Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырып : Криминалистиканың пәні, жүйесі, міндеттері мен әдістері




Дәрістер тезистері

 

Дәріс мақсаты: студенттерге пәннің мазмұнын, жүйесін түсіндіру

Сұрақтар:

1 Криминалистиканың пәні және жүйесі.

2 Криминалистиканың мақсаттары.

3. Криминалистиканың әдістері.

 

Криминалистика - қылмыс механизмінің заңдылығы, қылмыс және оның катысушылары жөніндегі ақпараттың пайда болуы, сонымен бірге дәлелдемелерді жинақтау, зерттеу, бағалау мен қолдану туралы және қылмысты ашу, тергеу және болғызбау әдіс-тәсілдерінің танымына негізделген заңдылықтарына бағытталған ғылым.

Кез-келген ғылымның пәні әр түрлі қүбылыстарда, іс жүргізулерде, оқиғаларда көрініс беретін объективтік нышандық заңдылығы болып табылады.

Криминалистика пәні қылмысты сапалы тергеу мен бодырмау үшін қажетті білім және объективті заңдылықтар жиынтығы болып табылады.

Криминалистика пәнімен, заңдылықтардың негізгі үш тобы қамтылады:

-қылмыс механизмінің зандылықтары: іс-әрекетпен оның салдары арасындағы байланыс, әрекеттің үқсас жағдайларда қайталануы

-қылмыс заңдылықтары, қылмысты жасау мен жасыру әдістерінің қалыптасуы және жүзеге асуы, қылмыскер түлғасы мен әдіс-тәсілдің байланыстары, қылмыс істеу тәсілінің қылмыс жасаудағы нақты жағдайларға тәуелділігі және т.б:

-тергеуде маңызы бар қылмыспен байланысты пайда болу және өтпелі жағдай зандылықтары;

Көрсетілген заңдылықтардағы әрекеттер, байқалған деректер, кұбылыстар, процестер криминалистикалық ұғым объектісі болып табылады:

Қылмыстық әрекет, қылмыстың пайда болуы, ашу және тергеу бойынша жасалынатын әрекет қылмыстық іс бойынша заттық дәлел ретінде көрсетілген материалдық объектілер, куәгерлердің, сезіктілердің, айыпкерлердің көрсетпелерін қалыптастыру және беру процесі, осы көрсетпелерді алу әдіс-тәсілдері т.б.

3. Қүқык корғау органдарының қылмыспен күрестегі ықпалы криминалистиканың жалпы мақсаты болып табылады.

Криминалистиканың негізгі мақсаттары:

а) криминалистика пәнінің негізін құрайтын объек'тивті заңдылықтарды жалғастырып зерттеу оның жалпы және жеке теориясын, қылмысты ашу, тергеу және болғызбау бойынша қүралдарды, әдістер мен үсыныстарды қайталап қарау базасы ретінде дамыту;

ә) техникалық, жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдарды пайдалану аркылы қылмыстық тергеуді техника-криминалистикалық қамсыздандыру мақсатында карастырып, дамыту;

б) алдын ала және соттық тергеудің үйымдастырылуы, тактикалық және әдістемелік негіздерін қарастыру және қатыстыру;

в) қылмысты алдын-алудың криминалистикалық тәсілдері мен әдістерін қарастыру, осы мақсаттарда тергеу және сот практикасын зерттеу және қалыптастыру;

г) шетелдік криминалист ғалымдардың жетістіктерін оқыту және оларды қылмысты тергеуде, ғылыми зерттеулер жүргізуде пайдалану.

Криминалистиканың жалпы және негізгі максаттары белгілі бір нақты мәселені қарастыру кезінде шешіледі.

Ғылымның белгілі бір сатыда шешетін, уақытша мерзімдегі мәселесі нақты болып табылады. Мысалы, қылмыстың жаңа түрін тергеу алгоритмін дамыту.

Криминалистиканың жүйесі басқа да кез келген ғылым жүйесі сияқты өзара байланысты тараулар мен бөлімдерден тұратын біртұтас кешен болып табылады.

Криминалистиканың жүйесі ғылым ретінде төрт бөлімнен тұрады:

-крииминалистиканың жалпы теориясы;

-криминалистикалық техника;

-криминалистикалық тактика;

-криминалистикалық методика (жеке қылмыстарды тергеу мен алдын –алу әдістері)

Криминалистикамен карастырылатын және қолданылатын әдістер әр түрлі, олар көптеген логикалық негіздемелер бойынша топталуы мүмкін.

Жалпылама қағидасы бойынша криминалистиканың әдістері жалпы (жалпы ғылыми) жөне арнаулы болып бөлінеді.

2. Жалпы (жалпы ғылыми) әдістері — бүл барлық практикалық әрекетгердің гылымдары мен салаларында қолданылатын әдістер.

Криминалистиканың жалпы ғылыми әдістері қатарына мыналар кіреді:

а) сезімге рационалды әсер етуші әдістер:

-белгілі бір объектіні, қүбылысты, процесті оқу мақсатымен арнайы және бір мақсатты көздеп жүзеге асатын қабылдау процесін ұғындыратынын қадағалау.

Криминалистикалық ғылыми зертгеулерде затгық жағдайдагы элементтер, адамдар, олардың сыртқы бейнелерінің, мінездерінің, эмоциялық жагдайларының көрінісі, адамдардың әрекеттері, сонымен қатар қылмыстық жағдай туғызатын әрекеттер, кұбылыстар мен процестер зерттеу объектілері болып табылады;

-объектінің белгілерін сипаттау. Бұл толык анықталган немесе берілген зерттеуге қатысы бар кейбір белгілер болуы мүмкін. Сипатталатын белгілер зерттеу немесе басқа әдістер арқылы анықталады және алынған ақпаратты тіркеу құралы болып табыладъг;

-салыстыру, яғни екі немесе бірнеше объектілердің қүрылымы мен белгілерін теңестіру. Салыстыру объектілері мыналар: нақты материалды кейіп, ойша алынған кейіпкерлер; қорытыңды мен үсыныстар; әрекет салдары және т.б;

-тәжірибе, яғни қүбылыс пен жағдайды зерттеу үшін олардың басқа қүбылыстармен байланысын анықтау. Ғылыми тәжірибе криминалистиканың барлық бөлімдерінде қолданылады: тәжірибелерді үғыну арқылы заттық дәлелдерді зерттеу өдістері жасалынады, тергеу өрекеттерін жургізудің тактикалық тәсілдері өңделеді, жеке қылмыс түрлерін тергеудегі нақты бағыттар анықталады;

-үлгілеу, оның маңызы түп нүсқа — нысанын үлгімен, ягни арнаулы қүрылған үқсастықпен ауыстырумен негізделеді. Олар заттардың, қүралдардың, қүбылыстардың, жүйелердің және процестердің сүмбілелері болуы мумкін. Осы үлгілерге қажетті зерттеу жүргізіледі, ал содан кейінгі қорытындысы түп нүсқаға негізделеді Криминалистикада қолданылатын үлгілердің түрлері: ойша, физикалық, математикалық және т.б.

ә) логикалық әдістер:

- анализ-талдау.

- синтез-жинақтау;

- индукция -жекеден жалпыға бағытталган ойлау;

- дедукция - жалпыдан жекеге бағытталған ойлау.

- гипотеза - жорамалдау;

- аналогия - үқсастық;

б) математикалық әдістер:

-өлшеу — зерттелуші үлкендікті өзімен бірдей үлкендікпен салыстыру арқылы белгілі және белгісіз үлкендіктердің сандық қатынасын анықтайды. Криминалистикада өлшеу объектісі болып заттардың, қүбылыстардың, процестердің әр түрлі физикалық сипаттары табылады: өлшемдер, масса, көлем, температура, уақытша аралықтар, қозғалыс жылдамдығы, спектрлі сипаттамалар;

-есептеу — параметрлерді анықтаушы және математикалық модельдеуді жүзеге асыруда қажетті әдіс;

-геометриялық қүрылыс — бүл әдіс жоспарларды, сызуларды, схсмаларды қүрастыру үшін қажет. Әдіс өлшеумен тығыз байланысты;

-математикалық модельдеу — қатысты математикалық есептердің көмегімен процестер мен күбылыстардың өту шарттарын модельдеу;

в) кибернетикалық әдіс — криминалистикаға белсенді енетін жалпы ғылыми әдістің жаңа тобы. Осы әдістерге негізделген жаңа ақпарат бере алатын технологиялардан ақпараттарды, компьютерлік моделъдеуді және т.б. іздестіру мен автоматтандырылған өндеуді жүзеге асыруга мүмкіңдік тудырады.

3. Арнаулы зерттеу әдістері бір немесе бірнеше гылымдармеи шектелген салада қолдану әдісін түсіндіреді.

Криминалистиканьщ арнаулы зерттеу әдістері екі топтан түрады.

Бірінші топты жеке криминалистикалық әдістер қүрайды, яғни алғашқы рет криминалистика ғылымымен зерттелтен және осы ғылыммен қолданылатын әдістер. Оған: криминалистикалық идентификация, дактилоскопия, одорологая, тергеуші әрекеттерді жоспарлау, тергеуді үйымдастыру әдістері жатады.

Екінші криминалистикалық арнаулы әдістер тобын басқа ғылымдардың арнаулы әдістері күрайды. Олар ерекше криминалистикалық мәселелерді шешу үшін немесе өзгертілмей қолдануға негізделген. Ондай әдістерге мыналар жатады:

-заттар мен материалдардың морфологиясын, қүрамын, қүрылымын, физикалық және химиялық қасиеттерін талдау үшін арналған физикалық, химиялық және физика-химиялық әдістер;

-биологиялық әдіс, биологиялық пайда болған объектілерді зерттеу үшін қолданылады;

-антропологиялық және антропометриялык әдістер, өлген адамның сүйек қалдықтары бойынша түлғасын анықтау, адамды іздеу үшін сырт бейнесін суреттеп сипаттау және тануға қажетті белгілерді жақсарту кезінде қолданылады;

-әлеуметтану әдісі, қылмыстың жасалуы мен жасырылуының себептерін, қылмыс тәсілінің анализін, тактикалық әдістер мен түсінік қортындысы туралы ақпарат жинаудың себептері мен шартгарын зерттеу үшін қодданылады;

-психологиялық, тактикалық әдістер мен қүрамаларды жақсартуда қолданылады.

4. Криминалистикадағы әдістерді қолдану белгілері мыналар:

а) әдістің ғылымдылығы, алынып отырған қорытындылардың анықтығы мен негізділігі, олардың сенімділігі үғындырылады;

ә) әдістің қауіпсіздігі, яғни оны қолдану барысында адамдардың өмірі мен денсаулығына зияны тимеуінің қажетгігі;

б) әдістің заңдылығы мен этикалылығы. Қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қарастырылатын тек қана заттар емес, сонымен бірге адамдар болатынын ескеріп, заңдылықтың конституциялық кағидалары мен қогамдық тәртіп белгілеріне жауапгы әдістерді қолдану.

в) әдістің тұрақтылығы криминалистиканың кез келген мәселелерін шешуде қолданылады.

 

Бақылау сұрақтары:

1 Криминалистиканың анықтамасы

2 Криминалистиканың мақсаттары қандай?

3 Криминалистиканың жүйесі дегеніміз не?

4 Криминалистиканың жүйесі қалай жіктеледі?

 

Әдебиеттер:

1 Белкин Р С Курс криминалистики / үш том/ Юристъ 1997

2 Белкин Р С, Аубакиров А Ф и др. Криминалистическая энциклопедия Алматы 1995

3 Абуов А Ғ Криминалистика негіздері Қостанай 2003 «Шапақ»

4 Яблоков Н П Криминалистика М. 2003

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных