ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Мәселенің зерттелу деңгейіДипломдық жұмыс тақырыбына қатысты әдебиеттердің өте тапшы екендігін бірден мойындаған жөн болар. Әдебиеттер мен дерек көздерінің көпшілігі кеңестік кезеңде жарық көрген және орыс тілінде жазылған еңбектер. Қазақ тіліндегі әдебиеттердің болмауы дипломдық жұмысты жазу барысында бірқатар қиыншылықтар туғызды. Әдебиеттердің көпшілігінде біздің мәселеміз жанама түрде айтылып кеткен және ондай еңбектердің барлығы дерлік жоғарғы оқу орындарына арналған оқулықтар. Сондай оқулықтардың бірқатары С.М.Мәшімбаевтың [1] Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихының бірінші кезеңіне арналып жазылған оқулығы және осы кезеңге арналған В.К.Фураевтың [2] редакциялауымен жарық көрген оқулық. Бұл оқулықтарда Ұлттар Лигасының Париж бітім конференциясында құрылуы ғана айтылып кетеді. Аталмыш ұйымның құрылу тарихы, ұйымның мақсаты мен міндеті біршама көлемді берілген оқулық 1989 жылы Е.Ф.Язьковтың [3] редакциялауымен жарық көрген еңбек. Одан басқа Ұлттар Лигасының тарихын ашатын бірден-бір еңбек К.И.Байзакованың жалпы редакциялауымен жарық көрген «История международных отношений в новейшее время 1918-2005 гг.» [4] аталған оқулық. Мұнда Париж бітім конфернциясының міндеттері, қатысушылары, регламенті, Ұлттар Лигасының құрылуы және оның Жарғысы, мандат жүйесі мәселелері қарастырылған. Тақырыптың тарихнамалық негізгі әдебиеттерінің қатарында Р.М.Илюхинаның «Лига наций. 1919-1934» [5] аталған еңбегін айтуымыз қажет. Бұл еңбек тақырыпқа қатысты біз тапқан басты шығарма. Еңбекте Ұлттар Лигасының құрылуынан 1934 жылға дейінгі даму тарихы қарастырылады. Ұйымның тарихына қатысты көпшілікке мәлім емес жәйттерді осы еңбектен алуға болады. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|