ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Тақырып: Кримииалистикалық тактиканың тұжырымдамалық негіздері және технологиясы.Дәріс мақсаты: Студенттерге криминалистикалық тактиканың мазмұнын түсіндіру. Сұрақтар: 1. Криминалистикалық тактика түсінігі. 2. Криминалистикалық тактика жүйесі. 3. Криминалистикалык. тактика көздері. 4. Криминалистикалық тактиканың даму барысы. 1. Криминалистикалык тактика дегеніміз - ол тергеу әрекеттерінің тиімділігін нәтижелілігін арттырып іс бойынша керекті дәлелдемелерді дер кезінде жинауға, мүнымен қатар тергеуді, ұтымды және жоспарлы түрде жүргізуге бағытталған заң шеңберінде қолданылатын тиімді де, қолайлы тәсілдер жөніндегі ғылыми ережелердің жиынтығы. 2. Криминалистикалық тактика келесі негізгі бөлімдерден түрады: -Криминалистикалық тактиканың жалпы ережелері; -Тергеуді болжау және тергеуді жоспарлау; -Оқиға болған жерді қараудың түсінігі, маңызы және міндеттері; -Тергеу экспериментінің тактикасы; -Тінту тактикасы; -Жауап алу тактикасы -Объектілерді танытуға көрсету тактикасы. -Жауапты оқиға болған жерде тексеру тактикасы. ' -Ұстау тактикасы. -Сот экспертизасын тағайындау және жүргізу тактикасы. 3. Криминалистикалык тактиканың негізгі көздері мыналар: -қылмыстық іс бойынша тергеу мен соттық іс жүрізудің жалпы тәртібін сонымен бірге алдын ала жүргізілетін кейбір тергеу әрекеті және соттық әрекеттерді реттейтін қылмыстық іс жүргізу заңдылықтарының нормасы; -криминалистика ғылымының басқа бөлім ережелері жалпы теория, криминалистикалық тактика және криминалистикалық методикасы; -басқа ғылым бөлімдері-кылмыстық іс жүргізу ғылымы, криминалогия, қылмыстык кұқық, сот психологиясы және басқа ғылымдар; -қылмысты ашу мен тергеудің алдыңғы қатарлы тәжірибесі. 4. Криминалистикалық тактиканың даму тенденциялары: -тергеу әрекеттерінің әдіс-тәсілдерін жаңарту; -психология мен логиканы кең тұрғыда қолдану; -қриминалистакалық тактиканы техникалау, техникаландыру жүйесін өрістету; -жаңа тергеу әрекеттерін іздестіру және оларды дамыту; -соттық тергеу тактикасын дамыту; -қылмыстық істі қозғау үшін негіз болып табылатын материалдарды алдын ала тексеру тактикасын кең көлемде қарауды жан-жақты дамыту. Криминалистикалық тактика тәсілі. Тергеу әрекетінің тактикасы. 1. Криминалистикалық тактика тәсілі. 2. Криминалистикалық тактика комбинациясы мен операциясы және тактикалық тәсілдің қағидалары. 3. Тергеу әрекеті тактикасының, үғымы мен жалпы ережелері. 1.Криминалистік тактиканың ең бір негізгі, түйінді сұрақтарының бірі-ол тактикалық тәсіл. Тергеушінің тергеу әрекеттерін жүргізгенде алдына қоятын негізгі мақсаты-осы тергеу әрекетін жүргізу арқылы неғұрлым көп және құнды дәлелдемелер жинау. Сондықтан қолданылатын тактикалық тәсілдер белгілі бір талаптарға сай болу керек. Тактикалық тәсілдерге қойылатын негізгі талап оның заңға қайшы келмеуі, жеке адамның не заң тұлғаларының кұқығын бұзбауы және жалпы моральдық, этикалық қағидаларға сай болуы. Тактикалық тәсіл дегеніміз ол заңға, этикалық талаптарға қайшы келмейтін, белгілі ситуациялық жағдайда, тергеу әрекетінің нәтижелілігін арттыру үшін тергеушінің қолданатын арнайы айла-әдістері. 2. Тергеу әрекетін жүргізу үстінде туындаған ситуациялық жагдайға байланысты осы ситуацияға тиімді және ыңғайлы тәсіл қолданылады. Кей жағдайда бір тергеу әрекетін жүргізгенде, бір сұрақты анықтауға тактикалық тәсілдердің бірнеше түрі бірдей, арнайы бір кезекпен қолданылады. Мүны криминалистикада тергеу әрекетін жүргізу үстінде қолданылатын тактикалық комбинация дейді. Тергеу ситуациясы дегеніміз - ол тергеудің белгілі бір кезеңде айғақты мәліметтердің, дәлелдемелердің көлеміне және ерекшелігіне істің мән-жайын анықтау мүмкіңдігіне байланысты қалыптасатын жағдай. Комбинация дегеніміз- қиылыстыру, былайша айтқанда, қиылыстырудың айласы. Операция дегеніміз-ол бір күрделі әрекет. Тактикалык комбинация мен операция дегеніміз ол тергеу үстінде тергеу ситуациясына байланысты қылмыстың мән-жайын анықтау үшін жүргізілетін тергеу әрекеттерінің, жедел іздестіру және басқа да ұйымдық жұмыстардың жыйынтығы және оларды белгілі бір кезекпен, тактикалық айламен қисындастырып жүргізу әдісі. Тактикалық тәсілдердің негізгі қағидалары: -әдістің қылмыстық іс жүргізуші заңға сәйкес келуі. -әдістің адамгершілік пен этика қағидаларына сәйкестігі. -әдістің ғылыми негізділігі. -әдістің қауіпсіздігі. -әдістің сапалылығы -әдістің үнемділігі. 3. Тергеу әрекетінің тактикасы—бүл заңды қатаң сақтау арқылы іс жүргізу әрекетінің жоғары сапалылығына бағытталған корытынды дайыңдау, жүзеге асыру, тіркеу және бағалау әдістерінің жүйесі. Алдын ала тергеу әрекеті тактикасының жалпы ережелеріне келесі мәселелер жатады: -зандылық; -жағдайдың болуы; -белгілі бір мақсатқа жету; -дәрежелілік; -криминалистикалық техникамен қамтылуы; -мамандармен және анықтаушы органдармен қатынас. 1 Белкин Р С Курс криминалистики / үш том/ Юристъ 1997 2 Белкин Р С, Аубакиров А Ф и др. Криминалистическая энциклопедия Алматы 1995 3 Абуов А Ғ Криминалистика негіздері Қостанай 2003 «Шапақ» 4 Яблоков Н П Криминалистика М. 2003
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|