ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
ЛТТАР ЛИГАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ЖАРҒЫСЫҰлттар лигасы құрылымы жағынан – лигаға мүше мемлекеттерден, Ассамблеядан, Кеңестен, Секретариаттан, түрлі техникалық комиссиялар мен көмекші қызмет органдарынан тұрды. Лиганың құрылымы, қызметі және өкілеттілігі ұйымның Жарғысында айқындалған. Ұлттар лигасының жылдық бюджеті шамамен 6 млн. долларды құраған. Лиганың басты органдарының орналасқан жері Женева (Швейцария) қаласы. Ұйымның Ассамблеясына Ұлттар лигасының мүшелігінде болған барлық мемлекеттердің мүшелері кірді. Ассамблеяның сессиясы жыл сайын қыркүйек айында өтіп отырды, одан басқа, уақыт өте арнайы сессиялар да шақырылып тұрған. Ассамблеяның әрбір мүшесі бір дауысқа ғана ие болды. Ассамблеяға лига қызметінің барлық салаларын қамтыған кең көлемді өкілеттілік берілді. Ұйым Жарғысының 3-параграфінде Ассамблеяның «Лига өкілеттілігінің қарауына жататын кез-келген мәселені немесе әлемдегі бейбітшілікке қатысты сұрақтарды» қарастыруға құқылы екендігі айтылған. Ассамблеяның ішкі құрылымы заң шығарушы органды құру қағидаларына жауап берді және ол 7 тұрақты комиссиядан құралды. Бұл комиссиялар сонымен бір мезгілде лиганың техникалық қызмет органдары ретінде жұмыс істеді. Ұлттар лигасының Кеңесі бастапқыда 9 мемлекеттің өкілдері үшін арналған. АҚШ-тың қатыспауы Кеңес мүшелерінің санын 8-ге дейін қысқартты. Кейінгі 20 жыл бойы Кеңес құрамының саны ауытқып отырды. 1940 жылы 1-қаңтарда Кеңес мүшелерінің саны 14-ке жетті. Кеңеске тұрақты, тұрақты емес және уақытша мүше болу мүмкін болды. Мұндай бөлудің мақсаты Кеңесте тұрақты мүшелікке құқық беру; шағын державалардың өкілдігі ротация қағидасы негізінде жүзеге асырылды. Ұйым Жарғысына сәйкес Кеңес сессиялары арнайы сессияларды есептемегенде жылына 4 рет өтті. Кеңестің Жарғымен айқындалған қызметі Ассамблеяның қызметі сияқты кең көлемді болды, алайда, Кеңес аз ұлттардың мәселелерін, мандат жүйесі, Данциг (Гданьск), Саар мәселелеріне байланысты сұрақтарды шешуде, жанжалдарды шешуде және Жарғының ұжымдық қауіпсіздік мәселелеріне арналған баптарын қолдануда ерекше құқыққа ие. Ұйым Секретариаты лиганың әкімшілік органы болып табылады. Секретариат тұрақты негізде жұмыс істеді және лига саясатына күшті ықпал етті. Секретариатты бас хатшы, лиганың әкімшілік басшысы басқарды. 1940 жылы Секретариат штатына әлемнің 50 елінен қызметшілер кірді [14]. Ұлттар лигасының Жарғысы 1920 жылы 10-қаңтарда күшіне енді. Жоғарғы келісуші тараптар халықтар арасындағы ынтымақтастықты дамыту үшін және олардың қауіпсіздігі мен бейбіт өміріне кепілдеме беру үшін бірқатар міндеткерліктерді - соғысқа жүгінбеу, әділеттілік пен ар-ожданға негізделген толық жариялықта халықаралық қарым-қатынасты қолдау, үкіметтер саясатының ресми ережесі ретінде қабылданып отырған халықаралық құқықтың талабын қатаң сақтау, әділеттіліктің үстемдігін орнату және келісім-шартпен айқындалған барлық міндеткерліктерді ұйымдасқан халықтардың өзара тең қатынастары жағдайында сақтауды ескере отырып Ұлттар лигасы бекіткен осы Жарғыны қабылдайды [15]. 1-бап 1. Ұлттар лигасының бастапқы мүшелері осы Жарғыға қол қойып, оның Қосымшасында атаулары тіркелген, сондай-ақ, аталмыш Қосымшада аталған және ешқандай шарттарсыз осы Жарғыға оның күшіне енуіне дейінгі екі айдың ішінде ұйымның Секретариатына тапсырылған декларациялар арқылы қосылатын мемлекеттер болып табылады. Ол туралы лиганың басқа мүшелеріне хабарланатын болады. 2. Тәуелсіз басқарылатын және Қосымшада көрсетілмеген барлық мемлекеттер, доминиондар немесе отарлар олардың ұйымға өтуіне Ассамблеяның (Жиналыс) үштен бірі қолдау көрсететін болса лиганың мүшілігіне өте алады. Себебі, олардың халықаралық міндеткерліктерді сақтау туралы шынайы ойларына және олардың әскери, теңіз, әуе күштеріне және қарулануына қатысты лигамен бекітілген ережені қабылдауына ұйымның дауыс берген мүшелері кепілдеме береді. 3. Лиганың кез-келген мүшесі ұйымнан шығу жөніндегі екі жыл бұрынғы ескертуінен кейін сол уақытқа дейінгі ұйым алдындағы міндеттерін, сонымен қатар, аталмыш Жарғы бойынша айқындалған міндеттемелерді орындаған жағдайда шыға алады. 2-бап Лиганың қызметі оның Жарғысында айқындалғандай Ассамблея және Кеңеспен жүзеге асырылады, олардың жанында тұрақты Секретариат жұмыс істейді. 3-бап 1. Ассамблея лига мүшелерінің өкілдерінен тұрады. 2. Ассамблея белгіленген уақытта немесе оның шақырылуын талап ететін жағдайларда лиганың жұмыс орнында немесе басқа тағайындалған жерде жиналады. 3. Ассамблея лиганың қарауына жататын салалардағы жалпылама бейбітшілікті сақтауға бағытталған барлық мәселелерді қарайды. 4. Лиганың әр мүшесінің Ассамблеяда үш адамға дейінгі өкілі бола алады және олар тек ғана бір дауысқа ие [16]. 4-бап 1. Кеңес Басты Одақтас және Біріккен державалардың (Ескерту: АҚШ, Британдық империя, Франция, Италия және Жапония), сондай-ақ, лиганың басқа төрт мүшесінің өкілдерінен тұрады. Лиганың осы төрт мүшесі Ассамблеяның қалауы бойынша және өзі белгілеген мерзімге тағайындалады. Ассамблеяның бірінші тағайындауына дейін Бельгия, Бразилия, Испания және Греция өкілдері Кеңестің мүшесі болып табылады. 2. Ассамблеяның көпшілігінің мақұлдауымен Кеңес лиганың басқа мүшелерін тағайындауы мүмкін, сол уақыттан бастап олардың Кеңестегі өкілдігі тұрақты болмақ (Ескерту: Жарғының осы пунктіне сәйкес Германия 1926 жылы 8-қыркүйекте Кеңестің тұрақты мүшесі болып сайланды). Кеңес осындай мақұлдаумен лига мүшелерінің санын көбейте алады, олар өз кезегінде Кеңесте өз өкілдерін ұстау үшін Ассамблеямен сайланады (Ескерту: 1922 жылы 25-қыркүйекте Ассамблеямен сайланатын Кеңестің мүшелерінің саны алтыға дейін ұлғайтылса, 1926 жылы 8-қыркүйекте – тоғызға дейін көбейтілді). 2-а. Ассамблея үштен бір көпшілік дауысымен Кеңестің уақытша мүшелерін сайлау ережесін, атап айтқанда, олардың ондағы қатысу мерзімін және жаңадан сайланудың шартын орнатады (Бұл өзгерту 1926 жылы 29-маусымда күшіне енген). 3. Кеңес белгілі-бір жағдай талап еткенде және ең аз дегенде жылына бір рет лиганың орналасқан жерінде немесе арнайы басқа тағайындалған жерде жиналады. 4. Кеңес лиганың қызметіне жататын салаларға қатысты және әлемдегі бейбіт өмірді сақтауға бағытталған мәселелердің барлығын қарастырады. 5. Кеңесте өкілі жоқ лиганың кез-келген мүшесі Кеңес отырысында сол елге қатысты мәселе талқыланатын болса өз өкілін қатысу үшін жібере алады. 6. Кеңес құрамындағы лиганың әрбір мүшесі тек бір дауысқа ие және тек бір өкілін ұстай алады. 5-бап 1. Аталмыш Жарғының немесе осы келісім-шарт ережесінің қарама-қарсы қаулысының болмаауына байланысты, Ассамблея немесе Кеңес шешімі жиналыста өкілдері бар лига мүшелерімен бірауыздан қабылданады. 2. Ассамблея немесе Кеңес жиналыстарында пайда болатын процедура туралы сұрақтар, тіпті, ерекше жағдайларды тексеру жүктелетін комиссияларды тағайындау мәселесінің өзіне Ассамблея немесе Кеңес рұқсат береді, бұл шешім жиналыста өкілдері бар лига мүшелерінің көпшілігімен енгізіледі. 6-бап 1. Тұрақты Хатшылық лиганың тұрғылықты жерінде орналасады. Ол Бас хатшыдан, сондай-ақ, қажетті хатшылар мен қызметкерлерден тұрады. 7-бап 1. Лиганың штаб пәтерінің орналасқан жері Женева. 8-бап 1. Лига мүшелері бейбіт өмірді сақтау ұлттық қарулануды ұлттық қауіпсіздікті сақтауға сәйкес деңгейге дейін шектеуді және осы бағыттағы халықаралық міндеткерліктерді орындауды талап ететіндігін мойындайды. 2. Кеңес әрбір мемлекеттің географиялық орналасуы мен ерекше жағдайын ескере отырып, түрлі үкіметтермен шешімдер шығару және талқылау мақсатында осы шектеулердің жоспарларын жасақтайды. 3. Бұл жоспарлар жаңа талқылаудың, тіпті, қажет жағдайда, әрбір он жыл сайын қайта қараудың нысанын құрауы тиіс. 4. Түрлі үкіметтермен оларды қабылдағаннан кейін бекітілген қарулану деңгейін Кеңестің келісімінсіз көтеру мүмкін болмайды. 5. Қару-жарақ және тағы басқа әскери материалдарды жеке өндіру барлық заңнамаларға қайшы екендігін ескере отырып, лига мүшелері ұйымның өз қауіпсіздіктері үшін қажетті қару-жарақ пен басқа әскери материалдарды дайындауға мүмкіншіліктері жоқ елдердің қажеттілігін қанағаттандыру үшін Кеңеске мұндай жетіспеушіліктерді жою туралы шаралар қабылдауға тапсырмалар береді. 6. Лига мүшелері өздерінің қарулану көлеміне, әскери, теңіз және әуе бағдарламаларына және соғыс үшін пайдалануға жарамды өнеркәсіп салаларының ахуалына қатысты барлық мәлеметтермен алмасып отыруға міндеттенеді. 9-бап Тұрақты комиссия 1 және 8 баптар қаулыларының және жалпылама әскери, теңіз және әуе мәселелерінің орындалуы туралы өздерінің қорытындыларын Кеңеске ұсыну үшін құрылатын болады. 10-бап Лига мүшелері ұйымға мүше елдердің территориялық тұтастығын және саяси тәуелсіздігін құрметтеуге және сақтауға мінттеме алады. Шабуыл жасалған жағдайда немесе шабуыл жасауға қауіп төнген жағдайда Кеңес осы міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдайды [17]. 11-бап 1. Лига мүшелерінің кез-келген мемлекетіне соғыс қаупі төніп тұрған жағдайда сол елдің сұрауымен Бас хатшы шұғыл түрде Кеңесті шақырады. 2. Лиганың кез-келген мүшесі достық жағдайында Ассамблея немесе Кеңестің назарын халықаралық қатынасқа ықпал ететін жағдайға, болмаса, бейбітшіліктің орын алуы тәуелді халықтар арасындағы достық келісімге аудара алады деп жарияланады. 12-бап 1. Лига мүшелері өздерінің арасында жанжал туған жағдайда осы мәселені шешу үшін үшінші бір тарапты тарта алады немесе сот жолымен шешуге жүгіне алады, болмаған жағдайда олардың таласы Кеңесте қаралады. Олар сонымен қатар, алқа соттарының немесе соттық қаулының, немесе Кеңес баяндамасының шешімінен кейінгі үш айлық мерзімнің ішінде соғысқа жол бермеуі жөнінде өзара келіседі. 2. Осы бапта қаралған барлық жағдайда, алқа соттарының шешімі немесе соттық қаулы ақылға қонымды мерзімнің ішінде шығарылуы тиіс, ал Кеңестің баяндамасы өз қарауына талас мәселе талқылауға түскен күннен бастап алты айдың ішінде жасақталуы қажет. 13-бап 1. Лига мүшелері егерде өздерінің арасында алқа сотымен немесе соттық қаулымен шешімі табылатын жанжал туындайтын болса, бұл талас дипломатиялық жолмен шешілмейтін болса, мәселені толықтай алқа сотында талқылауға немесе сот арқылы шешуге келіседі. 2. Алқа сотына немесе соттық талқылауға белгілі-бір келісім-шартты қарастыруға, халықаралық құқық мәселелеріне, халықаралық талаптарды бұзатын анықталған фактіге, немесе осындай заң бұзушылық үшін өтемнің көлемі мен түріне қатысты сұрақтар жатады деп жарияланады. 3. Мұндай жанжалдарды қарастыруға берілетін сот – 14-бапқа сәйкес құрылған Халықаралық Соттың Тұрақты Палатасы (Әділетті сот) болып табылады немесе таласушы тараптар келісе отырып бекіткен басқа трибунал болады. 4. Лига мүшелері шығарылған шешімді немесе қаулыны мүлтіксіз орындауға және ұйымның басқа мүшесіне қарсы соғысқа жүгінуден бас тартуға міндеттеме алады. Шығарылған шешім немесе қаулы орындалмай қалғанда Кеңес олардың орындалуын қамтамасыз ететін шараларды жүзеге асырады. 14-бап Кеңеске Халықаралық Соттың Тұрақты Палатасының жобасын жасақтап және оны Лига мүшелеріне ұсыну тапсырылады. Бұл Палата дауласушы тараптар тапсыратын барлық халықаралық сипаттағы жанжалдарды қарастырады. Палата сондай-ақ, Кеңес немесе Ассамблея ұсынған барлық даулар және барлық мәселелер бойынша кеңесуші қорытындылар беретін болады. 15-бап 1. Егерде Лига мүшелерінің арасында олардың қарым-қатынасының үзілуіне қауіп төндіретін дау туындайтын болса, және 13-бапта қарастырылғандай бұл дауды алқа немесе соттық талқылау арқылы шешу мүмкін болмаса, онда Лига мүшелері оны Кеңес қарауына ұсынуға келіседі. Ол үшін дауласушы тараптардың біреуі осы жанжалды Бас Хатшыға көрсетсе жеткілікті, ол өз кезегінде оны толық тергеп, қарастыру үшін шаралар қабылдайды. 2. Тараптар қысқа мерзімнің ішінде оған дауға қатысты барлық мәліметтерді, фактілер мен ақтаушы құжаттарды баяндауы тиіс. Кеңес ол құжаттарды тез арада жариялау туралы шешім шығаруы мүмкін. 3. Кеңес дауды реттеу үшін барлық күш-жігерін салады. Кеңеске бұл жағдай мүмкін болып жатса, онда ол бұл дау жөніндегі шешімдерін, тиісті түсіндірулері мен осы реттеудің талаптарын жария етеді. 4. Егерде дау реттелмесе, онда Кеңес бірауыздан немесе көпшілік дауыс арқылы аталмыш даудың туындау жағдайы баяндалған, оны өзінше әділетті шешу жолдары көрсетілген хабарламасын жасақтап, жариялайды. 5. Кеңесте өкілі бар Лиганың кез-келген мүшесі дауға қатысты фактілердің мазмұнын жариялауға, оған қатысты өзінің қорытындыларын жариялауға құқылы. 6. Егерде Кеңестің хабарламаса бірауыздан қабылданса, дауласушы тараптардың дауыстарын есептеусіз-ақ Лига мүшелері кез-келген басқа тарапқа қарсы соғыс ашпауға міндеттеме алады. 7. Егерде Кеңеске өз хабарламасын дауға қатысушы тараптардан басқа мүше-елдерге қабылдату мүмкін болмай жатса, онда Лига мүшелері әділеттілікті сақтау үшін қалай әрекет етуді өздері шешеді. 8. Егер де Кеңес мойындап, дау тудырған мәселе тараптардың істеріне қатысты сұрақ екендігін тараптардың бірі жариялайтын болса, онда Кеңес бұл мәселенің ешбір шешімін айтпастан оны өз хабарламасына тіркеп алады. 9. Кеңес осы бапта қаралған барлық мәселелер бойынша дауды Ассамблеяға ұсына алады. Ассамблея дауды сондай-ақ, тараптардың бірінің ұсынысымен де талқылауға міндетті; мұндай шағым дау Кеңеске енгізілген он төрт күннің ішінде берілуі тиіс. 10. Ассамблеяға берілген барлық істерде аталмыш баптың және Кеңестің қызметі мен өкілеттілігіне қатысты 12 баптың қаулылары тең дәрежеде Ассамблеяның қызметі мен өкілеттілігіне қолданылады. Кеңесте өкілдіктері бар Лиганың мүшелері өкілдерімен және дауласушы тараптардан басқа Лиганың көпшілік мүшелерімен құпталған Ассамблея жасақтаған хабарлама Кеңестің хабарламасы сияқты бірдей күшке ие. 16-бап 1. Егерде Лига мүшесі 12, 13 және 15 баптардағы қабылданған міндеттемелерге қарамастан соғысқа жүгінетін болса, онда ол Лиганың басқа барлық мүшелеріне қарсы соғыс ашқан болып қарастырылады. Соңғылары мұндай елмен барлық сауда, қаржылық байланыстарын үзіп, өз азаматтары мен ұйымның Жарғысын бұзған ел азаматтары арасындағы қаржылық, сауда немесе жеке қарым-қатынастарға тиым салуы тиіс. 2. Аталмыш жағдайда Кеңес мүдделі үкіметтерге Лиганың міндеттеріне деген құрметті сақтау бағытындағы әскери қимылдар жүргізуге қажетті әскери, теңіз немесе әуе күштерінің сандық құрамын ұсынуға міндетті. 3. Лига мүшелері дағдарыс жағдайында шығындар мен қиындықтардың алдын алу үшін қаржылық және экономикалық шаралар қолдану барысында өзара көмек беруге келіседі. Олар Жарғыны бұзған елге қарсы шаралар қабылдау барысында тең дәрежеде өзара көмек көрсетеді. Ұйымға мүше елдер осындай операциялар уақытында одақтастар әскери күштерінің өз территориялары арқылы өтуін жеңілдетуді қамтамасыз етуге міндетті. 4. Ұйымнан Жарғыдан шығатын белгілі-бір міндеттемелерді бұзып, кінәлі болған кез-келген мемлекет шығарылуы мүмкін. Ұйым мүшелігінде қалдыру мәселесі Кеңесте өкілеттіліктері бар қалған мүше-елдердің дауыс беруі арқылы шешіледі [18]. 17-бап 1. Лигаға біреуі ғана мүше елдің немесе ұйымға екеуі де мүше емес мемлекеттердің арасында дау туындайтын болса олар ұйым Жарғысындағы талаптарға жүгінуге шақырылады. Егерде бұл шақырулар қабылданатын болса, онда ол мемлекеттерге 12-16 баптардың қаулылары қолданылады. 2. Осындай шақыртулар жіберілгеннен кейін Кеңес даудың туындау жағдайын зерттеп, дауды шешу үшін сол жағдайға қолайлы шаралар қабылдайды. 3. Егерде шақырылған мемлекет дауды реттеу мақсатында Лиганың мүшесінің міндеттемелерін қабылдаудан бас тарта отырып, ұйым мүшелерінің біріне соғыс ашатын болса онда оған 16-баптың қаулылары қолданылады. 4. Егерде шақырылған екі мемлекет дауды реттеу мақсатында Лиганың мүшесінің міндеттемелерін қабылдаудан бас тартса, онда Кеңес жанжалды бейбіт жолмен шешу мақсатында барлық ұсыныстар мен шараларды жасайды. 18-бап Лиганың болашақ мүшесімен жасалатын барлық халықаралық келісім-шарттар немесе халықаралық міндеттемелер тез арада Хатшылықта тіркеліп, көп ұзамай жариялануы тиіс. Мұндай барлық халықаралық келісім-шарттар немесе халықаралық міндеттемелер тіркелмесе міндетті бола алмайды. 19-бап Ассамблея уақыт өткен сайын Лига мүшелерін маңызды келісім-шарттарды, сондай-ақ, халықаралық ережелерді талқылауға шақырып отырады. 1. Ұйым мүшесі Жарғының өз талаптарына сай келмейтін барлық міндеттемелерді немесе келісімдерді жоятындығын мойындайды, және алдағы уақытта ондай келісімдерді жасамауға міндеттеме алады. 2. Егер де ұйым мүшесі Лигаға кірер алдында ұйым Жарғысының талаптарына сай емес міндеттемелер алған болса, онда ол осы міндеттемелерден арылу үшін шұғыл шаралар қабылдауы тиіс. 21-бап Алқа соты туралы келісім-шарт, Монро доктринасы сияқты бейбіт өмірді сақтауға бағытталған халықаралық міндеттемелер ұйым Жарғысының қаулыларына сәйкес емес құжаттар ретінде қарастырылады. 22-бап 1. Келесі принциптер соғыс нәтижесінде бұрынғы үстемдік етуші мемлекеттердің бақылауынан босаған және әлі де болса осындай күрделі кезеңде өзін-өзі басқаруға қауқарсыз халықтар орналасқан отарлар мен территорияларға қолданылады. 2. Бұл принципті жүзеге асырудың ең тиімді тәсілі – осы халықтарды жетекші ұлттарға қамқорлыққа беру, олар бұған келіседі: олар бұл қамқорлықты Лиганың атынан мандат жүйесі арқылы жүзеге асырады. 3. Мандаттың сипаты халықтың дамуы, территориясының географиялық орналасуы, оның экономикалық жағдайы және басқа жағдайлармен анықталуы тиіс. 7. Барлық жағдайда мандатты иеленуші мемлекет Кеңеске жыл сайын өзінің қарауындағы территорияға қатысты хабарлама жіберіп отыруы тиіс. 23-бап Қазіргі таңдағы қолданыстағы халықаралық келісімдердің қаулыларын сақтай немесе алдағы жасалатын шарттармен де келісе отырып, Лига мүшелері: а) өз территорияларында, сондай-ақ, олардың сауда және өнеркәсіптік қатынастары таралатын барлық елдерде ерлерге, әйелдерге және балалар үшін еңбектің әділетті және гуманды жағдайларын қамтамасыз ету және оны сақтау үшін күш салады. 24-бап 1. Ұжымдық келісім-шарттармен бекітілген барлық халықаралық бюролар Лига басшылығы арқылы тараптардың келісімі жағдайында болады. Басқа барлық халықаралық бюролар және халықаралық істерді реттеу бойынша түрлі комиссиялар, олардың алдағы құрылатындары Лиганың басшылығында болады [19]. Сонымен, Ұлттар Лигасының Статусының төмендегідей ерекшеліктері болды: 1. Құжатта халықаралық қатынастарды халықаралық-құқықтық реттеудің рөліне үлкен назар аударылған. Халықаралық құқықтың ынтымақтастықты дамыту мен бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін маңыздылығы мойындалды. Статутта халықаралық құқықтың ережесі ендігіде «үкіметтің әрекетінің нақты ережесі болып табылатындығы» көрсетілген. 2. «Әділеттілік үстемдігін құру және ұйымдастырылған халықтардың өзара қарым-қатынасындағы келісім-шарттармен белгіленген міндеттерді сақтау» міндеті қойылды. Осылайша, Ұлттар Лигасының Статуты халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді келісім-шарттарға үлкен маңыз артты және келісім-шарттық міндеттемелерді қадағалауды қажетті деп жариялады. 3. Ұлттар Лигасының Статуты бірінші рет халықаралық-құқықтық дауларды алқа билер немесе соттық шешуге жататын мәселелер қатарына жатқызды. Статутқа сәйкес 1922 жылы бірінші тұрақты халықаралық сот – Халықаралық әділ төреліктің тұрақты палатасы құрылды. 4. Халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу: бастапқыда Ұлттар Лигасының Статутында халықаралық дауларды әскери қимылдар арқылы шешуге тиым салатын ереже болмады. 1924 жылы ұйымның белсенділерінің қысымымен агрессиялық соғыс халықаралық қылмыс ретінде жарияланған және агрессия анықтамасы берілген дауларды бейбіт жолмен шешу туралы Хаттама қабылданды. Өкінішке орай, бұл хаттама күшіне енбейді. Оның орнына 1928 жылы ұлттық саясаттың құралы ретіндегі соғыстан бас тарту жөніндегі көпжақты Келісім-шартқа қол қойылды. Осы келісім-шарттың ІІ бабында: «Тараптар өздерінің арасындағы туындауы мүмкін дауларды немесе жанжалдардың барлығын тек бейбіт жолмен шешу немесе реттеу қажеттігін мойындайды» делінген [20]. Халықаралық құқықты дамытуы тұрғысынан маңызымен қатар, Ұлттар Лигасы және Версаль жүйесінің одан кейінгі уақытта Екінші дүниежүзілік соғыс өртінің тұтануына әкелген бірқатар кемшіліктері де болды: 1. Ұлттар Лигасының Статуты ақыр соңында халықаралық қатынаста заңсыздық орын алған жағдайда қарулы күш қолдануды бекітпеді. 2. Отарлық жүйе одан әрі нығайып, іс-жүзінде заңдастырылды, бұл жағдайда метрополиялық елдерден тәуелді мемлекеттердің ешқайсысы халықаралық қарым-қатынастарға қатысуға мүмкіндік ала алмады. Жаңа жүйеге сәйкес Ұлттар Лигасымен отарларды басқаруға уақытша өкілеттілік берілді, бұл осы саладағы қайшылықтарды жұмсартып қана қойды. 3. Бастапқыда Ұлттар Лигасына екі қуатты мемлекеттер – КСРО және Германия жіберілмеді. Бұл өз кезегінде ұйымның жалпы мүмкіншілігі мен тиімділігіне әсер етті. Осы фактор халықаралық-саяси аренадағы ахуалды одан әрі шиеленістірді [21]. Осылайша, Ұлттар Лигасының ұйымы қазіргі заманғы халықаралық құқықты құру жолындағы үлкен қадам болды, бірақ, сонымен бір мезгілде, құрылған халықаралық ұйым халықаралық бітім мен әділеттілікті толық қамтамасыз ету үшін жетімсіз әрекет жасады.
2-ТАРАУ. ҰЛТТАР ЛИГАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӨМІРДЕГІ РӨЛІ (1919-1939 ЖЖ.) Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|