Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






ПАРИЖ БІТІМ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ЖӘНЕ ҰЛТТАР ЛИГАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ




1918 жылы 11 қарашада Франциядағы Компьен орманында Антанта елдерінің талабымен Германия жеңілгендігін мойындап, бітімге қол қойды. Төрт жылға созылған соғыс аяқталды. 1919 жылы 18 қаңтарда соғыстың қорытындысы шығарылып, жеңген елдер мен Германия және оның одақтастары арасында келісімге келу үшін Париж қаласында халықаралық конференция өз жұмысын бастады. Конференцияға 27 елден делегаттар қатысты. Францияның премьер-министрі Жорж Клемансо, ағылшын премьер-министрі Дэвид Ллойд-Джордж және АҚШ президенті Вудро Вилсьон қатысып, басшылық жасады.

Париж конференциясының алдында соғыстан кейінгі халықаралық қатынастағы, әлемдегі өзгерістерді ескере отырып, дүниені қайта құру мәселесі тұрды:

-халықаралық қатынастағы өзгерістерді ескере отырып, жаңа принциптерді қалыптастыру;

-ірі капиталистік елдер арасындағы дүниежүзілік ықпалды реттеу;

-Германия мен Түркияның отарларының тағдырын шешу;

Ірі державалық елдер бұл мәселелелерді Париж конференциясында өз мүдделеріне ыңғайлы шешу үшін күрес жүргізді. АҚШ-тың конференциядағы негізгі мақсаты-дүниежүзілік әлемде өзінің үстемдігін қалыптатыру болды. Бірақ бұған Париж конференциясында Франция мен Англия басшылары қарсылық жасады. АҚШ-тың мұндай саясат жүргізуіне оның бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі экномикалық дамуы негіз болды. Соғыстан кейін Франция мен Англияның экономикасы күйзеліске ұшырап, АҚШ-тан артта қалды. Соғыс жылдарында АҚШ соғыс өнеркәсібі 335 млрд доллар таза пайда тапты. 1919 жылы АҚШ дүниежүзінде көмірдің 50 пайызын, автомобильдің 85 пайызын шығарды.

Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ әлемде қаржы саласында толық үстемдікке ие болды. Канада мен Латын Америкасы елдерінде 7 млрд, Еуропа елдерінде 18 мрлд доллар инвенстициясы болды. АҚШ президенті В.Вильсон: «Дүниежүзіне кім көп ақша берсе, сол ел әлемде билік жүргізуі қажет»-деген болатын. Сөйтіп АҚШ дүниежүзілік үстемдік жасау үшін күрес жэүргізді. АҚШ президенті Париж конференциясына 14 пункттен тұратын бағдарламасын әкелді. Бағдарламаның мазмұны мынадай болды:

-Антанта елдерінің арасындағы жасырын келісімдерден бас тарту;

-дүниежүзілік мұхиттармен теңіздерде еркін жүзу;

-барлық кедендік кедергілерді жойып, халықаралық ашық есік және ашық қол қағидасын сақтау,

-отар елдердің мәселесін әділетті шешу;

-қару-жарақты қысқарту;

-Германиямен және оның одақтастарымен әділетті келсімдер жүргізу;

-дүниежүзілік дау-жанжал мәселелерді бейбіт жолмен шешу үшін халықаралық ұйым-Ұлттар Лигасын құру,

Конференцияда бұл бағдарламаға Франция мен Англия басшылары қарсы шықты.

Бірақ оның Ұлттар Лигасын құру бағдарламасын қолдап, халықаралық қатынастағы дау-жанжал мәселелерді шешуде айтарлықтай рөл атқаратын ұйым құруға келісті.

Соғыстың қорытындысын баянды ету үшін жеңген елдер Париж конференциясында Гернмания және оның одақтастарымен келіссөздер жүргізуге кірісті. Париж қаласындағы айналы Версаль сарайында Германия мен жеңген елдер арнасында келіссөздер басталды. Бұл келіссөздер барысында Германияның жер мәселесі қаралды. 1870-1871 жылғы Франция-Пруссия соғысында Германияға берілген Эльзас пен Лотарингия Францияға қайтарылды. Саар облысы 15 жылға Ұлттар Лигасының қарауына берілді. Польшаның батыс жері Померания мен Познань қайтарылды. Данциг қаласы ерікті қала ретінде Ұлттар Лигасына басқаруға берілді. Бельгия Эйпен және Мальмеди аудандарын қайтарып алды. Данияға Шлезвиг қайтарылды. Версаль бітімі бойынша Германия жерінің 8/1 бөлігінен айырылды.

Екіншіден, Рейн өзенінің сол жағалауы түгелдей 15 жылға одақтастар әскерінің бақылауына өтті. Германия Рейн өзені бойынан өз әскерлерін әкетуге кірісті. Германияға 100 мың адамдық әскер ұстау рұқсат етті. Германия өзінің соғыс-теңіз флотынан айырылды.

Үшіншіден, Версаль келісімінде Германияның соғыс шығындарын өтеу мәселесі қаралды. Бұл аталмыш мәселені шешу үшін репарациялық комиссия құрылып, 1921 жылы аталмыш комиссияның шешімімен Германия 226 млрд марка төлеу қажет болды. 1921 жылы мамыр айында Германия 132 млрд марка төлейтін болып келісті. Репарациялық төлемнің 55 пайызын Франция, 22 пайызын Англия, Италия-10, Бельгия-8 пайызын алатын болды.

Төрнтіншіден, Германияның отарлары туралы мәселе қаралды. Африкадағы Германияның отарлары Танганьика, Тогоның батысы және Камерунның бір бөлігі Англияға берілді. Намибия-Британияның доминионы Оңтүстік Африка Одағына өтті. Тогоның шығыс бөлігі, Камерунның көп бөлігі және Руанди, Берунди Францияға берілді. Германияның Тынық мұхиттағы отарлары Жапония мен Англияға өтті. Мариан, Каролин және Маршалл аралдары Жапонияға берілді. Қытайдағы Шаньдун түбегі Жапонияға қайтарылды. Австралия мен Жаңа Зеландияға Жаңа Гвинеяның шығыс бөлігі, архипелаг Самоа берілді.

1919-1920 жж.Германия мен оның одақтастарымен болған келіссөздер Еуропа мен Азияның картасына көптеген өзгерістер әкелді.

Біріншіден, Еуропадағы Австро-Венгрия империясы құлады. Париж конференциясында Антанта елдері тәуелсіздік алған Чехословакия, Польша, Серб, Хорват және Словен корольдігін мойындады. Жер өзгерістерін бекітті. Истрия түбегінде Триест қаласы, Оңтүстік Тироль Италияға берілді. Батыс Белоруссия мен Батыс Украина Польшаға, Трансильвания және Буковина Румынияға тиісті болды.

Екіншіден, 1919 жылдың 27 қарашасында Болгария мен жеңген елдер арасында Нейя келісімі болды. Батыс Франция Грецияға беріліп, Эгей теңізіне Болгария шыға алмайтын болды. 2566 кв. Км жер Югославия (СХС) корольдігіне қайтарылды. Болгария 2 млрд 250 млн марка репарация төлейтін болды. 1919 жылы 10 қыркүйекте Сен-Жерменде Австриямен келісімге қол қойылды. 84 мың шаршы шақырым жері 6,7 млн халқымен Австрия Республикасы құрылды. Келісім бойынша Австрияның Германияға және басқа елдерге бірігуіне тыйым салынды. 1919 жылы наурыз айында Венгриямен Трианон келісімі жасалды. Бұл келісім бойынша Венгрия Австрияны мойындады. Румынияға Трансильвания мен Баната берілді. Хорватия-Югославияға, Словакия және Закарпат Украинасы-Чехословакияға берілді. 1920 жылы 10 тамызда Севр қаласында Түрік мемлекетімен келісімге қол қойылды. Түрік республикасының жері Кіші Азия бөлігі мен Стамбул қаласы және Босфор бұғазымен шектелді. Измир қаласы Грецияға өтті. Шығыс Араб елдеріндегі Палестина, Трансиордания және Ирак Англияға, Сирия мен Ливан Францияға берілді. Батыс Армения жері түріктердің мандаттық билігінде қалды. Күрдістан-түріктерге берілді. Босфор мен Дарданелл бұғаздары ұлы державалардың халықаралық комиссиясының бақылауында қалды.

Версаль келісімінің барысында АҚШ үкіметінің саясаты жеңіліс тапты, бірақ АҚШ өзінің дүниежүзін билеу саясатынан бас тартпай, Вашингтон конференциясын шақырды.

1920-жылдардың басында АҚШ Версаль бітім-шартын қайта қарауды талап ете бастады. Ондағы ойы жаңадан Батыс Еуропа елдерін өзінің билеу саясатын жүзеге асыруға көндіру болды.

АҚШ үкіметінің тікелей ұсынысымен 1921 жылы 12 қарашада бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуының үш жылдығына орай Вашингтон конференциясы ашылды. Конференция жұмысына 9 ел-АҚШ, Англия, Франция, Жапония, Италия, Бельгия, Голландия, Португалия және Қытай қатысты. Конференцияны ашуда сөз сөйлеген АҚШ президенті Гардинг салтанатты түрде: «Біз дүниежүзінде бейбітшілік пен тұрақтылықты орнату үшін бас қосып отырмыз»- деді. АҚШ-тың конференциядағы ұсыныстары мен мақсаты қандай болды? Біріншіден, Қытайдағы Жапонияның ықпалын әлсірету; екіншіден, Англияның әлемдік мұхиттар мен теңіздердегі үстемдігін әлсірету; үшіншіден, Тынық мұхит аралдарында мандаттық статус-кво құқықтарының сақталуын бақылау. Фашингтон конференциясы 1922 жылы 6 ақпанда аяқталды. Вашингтон конференциясының барысында АҚШ өзінің дүние жүзіндегі қаржылық үстемдігін пайдаланып, өзінің негізгі қарсыластарын көндірді де, дүниежүзілік билеу саясатын жүргізуге жол ашты. Біріншіден, 1922 жылдың 6 ақпанында 9 державаның келісіміне қол қойылды. Мұнда Қытайдың егемендігі мен жерінің тұтастығы екіжүзділікпен жарияланып, ашық есік және тепе-тең қатынас қағидасы ұсынылды.

АҚШ-тың «ашық есік» саясаты 1899 жылы жарияланған болатын, ол Вашингтон конференциясында 1922 жылы жүзеге асты. Бұның мақсаты Қытайдағы Жапонияның ықпалын әлсірету болатын. Сөйтіп, тоғыздық келісім барысында Жапония Қытай экономикасына салып отырған заем және несиеден, сондай-ақ Маньчжуриядағы салынып жатқан темір жол құрылысынан бас тартты. Сонымен қатар Қытайға Ганьдун түбегін де кері қайтарды.

Екіншіден, конференцияда бес ел келісіміне қол қойылды. Әскери-теңіз қару-жарақтарын қысқарту туалы мәселе бойынша сөз сөйлеген АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Чарльз Эванс Хьюз мынадай ұсыныстар жасады: жоғары тоннаждағы линкор әскери кемелерін жасауды тоқтата тұру; ескі соғыс кемелерін жою; ұлы держава елдері арасындағы әскери-теңіз кемелерінің арақатынасын реттеу. АҚШ-тың негізгі мақсаты жаңадан әскери-теңіз кемелерін жасап, Англияның теңіздегі үстемдігін әлсірету болатын. Конференциядағы бес ел келісіміне сәйкес елдер 35 мың тонналық кеме жасаудан бас тартты. Бұл келісімге-АҚШ, Англия, Жапония, Франция және Италия қол қойды. Кеме жасаудағы үлес салмағы АҚШ-5, Англия-5, Жапония-3, Франция-1,75, Италия-1,75 болып пропорциялық түрде белгіленді. 575 мың тонна линкор жасау-АҚШ пен Англия үлесіне, 315 мың тонна-Жапонияның үлесіне, 175 тоннадан Франция мен Италияның үлесіне тиді. Әрбір линкор салмағы 35 мың тоннадан аспау керек.

Үшіншіден, Вашингтон конференциясында АҚШ, Англия, Жапония және Франция төрт елдік келісімге қол қойды. Бұл келісімде Тынық мұхит аралдарын пайдалану құқықтарын реттеу сөз болды.АҚШ-тың мақсаты Тынық Мұхит аралдарындағы Жапонияның беделін әлсірету және 1902 жылғы ағылшын-жапон келісімінің күшін жою болды. Жапония делегациясы бұл келісімнің жойылуына қарсы болды. Ағылшын өкілі: «Сіздер қорықпаңыздар, бір келісімнің орнына төрт келісім қабылданды»-деп жапондықтарды тыныштандыруға тырысты. Жапония делегациясының өкілі: «Сіздер бәрібір біздің келісімді жерге көмдіңдер»-деген жауап қайтарды.

Сонымен 1921-1922 жж.Вашингтон конференциясы АҚШ-тың ең ірі жеңісі болды. АҚШ-тың дүниежүзін билеу және ұлы державалық саясаты іс жүзіне аса бастады. Бірақ, Версаль-Вашингтон келісімдер жүйесі империалистік елдер арасындағы қайшылықты жоя алмады.

Төрт жылға созылып, 10 миллионнан аса адам өмірін жалмаған Бірінші дүниежүзілік соғыстың қиыншылықтары мен апаттары және көптеген елдердің инфрақұрылымына үлкен шығын әкелуі оған деген сәйкесінше көзқарастың қалыптасуына ықпал етті. Бір жағынан, 1917 жылы Ресейде большевиктердің Қазан революциясы өтіп, ол мемлекеттегі саяси жүйені түбірімен өзгертті. Ресейлік революцияның жетістігі осындай қозғалыстың Еуропаның қалған барлық елдерінде және АҚШ-та кең көлемде дамуына әкелді. Екінші жағынан соғыстан кейінгі кезеңде халықаралық қауіпсіздікті тиімді қолдай алатын халықаралық қатынасты реттеудің сапалы жаңа жүйесін қалыптастыру қажеттілігі туындады. Әлемнің көптеген елдерінде халықаралық қатынастарды басқару механизміне түбегейлі өзгерістер енгізуді талап еткен көлемді қоғамдық қозғалыстар пайда болды. Халықаралық саяси ой-жүйесі халықаралық және ұлттық жүйелердің дұрыс жұмыс істеуі мемлекеттердің бірлесіп күш салуы арқылы қамтамасыз етілетіндігін түсіне бастады. Осыған орай халықаралық қатынастар жүйесін тиімді басқаруды ұйымдастыру мәселесі күн тәртібіне шықты. Осы факторлардың барлығы 1919 жылы жеңімпаз-державалардың Ұлттар Лигасын құру туралы шешім қабылдап, оның жарғылық құжатын – Статутты қабылдауда үлкен рөл атқарды. Осылайша, мақсаты бейбітшілік пен ынтымақтастықты қамтамасыз ету болған бірінші жалпылама саяси ұйым құрылды.

Ұлттар лигасы (League of Nations) - мақсаты әлемде бейбітшілікті сақтау және халықаралық ынтымақтастықты дамыту болған бірінші дүниежүзілік ұйым болғандығын жоғарыда айтқанбыз. Ол құқықтық реттеу, жан-жақты талдау және келісім қағидаларын енгізді. Бұл ұйымның мақсатының белгілі-бір дәрежеде айқындалмауына және шашыраңқылығына қарамастан, оның қызметі - сөзсіз халықаралық-құқықтық кеңістік жүйесін құруда жаңа кезеңді ашты. Ұлттар лигасында сонау ХҮІІ ғасырдан бастап Бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін ұсынылған идеялар мен жобалар іс-жүзінде жүзеге асты. Ұлттар лигасы екі дүниежүзілік соғыстар аралығында өмір сүрді немесе 1920 жылы 10-қаңтарда Париж бітім конференциясының шешімімен негізі қаланып, 1946 жылы 18-сәуірдегі Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылуымен өмір сүруін тоқтатты.

Жоғарыда атап өтілгендей, Ұлттар лигасы жеңімпаз-державалардың ұйымдастыруымен Германия және оның одақтастарымен бітімге келу үшін шақырылған Париж бітім конференциясында құрылды. Конференция жұмысы 1919 жылы 18-қаңтарда Парижде ашылған болатын. Халықаралық ұйым құру туралы мәселе конференция күн тәртібінің алдыңғы орнында тұрды. Жалпы, мұндай ұйымды құру қажеттілігінің бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында талқыланғандығын айта кеткен жөн. Соғыс кезеңінде бұл мәселе төңірегінде Еуропаның пацифистік топтары өз көзқарастарын білдірді. Осы тұрғыда АҚШ президенті В.Вильсонның бағдарламасының үлкен маңызы болды. 1918 жылы 8-қаңтарда ол конгреске жолдауында тарихқа «14 пункт» деген атпен енген бітім шарты және әлемді соғыстан кейінгі реттеудің қағидаларынан тұрған бағдарламасын жариялады. В.Вильсонның бағдарламасы кейінгі бітім шарттарының негізін құрап, оның мәні әлемді демократиялық жолмен қайта құру болды. Осы бағдарламаның 14-ші қағидасы халықаралық ұйым құруға арналды. Онда «ірі және ұсақ мемлекеттерге бірдей дәрежеде саяси тәуелсіздік пен территориялық тұтастыққа өзара кепілдеме беру мақсатында ұлттардың жалпылама одағын (Ұлттар лигасы) құру қажет» деп жазылған [7].

Конференция жұмысының барысында халықаралық ұйым Жарғысының АҚШ ұсынған жобасы үлкен айтыс туғызды. Вильсон Ұлттар лигасының Жарғысын тез арада жасақтап, оның барлық келісім-шарттардың ажырамас бөлігіне айналуы қажет екендігін баса айтты. АҚШ «бейбітшілікті сақтаудың» жаңа ұйымына басшылық жасауға ұмтылды. АҚШ-тың үстемдік етуіне Ұлыбритания, Франция және Жапония белсенді қарсылық көрсетті. Олар Ұлттар лигасының Жарғысының қабылдануы территориялық және қаржылық мәселелерді талқылауда қиындықтар туғызады деп қауіптенді [8]. Францияның делегаты Леон Буржуа лиганың шұғыл бақылуымен әрекет ететін халықаралық армия құруды талап етті. Бельгия өкілі лиганың штаб-пәтерін Брюссельде орналастыруға қол жеткізуге күш салды. Жапондық делегаттар Жарғының дін теңдігі туралы 21-бабын нәсіл теңдігі туралы тезиспен толықтыруды ұсынды. Мұнымен Жапония АҚШ және Британдық доминиондарда орнатылған жапондықтардың иммиграциясына қатысты шектеуді жоюға тырысты [9].

Айтыс-тартыстар Ұлттар лигасы бойынша арнайы комиссия құру туралы шешіммен аяқталды. Комиссияға В.Вильсон басшылық етті. 1919 жылы 14-ақпанда Вильсон бітім конференцияға Ұлттар лигасы Жарғысының ақырғы жобасын ұсынды [10]. Ұлттар лигасы Жарғысының англо-американдық жобасы ұзақ талқылаудан өтіп, 1919 жылы 28-сәуірде қабылданды. Жарғыны бекітіп, 44 мемлекет қол қойды. Жарғы 26 баптан тұрды. Версаль жүйесінің барлық бітім шарттары оның құрамдас бөлігі ретінде Ұлттар лигасының Жарғысынан басталды.

Лига Жарғысының қабылдануы үкіметаралық ұйымның құрылғандығын білдірді. Құрылтайшылар Антанта елдері және Польша, Чехославакия, Хиджас сияқты жаңа мемлекеттер болды. Келісім-шартты бекітпеген АҚШ Ұлттар лигасының мүшелігіне кірмеді. Ұйымның басты мақсаты «халықтар арасындағы ынтымақтастықты дамыту және олардың бейбіт өмірі мен қауіпсіздігіне кепілдеме беру» болып белгіленді. Іс-жүзінде, Ұлттар лигасы халықаралық қатынастың жаңа Версаль жүйесін қолдау үшін құрылған болатын. Ұйымның жоғарғы органдары – Бас Ассамблея, Лига Кеңесі (Франция, Ұлыбритания, Италия, Жапония) және Секретариат. Ұлттар лигасының орналасқан жері Женева қаласы болып белгіленді. Бас хатшы қызметін кезекпе-кезек Ұлыбритания және Франция өкілдері атқарып отырды. Лиганың қарауында Жалпылама пошта одағы, Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) сынды халықаралық ұйымдар құрылды [11].

Ұлттар лигасы бастапқыда 43 мүшеден тұрды: бірінші дүниежүзілік соғыста жеңімпаз елдердің жағында соғысқа қатысқан 30 мемлекет (Ұлттар лигасының құрылуында маңызды рөл атқарған, бірақ Версаль бітім шартын бекітпеген Америка Құрама Штаттарынан басқа), және 13 бейтарап мемлекеттер [12]. 1920 жылы жер шарында өмір сүрген 65 ірі мемлекеттердің АҚШ және Сауд Аравиясынан (1932 жылы құрылған) басқалары әр кезеңдерде лиганың мүшелегінде болды.

Ұлттар лигасы құрылғанда төмендегідей мемлекеттер құрылтайшы-елдер болды: Австралия, Аргентина, Бельгия, Боливия, Венесуэла, Гаити, Гватемала, Гондурас, Греция, Дания, Үндістан, Испания, Италия, Канада, Қытай, Колумбия, Куба, Либерия, Нидерланды, Никарагуа, Жаңа Зеландия, Норвегия, Панама, Парагвай, Персия (Иран), Перу, Польша, Португалия, Румыния, Сальвадор, Сиам (Таиланд), Ұлыбритания және Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольдігі, Уругвай, Франция, Чехославакия, Чили, Швейцария, Швеция, Югославия, Оңтүстік-Африкандық Одақ, Жапония. Лиганың өмір сүруі барысында 1920-1930 жылдары келесідегідей мемлекеттер мүшелікке қабылданды: 1920 жылы – Австрия, Албания, Болгария, Коста-Рика, Люксембург, Финляндия, 1921 жылы – Латвия, Литва, Эстония, 1922 жылы – Венгрия, 1923 жылы – Ирландия, Эфиопия, 1924 жылы – Доминикан Республикасы, 1926 жылы – Германия, 1931 жылы – Мексика, 1932 жылы – Ирак, Түркия, 1934 жылы – Ауғанстан, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы, Эквадор, 1937 жылы – Египет. Ұлттар Лигасынан түрлі себептермен мемлекеттер 1925 жылдан шыға бастады. Осы жылы Коста-Рика, 1926 жылы – Бразилия аталмыш ұйымнан шықты. Ұлттар лигасынан мемлекеттердің мүшеліктен шығуы 1930 жылдардың басынан қайта жалғасты. 1933 жылы – Германия, Жапония, 1935 жылы – Парагвай, 1936 жылы – Гватемала, Гондурас, Никарагуа, 1937 жылы – Италия, Сальвадор, 1938 жылы – Венесуэла, Чили, 1939 жылы – Венгрия, Испания, Перу, 1940 жылы – Румыния, 1942 жылы – Гаити беделді ұйымнан шықты. Олардан басқа Австрияның 1938 жылы Германиямен, Албанияның 1939 жылы Италиямен аннексиялануы ол елдердің Ұлттар лигасының мүшелігінде тұруының мәнісін жоғалтты. Ал, 1939 жылы КСРО өзінің басқыншылық саясаты үшін Ұлттар лигасынан шығарылды [13]. Көріп отырғанымыздай, ұйым мүшелерінің негізгі бөлігі 1930 жылдары мүшеліктен шықты. Оның басты себебі халықаралық ахуалдың шиеленісіп, жетекші еуропалық мемлекеттердің агрессиялық саясат жолына түсуі болды. Бұл процеске фашизмнің таралуы да ықпал етті.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных