Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Меншік қатынастары және олардың экономикадағы рөлі




 

ü Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны.

ü Меншік объектілері мен субьектілері.

ü Қазақстан Республикасында меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру

 

Мақсат: өндірістік-экономикалық қатынастардың орталық ядросын меншік түрінде қарастыру. Экономикалық ақиқат жазығында пайда болуының пішіні мен түрін көрсету.

 

Негізгі ұғымдар: меншік, интеллектуалдық меншік, беру, өкім, иелену, пайдалану, меншікті экономикалық түсіну, мешікті заңды түсіну.

 

Меншік – күрделі, көпөлшемді құрылым. Ол экономикалық жүйенің негізі болып табылады.

Меншікті қарастырудың екі түрі бар:

Бірінші түрі меншікті нақты экономикалық санат ретінде қарастырады.

Меншік - адамдардың өндіріс құралдары мен өндіріс нәтижелерін иелену бойынша қарым-қатынасы.

Екінші түрі меншікті қоғамның барлық экономикалық жүйелерінің талдауы арқылы сипаттайды.

Меншіктің құқықтық және экономикалық мазмұны бар.

Меншіктің экономикалық мазмұны келесі қатынастар арқылы көрінеді:

а) екі жұп санаттардың өзара байланысы: иелену - жатсындыру;

б) жекелеу - жалпылау;

в) өндірістің заттай және жекеше факторларын біріктіру әдісі;

г) табыстарды бөлу әдісі:

д) субъективті-объективті талдау.

Ең алдымен меншіктің экономикалық мазмұнын екі жағдайдың талдауы негізінде ашуға болады. Бір жағынан – механизм мен өндіріс құралдарын нәтижелерін қандай да бір жалпылықтың қабылдау үлгісі (индивид, топ, қоғам) екінші жағынан – олардың басқа бірліктерден немесе қоғамнан кетуінің сәйкес үлгісі.

Иелену – аталған субъектінің өзінің қоғамдағы әрекетіне сай қандай да бір қатынастар объектісін айналдыру.

Жатсындыру – басқа субъектілердің қандай-да бір объектіні өз әрекетіне айналдыруға мүмкіндігінің болмауы.

Меншік қатынастары – материалдық және материалдық емес ресурстарға қол жетімсіз болу бойынша жүйе. Егер ресурстарға қол жетімді болмаса олар ешкімге тәуелді емес, немесе оларға еркін қол жетімді. Меншік объектісі болып әрдайым шекті болатын экономикалық ресурстар саналады. Басқалардың ресурстарға еркін қол жетімді болуына жол бермеу оларға меншік құқығын ерекшелеуді білдіреді. Ерекшелеудің мағынасы мен мақсаты – оларды бағалай білетіндердің, ерекшелеуден неғұрлым мол пайда ала білетіндерге меншік құқығын беруге алғышарттар жасау.

Меншіктің құқықтық мазмұны құқықтылықпен түсіндіріледі. Меншік құқығы – адамдардың экономикалық игіліктерді пайдалану бойынша құрылатын билік құқықтарының, рұқсат етілген қарым-қатынастардың жиынтығы.

Меншік құқығын жүзеге асыру үшін меншік құқығының ерекшеліктері өте маңызды.

Меншік құқығының ерекшеліктері – субъектіні, меншік объектісін, оны иелену әдістерін меншік иесінің құқығын анықтау.

Меншік құқығының экономикалық теориясына сәйкес, ресурс өзіне-өзі меншік болмайды, ресурсты пайдалану бойынша құқықтың бөлшегі немесе үлесі болады.

 

 

 

3.1 Сурет Меншіктің қоғамдық қатынастар жүйесінде орны мен рөлі

 

 

«Құқық шоғыры» толығымен 11 элементтен тұрады (А.Оноре тізімі):

· иелену құқығы, яғни, игіліктерге толық физикалық бақылау жасау;

· пайдалану құқығы, яғни, игіліктердің пайдалы қасиеттерін өзіне қолдануға құқығы;

· басқару құқығы, яғни, игіліктерді кім және қалай пайдалануын қамтамасыз етуді шешуге құқық;

· тәуелсіздік құқығы, яғни, игіліктерді кетіруге, тұтынуға, өзгертуге, жоюға құқық;

· қауіпсіздік құқығы, яғни, игіліктерді қоршаған ортаның әсерінен, экспроприациядан қорғау құқығы;

· игіліктерді мұраға беру құқығы;

· игілікті иелену уақытының шексіздігі;

· сыртқы ортаға зиян келтіретін әдіспен қолдануға тыйым;

· өндіріп алуға жауаптлылық құқығы, яғни, қарыз төлеу үшін игілікті өндіріп алу;

· қалдық құқығы, яғни, бұзылған құқықты қалпына келтіруді қамтамасыз ететін үрдістер мен институттар болу құқығы.

Сонымен, меншік құқығы меншік иесіне өзіне тиесілі мүлікті пайдаланудың мазмұны мен бағыттарын айқындауға, оған толықтай шаруашылық билік жүргізуге мүмкіндік беретін мүлікті меншік иесінің тек қана өзі, қалауынша, мерзімсіз, өз мүддесін көздеп иелену, пайдалану және оған билік ету қатынастарын реттейтін құқықтық нормалар жүйесі болып түсіндіріледі.

Меншік тарихи санат. Өндірістің нақты бір әдісіне тән мінездемесіне меншіктің ерекше сапалары жиынтығы бар тарихи түрлері ажыратылады.

Меншіктің қандай да бір түрінің шеңберінде еңбекті қоғамдық бөлудің әр түрлі даму сатысында тәуелдеу әдісінің түрлері бар, сондықтан меншіктің әртүрлі тәуелдеу әдісі және меншіктің түрлері болады. Оларға: 1) жекелей тәуелдеу пішіндері; 2) ұжымдық тәуелдеу пішіндері; 3) қоғамдық тәуелдеу пішіндері.

Қандай да бір пішіннің шеңберінде әр түрлі түрлер болуы мүмкін.

Осылайша:

Жеке меншік келесі түрлерге бөлінеді: а) жеке; б) жеке еңбектік.

Ұжымдық меншік келесі түрлерге бөлінеді: а) серіктестік, б) кооперативтік; в) акционерлік; г) біріккен өндіріс.

Қоғамдық меншік: а) жалпымемлекеттік; б) муниципалдық.

Шаруашылық тәжірибе меншіктің түрлерін, пішіндерін, маңызын шектемеуге құрылады және меншік қатынастары шаруашылық әрекеттерді ұйымдастырудың қандай да бір пішіні негізінде болады. Олардың арасында диалектикалық байланыс болады. Бір жағынан экономика құрылымы меншік құрылымына да әсер етеді, көпқырлы түрлерін жалпыландырады. Екінші жағынан, шаруашылық пішіндері меншік объектілерін пайдалану қатынастарымен, сонымен қатар өндірістің техникалық дамуының деңгейімен анықталады. Меншіктің бір пішіні немесе түрінің негізінде шаруашылықтың түрлі пішіндері қалыптасады және бәсекенің алғышарты болып табылады.

Өтпелі экономика жағдайында меншік қатынастары бойынша айтарлықтай өзгерістер жүзеге асады. Бұл өзгерістер мемлекетсіздендіру және жекешелендіру үрдістерімен байланысты.

Мемлекетсіздендіру (меншікті мемлекет иелігінен алу) – бұл мемлекеттік меншікті түрлендірумен байланысты, экономикада мемлекеттің шамадан тыс рөлін шектеуге бағытталған шаралар жиынтығы.

Мемлекетсіздендіру монополизмді жоюға, бәсеке мен кәсіпкерлікті дамытуға бағытталады.

Ол келесі бағыттарда жүреді:

- иемдену процестерін мемлекетсіздендіру

- шаруашылық жүргізудің түрлі формаларын қалыптастыру

- жаңа ұйымдық құрылымдарды қалыптастыру

Жекешелендіру – мемлекет меншігін жеке азаматтар мен заңды тұлғалардың меншігіне берумен байланысты болатын мемлекетсіздендірудің бағыты.

Мемлекеттік және муниципалды кәсіпорындарды жекешелендіру дегеніміз – азаматтардың, акционерлік қоғамдардың мемлекет пен жергілікті билік органдарының:

- кәсіпорындары мен оның бөлімдерін;

- кәсіпорынның материалды және материалды емес активтерін;

- мемлекеттік және жергілікті билік органдарының акционерлік қоғам (серіктестік) капиталындағы үлесін (пай, акцияларын) жекешелендіру.

Жекешелендіру келесі тәсілдермен жүргізіледі:

1) аукционды формада саудаласу, тендер, қор биржасында екі кезеңді байқаулар мен өндірістік құнды қағаздарды сату арқылы;

2) кәсіпорын капиталындағы үлесін сату, бұл жердегі негізгі өлшем жекешелендіру объектісіне салынған инвестицияның көлемі мен мерзімі болып табылады.

3) мемлекеттік мүлікті тікелей сатуға бағытталмаған, бірақ соңында жалға берілген мүлікті сатып алу немесе оны сенімді басқаруға соңында сатып алу құқығын беру арқылы ауыстыру.

Қазақстан Республикасында жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу процесі «Жекешелендіру және мемлекет иелігінен алудың Ұлттық бағдарламасына» сәйкес жүргізіледі. Жекешелендіру үш негізгі бағытта жүргізіледі.

1) Кіші жекешелендіру – жекешелендірілетін кәсіпорындағы еңбеккерлердің саны 200 адамға дейін.

2) Жаппай жекешелендіру – орташа және ірі кәсіпорындар (200-500 адам) және халыққа жекешелендіру купондарының бөлінуіне негізделді.

3) Жеке жобалық жекешелендіру – ірі кәсіпорындар мен мемлекеттің ерекше маңызды кәсіпорындары.

Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру процесі республикамыздың тәуелсіздік пен егемендікті алуымен 1991 жылы басталған болатын.

Елдегі дербес экономикалық саясатты жүргізудің басталуы құлдыраған тауар рыногы жағдайындағы кәсіпорындар арасында бірыңғай экономикалық кеңістіктің құлдырау, өндірістік байланыстың құру салдарына әкелген жүйелі дағдарыспен тұспа-тұс келді. Сол уақыттағы экономикалық жағдайға тән ерекшеліктер кәсіпорындардың өз жұмысын тоқтатуы, төлемдердің төленбеуі, дүкендердің босауы, инфляцияның басталуы болды. Халықтың саясаттандырылуы жоғары болды. Осы дағдарыс кезеңінде қоғамды, қоғамдық прогресті дамытудың диалектика заңдылықтары білімі бар Ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жеке ерлігі, саяси даналығы, қайтпас жігері республикамызда мемлекет иелігіне алу мен жекешелендірудің жоспарлы, кезең-кезеңді процесін бастауға мүмкіндік берді.

Еліміздегі жекешелендірудің бірінші кезеңі 1991-1992 жылдарды қамтыды. Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру процесін заңды қамтамасыз етуде бірінші негіз 1991 жылы 22 маусымда қабылданған «Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру туралы» Қазақ ССР-нің Заңы болғандығын атап өткен жөн, ол республикадағы мемлекеттік меншікті қайта құрудың құқықтық негіздерін, ережесі мен процедурасын анықтады. Осы Заңды іске асыру мақсатында Қазақстан Президентінің қаулысымен бірінші бағдарлама – 1991-1992 жылдарға арналған Қазақстанда мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру бағдарламасы (1991 жылғы 13 қйркүйектегі № 444) әзірленді және бекітілді.

Бұл кезеңнің негізгі мақсаты - өндірістік қатынастардың жаңа түрін қалыптастыру, меншік иелерінің жаңа тобын құру.

