Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырып: Қылмыстың криминалистикалық сипаттама мазмұны.




Дәріс мақсаты: Студенттерге қылмыс сипаттамалары туралы түсінік беру

Сұрақтар:

1 Қылмыстың криминалистикалық сипаттамасының түсінігі

2 Тергеу жағдайының сипаттамасы.

3. Қылмысты тергеу этаптары

4. Тергеушінің анықтау органдары мен ара қатынас қалыптары

5. Қоғамдық көмекті пайдалану қағидалары..

 

1. Қылмыстың әрбір түрлері бойынша анықтауға жататын жағдай шеңбері берілген қылмыс үшін жауаптылықты бекітетін Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне сай баптарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодекісінің кейбір баптарымен анықталады. Тергеу практикасымен заң нормаларын басшылыкқа ала отырып, криминалистикалық методика қылмыстың әрбір түріне байланысты немесе тактикалармен бекітуге жататын тергеу жағдай шегін анықтауға мүмкіндік беретін кеңестерді реттейді

2.Қылмыстың криминалистикалық сипаттамасы—бұл тергеу және криминалистикалық әдіс-тәсіл және құралдарды пайдалану шаралары үшін маңызды, сол немесе басқа қылмыстық түр негіздеріне сай жүйесі.

Криминалистикалық қатынаста анықталған қылмыс ерекшеліктерінің маңыздыларына мыналар жатады:

-қылмыстық қол сұғудың обьектісі;

-қылмысты істеу мен жасыру тәсілі;

-даярланып жасалынған қылмыс жағдайлары (уақыт, орын, объекгіні қорғау шарты және т.б.);

-қылмыскердің қылмыс орнында қалдырған іздерінің ерекшеліктері(іздердің қалыптасу механизмі);

-қылмыскер мен жәбірленушінің тұлғасы.

3. Тергеу ситуациясы дегеніміз-ол тергеудің белгілі бір кезеңінде айғақты мәліметтердің, дәлелдемелердің көлеміне және ерекшелігіне тиісті мән-жайын анықтау мүмкіндігіне байланысты қалыптасатын жағдай.

Тергеу ситуациясы мазмұнының кұрамы:

-іс бойынша жиналған дәлелдемелер,

-тергеуге маңыздылығы бар басқа да ақпараттар,

-осындай ақпаратты алу көзі туралы деректер.

Тергеу ситуациясы келесі бөлімдерден түрады:

а) Психологиялық сипаттама бөлімі-тергеуші мен оған қарсы тұлға арасындағы қақтығыс салдары, тергеушінің психологиялық қүбылыстан шығуы және т.б.

. ә) Ақпараттық сипаттағы бөлімдер-тергеушінің хабардар болуы,тергеушіге карсы және басқа тұлғалардың ақпараттан хабардар болуы.

б) Іс жүргізу және тактикалық сипаттағы бөлімдер-іс бойынша өндіріс жағдайы дәлелдеме және оның шығу тегі, тергеу әрекетін өткізу.

в) Материалды және ұйымдастыру техникалық сипаттағы бөлшектер-ішкі істер органдарының есепке алу аппараттарының тасу құралдарының болуы және т.б.

Тергеу ситуациясы әр түрлі негіздер бойынша топталады:

-жай және нақты жағдайлар.

-іс бойынша толық тергеудегі немесе жеке тергеу әрекетін жүргізудегі қалыптасқан жағдай.

-қактығысты және қақтығыссыз жағдайлар.

4. Қылмысты тергеу ісі келесі этаптарға бөлінеді:

а) Қылмыстық істі қозғау (алдын ала) дәрежесі-қылмыс белгілеріне ие жағдайлар туралы материалдарды тексеру, қылмыстық істі қозғау туралы шешім қабылдау.

ә) Бастапқы қылмыстык істі қозғаудағы бар қылмыс жағдайлары туралы жалпы немесе жай көзқарастарды тексеру, зерттеуге жататын деректерді анықтау,жоғалып кетуі мүмкін дәлелдемелерді жинау мен бекіту,сезіктілерді іздестіру мен ұстауға арналған шараларды қолдану,қылмыскер әрекеттерімен тиген материалдық залалды өтеу шараларын қолдану, қылмыстың болуына мүмкіншілік тудырған жағдайларды табу бойынша жүмысты жалғастыру.

б) Жалғасушы-дәлелдемелерді жинау,зерттеу және бағалау бойынша жұмыстың жалғасуы.

в) Қортындылаушы-тергеуді бітіру және айыптау қорытындысын қүрастыру.

5. Тергеушінің анықтаушы органдарымен ара қатынасының негізгі болып мыналар табылады:

а) Жедел ідестіруші қызметкерлерінің иелігіндегі бар материалдармен тергеушінің танысуы және бірігіп қылмыстық істі қозғау немесе процесуалдық емес жолмен бірлесіп шешім қабылдау.

ә) Қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттері мен жедел іздестіруші іс шараларын бірлесіп жоспарлау.

б) Тергеу әрекеті мен жедел іздестіру іс-шараларын өткізу салдарынан алынған ақпаратпен үнемі хабардар болып отыру.

в) Жеке тергеу әрекеттерін ұйымдастыру мен өткізуге жедел іздестіру қызметкерлері жағынан тергеушіге көмегі.

г) Тергеушінің жеке тапсырмаларын анықтаушы органдарының кызметкерлерінің орындауы.

6. Қоғамдык көмекті қолдануда, тергеуші тергеу жүргізгенде келесі қағидаларға басшылык жасауға болады:

-Қоғам өкілдері тергеуге, тек қана өз еркімен қатысады.

-Қоғам өкілдері кез-келген тергеу әрекетін өзінше жүргізе алмайды.

-Тергеуші алдын ала тергеу құпиясының сақталуын қамтамасыз етуі тиіс.

-Тергеуші тергеуге көмектесетін қоғам өкілдерінің кауіпсіздігін алдын-ала қамтамасыз етуге міндетті.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных