![]() ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Тақырып: Криминалистикалық болжамдар және тергеуді жоспарлау.Дәріс мақсаты: Студенттерге болжамдар мен тергеуді жоспарлау туралы түсінік беру Дәріс сұрақтары: 1. Тергеуді жоспарлау үғымы. 2. Тергеуді жоспарлау қағидалары 3. Тергеуді жоспарлаудың жүйелілігі, принциптері. 4 Криминалистикалық болжамдар 1. Тергеуді жоспарлау — бұл уақыт пен күшті аз жүмсау үшін заң талабына сай, болған кылмыстың барлық жағдайын анықтау мен кінәлілерді ұстау бойынша жасалынатын мазмұнның негіздемесімен және жүмыс тәртібімен қорытындыланатын ойлау процесі. 2. Тергеуді жоспарлау қағидасы деп, қылмысты тергеуде жоспарлауға үсынылатын криминалистикалық талаптардың орыңдалуын атайды. Оны сақтау қағиданың сапалы болуын қанағаттандырады. Жоспарлаудың негізгі үш қағидасы болады: -Нақтылық. Нақтылық қағидасы жоспардағы болжамды тексеру үшін кажетті мәселелердің болуын, өткізілетін барлық тергеу әрекеттердің іздеуші және басқа іс-шаралардың болуын, олардың орындалу мерзімі мен оның орындаушыларын анық белгілеуді білдіреді. Жоспарда анық бір куәгерден жауап алу, сезіктілердің қайсысына тінту өткізу, осы тергеу әрекеттерін кім және қашан жүзеге асатыны көрсетілуі тиіс. -Жекелік. Жекелік кағңдасы жоспарды тек қана бір іс үшін және оның ерекшеліктерін, мүмкіндіктерін есепке алу мен құру міндеттерін білдіреді. Барлық қылмыстық істер бойынша типтік бағдарлама ретінде бір ғана жоспар құру мүмкін емес. -Динамикалык (қозғалмалық). Динамикалық қағиданың жоспарлау процесі-бұл бір рет қодданылатын акт еместігін білдіреді; құрастырылған жоспар аяқталған болып саналмайды, ол әрқашан толықтырылады және өзгертіліп отырады, сондай-ак оның өзгеруі мен толықтырылуының мүмкіндігі мен қажеттігі алдын ала ұғындырылады. 3.Жоспарлау келесі ретпен жүзеге асады: -алғашқы тергсу әрекетін жоспарлау; -тергеу ісі барысындағы іс әрекеттерін жоспарлау; -тергеудегі істің соңғы этапын жоспарлау. Белгілі бір анық қылмыстық іс бойынша тергеудің негізгі элементі мыналар болып табылады. - қолда бар деректік белгілермен танысу. - болжау құру. - тергеу әрекетінің ауқымы мен ұйымдастырылған іс-шараларды, оларды өткізудің мерзімі мен саддарын және оларды орындаушыларды анықтау. - тергеу барысында жоспарға керегінше өзгерту енгізу. Жоспарлауды мына негізделген түрлер бойынша бөлуге болады: - тергеушшің өндірісіндегі бірнеше істер бойынша жұмысты жоспарлау; | - жеке қылмыстық іс бойынша тергеуді жоспарлау; - алдын ала анықталған тергеу әрекетін жоспарлау. Кримипалистикалык тергеу болжауы. 1. Криминалистикалық тергеу болжауының түсінігі. 2. Криминалнстикалық тергеу болжауының топталуы. 3. Криминалистикалық болжауды кұруда логикалық ойлау тәсілдерін қолдану. 4. Болжауды кұру тәртібі, тексеру ережесі. 1. Криминалистикалык тергеу болжауы дегеніміз- тсргеудің белгілі бір кезеңдерінде туындаған жағдайларға, жиналған айғақты дәлелдемелерге негізделген қылмыстың түрі, оның болу тетігі және қылмыстың басқа да мән-жайлары жөніндегі тергеушінің ой-пікірі. 2. Тергеу болжамы әр түрлі негіздер бойынша топталады. -көлемі бойынша-жалпы және жеке. -қозғалмалы субьектісі бойынша-тергеу, жедел-іздестіру, сараптамалық және соттық. -Болған жағдайдың дәрежесіне байланысты-қайталанбалы, жәй немесе нақты, анық. Жалпы болжау-ол нақты қандай қылмыстың болғандығы жөніндегі тергеушінің ой-пікірі. 3. Болжауды қалыптастырудағы логикалық ойлауда анализ бен синтез, индукция мен дедукция, аналогая тәсілдері қолданылады. Анализ-бұл зат бөліктерінің құрамын, кейбір жақтарының қасиетін, фактыны, құбылыстарды зерттеу. Синтез-бұл анализ арқылы бөлінген белгілерді бір тұтас және байланыстырып зерттеу. Индукция-бұл жекеден жалпыға, ал дедукция- жалпыдан жекеге өтетін болжамалы жорамал. Аналогия-деректерді,олардың жеке белгі негіздерімен салыстыруды қорытындылайтын логикалық ойлау әдісі. Осыңдай теңестіруден мынандай қорытынды шығады: егер белгілер үқсас болса,онда деректер де үқсас немесе олар бірдей себептермен ұғындырылады. 4. Болжауды құруда логикалық ойлау тәсілдерін қолдану. - болжам деректемесіне негізделіп шыншыл жорамалдар құралады. - болжам логикалық дұрыс кұралып,өз мазмүнына қайшы келмеуі тиіс. - болжауды тексеру, тергеу әрекетімен.жедел іздестіруші іс-шараларымен жүзеге асуы қажет. - болжамдар мүмкіндігінше кезектесіп бірге жүзеге асуы қажет. Бақылау сұрақтары: 1 Криминалистикалық болжамдарға қойылатын талаптар 2 Криминалистикалық болжамдардың жіктелуі 3 Тергеуді жоспарлау және олардың принциптері
Әдебиеттер: 1 Белкин Р С Курс криминалистики / үш том/ Юристъ 1997 2 Белкин Р С, Аубакиров А Ф и др. Криминалистическая энциклопедия Алматы 1995 3 Абуов А Ғ Криминалистика негіздері Қостанай 2003 «Шапақ» 4 Яблоков Н П Криминалистика М. 2003
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|