Екінші кезеңде 1993 жылы наурызда қабылданған «1993-1995 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің ұлттық бағдарламасы» қабылданды. Бұл кезеңдегі басты ерекшелік – жаппай жекешелендіру басталды. ҚР барлық тұрғындары жекешелендіру процесіне қатысуы үшін жекешелендіру купондары қолданылды. Мұндағы негізгі мақсат нарықтық экономикаға өту жағдайын қалыптастыру, мемлекет иелігінен алу барысында әлеуметтік әділеттілікті сақтауға, жекешелендірудің тәртіппен, мемлекеттің бақылаумен жузеге асуын қамтамасыз ету.

1996 жылы ақпанда бекітілген 1996-1998 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншікті жекешелендіру мен құрылымын өзгерту бағдарламасына сәйкес жекешелендірудің жаңа, үшінші кезеңінің бастауы болды. Бұл кезеңнің ерекшелігі экономиканың әлеуметтік, сондай-ақ стратегиялық салаларында секторлық бағдарламаларды іске асыруға өту болды.

1999-2000 жылдарға арналған жекешелендіру және мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін арттыру бағдарламасы жекешелендіру саясатын іске асырудағы кезекті, төртінші кезеңін білдірді.

Бұл жерде мемлекеттік мүлікті басқару және оны жекешелендіру процесінің нормативтік базасы жаңа экономикалық шындықтарды ескере отырып тұрақты жетілдірілгендігін, дамытылғандығын және толықтырылғандығын атап кеткен дұрыс. Бұдан басқа, барлық заңды және нормативтік-әдістемелік база 6 томдық жинаққа жүйелендірілді және шығарылды, ол республикадағы мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру мәселелерімен айналысатын барлық қызметкерлер үшін оқу және әдістемелік құралға айналды, онда Қазақстандағы мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің бірегей және теңдессіз тәжірибесінің барлық кезеңдері көрсетілген.

2000 жылдан бастап республикамызда жүргізіліп отырған реформалардың қайта орнына келмейтіндігі айқын болғанда және позитивтік экономикалық дамулар орын алғанда реформаларды одан әрі тереңдету қажет болды, оның ішінде мемлекеттік меншік мәселелерінде. Бұл оларды қосымша заңды, нормативтік-құқықтық және әдістемелік қамтамасыз етуді талап етті.

Қорытынды

Меншік өндіріс қатынастарының экономикалық жүйесінде басты орын алады. Меншіктің экономикалық мазмұны адамдардың меншіктің түрлерін тәуелдеу, алу, қолдану бойынша қарым-қатынастарымен анықталады.

Меншік құқығы теориясы меншіктің экономикалық мазмұнын бейнелейді заінамаларды белгіленген түрлі заң пішіндері арқылы көрінеді.

Меншіктің пішіндерінің көрқырлылығы нарықтық экономикада меншіктің әр түрін тиімді пайдаланудың деңгейін көрсетеді.Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру – бұл нарыққа бет алған шаруашылық құралдарын дамуына қажет жағдайларды қамтамасыз етуді, тиімді және жауапты меншік иелерін қалыптастыруды, нақты бәсекелік ортаны қалыптастыруды қамтамасыз ететін процесс.

Дебиеттер

1. Современная экономика /ред.Мамедов О.Ю./, Ростов-на Дону, 1998 г.

2. Журавлева JI. «Жалпы экономикалық теория (политэкономия)», М, 1999 ж

3. В.Крымова «Экономикалық теория» Кестелі оқу құралы, Алматы, 2003 ж.

4. Осипов Ю. Экономикалық теория XXI ғасыр табалдырығында М., 2003 ж.

Тақырып бойынша талқылау сұрақтары:

1. Қоғамдық өндіріс құрылымы: Материалдық және материалдық емес өндіріс

2. Қоғамдық өндіріс сатылары: Өндіріс. Бөлу. Айырбас. Тұтыну.

3. Адам және оның шаруашылық іс-әрекеті.

4. Өндірістік қатынастар. Өндіргіш күштер. Өндіріс құралдары.

5. Өндіріс факторлары

ОСӨЖ және СӨЖ тапсырмалары:

1. Меншік және иемдену заңдары

2. Жекешелендірудің мақсаты

3. Зияткерлік меншік ұғымына сипаттама беріңіз

Тақырып бойынша тест тапсырмалары:

1.Меншік экономикалық категория ретінде нені сипаттайды:

A) Адамның мүлікке құқықтары.

B) Мүлікке ие болуға байланысты адамдардық арасындағы қатынастар.

C) Мүлікті жалға беру.

D) Мүлікке жауапкершілігі.

E) Мүлікті сату және сатып алу.

 

2.Меншіктің құқықтық теориясындағы объектіні көрсетіңіз:

A) Барлық материалдық және материалдық емес ресурстар.

B) Тек қана материалдық ресурстар.

C) Тек қана шекті ресурстар.

D) Барлығына қол жететін ресурстар.

E) Капитал және еңбек.

 

3.“Құқық шоғырына” не жатпайды:

A) Қауіпсіздікке құқық.

B) Мұраға игілікті қалдыру құқығы.

C) Мерзімсіз игілікті иелену құқығы.

D) Салыққа құқық.

E) Дербестікке құқық.

 

4.Меншік құқығының субъектісіне жатпайды:

A) Азаматтар және азаматшалар.

B) Кәсіпорындар.

C) Мемлекет.

D) Жергілікті басқарушы органдар.

E) Банк.

 

5.Жекешелендіру түрін атаңыз:

A) Шағын (жұмысшылар саны 200 адамға дейінгі объектілерді жекешелендіру).

B) Құрылымдық.

C) Мемлекетсіздендіру.

D) Уақытша.

E) Өндіріс орындарын нақты нысандар бойынша.

 

6. Меншік теориясындағы “пайдалану” құқығы - бұл:

A) Мүліктің тағдырын айқындаудың заңмен қамтамасыз етілуі.

B) Мүлікті іс жүзінде иелену мүмкіндігі.

C) Мүліктен оның пайдалы қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі.

D) Мүлікті біреуге, басқа адамға мұраға қалдыру.

E) Мүлікті басқаға айырбастауы.

 

7. Меншік теориясындағы “билік ету” құқығы - бұл:

A) Мүліктің тағдырын айқындаудың заңмен қамтамасыз етілуі.

B) Мүлікті іс жүзінде иелену мүмкіндігі.

C) Мүліктен оның пайдалы қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі.

D) Мүлікті біреуге, басқа адамға мұраға қалдыру.

E) Мүлікті басқаға айырбастауы.

 

8.Меншік теориясындағы “иелену” құқығы - бұл:

A) Мүліктің тағдырын айқындаудың заңмен қамтамасыз етілуі.

B) Мүлікті іс жүзінде иелену мүмкіндігі.

C) Мүліктен оның пайдалы қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі.

D) Мүлікті біреуге, басқа адамға мұраға қалдыру.

E) Мүлікті басқаға айырбастауы.

 

9.Қазақстан Республикасында Конституция бойынша меншіктің келесі формалары бар:

A) Жеке меншік және мемлекеттік меншік.

B) Мемлекеттік, ұжымдық, өзіндік меншік.

C) Мемлекеттік, жеке және аралас.

D) Мемлекеттік, аралас және біріккен.

E) Мемлекеттік, кооперативтік, жеке меншік.

 

10.Аукцион дегеніміз не?

А) Мүлік сатушы сатып алушыны өзі таңдап алады.

В) Бәсекелестік негізде өтетін ашық сауда.

С) Акцияларды купон иелеріне таратып беру.

Д) Мүліктерді алдын-ала сатып алу.

Е) Жәрменке.

 

 

5-ТАҚЫРЫП






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных