Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырыбы: Метилен көгінің қатысында жүретін реакция.




Қажет құрал –жабдықтар. Пробиркалар, штативтер, пипеткалар, электр плиткасы.

Қажет реактивтер. Метилен көгі, 1%-глюкоза, 5%-NaOH ерітіндісі.

Жұмыстың барысы. Пробиркаға 1-2 мл сілтіленген глюкоза ерітіндісінің үстіне 1-2 тамшы метилин көгін құйып қыздырса, метилен көгі түссізденіп кетеді.Егер сол пробирканы 3-4 рет қатты сілкісе, көк бояу қайтадан шығады, себебі метилен көгі ауадағы оттегімен тотығады.Аз уақыттан соң, пробиркадағы ерітінді қайтадан бояуын жойып алады.Сөйтіп, барлық қант тотыққанша, метилен көгінің бояуы өзгере береді.

 

Қамтылатын сұрақтар:

1. Көмірсуларға жалпы сипаттама. Көмірсулардың қызметі, классификациясы.

2. Моносаридтер. Құрылымы, қасиеттері, циклдік формалары.

3. Дисахаридтер және олигосахаридтер құрылымы, қасиеттері, ролі.

4. Полисахаридтер. Крахмал, гликоген, целлюлоза, гиалурон қышқылы құрылымдары, қасиеттері, ролі.

5. Полисахаридтердің ыдырау жолдары. Полисахаридтер гидролизіне қатысатын ферменттер: амилазалар, глюкозидазалар, целлюлаза, фосфорилаза.

6. Гликогеннің фосфорлануы.

7. Гликолиз. Гликолиз реакциялары.

8. Гликогеннің синтезделуі.

9. Лимон қышқылының циклі. (Кребс циклі)

10. Қанттарды бөліп алу және анықтау жолдары.

 

Сімдіктердің ферменттерінің активтігін және синтезделу жолдарын

Зертханалық жолмен анықтау әдісі бойынша жаңа

СЫНЫС

 

Белоктардың ішінде ферменттердің ерекшелігі – олардың кейбір түрлері клеткада немесе ұлпада жеткілікті мөлшерде оған тән субстрат болғанда ғана синтезделеді. Тек субстраты бар кезде ғана синтезделетін ферменттерді «индуцибелді» деп атайды. Ал, ферменттердің көпшілік түрлері ортада субстрат болмаса да синтезделе береді. Ферменттердің ондай түрлерін «конститутивті» деп атайды.

Ферменттермен тәжірибе жүргізуге ең қолайлы фермент - өсімдіктердің нитратредуктаза (НР) ферменті. Дәлірек айтқанда, өсімдіктердің тамырындағы нитратредуктаза. Бұл фермент өсімдіктердің азотты сіңіруде шешуші роль атқарады – ол топырақтағы нитратты (NO3-) нитритке (NO2-) айналдырады. Ары қарай нитриттің азоты басқа ферменттердің қызметімен бірнеше реакциялардан кейін амин қышқылдарының құрамына кіреді. Азот – тірі организмдер үшін ең маңызды бес элементтің бірі екенін білеміз.

Энзимологиялық тәжірибелер үшін бұл ферментті пайдалануға мынадай негіздер бар:

1) Өсімдіктердің көпшілік түрлерін зертхана жағдайында өсіру өте оңай. Оның үстіне, өсімдіктердің жас өскіндерінің тамырында НР-ның активтігі жоғары болады.

2) Өсімдік тамыры қоректік ортамен тікелей қатынаста болғандықтан бұл органда НР тез синтезделеді.

3) НР – индуцибелді фермент, яғни ол қоректік ортада нитрат болғанда ғана өсімдіктердің тамырында синтезделеді. Ортада нитрат біткен кезде бұл фермент клетка ішінде ыдырап кетеді.

4) Хлорат (ClO3-) нитраттың химиялық аналогы болғандықтан, ол НР үшін бәсекелес және қайтымды ингибитор болып табылады.

5) HР-ның молекуласының құрамына органикалық кофактор ретінде ФАД (флавинадениндинуклеотид) және молибдокофактор, бейорганикалық металдар – темір (цитохромның құрамында) мен молибден (молибдокофактордың құрамында) кіреді.

6) НР-ның активтік центрінде ауыр металдар мен тиолды ингибиторларға сезімтал функционалды сульфгидриль топтары бар.

7) НР-ның нитратты тотықсыздандыратын табиғи активтігінен басқа, с-цитохромын тотықсыздандыратын активтігі бар және ол активтіктерді көрсететін домендердің температураға төзімділігі әртүрлі.

8) Көкшіл декстран НР-ны байланыстыратын лиганд болып табылады. Тәжірибелік мысал ретінде көкшіл сефарозаны пайдаланып, бұл ферментті тез тазалауға болады.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных