.163. Екі атомды газға 500 кал жылу берілген. Соның арқасында тұрақты қысымда газ ұлғаяды. Газдың ұлғаю жұмысын табу керек.

5.164. Екі атомды газдың изобаралық ұлғаю уақытында 16 кГм жұмыс істелінеді. Газға қанша жылу мөлшері берілген?

5.165. 17°С температурада 2 • 105 н/м2 қысымда 5 л көлемді алып тұрған газ қыздырылды және изобаралық ұлғайды. Осы уақыттағы газдың ұлғаю жұмысы 20 кГм-ге тең болды. Газды қаншалықты қыздырған?

5.166. 7 г көмір қышқылды газ еркін ұлғаю жағдайында 10°-қа қыздырылған. Газдың ұлғаю жұмысын және оның ішкі энергиясының өзгерісін табу керек.

5.167. Көп атомды газдың 1 кмолін еркін ұлғаю жағдайында 100°-қа қыздырған. Мыналарды: 1) газға берілген жылу мөлшерін, 2) оның ішкі энергиясының өзгерісін, 3) ұлғаю жұмысын табу керек.

5.168. Ыдыстың ішіндегі поршеньнің астында 1 г азот бар. 1) Азотты 10°-қа қыздыру үшін қаншалық жылу мөлшерін жұмсау керек? 2) Осы уақытта поршень қаншалық көтеріледі? Поршеньнің салмағы 1 кГ, оның көлденең қимасының ауданы 10 см2. Поршеньнің үстіндегі қысым 1 ат-ға тең.

5.169. Поршень астындағы ыдыста күркіреуік газ бар. Осы уақытта газдың ішкі энергиясы 80,2 кал-ғa өзгерді, поршень 20 см-ге жоғары көтерілді деп алып, күркіреуік газдың жарылғап уақытындағы бөлініп шыққан газдың мөлшерін табу керек. Поршеньнің салмағы 2 кГ, ал оның көлденең қимасының ауданы 10 см2-ге тең. Поршень үстіндегі ауа қалыпты жағдайда тұр.

5.170. — 23°С температурадағы 10,5 г азот p1 = 2,5 ат қысымнан р2=1 ат қысымға дейін изотермалық ұлғаяды. Ұлғаю кезіндегі газдың жасаған жұмысын табу керек.

5.171. 17°С температурадағы 10 г азоттың изотермалық ұлғаюы кезінде 860 дж-ға тең жұмыс істелінген. Ұлғаю уақытында азоттың қысымы неше есе өзгерді?

5.172. 10 г кейбір газдың v1 көлемінен v2 =2 v1 көлемге дейін изотермалық ұлғаю жұмысы 575 дж-ға тең. Осы температурадағы газ молекуласының орташа квадраттық жылдамдығын табу керек.

5.173. Қалыпты жағдайда тұрған 1 л гелий сырттан алынған жылудың есебінен 2 л көлемге дейін изотермалық ұлғаяды. Мыналарды: 1) ұлғаю уақытындағы газдың істеген жұмысын, 2) газға берілген жылудың мөлшерін табу керек.

5.174. 2 м3 газдың изотермалық ұлғаю уақытындағы қысымы р1 = 5 ат-дан, р2 = 4 ат-ға дейін өзгереді. Осы уақыттағы істелінген жұмысты табу керек.

5.175. 0°С температурада тұрған ауа v1 көлемнен v2 = 2 v1 көлемге дейін адиабаталық ұлғайса, онда ауа қандай температураға дейін суытылады?

5.176. 7,5 л оттегі 1 л көлемге дейін адиабаталы сығылады, сонымен бірге сығылудың аяғындағы қысым 1,6- 106 н/м2-ге қалыптасты. Сығылуға дейін газ қандай қысымда болады?

5.177. Іштен жанатын двигатель цилиндріндегі ауа адиабаталық сығылады да, оның осы уақыттағы қысымы р1 = 1 ат-дан р2 = 35 ат-ға дейін өзгереді. Ауаның бастапқы температурасы 40°С-ге тең. Сығылудың соңындағы ауаның температурасын табу керек.

5.178. Газ адиабаталық ұлғайғанда оның көлемі екі есе өседі, ал температура (абсолюттік) 1,32 есе төмендейді. Осы газ молекуласының еркіндік дәрежесінің саны қанша болады?

5.179. 27°С температурада тұрған және 2 • 106 н/м2 қысымдағы екі атомды газ v1 көлемнен v2 = 0,5 v1 көлемге дейін адиабаталық сығылады. Сығылудан кейінгі газдың температурасын және қысымын табу керек.

5.180. Поршень астындағы ыдыста қалыпты жағдайда 10-4 м3 көлемді алып тұрған күркіреуік газ бар. Газды жылдам сыққан уақытта, ол от алады. Сығу жұмысын 4,73 кГм-ға теғі, деп, күркіреуік газдың от алу температурасын табу керек.

5.181. Поршень астындағы ыдыс ішінде қалыпты жағдайда тұрған газ бар. Ыдыстың түбі мен поршеньнің түбінің араларының қашықтығы 25 см-ге тең. Поршеньнің үстіне 20 кГ жүк қойған кезде поршень 13,4 см төмен түседі. Сығылуды адиабаталық деп есептеп, осы газ үшін срv қатынасты табу керек. Поршеньнің көлденең қимасының ауданы 10 см2-ге тең; поршеньнің салмағын есепке алмаймыз.

5.182. р1 = 0,5 ат қысымда екі атомды газ V1 = 0,5 л көлемді алып тұр. Газ кейбір v2 көлемге дейін және р2 қысымға дейін адиабаталық сығылады да, содан кейін V2 тұрақты көлемде бастапқы температураға дейін суиды. Осыдан оның қысымы ро=1 ат-ға тең болады. 1) Осы процестің графигін сызу керек. 2) v2 көлем мен р2 қысымды табу керек.

5.183. Газ, оның қысымы 2 aт-дан 1 aт-ға дейін төмендейтіндей, адиабаталы ұлғаяды. Содан кейін ол тұрақты көлемде бастапқы температураға дейін қызады, осыдан оның қысымы 1,22 aт-қа дейін жоғарылайды. 1) Осы газ үшін cp/сv қатынасын анықтау керек. 2) Осы процестің графигін сызу керек.

5.184. Қалыпты жағдайда тұрған 1 кмоль азот V1 көлемнен v2 = 5 V1 көлемге дейін адиабаталы ұлғаяды. Мы­наларды: 1) газдың ішкі энергиясының өзгерісін, 2) ұлғаю уақытындағы істелген жұмысты табу керек.

5.185. 1 • 10-2 м3 ауаны 2 • 10-3 м3 көлемге дейін сығу керек. Оны қалай сығу ыңғайлы: адиабаталы ма немесе изотермалы ма?

5.186. Екі атомды газдың бір киломолін адиабаталы сығу кезінде 146 дж жұмыс жасалынды. Сығу кезінде газдың температурасы қаншаға өсті?

5.187. Газдың көлемін адиабаталы сығу арқылы екі есе өсіргендегі екі атомды газ молекуласының орташа квадраттық жылдамдығы неше есе кемиді?

5.188. Қалыпты жағдайда тұрған 10 г оттегі 1,4 • 10-3 м3 көлемге дейін сығылады. Оттегінің сығылғаннан кейінгі: а) оттегі изотермалық сығылады, 2) оттегі адиабаталы сығылады деп есептеп, оның қысымы мен температурасын табу керек. Көрсетілген әрбір жағдай үшін сығылу жұмысын табу керек.

5.189. 40°С температурада және 750 мм сын. бағ. қысымда тұрған 28 г азот 13 л көлемге дейін сығылады. Азоттың сығылудан кейінгі: 1) азот изотермалы, 2) азот адиабаталы сығылады деп алып, оғіың температурасы мен қысымының қандай болатындығын табу керек. Көрсетілген әрбір жағдайдағы сығу үшін істелінген жұмысты табыңыздар.

5.190. Егер екі атомды газдың кысымы екі есе төмендейтін болса, онда оның молекулаларының еркін жолының ұзындығы неше есе артады? Газды: 1) изотермалы ұлғаяды, 2) адиабаталы ұлғаяды деп алғандағы жағдайларды қарастырыңыздар.

5.191. Біреуі бір атомды, екіншісі екі атомды әр түрлі екі газ бірдей температурада бірдей көлем алып тұр. Газдарды көлемі екі есе кемитіндей адиабаталы сығады. Газдың қайсысының көбірек қызатынын және бірінен-бірі неше есе көбірек қызатынын анықтау керек?

5.192. 30°С температурада және 1,5 атм қысымда тұрған 1 кг ауа адиабаталы ұлғаяды да, осы уақытта қысымы 1 атм-ға дейін төмендейді. Мыналарды: 1) ұлғаюдың дәрежесін, 2) соңғы температураны, 3) ұлғаюдағы газдың жасаған жұмысын табу керек.

5.193. 1 кмоль оттегі қалыпты жағдайда тұр, ал сонан кейін оның көлемі v = 5 V0-re дейін өседі. 1) ұлғаюды изо­термалы, 2) ұлғаюды адиабаталы болып өтеді деп алып,

P = f(V) тәуелділіктің графигін құру керек. р мәнін: Vo, 2 Vo, 3 Vo және 5 Vo көлемдер үшін табу керек.

5.194. t1 = 27°С температурадағы және р1 = 8,2 • 102 н/м2 қысымдағы оттегінің кейбір мөлшері V1 = 3 л көлемді алып тұрады (8-сурет). Газдың екінші күйіндегі параметрлері V2 = 4,5 л және р = 6- 105 н/м2. Мыналарды: газдың алған жылу мөлшерін; ұлғаю уақытындағы газдың істелінген жұмысты; газдың ішкі энергиясының өзгерісін табу керек. Есепті шығарғанда газдың бірінші күйінеи екінші күйіне ауысуы: 1) ABC және 2) ADB жағдайында өтеді деп аламыз.

5.195. Карноның циклі бойынша жұмыс істейтін идеал жылу машинасы, әрбір цикл ішінде жылытқыштан 600 кал алады. Жылытқыштың температурасы 400°К, ал суыткыштың температурасы 300°К. Машинаның бір циклдегі істейтін жұмысын және осы бір циклдегі суытқышқа беретін жылу мөлшерін табу керек.

5.196. Идеал жылу машинасы Карноның циклі бойынша жұмыс істейді. Бір цикл ішінде 300 кГм-ға тең жұмыс істелінді, суытқышқа 3,2 ккал жылу берілді деп алып, циклдің п. ә. коэффициентін анықтау керек.

5.197. Карноның циклі бойынша жұмыс істейтін идеал жылу машинасы бір циклдің ішінде 7,35∙104 дж жұмыс істейді.Жылытқыштың температурасы 100°С, ал суытқыштың температурасы 0°С. Мыналарды: 1) машинаның п. ә. коэффициенты, 2) бір циклдің ішінде машинаның жылытқыштан алатын жылу мөлшерін, 3) бір циклдің ішінде суытқышқа берілетін жылу мөлшерін табу керек.

5.198. Идеал жылу машинасы Карноның циклі бойынша жұмыс істейді. Осы уақыттағы жылытқыштан алатын жылудың 80% суытқышқа беріледі. Жылытқыштан ала­тын жылудың мөлшері 1,5 ккал-ға тең. Мыналарды:

1) циклдің п.ә. коэффициенты, 2) толық цикл уақытындағы істелінетін жұмысты табу керек.

5.199. Идеал жылу машинасы Карноның циклі бойынша бастапқы қысымы 7 атм, ал температурасы 127°С қыздырылған ауамен жұмыс істейді. Ауаның бастапқы көлемі 2 • 10-3 м3-ге тең. Бірінші изотермалық ұлғаюдан кейін ауаның алған көлемі 5 л; адиабаталық ұлғаюдан кейінгі көлемі 8 л болды. Мыналарды:

1) изотерма мен адиабатаның қиылысқан жерінің координаталарын,

2) циклдің әрбір бөлігіндегі істелінген жұмысты,

3) барлық циклдегі істелінген толық жұмысты,

4) циклдің п. ә. коэффициентін,

5) бір циклдегі жылытқыштан алынған жылу мөлшерін,

6) бір циклдегі суытқышқа берілген жылу мөлшерін табу керек.

5.200. Идеал газдың бір киломолі, екі изохор және екі изобардан тұратын цикл жасайды. Сонымен бірге газдың көлемі v1 = 25 м3-ден v1 = 50 м3-ге дейін, ал қысым р = 1 атм-дан р = 2 атм-ға дейін өзгереді. Егер изотермалық ұлғаюда көлем екі есе өсті десек, Карноның цикліндегі изотермалар қарастырып отырған циклдің ең үлкен және ең кіші температурасына сәйкес келеді осындай жасалынған циклдің істейтін жұмысы Карноның цикліндегі істелінген жұмыстан неше есе кем болады?

5.201. Карноның кері циклі бойынша жұмыс істейтін идеал суытқыш машина бір циклдің ішінде 3,7 • 104 дж-ға тең жұмыс істейді. Осы жағдайда ол жылуды темпе­ратурасы — 10°С денеден алады да жылудың температурасы 17°С денеге береді. Мыналарды: 1) циклдің п.ә. коэффициентін; 2) бір циклдің ішінде суық денеден алған жылудың мөлшерін; 3) бір циклдің ішіндегі ыстық денеге берілген жылудың мөлшерін табу керек.

5.202. Идеал суытқыш машина, Карноның қайтымды циклі бойынша жылу насосы сияқты жұмыс істейді. Осы жағдайда ол жылуды температурасы 2°С судан ала­ды да оны 27°С температураға ауаға береді. Мыналарды:

1) 1 коэффициентін — белгілі бір уақыттағы ауаға берілген жылу мөлшерінің, осы уақыт ішіндегі судан алынған жылу мөлшеріне қатынасын,

2) 2 коэффициентін — белгілі бір уақыт ішіндегі судан алынған жылу мөлшерінің, осы уақыт ішіндегі машинаның жұмыс істеуге шығарған энергиясына қатынасын ( 2 коэффициенті машинаның суытқыш коэффициенті деп аталады);

3) 3 коэффициентін — белгілі бір уақыт ішінде машинаның жұмыс істеуіне шығарылған энергияның сол уақыт ішіндегі ауаға берілген жылу мөлшеріне қатынасын ( 3 коэф­фициенті циклдің п.ә. коэффициенті деп аталады) табу керек. 1, 2, және 3 коэффициенттер арасындағы қатынасты табу керек.

5.203. Карноның кері циклі бойынша жұмыс істейтін идеал суытқыш машина, жылуды 0°С температурадағы ішінде суы бар тоңазытқыштан 100°С температурадағы суы бар су қайнатқышқа береді. Су қайнатқыштың ішіндегі 1 кг суды буға айналдыру үшін тоңазытқыштың ішінде қанша су мөлшерін қатыру керек болады?

5.204. Бөлме Карноның қайтымды циклі бойынша жұмыс істейтін суытқыш машинамен жылытылады. Бөлменің пешке ағаш жағып алған жылу мөлшері Qo сондай отын мөлшерін пайдаланып жылу машинасы арқылы жұмыс істейтін суытқыш машинадан алған Q1 жылу мөлшерінен неше есе кем болады? Бұл жылу двигателі Т1=100°С және Т2=0°С температуралардың арасында жұмыс істейді. Бөлмені Т1=16°С температурада ұстап тұру керек. Қоршаған ауаның температурасы Т2=10°С.

5.205. Идеал бу машинасының жұмыс циклі 9-суретте көрсетілген: а) пар қазаннан цилиндрге кіре бастағанда оның ішіндегі қысым Vo тұрақты көлемде ро-ден р1-ге дейін өседі (АВ тармағы); б) бу одан әрі цилиндрге кіргенде р1 тұрақты қысымда поршень солдан оңға қарай қозғалды (ВС тармағы); в) поршень одан әрі оңға қарай қозғалғанда, пардың қазаннан цилиндрге кіруі тоқталады да пардың адиабаталық ұлғаюы пайда болады (CD тармағы); г) поршеньнің оң жақтағы ең шеткі жағдайында пар цилиндрден шығып тоңазытқышқа кіреді де қысым v2 тұрақты көлемде ро қысымға дейін төмендейді (DE тармағы); д) поршень өзінің кейін қарай қозғалысында қалған парды р0 тұрақты қысымда цилиндрден итеріп шығарады, осы жағдайда көлемі v2 -ден v o-гe дейін кемиді (ЕА тармағы). v o = 0,5 л, v1 = l,5 л, v2 = 3,0 л, ро = ат, р1 = 12 ат, адиабата көрсеткішін 1,33-ке тең деп алып, осы машинаның әрбір циклдегі істейтін жұмысын табу керек.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных