ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
тақырып: Ұйымдасқан қылмыстық құрылымдармен жасалынатын қылмыстарды тергеу 2 страницаӨлікті қарау белгілі бір кезекпен мына төменгі тәсілдермен анықталады: -Өліктің дене бітімі және жалпы кейпінің белгілері. -Өліктің, жатқан орны осы жердегі бір тұрақты және -Өліктін үстіндегі киім, онын қандай қалыпта екендігі. -Өліктің денесінде қандай жарақаттар бар, олардың түрі, -Өлік белгілері, атап айтқанда, өлік дағы бар ма, жоқ па? -Өлік дағының және өліктің дене мүшесінің тырысуының криминалистік маңызы зор. Себебі бүл белгілер аркылы адамның қашан өлгенін білуге болады. Егер өлікті қозғаса, бастапқыда ол қалай, кай калыпта жатқандығы аныкталады. Егер өліктің жанында кару (ату қаруы, пышақ) жатса, оның, өліктен қандай қашықтықга жатқандығы өлшеніп белгіленеді. Болған қылмыстың механизмін ойша болжау арқылы қылмыскердін белгілі бір объектілерді ұстау мүмкіндігін анықтап, осы объектіде қолдың саусақтарынан шыққан майлы терден пайда болған іздерді табуға әрекет жасау керек. Мүндай іздер кәбінесе көзге көрінбейтін не өте нашар көрінетін болғандықтан оларды көрінетін жағдайға келтіру үшін осындай іздерді табуға арнайы ұнтактар пайдаланылады. Криминалистикада көзге керінбейтін іздерді шығаруға қара және ақ түсті ұнтақтар' колданылады (қара түсті ұнтақгар — жез тотығы, корғасын тотығы, графит, күйе; ак түсті — мырыш тотығы, алюминий ұнтағы). Осындай іздер болуы мүмкін деген объектілерге иодтың буын жіберу арқылы майлы терден пайда болған іздерді шығарып, көрінетін жағдайға келтіруге болады. Ұнтакты колданып шығарған іздердің үлгісі дактилоскопиялық пленкіге көшіріледі де, иодтың буымен шығарылған іздердің үлгісі силиконды паста колдану арқылы алынады. Кей жағдайда іздерді шығаруға арнайы химиялық реактивтер де колданылады. Осындай әдістермен ізді шығару және алу ірі, үлкен объектілердегі іздерді тауып алуға пайдаланылады (есікте, шифонерде, столдың үстінде). Егер із оқиға болған жерден алуға ыңғайлы кішігірім объектіде болса (мысалы, стаканда, бөтелкеде т. б.) ол объектінің өзін алып, ондағы іздерді лабораториялық жағдайда көрсетілген әдістермен шығарып алу керек. Оқиға болған жерді қарау үстінде табылған бұзу құралдарындағы іздердің үлгісін алуға да силиконды пасталар (паста "К", СКТН, КЛСЕ —305) қолданылады. Мүндай пасталар аяк киімнің, көлемді іздердің (аяқтың, батпақта қалған етіктің ізі) үлгісін алуға пайдаланылады. Бірақ тергеу тәжірибесінде осындай іздердің үлгісін алуға көбінесе гипстің қоспасы колданылады. Егер механизмі өте күрделі кұлыптар бұзылған болса (мысалы, сейфтің құлпы) оны бұзып-ашу әдісіне мән беру керек, себебі мұндай құлыптың механизмін біліп, ашу белгілі кәсіби дағдысы бар адамның ғана қолынан келеді. Мүндай жағдайда құлыпқа басқадай әрекет жасамай (келеді-ау деген кілттермен ашып көрмей) оның белгілі бір әдіспен ашылуын анықтау үшін ол трасологиялық экспертизаға жіберіледі. Көліктің іздерін қарау үстінде зер салып анықтауға жататын мәселелер: донғалақтың протекторының түрі; екі доңғалақтың (арткы және аддыңғы) ара кашықтығы, доңғалақтың тежеу ізі және оның өлшемі; көліктің сынып түсіп қалған бөлшектері (сыдырылып түсіп қалған бояуы, әйнек, шыны т. б.)- Осы іздер бойынша окиғаға катысы бар көліктің (автомашинаның) маркасын (моделін) білуге, оның кай бағытта кеткенін анықтап, бұл мәліметтерді осы машинаны іздеп табуға пайдалануға болады. Айтылған іздердің маңызы, әрине осындай мәлімет алумен ғана шектелмейді. Келтірілген іздер және олардың өлшемі бойынша жол-көлік окиғасының болу механизмін анықтауға болады. Мысалы, доңғалақтың тежеу ізінің өлшемі бойынша жолдың жағдайын, қалпын, машинаның маркасын және басқа да жағдайларды ескере келіп, автотехникалык экспертиза оқиғаға қатынасы бар машинаның осы окиға болар алдында қандай жылдамдықпен келе жатқанын анықтап бере алады. Із калдырған доңғалақ трасологиялык. экспертиза арқылы идентификацияланады. Қылмыс жасауға ату кұралы колданылған болса, оқиға болған жерде оқтың іздерін зерттеуге тура келеді. Қарау үстінде оқтың кірген және шыққан жерін анықтау керек. Оқтын іздерін қарау және зертгеу аркылы атылған оқтың бағытын, қашық-тығын және неше оқ атылғандығын анықтап білуге болады. Көзге көрінбейтін микроұнтактар болатын объектілерді ептеп абайлап карау керек. Микроұнтақгың бар не жоқ екендігі микроскопиялық зерттеу аркылы анықталады. Қарау үстінде негізгі қасиеттері, табиғаты белгісіз заттар киімде не басқа объ-ектідегі дақ, сұйық заттар табылса оның түсін, өлшемін және неге ұқсас екенін көрсету кажет (айтайық, қоңыр түсті, қанға ұқсас дақ деп атап жазу керек). Оқиға болған жерде қылмыскердің иісі де қалады (адамның иісін зерттейтін ілімді криминалистикада одорология дейді). Адамның иісін оқиға болған жерден алып, сол бойынша адамды идентификациялау әдістемесі әзірге толық зерттелмеген. Сондықтан мұндай идентификациялық зерттеулер әлі күнге дейін жүргізілмейді. Бірақ адамның иісін осы иіс қалдырушы кылмыскер адамды ұстауға пайдалануға болады. Ол үшін арнайы осындай жүмыска дағдыланып үйренген иттерді ізге түсіру арқылы қылмыскерді "ізін суытпай" соңына түсіп ұстауға болады. Осы тәрізді қылмыскерді ұстауға, жалпы қьлмысты ашуға бағытталған жедел-іздестіру жұмыстарын қарау үстінде және қарау біткеннен кейін де жүргізіледі. Егер тергеу қарауы түнде, қараңғыда жүргізілсе, осы жер жарық түскеннен кейін қайта қаралуы тиіс. Мүндай жағдайда оқиға болған жер бірінші қарауда толық қаралмай, оның тек түйінді, маңызды жерлері ғана каралады. Оқиға болған жерді қараудың соңғы кезеңінде табылған іздерді, айғақ заттарды олардың жағдайын, орналасуын, бәрін есептей келе, оларды талдау жасау арқылы бұл жерде не болды, ол қалай болды, оған қанша адам және кімдер қатынасуы мүмкін, болған оқиғаның зардабы кандай деген сүрақтарға жауап алуға тырысу керек. Тергеуші қарауға қатысқан мамандардың пікірін, олардан алынған ауызша мәліметтерді де еске алып логикалық талдау және синтездеу, дедукциялык және индукциялық әдістерді білгір қолдану аркылы қылмысты ашуға керекті сұрақтардың бәріне жауап алуға тырысуы тиіс. Оқиға болған жерді қарау үстінде анықгалған, табылған айғақтардың дәлелдеме есебінде іске тіркелуі оның қорытындысының заң жүзінде дұрыс және толық бекітілуімен тығыз байланысты. Окиға болған жерді қараудың барысын және қорытындысын бекіту тәсілдері жалпы және жеке болып екіге бөлінеді. Бекітудін жалпы тәсілі дегеніміз — оқиға болған жердін жалпы көрінісін толық көлемде бекіту болса, жеке тәсілі — қарау үстінде табылган іздердің үлгісін алу және айғақ заттарды бекіту. Бұл кейінгі айтқан жеке бекіту амалдары жалпы бекітумен қамтылатын болғандықтан, бұл жүмыста октиға болған жерді бекітудің жалпы түрлері қаралады. Оқиға болған жерді бекітудін ең негізгі және занда нақтылап көрсетілген түрі — хаттама жазу. Хаттаманы толтыру үстінде анықталған барлык жағдайлар, табылған жене алынған іздер, айғақ заттар толық, объективті түрде белгілі бір кезекпен жазылуы тиіс. Хаттама үш бөлімнен түрады. Бірінші, кіріспе бөлімінде оқиға болған жердің қай күні және қай уақытта, кімдердің қатысуымен қаралғандығы, оқиға болған жердіңмекен-жайы, (не орналасқан жері), қаралған объектілері, окиға болған жер қандай жағдайда қаралғандығы туралы мәліметтер жазылады. Екінші, бейнелеп жазу белімінде қаралатын жердің ерекшелігі, үй (пәтер) болса неше бөлмеден түратыны, бөлмелердің орналасуы, есігінің, қай жақта екендігі, терезелерінің қай қабырғада орналасқандығы, т. б. ерекшеліктері толық жазылуы тиіс. Қаралған объект сол каралу ретімен хаттамаға тіркеледі, қаралған заттардың орналасқан орны осы жердегі тұрақты бір объектіге байланыстырылып, яғни осы объектіден қанша жерде тұрғандығы көрсетіледі. Мысалы, өлік жатқан диван оң жактағы кабырғаның бойында, шығыс қабырғадан 2 м. жерде тұр деп көрсетілуі керек. Өлік бөлменін ортасында, еденде жатса оның жатқан орны төрт нүкте бойынша белгіленеді. Айталық: өліктің басы оң жақтағы қабырғадан 1,5 м., шығыс жақтағы қабырғадан 2 м., ал созылып жатқан оң аяғы (екі аяғы да созылып жатса аяғы деп көрсетіледі) сол жақгағы қабырғадан 3 м. де, батыс қабырғадан 1,3 м., деп көрсетілуі тиіс. Қарау үстінде табылған іздер, айғақ затгардың табылған жері, осы объектілердің нысаны, өлшемі, жағдайы хаттамаға толық сипатталып жазылуы кажет. Егер көзге көрінбейтін іздерді іздеп табуға арнайы әдіс, құрал-саймандар қолданылған болса, олар да хаттамаға міндетті түрде енгізіледі. Жоғарыда айтылғандай, қар үстіндегі іздерді бекітуге, айталық, олардьщ үлгісін алу үшін жеке бекіту әдістері қолданылса, олар да хаттамада толық көрсетілуі керек.
Үшінші, қорытынды бөлімінде оқиға болған жерді қарау үстінде қандай айғақ заттар алынғаны, осы хаттамаға қандай қосымша бекіту әдістері қолданылғаны көрсетіледі. Айталық, оқиға болған жердің кестесі сызылып, объектілер фотосуретке түсіріледі. Егер оқиға болған жерден өлік табылса, оның қай мәйітханаға кім аркылы жіберілгендігі жазылуы керек. Хаттаманың соңғы жағында қарауға қатыспаған адамдардан наразылык не тілек-өтініштердің түскен-түспегендігі көрсетіледі. Хаттамаға қосымша оның кей жерлерін нақгылап көрсету үшін, оқиға болған жердің кестесі сызылады. Кестеде оқиға болған жердің, жалпы көрінісі түсіріліп, ондағы әр объектінің орналасуы, олардын ара қашықтығы кестелі түрде бейнеленеді, кестеде оның белгілі өлшем көлемі, оңтүстік не солтүстік бағыты көрсетіледі. Оқиға болған жердің, жалпы көрінісін және ол жердегі жеке объектілердің орналасуын иллюстрациялап, нактылап көрсету үшін қарау кезінде арнайы сот-фотографиясының әдістерін қолдану арқылы бүл жер фотосуретке түсіріледі. Бағдарлап және жалпы шолу әдістерімен оқиға болған жердін көрінісі толық камтылып түсірілсе, түйінді және бөлшекті әдістермен жеке объектілер, іздер, айғақ заттар түсіріледі, Осындай әдістермен алынған фотоқұжаттар хаттаманың орнына дәлелдеме есебінде емес, тек хаттамада баяндалып жазылған жағдайды нақтылап иллюстрациялау үшін керекті қосымша дәлелдеме есебінде ғана пайдаланылады. Тергеуші келген сәтте оқиға әлі аяқталмаған болса (мысалы әлі толық өшірілмесе) былайша айтқанда, белгілі бір серпінді процестерді, құбылысты бекітуге тура келсе, осынын, бәрі бейнетаспаға түсірілуі керек. Карау үстінде колданылған бекітулердің бәрі міндетгі түрде
4. Тергеу әрекетінің ерекше бір түрі — адамдарды куәландыру. Қылмыстық істерді тергеу үстінде кейбір жағдайларда сезікті адамның, айыпкердің не жәбірленушінің киімінде, денесінде әр түрлі дақ, ерекше белгілер, не іздер барлығын анықгау үшін оларды занда көрсетілген тәртіпті сақтай отырып, куәландырып қарауға тура келеді. Өзіндік міндеті бойынша және карау үстінде колданылатын тәсілдер бойынша куәландыру бірде тергеу әрекеті есебінде жүргізілсе, екінші жағдайда сот эксперти-засының бір ерекше түрі есебінде жүргізіледі. Тергеу әрекеті есебінде жүргізілген жағдайдан баска, объектілерді қарау үстінде әдеттегідей пайдаланылатын әдістер колданылады. Айтайык, адам куәландырылғанда, біріншіден, оның үстінде киген киімдері каралады, олардың жалпы жағдайы, жыртылған жері, үзілген түймесі, дақ, таңба, тағы басқа да ерекше белгілердің бар жоғы аныкталады. Киімін қарап болғаннан кейін оның денесі қаралады. Егер куәландырылатын адамды мұндай қарау үстінде жалаңаштандыруға тура келсе, онда бұл тергеу әрекетіне басқа жыныстың адамдары қатыса алмайды. Сондықтан егер әйел адам жаланаштандырылып қаралса, бұл тергеу әрекетін әйел тергеуші жүргізу керек те, ал еркек адам куәландырылса, еркек тергеуші өткізуі керек. Қалай болғанда да бұл тергеу әрекетін жүргізу үстінде куәландырушы адамның намысына тиетіндей, оны кемітетіндей іс-әрекеттер жасалмай, жүргізілетін жұмыстардың бәрі моральдык нормаларға сай болуы тиіс. Бұл тергеу әрекетін жүргізгенде негізінен куәландырылатын адамның үстінде бір ерекше белгілер, дақ жөне басқа іздердің болуы тексеріліп, қаралады. Мысалы, бір істі тергегенде жәбірленуші қылмыскердің кеудесінде жүректің суреті тәрізді татуировка бар екені баяндалды. Тергеудің бастапқы кезеңінде үсталған сезікті адам бұл қылмысқа қатыспағанын және жәбірленушіні танымайтынын айтып жауап берді. Оны куәландыру үшін беліне дейін шешіндіргенде жәбірленушінің айтқанындай кылмыскердің кеудесінде татуировка бар екені анықталды. Сонымен куәландырудың қорытындысы істі дер кезінде ашуға өте құнды дәлелдеме есебінде пайдаланылды. Куәландыру осымен қатар сот медициналық экспертизасының бір ерекше түрі есебінде жүргізіледі. Сезіктінің, айыпкердің, не жәбірленушінің денесін қарағанда арнайы медициналық білім қолданылып, олардың денесінде бар жарақат тексеріліп, зерттелсе ондай куәландыру эксперттік зерттеудін бір түрі болып саналады. Мүндай зерттеп қарау үстінде негізінен мына төмендегі сұрақтар анықталады: а) куәландырған адамның денесінде, қай жерінде, кандай ә) жарақаттардың түрі, өлшемі, саны жөне олардың жалпы ауырлығының дәрежесі. б) бүрын операция жасалған басқа куәландырушының де- Егер де жай карау арқылы бұл сұракгарды шешуге мүмкіндік болмай, оларды анықтауға медициналық зерттеулер қажет болған жағдайда сот медициналык экспертиза тағайындалады. Бақылау сұрақтары: 1. Оқиға болған жерді қараудың маңызы неде? 2. Оқиға болған жерді қарау кезендері және тәсілдері дегеніміз не?
Әдебиеттер: 1 Белкин Р С Курс криминалистики / үш том/ Юристъ 1997 2 Белкин Р С, Аубакиров А Ф и др. Криминалистическая энциклопедия Алматы 1995 3 Абуов А Ғ Криминалистика негіздері Қостанай 2003 «Шапақ» 4 Яблоков Н П Криминалистика М. 2003
11 тақырып. Тергеу экспериментінің тактикасы
Сұрақтар: 1. Тергеу экспериментінің түсінігі, оның түрлері және міндеттері. 2. Тергеу экспериментіне әзірлік жұмыстары. 3. Тергеу экспериментін жүргізгенде қолданылатын тактикалық тәсілдер. 4. Тергеу экспериментінің барысы және оның қорытындысын бекіту, нәтижелерін тексеріп, сынау.
1. Тергеу барысында, жасалған қылмыстың мән-жайларын, істегі кейбір дәлелдемелердің объективтігін тексеру үшін әр тұрлі тәжірибелер жүргізуге тура келеді. Тәжірибе — ақиқат өлшемі және дүние танымньщ қайнар көзі. Сондықтан тергеу мезгілінде жиналған дәлелдемелердің және кейбір іске керекті айғақтардың, ақиқаттығын, шындығын тек сынақ тәжірибелер жүргізу арқылы білуге болады. Осыған байланысты кылмысты істер жүргізу заңында осы айтылған жағдайларды тексеру үпіін арнайы тергеу экспериментін жүргізу көрсетілген. Тергеу эксперименті дегеніміз ол қылмысты оқиғаның кейбір мән-жайларын осы оқиғаға ұқсас және сәйкес жағдайда әр түрлі сынақ тәжірибелер жүргізу аркылы осы жағдайдың, құбылыстың болу мүмкіндігін тексеру үінін жүргізілетін тергеу әрекеті. Осы келтірілген тергеу экспериментінің түсінігінен туындайтын негізгі қағидалар: бұл тергеу әрекеті, біріншіден, басқа тергеу әрекеттерін жүргізу үстінде алынған, іске қатынасы бар деректердің, мәселелердің шындығын тексеру үшін жүргізіледі. Екіншіден, мұндай тексеру, осы тексерілетін құбылыс (әрекет) қылмысты окиға болғанда қандай жағдайда өтсе, соған сәйкес, ұқсас жағдайда арнайы сынақ тәжірибелерін жүргізу арқылы өткізіледі. Жүргізілетін сынақ тәжірибелердің корытындысының объективтігі, онын сол тексерілетін оқиға болған жағдайға сәйкес жағдайда өткізілуімен тікелей байланысты. Әрине, тәжірибе жүргізілгенде тура болған жағдайдың өзін, тексерілетін іс-әрекетті болған күйін қайталауға болмайды, себебі ондай жағдайда жаңа қылмыс жасалған болар еді. Сонымен қатар тәжірибе арқылы болған оқиға толық қайталанбайды, тек оның кейбір бөлігі, эпизодтары ғана сынақ тәжірибе жүргізу арқылы кайталанады. Тергеу эксперименті — іс жүргізу кезінде пайдаланылатын танымдык әдісті колданудың айрықша бір нысаньг. Бұл әдіс әр түрлі тергеу әрекеттері үстінде қолданылады. Оның басқа әдістерден айырмашылығы тергеуші өзінің назарын аударған жәйттерді сырттай бақылап қана қоймайды, сонымен бірге оны бірнеше қайтара бастапқы қалпына келтіру аркылы өз болжамын анықтай түседі. Тәжірибе жүргізу барысында арнайы шектеу шарттары койылады: тергеу эксперименті кезіндегі мүндай тәжірибе адамның денсаулығына нұқсан келтірмеуі, оның өміріне қатер төндірмеуі тиіс. Сонымен бірге ол экспериментті өткізуге қатысып жүргендердің ққұқын бұзбайтындай, оларды қорлап, кемсітпейтіндей жағдайда өткізілуі тиіс. Эксперимент арқылы іс бойынша жинақталған кейбір дәлелдемелердің, мәліметтердің шындығы ғана анықтальш коймайды, сонымен бірге жаңа деректер де алынады. Тергеу экспериментін жүргізудің нәтижесінде көбінесе жәбірленушінің, куәгердің, айыпкердің жауаптарында, сондай-ақ басқа да косымша айғақтарда келтірілген мөліметгердің шындығы, оның болу мүмкіндіктері тексеріліп, анықталады. Тергеуші осындай жолмен өзінің кейбір болжамдарына көз жеткізеді. Яғни, оқиғаның қалай болғаны, оның мән-жайы, орындалу тетігі тәжірибе өткізу жолымен тексеріледі. Тергеу эксперименті — өз алдына дербес, өзіне тән міндеттері бар іс жүргізу әрекеті. Сонымен бірге ол тергеудің басқа да әрекеттерімен тығыз байланысты, міндеттері жағынан өзара ұштасып жатады. Яғни, басқа да тергеу әрекеттері сияқты тергеу экспериментінің де басты міндеті — іске қатысты қылмысты ашуға керекті деректер жинау. Дегенмен, деректерді ерекше, өзіне ғана тән тәсілдермен жинап, тексеретіндіктен тергеу экспериментінің өзіне тән міндеттері бар. Тергеу эксперименті шешетін сұрақтарына орай үш түрге бөлінеді. Эксперименттің бірінші түрі — кейбір күбылыстың не әрекетгің айтылған, көрсетілген жағдайда болуы мүмкін бе, жоқ па, соны анықтау. Яғни, белгілі бір затты, нәрсені айтылған жағдайда айтылған адам көтеріп кете ала ма немесе белгілі бір қашықтықка көрсетілген уақытта барып жетуге бола ма, айтылған жұмысты ол адам өзі атқара ала ма, ол онын, қолынан келе ме, қоймадағы тесіктен белгілі бір затты алып шығуға бола ма, жоқ па, міне осындай толып жатқан сұрактар төңірегіндегі шындықты аныктау. Тергеу экспериментінің, екінші түрі — белгілі бір жағдайда қашықтықта болған оқиғаны, құбылысты көріп қабылдауға, сөзді, дыбысты естуге бола ма, соны анықтау. Эксперименттің үшінші түрі — із қалдыру (сындыру, соғу, аралау, т. б.) сипатын, оның механизмін анықтау. Тергеу экспериментінің бұл түрі өзінің мән-мазмұны жағынан криминалистік экспертизаның кейбір түрлеріне жуықтайды. Алайда, із қалдыру сипатын анықтау үшін ғылыми саралаудың қажеті жоқ, экспериментті тергеушінің өзі жүзеге асырады. Жекелеген тәжірибелерді жүргізуге, қажет болған жағдайларда, басқа адамдар да шақырылуы мүмкін. Оның санын, міндетін тәжірибенің мән-мазмұнына, эксперименттің түріне орай, тергеуші анықтайды. Егер мүндай адам тәжірибе жүзінде жөбірленушіні, айыпталушыны, куәгерді басқа адаммен ауыстырған болса ол тиісінше ауыстырылған адамға барлық белгілерімен (бойымен, тұрпатымен, салмағымен, есту, көру кабілетімен, ж. б.) міндетті түрде ұқсауы тиіс. 2. Тергеуші экспериментінің кұрылымына орай оған әзірлік екі кезеңде — эксперимент жүргізілетін жерге барғанға дейін жөне нақ эксперимент жүргізілетін жерде өткізіледі. Эксперимент жүргізілетін жерге барғанға дейінгі әзірлік кезіңде тәжірибенің мән-мазмұнын, оны өткізу тәртібін, жағдайдың өзгерісін анықтап алу керек. Яғни, бұл кезең, — мамандармен ақылдасу; кәсіпорынның жұмыс тәртібін, ішінара айтқанда технологиялық режимді реттейтін құжаттармен, арнаулы әдебиеттермен танысу; қатысушыларды іріктеу; тергеушінің назарын аударған жағдайға байланысты айыпталушыдан қайтара жауап алу кезеңдері. Тергеушінің эксперимент өткізетін жерге шықпай тұрып жүргізетін дайындық жұмыстарын үш топқа белуге болады: тәжірибе өткізілетін жерді байырғы қалпына келтіру; эксперимент өткізуге катынасатын адамдарды анықтап, белгілеп алу; керекті құрал-саймандарды, материал, жабдықтарды дайындау. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|