Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






тақырып: Ұйымдасқан қылмыстық құрылымдармен жасалынатын қылмыстарды тергеу 3 страница




а) Тергеу эксперименті кезінде тәжірибе өткізілетін жерді байырғы қалпына келтіру

Эксперимент болып өткен белгілі бір оқиғаны, әрекетті қайта тудыру, сөйтіп, істі тексеру барысында ақиқатты анықтау мақсатын көздейді. Бұған мұкият дайындалу арқылы қол жеткізуге болады.

Эксперименттің түрі мен мақсатына сәйкес ұқсас жағдайлар ретінде — қылмыс жасалған кезге сәйкес келетіндей етіп мекен, жылдың кезеңі мен тәуліктері, ауа райы; ұқсас заттар ретінде — қылмыс жасалған кезде қолданылғандай материалдар, құрал-жабдықтар түсініледі.

Ұқсас жағдайды эксперименттің түрі мен мақсатына орай тергеушінің өзі таңдайды. Мұндайда эксперименттің жағдайы болған оқиғаның жағдайына мейлінше жақын болуына тырысу керек. Эксперимент жүргізген кезде бұған жеткілікті дөрежеде мән бермеу оның айғақтық мәніне нұқсан келтіруі мүмкін.

Айталық, эксперимент кезінде нақты оқиғаға орай уақыттың (тәуліктің, жылдың) орын, ауа райы жағдайының, жарықтың, сондай-ак адамның көру, оптикалық жабдықтарды (бинокльді, көзілдірікті) пайдалану қабілетінің, бақыланатын объ-ектінің кашықтығының және онын сыртқы ерекшелігінің (көлемінің, нысанынын т. б.), орналасуының, қозғалысының, бақылаушының қалпының (тұруының, отыруының, жатуының), бақылаушыға кедергі келтіретін жәйттердін, (мысалы, автомобильдің, поездың қозғалысы), қабылдаудың ұзақгығы айрықша мәнге ие бола алады. Ұқсастық деңгейіне әр түрлі жолдармен, айталық, оқиға болған жердегі тәжірибе тексерілетін жағдайға ауа райы, жарык сөйкес келетін нақ сондай уақытта қол жеткізуге болады. Мүндайда тергеушіге ұқсас жағдайларды қолдан жасап бас катырудың қажеті жоқ, өйткені ол табиғи түрде тергеушінің көз алдында, тек енді мәселе оны өткен оқиғаға сай келетін сәтін дөп баса білу. Мұндай әдіс, эксперимент кезінде қайсыбір құбылысты айнытпай санада кабылдап алу мақсатын көздейді.

Жағдайды окиға болған жерді тұтастай немесе оның жекелеген элементтерін бұрынғы қалпьша келтіру жолымен де ұқсастыруға болады.

Тергеу, ішінара айтқанда, тергеу эксперименті кезінде бұрынғы жағдайды қалпына келтіру дегеніміз тәжірибе жүргізілетін қайсыбір объектіні, оқиғаны немесе жағдайды бастапкы қалпына келтіріп қайта жасау. Мұндай жағдайды кайта калпына келтіру үстінде, кейде өте күрделі реконструкциялык жүмыстар жүргізіледі.

Бұл жүргізілетін дайындық жүмыстардың күрделігі тергеу экспериментін өткізетін жердің қаншалықты өзгергендігіне және эксперимент үстінде шешілетін сұрақтардың, ерекшелігіне байланысты.

Тергеу экспериментінін, түрі мен мақсатына сәйкес жағдайды байырғы қалпына келтірудің;

-жағдайды алғашқы калпына келтіру (заттарды қылмыс
жасалған кезде тұрған күйінде кою);

-бұрынғыларының орнына пайдаланылатын заттарды қал-
пына келтіру (қылмыскердің қаруларының үлгілері, өрт коя-
тын құралдар т. б.);

-жоғалған, жарамсыз болып қалған немесе заттық айғақ-
тардың орнына жүретін заттарды (мысалы, қаруды) іріктеу сияқ-
ты түрлері бар.

Тәжірибеде жағдайды байырғы қалпына келтірудің, басқа да түрлері кездеседі. Айталық, участокты алғашқы калпына келтіру үшін кей жағдайда күрделі құрылыс жұмыстарын жүргізуге тура келеді (жер ойып шұңқыр жасау, я қазылып қойған шұңқырға топырақ салып бұрынғы деңгейіне жеткізу, алып тасталған кабырғаны кайта көтеру т. б.).

Қалпына келтіру барысында кей жағдайда өзгерістер де енгізілуі мүмкін. Мұндай өзгерістер ойластырылмаған, кездей-соқ (мысалы, оқиға болған жерде адамдардың байқаусыз қимылдарына байланысты туған өзгерістер) және мақсатты түрде ойластырылған, полиция қызметкерлерінің өздері жүргізетін (мысалы, автомобиль апатына байланысты жағдайды байырғы қалпына келтіру кезіндегі, зардап шегушіге көмек көрсету кезіндегі) өзгерістер түрінде болады.

Жағдайды калпына келтіру кезінде объектінің бұрынғы қалпы мен ондағы кейінгі өзгерістерді дәл білу керек. Бүл жөніндегі деректер оқиға болған жерді және жекелеген заттарды тексеріп, оны хаттау кезінде куәгерлердің, зардап шегушінің, айыпталушылардың жауаптарынан, фотосуреттер мен киноқұжаттардан, кестелерден, жерге орналастыру жоспарларынан, ғимараттың әр қатарының жоспарынан және басқа кұжаттардан, қылмыс жасалған кезде бүлінген заттардың, байырғы қалыптарын білетіндерден жауап алу барысында анықталып, нақтылануы мүмкін. Қателесіп кетпеу үшін жауаптарда және басқа құжаттарда келтірілген деректерді мүқият салыстырып, ондағы кездескен қарама-қайшылықтардың анық-канығына мұкият көз жеткізу керек. Шытырман жәйттерге кездескен кезде тергеу-шінің ақыл-кеңес алу үшін тиісті мамандарға (сот дөрігеріне, өрттен сақтандырушыға, күрылыс инженеріне, т. б.) жүгінгені жөн. Ал егер калпына келтіру үшін қол еңбегін, әр түрлі материалдарды, кайсыбір құрал-жабдықтарды пайдалану қажет болса, тергеуші мұндай кажеттілікті дәлелдеп қағазға түсіріп, ар-найы қаулы шығаруы тиіс,

ә) Тергеу экспериментіне қатысушылар

Эксперимент жүргізу жөнінде шешім алысымен тергеуші осы тергеу әрекетіне қатынасатын адамдарды да белгілеп алу керек.

Қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес тергеу экспериментіне қатысушылардың екі түрі — міндеттелетін және міндеттелмейтін қатысушылар карастырылған. Тергеу экспериментіне міндетті түрде қатысушылар — тергеушілер. Тергеуші экспериментті әзірлейді, төжірибелі іс-қимылымен оған басшылық жасайды, оны өткізу, қайта өткізу қажеттігін анықтайды, экспериментті өткізуге қатысты барлық ұйымдық және іс жүргізу мәселелерін шешеді. Кейбір жағдайларда экспериментті жүргізетін тергеушіге көмекке басқа тергеуші немесе полицияның жедел кызметінің кызметкері бөлінуі мүмкін.

Экспериментке айыпталушы, күдікті, куәгер, жәбірленуші, маман, сондай-ақ қорғаушы міндеттелмей ақ қатыса алады. Экспериментті жүргізу кезінде оған прокурордың да катысуына болады. Айыпталушы (күдікті) тергеу экспериментіне оның тәжірибе жүргізу мүмкін болмаған (мысалы, ол кәсіби дағдыны игерген бе, жоқпа, соны аныктау үшін) немесе тергеуші, ішінара айтқанда, іс-кимылды өзгерту немесе басқалай әзірлік әрекеттеріне қажет деп есептеген жағдайда қарастырылады. Алайда, айыпталушы экспериментке ерікті түрде катыстырылуы тиіс. Оны жауапты істерге күшгеп қатыстыруға жол берілмейді. Куәгерлер мен жәбірленушілерге катысты мәселе де осылай шешіледі.

Маман тергеу экспериментінің бір мүшесі ретінде тергеушінің жағдай өзгерген кезде тиімді шешім кабылдауына, кейбір жағдайларды шешуге арнайы білім қажет болғанда іс-кимылды ақылмен жүргізуіне көмектесуі үшін катыстырылады. Ал маман-кримиңалист фотосуреттерге немесе кинобейнелерге, дыбыс жазбаларына қатысты мәселелерге орай кәсіби көмек көрсетеді.

б) Керекті техникалык, қүрал-саймандарды және басқа да жабдықтарды дайындау.

Дайындық жұмыстарын жүргізу үстінде тергеуші эксперимент өткізуге кандай құрал-саймандар керек екендігін алдын ала шешіп, осы керекті техникалық саймандарды және басқа да жабдықтарды алдын ала дайындап алуы керек. Мысалы, тергеу экспериментін жүргізуге өлшеу кұралдары, фотоаппарат, бейне жазба, кейбір қосалқы кұралдар да керек болуы мүмкін. Сондықтан осының бәрін алдын ала анықтап, керекті құрал-саймандарды тергеуші тергеу экспериментін өткізетін жерге шықпай тұрып дайындап алу керек.

Күрделі жағдайларда тергеуші арнайы жоспар жасауы керек. Ол жоспарды төжірибенің өткізілетін жері мен уакыты, қатысушылардың құрамы, олардың міндеттері мен байланысы нақтыланып көрсетіледі. Ал, эксперимент өткізілетін жерге келгеннен кейін тергеуші қылмыс жасалған уақыт пен эксперимент жүргізілетін уақыт арасында қайсыбір өзгерістер болса, онда ондай өзгерістер фотосуреттің көмегімен хаттамада көрсетіледі. Сондай-ақ, тергеуші эксперимент нәтижесінде анықталған жәйттер мен қылмыс жасалған кездегі жәйттердін сәйкес келетінін немесе сәйкес келмейтінін тексереді. Экспериментке катысушыларға олардың эксперимент кезінде орындайтын міндеттерінің мән-мазмұнын түсіндіреді. Алайда, мұндайда эксперименттің болашақ нәтижесі туралы сөз болмауы және тәжірибе алдын ала сипатталмауы тиіс. Яғни, тәжірибеге қатысушыларға олардың қай жерде болуы, қандай нәрсеге назар аударуы кажеттігі ғана айтылады, экспериментке қатысушылардың өзара үйлесімді кызметінің әдіс-төсілдері айқын-далады.

Тәжірибе жүргізуге қажетті заттай айғақтардың немесе олардың орнын алмастыратын заттардың жеткіліктілігі, сақталуы мен тәжірибеге жарамдылығы тексеріледі. Экспериментке катысушылардьщ барлығына да бұл тергеу әрекетінің мәні мен нәтижесі жайлы ешкімге тісжармауы мүқият ескертіледі.

3. Дайындық жұмыстары толық аяқталғаннан кейін, тергеуші осы тергеу әрекетіне қатынасатын адамдарға олардың міндеттерін, кімнің не істейтінін түсіндіріп, әрқайсысын орын-орындарына орналастырып қояды. Тәжірибе екі жерде жүргізілсе екі топтың бір-бірімен қалай, қандай белгімен байланыс жасайтыны, тәжірибе қайталанған кезде екі жақты басқару әдістері айтылады.

Эксперимент тергеушінің берген белгісі бойынша басталады. Осы белгі берілгеннен кейін тәжірибенің барысын бақылаушы топ зер салып бакылап, арнайы белгімен тәжірибе-сынақтың дүрыс жүргізілуін басқарып отырады. Егер тәжірибе барысында алдын ала қойылған шарт, міндеттер орындалмаса, не баскаша орындалса (мысалы қатынасушы дублерлер тәжірибені дұрыс жасамаса) тергеуші белгі беріп тәжірибені тоқтатады, оны басынан бастап қайта жүргізуді талап етеді. Әр тәжірибенің қорытындысы тұжырымдалып, жазбаша түрде және суретке түсіру арқылы бекітіліп отырады.

