ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі отарлық жүйе және Ұлттар Лигасындағы мандаттық жүйе.
Ірі батыс державаларының әлемді отарлық бөлу үшін бақталасы ХІХ-ХХ ғасырлар шеңберінде халықаралық қатынастардың дамуындағы негізгі фактор болды. Бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталысымен әлемдік саяси кеңістіктегі көлемді қайта құру басталды. Жеңімпаз елдер өздерінің отарлық иеліктерін сақтап ғана қоймай, сонымен бірге Германия, Жапония, бұрынғы Осман империясының иеліктерін өз бақылауларына алды. Ұлттар лигасының бастамасымен «қамқорлықтағы» территорияларды үш категорияға бөлген мандаттық жүйе құрылды. Бірінші категорияға Осман империясының провинцяиалыр енді. Олардың сөзсіз тәуелсіздік алуы танылды. Бірақ кіші мандаттық территориялардағы өзін-өзі басқару жүйесін құру үшін өтпелі кезеңнің ұзақтығын мандат иеленуші елдер анықтады. Өтпелі кезеңнің аяқталуына дейін мандат иеленуші жергілікті тұрғындарға дін, тіл, мәдениет мәселелерінде айтарлықтай автономия беруді, экономикалық салада «ашық есік» саясатын жүргізуі тиіс болды. Мандаттың бұл категорияларына Францияның Сирия мен Ливанға, Ұлыбританияның Палестина, Трансиордания, Месопотамияға (Ирак) құқығы жатқызылды. Екінші категорияға тәуелсізді кепілін алмаған Германияның Орталық азиядағы бұрынғы отарлары жатқызылды. Мандат иеленуші мұнда барлық заң шығарушылық және әкімшілік билікті қолына топтастырып, бірақ өзіне құлдықты жою, жергілікті халықты шектен тыс қанамау, жергілікті халықты әскери құрылымдарға алуды шектеуді, қару мен ішімдіктің таралуын бақылауды, білім беру мен денсаулық сақтау жүйесін дамытуды өз жауапкершілігіне алды. Бұдан басқа мандат иеленуші экономикалық салада «ашық есік» саясатын жүргізуге міндеттелді. Мұндай қағидалармен Франция ТОго мен Камерунның, Ұлыбритания Того мен камерунның бір бөлігін, сонымен бірге германдық Шығыс Африка (Танганьика), Бельгия-Руанда-Урунди аймақтарын басқару құқықтарын алды. Үшінші категорияға іс жүзінде мандат иеленуші елдердің отарлық иелігіне айналған Тынық мұхит, оңтүстік-батыс және оңтүстік Шығыс Африкадағы бұрынғы герман иеліктері жатты. Мандат иелеріне қандай да бір міндеттемелер жүктелмеді, оның ішінде «ашық есік» саясатын жүргізу де көзделмеді. Бұл категорияға Жаңа Гвинея (Австралияның мандаты), Батыс Самоа (Жаңа Зеландияның мандаты), Науру аралы (Ұлыбританияның мандаты), Мариан, Караолин, Маршалл аралдары (Жапонияның мандаты), Оңтүстік-батыс Африка (Оңтүстік Африкалық Одақтың мандаты). Мандаттық жүйе Ұлттар лигасының көшбасшыларының пікірінше әлемдік жетекші державалардың Шығыс елдерімен өзара байланыстарындағы қағидалы жаңа қадам ретінде бағаланды. Бірақ іс жүзінде отарлық иеліктердің жеңімпаз елдердің арасындағы бөлінуі туралы әңгіме жүрді. Әсіресе Англия мен Францияның отарлық иеліктері кеңейді. АҚШ, Жапония және Италияның іскер және саяси топтары, керісінше мандаттардың бөлінуі әлемдік жетекші державалардың экономикалық және әскери-саяси әлеуеті шынайв ескерілмеген әділеттсіз деп есептеді. Метрополия елдерінің Шығыста өз иеліктерін кеңейту мен нығайтуға ұмтылысы Азия және Африка халықтарының қарсылығын шыңдай түсті. Үшінші ағылшын-ауған соғысы ағылшын экспедициялық корпусының 1919 жылы Ауғанстаннан шығарылуымен аяқталды. Одан кейінгі жылдары Ауғанстан, иран және Түркия өздерінің халықаралық егемендігін нығайта алды. Бұл ретте КСРО тарапынан болған қолдау үлкен рөл атқарды. Азия мен Африканың көптеген аймақтарында отарлауға қарсы қозғалыстар күшейді. 1919 жылы Египеттегі көтеріліс Ұлыбританияға бұл елдегі протекторатынан бас тартуға мәжбүрлеп, тек Суәц каналын сақтап қалуға мәжбүрледі. Екі соғыс аралығында отарлауға қарсы күрес Оңтүстік Қытайда, Үнді мен Ливанда тыншыған жоқ, 1918-1919 жылдары отарлауға қарсы күрес Индонезияда, 1920 жылы-Иракта, 1921-1926 жылдары Мароккода, 1925-1927 жылдары Сирияда жүрді. Ұлт-азаттық қозғалыстардың ұлғаюы және метрополиялардың өздерінде ішкі саяси қайшылықтардың шиеленісуі отарлау саясатының қағидаларын қайта қарауға алғышарттар жасады. Бұл бағытта алғашқы қадамды ірі «ақ» (қоныстанушы) отарларды иеленуші Ұлыбританияның жасауына тура келді. Отарлардың экономикалық және саяси еркіндігінің ұлғаюы британ үкіметін ХІХ ғасырдың аяғынан бастап-ақ империялық құрылымда құқықтық реформаны бастауға мәжбүрледі. Дамыған қоныстанушы отарларға өзін-өзі басқару құқығы және сәйкесінше доминион статусы (ағылшынша-иелік) берілді. 1867 жылы Канада долминон болды, 1901 жылы Австралия одағы, 1907 жылы Жаңа Зеландия алды. 1887 жылдан бастап британ премьер-министрінің төрағалығымен отарлық конференциялар-«ақ» отарлардың өкілдерінің (Канада, Австарлия, Жаңа Зеландия, Оңтүстік Африка, Ньюфаундленд) консультативті Кеңесі құрыла бастады. 1907 жылдан бастап бұл конференциялар империялық атау алды. Сонымен бірге доминондар халықаралық қатынатарға қатысуға, оның ішінде келісім шарттар жасауға, шетел астаналарында дипломатиялық өкілдіктер құруға құқық алды. Бірінші дүниежүзілік соғысқа белсенді қатысу доминиондарға өздерінің саяси құқықтарын кеңейту туралы мәселені қоюға мүмкіндік берді. 1917 жылы империялық конференцияда Канада, Австралия және Оңтүстік Африкалық Одақ доминондарды «Империялық Одақтастықтың автономиялық мемлекеттері» ретінде тануға қол жеткізді. Осы конференцияда Оңтүстік Африкалық Одақтың өкілі генерал А.Сматс жаңа құрылған мемлекетаралық бірлестікті-«Ұлттардың британдық достастығы» деп атауды ұсынды. Бұл термин ресми түрде 1918 жылы империялық конференция резолюцияларында пайда болып, ал толықтай 1921 жылғы Ирланд доминионын құру туралы келісімде бекітілді. 1920 жылдан бастап барлық доминондар тәуелсіз мүше ретінде Ұлттар лигасының құрамына енді. Ұлттарды достығының қағидалары 1926 жылғы империялық конференцияда кеңінен рәсімделді. «Бальфур баяндамасына» сәйкес Достастық «Біріккен королдықтың және Канада, Австралия, Жаңа Зеландия, Оңтүстік Африка, Ирланд еркін мемлекетінің және Ньюфаундлендтің еркін бірлестігі» ретінде айқыдалды. Мүшелікке қойылған басты өлшем доминион статусы болды. Сондықтан 1917 жылдан бастап империялық конференцияға қатысуға құқық алған Үндіні қосқанда қалған отарлар ұлттардың Британ Достастығының құрамына кірмеді. Дегенмен Британ Достастығының құрылуы барлық британ отарлық империясын саяси-құқықтық қайта құруға бастау болдыф. Шекті оқиға 1931 жылғы империялық конференцияда Вестминистер статусынның қабылдануы болды. Бұл құжатта Таққа адамлдық пен бірауыздылықтың қағидалары нақты көрсетілді: Британ Достастығының мүшесі монархиялық басқару формасын сақтау керек және Достастықтан біржақты шығуға құқығы болмады. Доминиондарға отарлар деген сөзді қолдану ұйғарылды. Бұл оларға ұлттық заңшығарушылықты дамытуға мүмкіндік берді. Вестминистер статусына сәйкес британ парламенті доминиондар үшін тек олардың өтініші мен келісімі бойынша ғана заң шығаруға құқығы болды. 1930-1934 жылдары Үндістанда ұлт-азаттық қозғалыстардың өрістеуі жүрді. Отарлық билік қатаң репрессиялар жүргізді. Бірақ сонымен бір мезгілде Ұлыбританияның билеуші топтарында үнді мәселесін құқықтық жағынан шешу қажеттілігі туралыц түсінік нығабя түсті. 1930 жылы-ақ Саймонның парламенттік комиссиясы Үнді конституциясын өзгерту жолдары туралы баяндама ұсынды. Үді қоғамының өкілдерімен өткізілген екі дөңгелек үстелдің нәтижесі бойынша жаңа конституция жобасы дайындалып, 1935 жылы бекітілді. Үндістан федералдық провинция мен княздыққа айналды. Үнділердің қатысуымен орталық және жергілікті өкілдермен атқару өкіметі құрылды. Сайлау құқығын иеленген жергілікті халықтың үлесі 14 пайызға дейін ұлғайды. Екі дүниежүзілік соғыс аралығында британ дипломатиясына тағы да күрделі мәселе-палестина мәселесін шешу міндеті тұрды. Еврейлердің «тарихи Отанына» Палестинаға (Стон) қайту идеясы діни сипатқа ие болып, ұзаққа созылды. 18602 жылы Парижде Ротшильдтар әулиетінің француздық бұтағының қолдауымен алғашқы халықаралық сионистік ағымдағы ұйым-«Дүниежүзілік израиль одағы» құрылды. 1897 жылы тамызда Базелде Дүниежүзілік сионистік ұйымның алғашқы конгресі құрылды. Сионистік қозғалыс өзінің мақсаты етіп Палестинаны сионистік мемлекетке айналдырудың алғышарттарын жасау, осындай үгіт-насихатты еуропалық еврейлер қауымдары арасында тарату, әлемдің сионизмнің ұйымдық құрылымын нығайтуды қойды. Бірақ тәуелсіз еврей мемлее\кетін құру халықаралық қолдаусыз мүмкін емес еді. Осыны түсінген сионистік қозғалыстың көшбасшылары өздерінің мақсаттарын әлемнің жетекші елдерінің мемлекеттік-саяси элитасы, оның ішінде Ұлыбритания ішінде таратуды көздеді. 1902 жылы британ үкіметі еврейлерге Синай жартыаралының бір бөлігіне қоныстануды ұсынды, ал 1903 жылы-еврейлерді Угандаға қоныстандыру жобасын ұсынды. Алайда 1905 жылғы сионистік қозғалыстың 7-ші конгресінде бұл ұсынысты кері қайтарды. Сионизм Сионның саяси тұрғыда мәні болмады. Палестинаға қоныс аудару жолында екі кедергі тұрды-бұл провинцияға Осман империясының билігінің болйы және жергілікті араб тұрғындар. Бұл мәселелердің біріншісі Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуына орай Осман империясының құлауымен шешілді, екінші мәселені шешуде еврейлер ағылшындардың қолдауына арқа сүйеді. 1916 жылы-ақ Англия мен Франция Осман империясын бөлу туралы құпия келісімге қол қойды. Оның шарты бойынша палестина аймағы Ұлыбританияның ықпал ету аймағына көшкен. Бір жыл өткен соң Британ үкіметінің позициясы ресми мәлімделді. 1917 жылы 2 қарашада Ұлыбританияның сыртқы істер министрі А.Бальфур сионистік қозғалыстың қамқоршысы лорд Лайонел Ротшильдке «Бальфур декларациясы» деп аталған жолдауын жіберді. Бұл құжатта еврейлердің Палестинада еврейлік «ұлттық ошақты» құруға құқығы танылып және осы мақсатқа жетуді жеңілдетуге бар күшін с алатындығы айтылды. Сионистік қозғалыстың арқасында британ үкіметі өзінің ықпалын Таяу Шығыста нығайтып, египет пен Ирактың арасындағы маңызды стратегиялық ауданда еврейлерді бетке ұстай отырып тірек жасау болды. Париж бейбіт конференциясында сионистік ұйымның өкілдері палестина проблемасын шешу халықаралық-құқықтық тұрғыда шешу қажеттігі туралы жерекші державалардың делегациясын сендіре алды. Бұл сұрақты іс жүзінде шешу Ұлыбританияға жүктелінді. Палестинка британың мандаты 1922 жылы шілдеде рәсімделді. Бірақ бұл уақытқа дейін Ұлыбританияның сионистік позицияны ұстайтындығы белгілі болдыц. Британ үкіметі жергілікті араб тұрғындарының ымыралығына мүдделі болды. Соғыс жылдары-ақ британ үкіметі ықпалды араб көшбасшыларымен, ең бастысы шейх Мекке Хусеймен байланыс орнатты. Түркияға қарсы соғыста арабтардың қолдауын алу мақсатында ағылшында жергілікті халықтың тәуелсіз араб конфедерациясын құру құқығын тануға уәде берді. Соғыстан кейінгі жылдары британ үкіметі еврей-қоныстанушылар мен арабтардың мүдделері арасында тиімді компромисс табуға тырысты. 1922 жылы Трансиорданияның Палестинадан бөлінуі және оның территориясында әмір Абдулланың басқаруымен тәуелсіз королдіктің құрылуы туралы шешім қабылданды. Палестинаның өзінде өзінде ағылшындар еврейлердің бір ұлтты мемлекетін құруға емес, олардың көшіп келуіне жағдай жасауды есептеді. Мұндай позиция еврейлердің де, арабтардың да көңілінен шықпады. 1920-1930 жылдары Палестина этно-конфессиялық қақтығыстардың ошағына айналды. Британ үкіметі бұл мәселені сол күйі шеше алмады. 1930-жылдардың басында саяси сахнаға Германия, Италия және әсіресе Жапонияның шығуы отарлық мәселедегі қалыптасқан статус квоны өзгертті. Берлин-Рим-Токио «өсінің» державалары әлемді қайтадан бөліске қатты құмартты. Өздерінің қарсыластарының позицияларын әлсірету үшін, олар отарлаудағы халықтың наразылығын ушықтырып, отарлаушыларға қарсы қарулы толқуларды ұйымдстырды. Жапония бұл мақсатқа азия халықтарының «гүлденуі», немістер-«исламды қорғаштау» ұраны идеяларын пайдаланды. «Өстің» державалары өздерінің агентураларын Шығыс елдеріне жіберіп, ұлттық партиялар мен топтарға қарумен, ақшамен, әскери және саяси инструктрлармен қолдау көрсетті. Мұндай саясат өз жемісін берді. Марокко, алжир, Тунис, Египеттің ұлттық т оптары герман-итеальяндық үгітке ыңғай білдірді. 1936-19369 жж.Испан республикасына қарсы әскери бүлік барысында франкошылардың қатарында марокколықтардан жасақталған бүтіндей бір полктар ұрысқа қатысты. Ливияның феодал билеушілерінің бір бөлігі Муссолини режимін қолдап, итальян армиясының құрамында ливиялық арабтардың әскери құрамының құрылуына ықпал етті. Палести нада Германия неміс отаршылдары арқылы әрекет етті және 1936-1939 жж.Иерусалим муфтиі Хадис Амин аль-Хусейнн бастаған аплестиналық арабтардың көтерілісін қолдады. 1941 жылы сәуір-мамырда германдық пиғылдағы ирак армиясының басшылығы британ ықпалының күшеюіне қарсы күреске шықты. Көтеріліс басшысы Рашид Али аль-Гвйлани Таяу Шығыстағы көрнекті саяси тұлғаға айналды. Екінші дүниежүзілік соғыс әлемдің отарлық жүйеге күшті соққы берді. Азия мен Африканың көптеген елдері әскери қимылдардың аренасына айналды. Ұрыстағы әскерлерде отар елдерден шыққандардың саны көп болатын. Тек Үндінің өзіне әскерге 2,5 млн адам, Африкадан 1 млн-ға жуық адам(тағы 2 млн адам әскердің мұқтажына қызмет етті) шақырылды. Ұрыс барысында, бомбалауда, саяси репрессиялар кезінде орасан зор шығындар болды: соғыс жылдарында Қытайда 10 млн адам, Индонезияда-2 млн адам, Филиппинде-1 млн адам қаза болды. Сонымен бір мезгілде соғыс Азия және Африка халықтарының ұлттық сана-сезімінің көтерілуіне ықпал етті. Жалпы ұлттық партиялар мен саяси қозғалыстар тез қалыптасты. Нацистік агрессия жылдарында саяси күйреудің шегіне жеткен еуропа метрополияларының ықпалы айтарлықтай әлсіреді. Францияның, Нидерландының, Бельгияның және ішінара Ұлыбританияның азия және африкалық отарларының көпшілігінде жергілікті әкімшілік соғыс жылдарында айтарлықтиай еркін қимылдауға мүмкіндік алып, жергілікті тұрғындардың ықпалды өкілдерінің арасынан қолдау іздеуге мәжбүр болды. Осының барлығы соғыстан кейінгі жылдардағы антиотралық күреске жаңа серпін берді.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|