Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырып: Тактикалық операциялар және оларды қылмысты тергеу тиімділігін арттыруда пайдалану тәсілдері




Дәріс мақсаты: Студенттерге тактикалық операциялар және оларды қылмысты тергеу тиімділігін арттыруда қолдану туралы түсінік беру.

Жоспар:

1 Тактикалық операцияның түсінігі

2 Тактикалық операция мен тергеу іс әрекеттерінің және жедел іздестіру шараларының байланыстары

 

1 Криминалистикалық тәсіл - дәлелдемелерді жинауда, зерттеуде, бағалауда және қылмыстың алдын алуда ең тиімді іс-қимыл болып табылады.

Криминалистикалық тәсіл - техника -криминалистикалық және - тактика криминалистикалық болып екіге бөлінеді.

1.Техника –криминалистикалық әдіс-тәсілдерге, салыстырмалы микроскоппен жұмыс істеу әдісі және криминалистикалық техниканың ғылыми жақтарын тиімді пайдалану, іздерді табу тәсілі/ жатады.

2. Ал, екіншісіне тергеуді жоспарлау және ұйымдастыру, кейбір тергеу, сот іс-әрекеттерін жүргізуге дайындықтар жасау кіреді.

Қайсы бір тәсілдің тиімділігі мен лайықтылығы бірнеше объективті және субъективті факторлармен байланысты. Оларға:

а/ жүргізілетін операцияның жүйелілігін, орындалу реттілігін;

ә/ техника-криминалистикалық құралдар мен басқа да техникалық құрылғылардың жеткілікті түрде мүмкіндігін;

б/ қолданылатын құралдардың параметрін /салмағы, көлемі,тасмалдау мүмкіншілігі/

в/ тәсілді қолданатын адамның физикалық және психикалық мүмкіншіліктерін;

г/ тәсілді қолданатын субъектің жеке басының ерекшеліктерін/мысалы, керекті білімі, тәжрибесі, машығы т.т./ жатқызуға болады

Техника-криминалистік құралдарды қолдану шарты, олар ғылымға негізделген және оларды қолдануға рұқсат етілген болуы тиіс.

Тергеу кезінде бір ғана криминалистикалық тәсілді ғана қолданып қоймай, оның бір мақсатқа бағытталған жиынтықтарын да пайдалануға тура келеді.

Бұндай жиынтықты тактикалық қисындастыру/операция/ дейді.

Тактикалық амал - ол нақтылы бір міндетті шешуге бағытталған тактикалық тәсілдердің, не тергеу іс-әрекеттерінің жиынтығы.

Тактикалық амал жай/элементарлы/ және күрделі болып бөлінеді.

Біріншісі, бір тергеу іс-әрекетінің шеңберінде жүргізілетін бірнеше тәсілдердің қосындысы.

Ал, екіншісі, бір қылмыстық іс бойынша жүргізілетін тергеу және басқа/жедел-іздестіру, ұйымдастыру-техникалық/ іс-әрекеттердің үйлесімі.

Тактикалық тәсілдемеге тергеу іс-қимылымен қатар бір мәселені шешу мақсатында жедел-іздестіру іс-әрекеттері де кіруі мүмкін. Бұл жерде олардың іс-әрекеттері бір-бірімен араласып кетпейді, керісінше олар үйлесіп, әрекеттесіп, бір-бірін толықтырып тұрады. Бұндай тәсілдемені оперативті-тактикалық деп атайды.

Криминалистикалық ұсыныс дегеніміз, дәлелдемелерді жинауға, зерттеуге, бағалауға және пайдалануға керекті ғылымға негізделген, күнделікті тәжірибемен тексерілген кеңес.

Ұсыныстар жалпылама және арнайы-нақтылы болып екіге бөлінеді. Біріншісі, кез келген жағдайда, ал екіншісі арнайы-нақтылы, яғни, бір жағдайда ғана қолдануға болатын, не арнайы бір субъектіге есептелінген/мысалы,тергеушіге, сарапшыға / кеңес.

Тергеулік ахуал дегеніміз-ол осы уақытта жүріп жатқан тергеу және дәлелдеу процесінің жағдайы. Өзінің мазмұны бойынша тергеулік ахуал келесі құрамдас бөліктерден тұрады:

1/ психологиялық сипаттан:тергеуші мен оған қарсы тұрған кісілердің арасындағы текетірестің нәтижесінен; тергеушінің психологиялық көңіл күйінен; іс бойынша өтіп жатқан кісілердің, не олардың жақындарының шындыққа жетуге жасаған қарсы әрекеттерінен.

2/ ақпараттық сипаттан:қылмыстың болу жағдайы және оған қатысушылар туралы тергеушінің хабардар болуынан, дәлелдемелік маңызы болуы мүмкін ізделуші заттардың, құжаттардың жасырынды жерінен, іс бойынша өтуші кісілердің ниетінен, түпкі ойынан тұрады.

3/процесуалдық және тактикалық сипаттан:іс өндірісінің жағдайынан; дәлелдемелер және олардың дереккөздерінен; тиісті бұлтартпау шараларын таңдап алу, айыпкерлерді бір-бірінен оқшаулау мүмкіншіліктерінен т.б. тұрады.

4/ материалды және ұйымдастыру-техникалық сипаттан; тергеу органдарында сол кезде жеткілікті түрде қажетті күш, уақыт, қаражаттарының және оларды тиімді пайдалану мүмкіншіліктерінің болуынан; ішкі істер бөлімі мен тергеу- оперативтік топтың арасындағы байланыстан, ІІБ есепке алу-тіркеу бөлімінен ақпараттар алып тұруға қажетті құрал-жабдықтардың болуынан тұрады.

Тергеулік ахуал- бастапқы, аралық және соңғы; дау-дамай,тартысты және тартыссыз; ал олардың тергеуге керекті мағынасы бойынша –орайлы және орайсыз болып бөлінеді. Соңғысынан тактикалық тәуекелді бөліп алуға болады.

Тактикалық тәуекел дегеніміз-ол тергеу іс-әрекетін, не тактикалық тәсілдемелерді жүргізгенде болуы мүмкін жағымсыз нәтижелер. Оларды болдырмауға тырысу, олардан шеттеу -тергеушінің басты міндеті. Ол мүмкін болмаған жағдайда, тергеуші тәсілдемелерді ең төмен деңгейге түсіруге тырысуы керек. Бұл мақсатқа тактикалық шешім арқылы жетуге болады.

Тактикалық шешім дегеніміз-ол тергеулік тәуекелге тактикалық әсер ету жолын таңдау. Бұл мақсатқа тергеу ахуалын өзгерту, тактикалық тәуекелдің теріс нәтижесін азайту, кенеттік факторды пайдалана отырып, қарсылас жақты жеңуде жақсы нәтижелерге жетуге болады.

Тактикалық шешімге дайындалу және оны қабылдау мына кезеңдерден өтеді: бастапқы ақпаратты жинау-тактикалық әсер етудің мақсатын анықтау; міндеттерді тұжырымдау-мақсатқа жету әдіс-тәсілдерін таңдау-қабылданған шешімді тұжырымдау. Әрі қарай шешімді жүзеге асыру және алынған нәтижелерге баға беру жалғасады.

Тактикалық шешім заңға сәйкес, уақытты, негізді, адамның абройын түсірмейтін және адамгершілік нормасына сай келуі тиіс.

2 Жоғарыда көрсетілген іс әрекеттер қылмысты дер кезінде ашуға және оны сапалы тергеуге бағытталған. Сондықтан құқық қорғау органдарының қызметкерлері тергеу іс әрекетін, не жедел іздестіру шараларын жүргізген кездерінде жоғарыда көрсетілген қағидаларды тиімді пайдаланулары тиіс.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Тактикалық операцияның маңызы мен түсінігі не?

2 Тактикалық операция, тактикалық ұсыныс, тактикалық шешімдердің тергеу іс әрекеттерімен ара қатынасы.

 

Әдебиеттер:

1 Белкин Р С Курс криминалистики / үш том/ Юристъ 1997

2 Белкин Р С, Аубакиров А Ф и др. Криминалистическая энциклопедия Алматы 1995

3 Абуов А Ғ Криминалистика негіздері Қостанай 2003 «Шапақ»

4 Яблоков Н П Криминалистика М. 2003

 

 

8 тақырып: Кісі өлтіруді тергеу

Жоспар:

1. Адам өлтіру үғымы.

2. Адам өлтіру тәсілдері.

3. Анықтауға жататын жағдай.

4. Бастапқы тергеу этапының жағдайы.

5. Қатыгездікпен өлтіру белгілері бар өлікті табу туралы іс бойынша тергеудің әрекет сипаты.

6. Адамның жоғалып кетуі туралы іс бойынша тергеудегі тергеушінің әрекет сипаты

7. Тағайыңдалатын сараптама түрлері.

 

1. Кісі өлтіру, яғни басқа адамға құқыққа қарсы қаса-қана қаза келтіру (Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодекісі-96 бап).

Адам өлтіру тұлғаға қарсы ауыр қылмыс болып табылады. Кісі өлтіруді болдырмау, ашу және тергеу құқық қорғау органдарының маңызды мақсатының бірі болып табылады.

2. Адам өлтірудің кең тараған тәсілі болып мыналар табылады:

а) жәбірленушіге әр түрлі қарулар мен құралдардың көмегімен денесіне зақым тигізу (атылатын,суық кару және т.б.);

ә) жәбірленушіні көмексіз халге келтіру немесе осы халін пайдаланып келесі дене жарақатын түсіру яғни тұншықтыру, өміріне қауіпті жағдайды тудыру.

б) жәбірленушіні биіктен лақтыру;

в) жәбірленушіні қозғалмалы көлік құралынан құлату.

г) жәбірленушінің ағзасына улы заттарды жіберу;

д) жәбірленушіні суға батыру.

3. Адам өлтіруді тергегенде келесі мән-жайларды анықтау керек:

-адам өлтіру орны болды ма;

-қылмыс қайда, қашан және қандай жағдайда жасалған;

-адам өлтірген кім, қылмыс бір топ адамдармен жасалған жоқ па, егер жасалса олардың әрқайсысының катысу дәрежесі кандай, қылмыскердің сипаты, айыпкердің жауаптылығын жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар бар ма;

-жөбірленуші болып табылатын кім, жәбірленушінің мінез-құлқы жайлы.

-қылмыспен тиген залалдың сипаты мен көлемі қандай;

-адам өлтіру қасақана жасалған жағдайда алдын ала уәделенбеген жасырушылық орын алды ма;

-адам өлтіруге қандай мән-жайлар әсер етті.

4. Тергеудің бастапқы этапында қалыптасушы жағдай әр түрлі. Олардың арасындағы ерекше түрі мыналар болып табылады:

а) Адам өлтірілген кезде сезікті мен жәбірленуші анық болған жағдайда (көбінесе отбасы-тұрмыстық немесе бүзақылық салдарынан);

ә) қарақшылық шабуылмен жасалынған (жәбірленуші белгілі, ал қылмыскер белгісіз) жыныстық қатынас себептерінен немесе бұзақылық салдарынан адам өлтіру;

б) анықталмаған дәлел бойынша адам өлтіру: адамның із-түзсіз жоғалуы (жәбірленуші белгілі, сезікті белгісіз), анықталмаган өлікті немесе дененің мүшеленген бөліктерін тапқанда;

в) балаларды өлтіру: жаңа туылған нәресте өлігін табуы; нәрестенің жоғалып кетуі (жәбірленуші белгілі,сезікті белгісіз).

5. Аяусыз қатыгездік арқылы өлтірілген белгілері бар өлікті табу ісі бойынша тергеуші келесі бастапқы әрекеттерді жүргізуі тиіс:

-оқиға болған жерді қарау;

-білетін адамдардан жауап алу;

-өлікті тануға көрсету(қажет болған жағдайда);

-сот медициналық сараптаманы тағайындау;

-криминалистикалық сараптаманы тағайындау;

-анықтаушы органдарына жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуді тапсыру.

6. Адамның жоғалып кетуі туралы іс бойынша тергеуде тергеушінің бастапқы әрекеті болып мыналар табылады:

-адамның жоғалуын хабарлаған түлғадан жауап алу;

-жоғалушының мекен-жайы бойынша алаңды қарау немесе тінту;

-өлік немесе оның бөлшектерінің тығылуын, сондай-ақ, заттық дәлел табылуы мүмкін жерлерді қарау немесе тінту;

-жоғалғанның туыстарын, жақындарын, достарын, көршілерін және басқа білетін түлғалардан жауап алу;

-жоғалғанның және оның жоғалуына себепкер түлғалардың пошта-телеграфтық мекемелерімен қатынаста болуын тиым салу.

-сот-медициналық сараптаманы тағайындау (өлікті немесе оның бөлшектері табылғанда);

-заттық дәлелдерге сот-медициналық сараптаманы тағайындау;

-анықтаушы органдарына жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуді тапсыру.

7. Адам өлтіруді тергегенде, көбінесе, келесі сараптама түрлері тағайындалады:

- өлікті сот-медициналық сараптау;

- заттық дәлелдемелерді сот-медициналық сараптау;;

- сот-химиялық, биологиялық сараптама;

- сот-психологиялык сараптама;

- сот-психиатриялық сараптама;

-криминалистикалық сараптама (трасологиялық, баллистикалық, жазутанымдық және т.б.);

-микрообъектілерді зерттеу сараптамасы.

 

 

Әдебиеттер:

1 Белкин Р С Курс криминалистики / үш том/ Юристъ 1997

2 Белкин Р С, Аубакиров А Ф и др. Криминалистическая энциклопедия Алматы 1995

3 Абуов А Ғ Криминалистика негіздері Қостанай 2003 «Шапақ»

4 Яблоков Н П Криминалистика М. 2003

 

Бақылау сұрақтары:

1. Адамды өлтіру ұғымы

2. Адам өлтіру тәсілдері

3 Анықтауға жататын жағдай

4 Бастапқы тергеу әдістері

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных