ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Тақырыптың өзектілігіМАЗМҰНЫ
Кіріспе.........................................................................................................3-7
1-тарау. Ұлттар Лигасының құрылуы және оның Жарғысы.........................8-24 1.1. Париж бітім конференциясы және Ұлттар Лигасының құрылуы.............................................................................................8-11 1.2. Ұлттар Лигасының құрылымы және Жарғысы............................12-24
2-тарау. Ұлттар Лигасының қызметі және халықаралық өмірдегі рөлі (1919-1939 жж.)..................................................................................25-37 2.1. Ұлттар Лигасының 1919-1939 жж. халықаралық қатынастарды реттеудегі рөлі.................................................................................26-32 2.2.Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі отарлық жүйе және Ұлттар Лигасындағы мандаттық жүйе. 2.3. Ұлттар Лигасының дағдарысы және өмір сүруін тоқтатуы........32-37
Қорытынды.............................................................................................38-39
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.........................................................40-41
Қосымшалар...........................................................................................42-46
КІРІСПЕ Тақырыптың өзектілігі Тәуелсіз Қазақстан Республикасы жиырма төрт жылдық егеменді ел болу жолында өзінің мемлекеттілігін қалыптастыру бағытында үлкен шараларды атқарды. Өткен кезеңде еліміз түрлі салада өз дамуының негізгі басымдықтарын айқындады. Сол басым бағыттардың бірі Қазақстан жастарына сапалы білім беру. Қазіргі таңда әлем қауымдастығы салауатты әрі сапалы білімді ұрпағы бар ел ғана қарыштап дамитындығын мойындап отыр. Қазақстан Республикасы әлемдік қауымдастықтың бір бөлігі. Оның тарихы да әлем тарихының құрамдас бөлігі болып табылады. Қазіргі таңда біз әлем елдерімен және сондай-ақ, халықаралық түрлі ұйымдармен тығыз қарым-қатынастар орнатып, ол байланыстарды үнемі дамытып отыруға мүдделі болып отырмыз. Халықаралық ұйымдармен тиімді қарым-қатынастар орнату үшін олардың тарихи дәстүрлерін оқып-білу біз үшін өте маңызды. Бүгінде Қазақстан Республикасы жан-жақты байланыстар орнатып отырған бірден-бір халықаралық ұйым – бұл Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ). Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін құрылған бұл беделді ұйымның «арғы атасы» - Бірінші дүниежүзілік соғыстан соң 1919 жылы құрылған Ұлттар Лигасы. Міне, алғашқы өркениетті халықаралық ұйым – Ұлттар Лигасының тарихына, оның өзі өмір сүріп тұрған кезеңдегі халықаралық қатынастардағы қызметі мен рөліне біздің бүгінгі диплом жұмысымыз арналып отыр. Ұлттар Лигасы әлемдегі саяси күштердің өзгеріп, халықаралық ахуалдың нағыз ушығып тұрған кезеңінде, көптеген халықтардың, олардың мемлекеттіліктерінің тағдырларын шешу қарсаңында дүниеге келді. Бұл ұйымның Жарғылық шарттары бірқатар жетекші державалардың саяси мүдделеріне сай жасақталып, соларға қызмет еткенмен ұйымның қызметі мен миссиясының адамзат өміріне үлкен прогрессивті ықпалы, әсері болды. Ұлттар Лигасы аталған халықаралық ұйымның құрылуы сөз жоқ сол кезеңдегі адамзат өркениетінің ең үлкен, ең маңызды жетістігі болды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық ахуалмен салыстырғанда Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін адамзат баласы әлі де болса компромиска келуге дайын екендігін көрсетті. Әсересе, осындай құлшынысты жетекші державалар білдірді. Ол кезеңнің лидерлері әлі де болса халықтардың өзіндік еркі арқылы соғыссыз бейбітшілікті орнатуға мүмкін екендігіне сенді. Сол сенімдері арқылы олар Ұлттар Лигасы сияқты маңызды, әрі сол уақытқа қажетті халықаралық ұйымды дер кезінде құра алды. Ұлттар Лигасы 1939 жылғы Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуына дейін өз міндеттерін қалыптасқан саяси жағдайдың мүмкіндік беруіне қарай атқаруға тырысты. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|