Тақырыбы: Жұмыртқадан альбумин ерітіндісін даярлау.
Қажет құрал-жабдықтар. Химиялық стақандар /100 және 500 мл/, өлшеуіш колбалар /100мл/; цилиндрлер /250 және 500 мл/; су құйғыштар, ұштары резинкамен ұапталған шыны таяқшалар; сүзгі қағазы, пипеткалар,штавиттер.
Қажет реактивтер. тауық жұмыртқасы, дистилденген су.
Жұмыстың барысы. Белоктың сары уызынан ажырату үшін жұмыртқа қабығын екң жағынан тесіп белогын 0,5 л стаканға құяды. Осы стаканға 250 мл дистилденген су құяды да, резинкелі шыны таяқшамен жақсылап араластырады.Ерітіндіні өлшегіш цилиндрге құйып, көлемін дистилденген сумен 300 мл-ге дейін жеткізеді. Ерітіндіні 30 минут бөлме температурасында қалдырса, глобулин /ақшыл жапалақ/ тұнбаға түседі. Түзілген суспензияны қатпарланған сүзгі қағазынан /немесе 3-4 қабат дәкеден/ екі рет сүзіп алады да басқа жұмыстарға қолданылады.
Сүзілген ерітіндіні /фильтрат/ белоктарға арналған түсті реакция жасауға және белок концентрациясын анықтау үшін пайдалануға болады. Ьелок концентрациясын Лоури әдісі арқылы анықтау үшін 1 мл белок ерітіндісін алып 100 мл өлшегіш колбаға құяды да, оның көлемін 100 мл дейін дистилденген сумен деңгейіне дейін жеткізеді. Осы сұйылтылған белок ерітіндісінен 0,1 мл-ден 1 мл-ге дейін алып, белок мөлшерін анықтайды.
Жұмыс соңында жұмыртқадан альбумин белогын бөлудің қысқаша қорытындысы жазылады. Белоктарға арналған түсті реакциялар қорытындысы, ерітіндідегі белок концентрациясы есептеледі.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|