ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Тергеу әрекеттерін жүзеге асыру барысындағы қылмыс іздерін жинау құралдары мен әдістері.1. Қылмыс іздерін табу, бекіту және алу маңызы. 2. Қылмыс іздерін табу құралдары. 3. Қылмыс іздерін бекіту құралдары. 4. Қылмыс іздерін алу құралдары.. 1. Қылмысты ашу мен тергеу мақсатында қарастырылатын объектілердің және олармен байланысты мәселелердің барлығы табылуы, тіркелуі және алынуы тиіс. Қылмыс іздері көзге көрінетін, немесе көрінбейтін болып бөлінеді. Олар қолдың, аяқтардың, бұзу құралдарының және т.б. объект іздері болуы мүмкін. Қылмыстық іздерді табу үшін арнаулы іздеуші техникалық кұралдар пайдаланылады. Қылмыс іздерін бекіту—бүл олардың із қабылдаушы объектіде бекуін немесе олардың көшірмелерін, фотосуреттерін, жапсырмаларын, арнайы техникалық құралдарды, жапсырма массалары мен басқа да заттарды, химия реактивтерді, материалдарды пайдалану арқылы жасау. Іс жүргізуші көзқарас бойынша тіркеу тергеу әрекетінің хаттамасында қылмыс іздері мен басқа объектілерді сипаттау болып ұғындырылады, Қылмыс және басқа объектілердің іздерін алу олардың қайталануын, процессуалды жабдықталуын және қылмыстық іске қатынасын жорамалдайды. 2. Қылмыс іздерін табу құралдары: а) жарық түсіруші құралдар-бұл жарық нашар түсетін жерлерде, сонымен бірге қарау мен фотосуретке түсіру мәселелерімен әрекеттеріне сай объекгілерге жарық түсіру үшін қолданылатын жарықтың түрлі жасанды көздері. Жарықтың ретінде тұрмыстық, өндірістік және арнайы жарық құралдары қолданылады (ұзартылған фото-жарықтар, тұрмыс фонарьлары, электронды фото жарықтар және т.б.). ә) оптикалық құралдар-бұл көзге көрінбейтін, жай көрінетін немесе немқұрайлы қаралатын заттық дәлелдер мен бөлек бөлшектерді табу мен қарау үшін қолданылатын, ұлғайтып көрсететін әр түрлі құрал-жабдықтар. Оларға түрлі лупалар, микроскоптар жатады. б) іздеуші құралдар темірден жасалынған заттарды, өліктерді, олардың бөлшектерін, бағалы темірлерді, тастарды жөне т.б.с.с. белгілі бір объектілерді табу үшін арналған. Оларға темір іздеуші, мина іздеуші, магнитті іздеуші, магнитті көтергіш қүралдар жатады; ал өліктерді іздеу үшін тепловизорлар, газды анализаторлар қолданылады. в) химиялық рентген затгарын қалыптасқан биологиялық іздерді табу үшін пайдаланылады (цианакрылаттар, ацетондағы нингидрин ерітіндісі, азот қышкылды күмістің сулы ерітіндісі және т.б). 3. Қылмыс іздерін тіркеу процесі, жүзеге асатын әрекеттердің ретімен сипатталады. Ол іздің табылған немесе қалыптасқан жеріне анықтама беруге, оны табу барысындағы жағдайын бағалауға, тіркеу әдістерімен құралдарын таңдауға жағдай туғызады. Қылмыс іздерін тіркеу құралдары: а) суреттік құралдар - бүл әр түрлі үлгідегі және фотоқұралдары бар (ұзартушы, жарық фильтрлі және т.б.) фотоаппараттар. Сонымен бірге өлшеуші суретке түсіру әдісі (масштабты сызғыш) көп қолданылады. Бекіту қүралы ретінде бейне таспаға жазу тәсілі де пайдаланылады, ә) өлшеу құралдары фиксация объектілерінің сандық сипаты мен өлшемін анықтау үшін қолданылады. Ол үшін сызғыш, рулетка, транспортирлер, штангенциркулъдар, микрометрлер мен бүрыш өлшеуіштер, компастар, циркуль-өлшеуіштер және т.б.с.с. түрмыстық және өндірістік багыттағы өлшеуіш қүралдар пайдаланылады. б) жапсырмалар, көшірмелер дайындау үшін қажетті материалдар көбінесе күшпен басылып қалынған іздерді алу мен фиксациялау үшін қолданылады (гипс, парафин, жүмсақ металдар,силикон пастасы, каучук және т.б.). Қолдың іздерін алу үшін дактиласкопиялық пленкалар, йодталған трубкалар, түрлі-түсті магнитті ұнтақтар («топаз, рубин, малахит, сапфир, агат) қолданылады Іздер мен басқа да заттык дәлелдерді тіркеудің негізгі және міндетті әдісі болуы, олардың тергеу әрекетіндегі хаттамада сипат алуы болып табылады. Сипаттама толық,' нақты және түсінікті болуы тиіс. 4. Қылмыс іздерін алу құралы. Табылған және тіркелген қылмыс іздері міндетті түрде алынуы қажет. Осы мәселені шешу үшін, практикада көбінесе қолданылатын әдіс—бұл іздерді олар көрініс беретін объектілермен бірге алу. Құралдар жедел іздестіру қүжатнамаларында, тергеуші портфельдерінде, жедел іздестіру және тергеу қобдишаларында жиналады. Оқиға болған жердегі іздерді қайта зерттеу үшін қозғалмалы арнаулы техникалық кұралдармен жабдықталған, әр түрлі іздерді алу мен оларды қайта зерттеуге арналған криминалистикалық лабораториялар қүралған.
Бақылау сұрақтары: 1 Криминалистикалық техника бөлімінің жүйесі 2 Техника криминалистік құралдардың жіктелуі 3 Дәлелдемелік ақпараттарды жинау түсінігі 4 Криминалистикалық зертханалық зерттеулер әдістері Әдебиеттер: 1 Белкин Р С Курс криминалистики / үш том/ Юристъ 1997 2 Белкин Р С, Аубакиров А Ф и др. Криминалистическая энциклопедия Алматы 1995 3 Абуов А Ғ Криминалистика негіздері Қостанай 2003 «Шапақ» 4 Яблоков Н П Криминалистика М. 2003
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|