Әр түрлі тергеу экспериментін өткізудің өзінше тактикалық ерекшеліктері бар. Сонымен қатар осылардың бәріне тән жалпы тактикалык нұсқау, ұсыныстар да бар. Олар:

Тәжірибе өткізуге тым көп адам катыстырмау керек, се-
бебі артық адамдар бір-біріне бөгет жасап, эксперименттің нәти-
желі өтуіне кедергі келтіреді.

Тергеу эксперименті сол тексерілетін оқиға болған жағ-
дайға ұқсас жағдайда өткізілуі тиіс. Ол үшін:

а) эксперимент тексерілетін оқиға болған уакытта, сондай көріну, естілу жағдайында өткізілуі;

ә) эксперимент егер мүмкіншілік болса сол оқиға болған жерде өткізілуі тиіс. Егер бүл жердің көрінісі және басқа жағдайлары өзгеріп кеткен болса, оны бұрынғы қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуі керек.

3. Тәжірибе бірнеше рет кайталанып жүргізілуі қажет. Егер тергеу эксперименті үстінде әр тәжірибе бірнеше рет қайталандырылып жүргізілсе, оның барысын, қорытындысын дұрыс анықтап, түсінуге болады. Осы кайталану кезінде тәжірибе күрделі және қарапайым түрде өзгертіліп отырылады.

Қайталап өткізу дегеніміз тек бір тәжірибені бірнеше рет қайталау деп түсінуіміз керек. Егер бір тергеу экспериментін өткізгенде екі, үш, не одан да көп тәжірибе өткізілуі көзделсе, онда әр тәжірибе бірнеше рет кайталануы керек.

Тәжірибені қайталап өткізу деген түсінікті экспериментті кайта өткізу деген түсініктен ажырата білу керек. Егер эксперимент дүрыс жүргізілмеген немесе іс жүргізу заңдылығына кайшы жағдайда ол қайта жүргізіледі. Мүны да тергеу әрекетінің кайта өткізілуі деп түсіну керек. Ал, тәжірибенің қайталануы ол бір тергеу әрекетінің шеңберінде оның кейбір элементінің кайталануы. Тәжірибелер бірнеше кезенге бөлініп өткізілуі тиіс жөне бірнеше бөлімге белініп, әр бөлім жеке-жеке талданып, қабылдануы керек. Бұл тәжірибені толык көруге мүмкіншілік береді.

 

4 Тергеу экспериментінің барысы мен қорытындысы, ең алдымен, хаттамалар аркылы көрсетіледі. Хаттаманың баяндау белігінде тәжірибені кімнің қашан, қандай мақсатта қалай жүргізгені, төжірибені өткізу жағдайы, оған қандай зандардың, пайдаланылғаны, кімнің қатысып, жаңағы заттарды қалай пайдаланғаны басынан аяғына дейін, яғни еш нәрсе назардан тыс қалдырылмай толық жазылуы тиіс.

Тәжірибе фотосуреттермен немесе кинобейнелермен нақтылануы мүмкін. Суретке эксперименттің жалпы барысы және оның әр кезеңі жеке-жеке түсіріледі. Бейнелеу таспасына түсіргенде де осы тәсіл қолданылады. Мұндай жағдайда мынан-дай шарттар мұқият сақталуы тиіс:

а) жалпы жағдайды, калпына келтіру процесі мен оның нәти-
жесін тәжірибе жасағанға дейін назарға тоқып алу керек;

ә) жалпы әрекеттен оның әр бөлшегіне көшуге дейінгі іс үшін мәні бар әр тәжірибені есте ұстау кажет;

б) кинопленканы шығарғаннан кейін оны тергеу экспери-
менті хаттамасының мазмұнына сәйкес құрастырған жөн.

Кинобейнелер, әрине экспериментті хаттауды алмастыра алмайды, тек оны толықтыра тусуге ғана қызмет етеді.

Қажеттілігіне байланысты тергеуші эксперимент өткізілетін жердің кестелік жоспарын жасайды, онда жекелеген заттардың, экспериментке катысушылардың орналасу жағдайын, олардың қозғалу бағытын, басқа да сәттерді көрсетеді.

Міне, осындай жұмыстар жүргізілгеннен кейін тергеу экспериментінің қорытындысын, осы бойынша алынған дәлелдемелер бағаланады. Тергеу экспериментінің нәтижесін бағалағанда, біріншіден, ең маңызды да шебер жургізілген әрекеттерге, ол әрекеттердің анықтығына; екіншіден, тексерілетін факті-лерге қатысты жүргізілген эксперимент, басқа да айғақтар негізінде жасалған тұжырымдарға, тергеушінің болжамына айрықша назар аудару керек.

Эксперименттін жағдайы мен оның калпына келтірілуі ақиқатка сәйкес, тәжірибе бірнеше рет қайталанғанда оның нәтижелері бірдей болған, әрекет кезінде ешқандай кездейсоктыкқа жол берілмегеніне көз жеткізілген жағдайда ғана шебер әрекет ақиқат оқиға ретінде бағаланады.

Бірнеше рет қайталағанда нәтижесі бір-біріне сөйкес келмесе, ондай тәжірибені ақиқат оқиға ретінде бағалауға болмайды.

Егер тәжірибе қылмыстың қалай жасалғанына көз жеткізетіндей нәтиже көрсетсе, оны бұлтартпайтын ақиқат ретінде емес, тек тексерілген фактінің шындығын анықтауға ықпал ететін, ақикаттығы мүмкін болжам ретінде ғана қабылдау керек. Айталық, кылмыскердің терезеден түсуін айғақтайтын фактілер әлі де бұлтартпайтын ақиқат факт емес, өйткені басқа да ақикат фактілер болуы әбден мүмкін.

Егер кылмысты ашу эксперимент жүргізу жолымен расталса, ондай тұжырым бұлтартпайтын ақиқат ретінде қабылданады. Ал, керісінше, калдырылған ізді анықтау жолы эксперимент кезінде күдік тудырса, тергеуші қылмыстың ізін анықтаудың баска жолын іздестіреді. Күдік тудырмайтын нәтижелер ғана бұлтартпайтын ақиқат ретінде қабылданады

Бақылау сұрақтары:

1. Тергеу эксперименті дегеніміз не?

2. Тергеу экспериментін жүргізгенде қандай тактикалық тәсілдер қолданылыды?

 

Әдебиеттер:

1 Белкин Р С Курс криминалистики / үш том/ Юристъ 1997

2 Белкин Р С, Аубакиров А Ф и др. Криминалистическая энциклопедия Алматы 1995

3 Абуов А Ғ Криминалистика негіздері Қостанай 2003 «Шапақ»

4 Яблоков Н П Криминалистика М. 2003

 

 

.


12 тақырып. Тінту тактикасы

Жоспар:

1. Тінтудің криминалистік түсінігі, оның түрлері және

міндеттері.

2. Тінту алдыңда жүргізілетін дайындық жұмыстары.

3. Тінтудің тактикалық әдістері және оның корытындысын бекіту.

 

1. Қандай кылмыс жасалса да кылмыскер осы қылмыстын ашылуына, оның ізін жасыруға әр түрлі әрекеттер жасап, қылмыстың, ізін суытып, айғақ заттарды тығып, жок етуге тырысады. Сондықтан тергеу қызметкерлерінің міндеті — қалай болғанда да қылмысты ашуға керекті дәлелдемелерді, айғақ заттарды тез арада тауып алу. Осындай айғак заттарды тез арада тауып алып, қылмысты ашуға көмектесетін тергеу әрекеттерінің бірі тінту.

Қылмыстық іс жүргізу заңында тергеудің бұл әрекетіне түсінік берілмеген. Заңда егер істің мән-жайына байланысты айғақ заттарды қылмыскер не басқа адамдар өз еркімен бермесе, олар тінту жүргізу арқылы алынады деп қана көрсетілген. Тінтуді уақыт өткізбей, дер кезінде жүргізу керек. Сонда ғана іске керекті деректерді тауып алуға болады. Тінту дегеніміз үй-жайды, қора-ауланы еріксіз түрде қарау арқылы іске қатынасы бар айғақ заттарды, тығылып қалған қылмыскерді тауып алу үшін жүргізілетін, занда көрсетілген күрделі тергеу әрекеті.

Кейбір авторлар кандай объектілерді іздеп табу керек екенін тізбектеп айтып көрсетеді. Мысалы, қылмыс жасауда қолданылған кару, жалған кұжаттар, қылмыскердің киген киімі, т. б. Бұлардың бәрін іске керекті айғақ заттар деп түжырымдап көрсетсе де болады. Оқиға болған жерді қарау мен тінтудің үқсастығы — осы екі тергеу әрекеті кезінде де белгілі бір объект не пәтер қаральш, айғак заттар ізделеді. Бірақ оқиға болған жерді қарау мен тінтудің арасында көп айырмашылық бар. Ол біріншіден, осы тергеу әрекеттерінін міндеттерінен, екіншіден, олардың жүргізілу әдісінен көрінеді.

Оқиға болған жерді қарау окиғаның қалай болғанын, қылмыстың жасалу тетігін зерттеуге, оның кімнің жасағанын аныктауға бағытталады.

Тінтудің максаты — әдейі тығып қойған немесе тығулы тұрған айғақ заттарды арнайы тактикалық әдістерді қолдану арқылы тауып алу.

Кейбір авторлар тінту әрекетін жедел-іздестіру әрекеті ретінде қарастырады. Тінтуді жедел-іздестіру әрекеті деп санауға болмайды. Жедел-іздестіру әрекеті, әрине тінту үстінде, тіпті тінту басталғанға дейін де жүргізіледі. Оның мақсаты — тергеушіге тінтуді сапалы жүргізуге керекті деректер тауып беру, атап айтқанда, қандай зат кай жерде болуы жөнінде, тінтілетін адамда қару бар ма, жоқ па, тінтуді жүргізуге керекті мәліметтер жинап, тауып беру.

Тінтудің басқа тергеу өрекеттерінен айырмашылығы — оның еріксіздігі.

Тінтудің бірнеше түрлері болады. Ол — жеке адамды тінту (личный обыск), тұрғын үйді, жеке бөлмені тінту, қораны немесе басқа ғимараттар мен объектілерді тінту. Әрине, ол іс бойынша керекті деректерді, айғақ заттарды іздеп тауып алу үшін жүргізіледі. Ал, айғақ затқа қандай объектілер жатады. Ол — қылмыс жасалғанда қолданылған қару-кұралдар (мылтық, пышақ, бұзуға пайдаланған құралдар), жалған қүжаттар, тергеуден қашып, тығылып жүрген қылмыскерлер, не қылмыскерді әдейі тығып қойған адамдар, өлік не оның бөлшектері, ұрланған қымбат бұйымдар, заттар. Іске қатысы болмаса да тінту кезінде табылған, жеке азаматтардың ұстауына болмайтын, заң бойынша тыйым салынатын объектілер — есірткі заттар, қопарғыш заттар.

2. Тінту алдында тергеуші арнайы дайындық жұмыстарын жүргізеді.

Біріншіден, ол тінту жүргізілетін объект және үйі тінтілетін адам жөнінде керекті бағдарлау мәліметгерін жинап алу керек. Тінтілетін және пәтер болса, оның толық мекен-жайы, неше бөлмеден тұратыны, қылмыстың қай катарда жасалғаны, онда телефон бар ма, жоқ па, қанша адам тұрады, жеке үй болса ауласында не бар, иті бар ма, жоқ па, қай мезгілде үйде кісілер болады, міне осының бөрі алдын ала анықталады. Тінтілетін адам жөнінде — оның мінез-құлқы, қаруы болу мүмкіндігі және оны сипаттайтын басқа да мәліметтерді жинап алу керек.

Екіншіден, жедел-тергеу тобын құрған кезде алдын ала тінтуге қандай лауазымды адамдардың немесе мамандардың қатысуы керек екендігін аныктап алып, оларды қай жерге орналастыру кажеттігін келісу керек.

Үшіншіден, тінтуге керекті арнайы техника құралдарын дайындау керек, айтайык, темірден, не асыл металдан жасалған заттарды іздейтін құралдарды дайындау керек.

Дайындық жүмыстары толык бітісімен тергеуші, жедел топқа кіретін адамдар тінтілетін үйге келеді. Осы тінтілетін жерге тосыннан, күтпеген мезгілде келу үшін де белгілі бір тактикалық әдістер колданылады. Тінтілетін үйге жақындағанда жедел топтағы адамдар бөлініп, осы объектіге жан-жактан жеке-жеке келуі керек. Үйге жақындар алдында үйдің маңайында бөтен адамдар бар ма, жоқ па, соны абайлап қарау қажет. Тінтілетін пәтер көп қатарлы болса, бір қабат жоғары өтіп кетіп, тосу керек. Есік жабық болса, қағып, не қоңырау беріп, егер жөн сұраса бір басқа себеппен келгенін айту керек, коммуналды мекемеден келген лауазымды адам болып, не баска бір себеп келтірген жөн. Өйткені тінтілетін адам кімнің келіп тұрғанын алдын ала білмеуі керек.

 

3. Тінтудін, тактикалық әдістері тергеу әрекетінің кенеттен, тосыннан жүргізілуіне негізделеді. Сондыктан тінтуге керекті деректер жиналысымен жөне дайындық жұмыстары бітісімен, кешіктірілмей дер кезінде жүргізілуі тиіс. Тосыннан, күтпеген жерден жүргізілген тінту аркылы ғана іс бойьщша пайдалы және маңызды деректер, дәлелдемелер тауып алуға болады. Сондыктан тергеуші, әр түрлі тактикалык әдістер- қолдану арқылы, тінтетін үйге күтпеген жағдайда, кенеттен кіру тәсілін ойластыруы керек. Үйге кіргеннен кейін тінтілетін адамды тінту жөніндегі қаулымен таныстырып, іске байланысы бар объектілерді тергеу орнына өз еркімен беру тінтілетін адамның міндеті екені айтылады. Тергеушінің бұл талабы бойынша олар кейбір объектіні (заттарды) тінтуге өз еркімен беруі де мүмкін. Бірақ тергеушінің жұмысы осы берген заттармен ғана шектелмейді. Өйткені дерек заттар үй астына ма, шатырға ма, әйтеуір қарауға ыңғайсыз бір жерлерге тығып қойылуы мүмкін ғой.

Бұдан кейін жүргізілетін жұмыс — тінту объектісін жалпы шолып қарау, ауланы, бөлмелерді бакылап, дайындық үстінде алған бағдарлама мәліметтерге сөйкес пе, жоқ па, соны тергеу. Егер бұдан бұрынғы алынған мәліметтерге жағдай көп сөйкес болмаса, тінту жоспарына, белгілі бір жаңа жағдайларға байланысты, қосымша өзгерістер енгізіледі. Егер тінтілетін адам аса қауіпті қылмыскер болып, оның қару қолдануы мүмкін болса, алдымен оның өзінің жеке басын тінту керек.

Жеке басты тінту екі кезеңге бөлінеді. Әуелі, жалпы тінтіп, бойында қару бар ма, жоқ па соны қарап, содан кейін басынан төмен карай киімін, денесін ұқыпты, мүқият тексеріп шығу керек. Қалтасынан табылған кұжаттар, заттар арнайы алдын ала дайындалған жерге койылып, кейін хаттамаға енгізіледі. Тінтуді, әрине сол тінтілетін адаммен бір жынысты адам жүргізуі тиіс. Тінтілетін адамның денесінде бинттелген, байланған жер болса оны шешіп көру үшін медицина мамандары қатыстырылып, бинтті шешу соларға жүктеледі.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных